Robo Skills

Robo Skills Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Robo Skills, Education, Kemer.

Ascora Fest фестивалі аясындағы ашық республикалық чемпионат  📸🤖16 мамыр | Астана 📍
16/05/2026

Ascora Fest фестивалі аясындағы ашық республикалық чемпионат 📸🤖

16 мамыр | Астана 📍

🌍 22–26 сәуір күндері Түркияның Анталия қаласында өткен халықаралық Fibonacci Eurasia Robot Olympiad аясында әлемнің 15 ...
05/05/2026

🌍 22–26 сәуір күндері Түркияның Анталия қаласында өткен халықаралық Fibonacci Eurasia Robot Olympiad аясында әлемнің 15 елінен 650-ге жуық команда қатысып, өзара бақ сынады.

🇰🇿 Қазақстан ұлттық құрамасы сапында мектебіміздің JABAYEV TEAM (Бекболатұлы Дархан, Жаңбырбай Мейіржан, жетекшісі: Болатбек Диас Мейрамбекұлы) жоғары нәтиже көрсетіп, сумо категориясы бойынша ТОП-5 үздік команда қатарына енді 🤩

Осы жетістіктің нәтижесінде командамыз қараша айында Италияның Рим қаласында өтетін Әлем чемпионатына жолдама алып, ел намысын халықаралық деңгейде қорғайтын болады.

«BILIM SHYNY» техникалық шығармашылық және өнертапқыштар қалалық чемпионатында мектебіміздің оқушылары жақсы нәтиже көрс...
10/04/2026

«BILIM SHYNY» техникалық шығармашылық және өнертапқыштар қалалық чемпионатында мектебіміздің оқушылары жақсы нәтиже көрсетті:

🔹 Көкпар секциясы бойынша:
Бекболатұлы Дархан, Жаңбырбай Мейіржан — 🥈 ІІ орын

🔹 Арқан тарту секциясы бойынша:
Жусуп Ануар, Есет Бауыржан — сертификатпен марапатталды

🔹 Қыз қуу секциясы бойынша:
Исатаева Эльнура, Елемес Сара — сертификатпен марапатталды

🔹 Шығармашылық-техника секциясы бойынша:
Темірбек Іңкәр, Балтабай Жансая — сертификатпен марапатталды

Оқушыларымызды жетістіктерімен құттықтаймыз!
Алдағы уақытта да биік белестерді бағындыруларына тілектеспіз!

Жетекшілері:
Омаров Мақсат Манарбекұлы
Болатбек Диас Мейрамбекұлы

22/03/2026
12/02/2026

🤖 Робототехниканың балаға пайдасы қандай?

Робототехника – тек ойыншық құрастыру емес, бұл баланың жан-жақты дамуына көмектесетін заманауи білім бағыты.

🔹 Логикалық ойлау қабілетін дамытады – бала тапсырмаларды кезең-кезеңімен шешуді үйренеді.
🔹 Шығармашылықты арттырады – өз идеясын роботқа айналдырып, жаңа жобалар жасайды.
🔹 Бағдарламалау негіздерін меңгереді – болашақ IT саласына алғашқы қадам жасайды.
🔹 Командалық жұмысқа үйретеді – топпен жұмыс істеу, өз ойын жеткізу, бірлесіп шешім қабылдау дағдылары қалыптасады.
🔹 Өз-өзіне сенімділікті арттырады – жарыстарға қатысып, жетістіктерге жетеді.

Робототехника – баланың болашағына жасалған инвестиция!

📣 Робототехника үйірмесіне шақырамыз!
1–9 сынып оқушыларына арналған қызықты және тәжірибеге бағытталған сабақтар.
Орын саны шектеулі!

Roboland–2026 қалалық чемпионаты 🏆
11/02/2026

Roboland–2026 қалалық чемпионаты 🏆

Қазіргі заманда робототехника – болашақтың ең сұранысқа ие бағыттарының бірі. Бұл үйірмеде оқушылар робот құрастыруды, б...
11/02/2026

Қазіргі заманда робототехника – болашақтың ең сұранысқа ие бағыттарының бірі. Бұл үйірмеде оқушылар робот құрастыруды, бағдарламалауды, логикалық ойлауды және инженерлік шешімдер қабылдауды үйренеді. Сабақ барысында заманауи конструкторлармен жұмыс жасап, өз роботтарын жасап шығарады, түрлі жарыстарға қатысуға мүмкіндік алады.

Робототехника – тек ойын емес, ол шығармашылық, зерттеу және нағыз инженерлік тәжірибе!

Үйірмеге 1–9 сынып оқушылары қатыса алады.
Сабақтар тәжірибеге бағытталған, қызықты тапсырмалар мен жобаларға толы болады.

📍Орын саны шектеулі!

Робототехника әлеміне бірге қадам басайық!

«Astana Tech Cup» республикалық чемпионатында робототехника бағыты бойынша Қазақстанның түкпір-түкпірінен 770 команда, 2...
09/02/2026

«Astana Tech Cup» республикалық чемпионатында робототехника бағыты бойынша Қазақстанның түкпір-түкпірінен 770 команда, 2500 оқушы бақ сынады.

Lego Sumo категориясы бойынша мектебіміздің Jabayev Team командасы үздіктер қатарынан көрініп, Қазақстанның атынан Түркия мемлекетінде өтетін Әлемдік чемпионатқа қатысу мүмкіндігіне ие болды.

Әлемдік кезеңде оқушыларымызға сәттілік тілейміз !

09/02/2026

«Astana Tech Cup» республикалық чемпионатында робототехника бағыты бойынша Қазақстанның түкпір-түкпірінен 770 команда, 2500 оқушы бақ сынады.

Lego Sumo категориясы бойынша мектебіміздің Jabayev Team командасы үздіктер қатарынан көрініп, Қазақстанның атынан Түркия мемлекетінде өтетін Әлемдік чемпионатқа қатысу мүмкіндігіне ие болды.

Жетекшілері:
Омаров Мақсат Манарбекұлы
Болатбек Диас Мейрамбекұлы

Әлемдік кезеңде оқушыларымызға сәттілік тілейміз !

🤖 Робототехника – болашаққа жасалған қадам!Робототехника — жай ғана конструктор емес,бұл баланың ойлау жүйесін, шығармаш...
10/01/2026

🤖 Робототехника – болашаққа жасалған қадам!

Робототехника — жай ғана конструктор емес,
бұл баланың ойлау жүйесін, шығармашылығын және
технологиялық сауаттылығын дамытатын маңызды бағыт 🚀

✨ Робототехниканың пайдасы:
🔹 Логикалық және сыни ойлауды дамытады
🔹 Бағдарламалау негіздерін үйретеді
🔹 Инженерлік және STEM дағдыларды қалыптастырады
🔹 Шығармашылық пен қиялды арттырады
🔹 Топпен жұмыс істеуге үйретеді
🔹 Болашақ мамандықтарға ерте бағыт береді

Address

Kemer

Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Robo Skills posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Shortcuts

Share

Category