18/05/2020
Біз кейде қалағанымыз орындалмай қалса, «менің тілегім қабыл болмай жатыр» деп асығамыз. Құдайға тіл тигіземіз. Кейде шаршап, қолды бір-ақ сілтейміз. Тілек тілеуді, дұға жасауды ысырып қоямыз. Бірақ сол дұғаға Құдай емес, өзіміздің мұқтаж екеніміз есімізден шығып кететін сияқты...
⠀
МЫНАҒАН ҚАРАҢЫЗШЫ!
👇👇👇
Ғұлама Фудайл ибн Ъияд былай дейді:
"Бір күні мен мешітке жаяу бара жатыр едім, жолдағы үйлердің бірінен анасының ұлына айқайлап, оны жазалап жатқанын байқадым. Арада көп уақыт өткен жоқ, есік айқара ашылды да, үйден әлгі бала жүгіріп шығып, қашып кетті. Анасы да ашуланып, есігін ішінен жауып алды. Дəл сол күні кешкісін үйге қайтқанда əлгі үйдің жанынан өттім. Әдейі жақындап көріп ем, бетін жас жуған әлгі бала табалдырыққа отырып ұйықтап кетіпті. Тасаланып артын күтпекке бекіндім. Анасы қайта-қайта терезеге қарап, қиналып жүрді де, ақыры есікті ашып, баласын құшақтап үйіне кіргізіп алды"
Фудайл ибн Ъияд осыны айтқаннан кейін ұзақ жылады. Сөйтті де: "Алла пəк! Егер құл Алланың мейірім қақпасының алдында дəл осылай сабыр сақтап, дұға есігінің алдынан кетпей тұрып алса, Алла оған міндетті түрде сол есікті ашар еді ғой" - деді...
_________
#асыларна #дұға #сабыр #тілек #Рамазан
17/05/2020
«НАМАЗ ОҚУҒА ӘЛІ ДАЙЫН ЕМЕСПІН...» ДЕП ЖҮРСІЗ БЕ?🤔
⠀
Намаз – адамның барлық арман-тілектерінің қабыл болатын сәті. Адамды күнәдан тазартатын әрі сол арқылы сол күнә-қателіктің кесірінен басыңызға келетін бәле-жала, жолыңыздың жабылуы сияқты бәлекеттердің алдын алатын ұлы құлшылық!
⠀
Төрт-ақ қимылдан тұратын, Алла парыз еткен құлшылықтардың ең жеңілі. Адамның Аллаға ең жақын болатын кезі де - осы намаздың ішінде. Сондықтан да Алласын таныған әрбір қазақтың жүрегінің түкпірінде «әйтеуір бір намаз бастауым керек» деген құлшыныс тығылып жатыр. Бұл құлшыныспен бірге шайтан салатын күдікті ойлар да қатар жүреді. Бұл, сөзсіз, діннің емес, жынның салған шатпағы.
*
Егер сіз «Намаз оқуға әлі дайын емеспін» немесе «намазды бастаған соң тастамау керек, ал мен тастап кетемін ғой. Өйтіп намазды қорлағанша оқымай-ақ қойғаным жақсы» деген ойларға тұншығып жүрген болсаңыз, мынаны оқыңыз:
*
«Намаз оқуға әлі дайын емеспін» деген сөз сіздің шынымен де дайын емес екендігіңізді білдірмейді. Бұл - жай ғана шайтанның салған ойы. Ғылымда мұны «прокастинация» деп атайды. Яғни адам «мен мұны кемеліне жеткізуім керек» дейді де, кейінге шегере береді. Түбінде ол іс жасалмайды. Намазды ешкім толық дайын болып бастамаған. Намаз бастап кетуіңіз үшін оның парыз екендігі әрі сізге әкелетін пайдасы жеткілікті дәлел. Сізге біреу «маған күнде 5 рет келіп тұрсаң қомақты қаражат беріп тұрамын» десе, сіз ешқашан оны ертеңге қалдырмас едіңіз. Ал намаз – барлық берекенің есіктерін ашатын қысқа әрі жеңіл амал!
______
#асыларна #Рамазан #намаз #құлшылық #ораза #ЖәннаттыңКілті
21/03/2020
Я бүкіл дұғаларымызға жауап берген Раббымыз!
Я қате-кемшіліктерімізді кешірген Раббымыз!
Я қайғы-мұңды бізден алыстатқан Раббымыз!Бізді жәһаннам азабынан қорғағайсың (Амин🤲)
12/03/2020
Сақтансаң сақтаймын дейді. Алла коронодан өзі сақтасын.
28/12/2019
Аллаһ тағаланың ең жақсы көретін зікірі
《 Субханаллаһи уə бихамдиһи》.
Кімде-кім күніне 100 рет айтатын болса күнəлары теңіз бетіндегі көбіктердей көп болса да кешіріледі.
24/12/2019
My mom is the best women💗💕
22/12/2019
“O Allah grant me Your love and the love of those whose love will benefit me with You.”
(Al-Tirmidhi, "De’avât",73)
21/12/2019
“O Allah, I seek refuge in You from hunger, for it is an evil bed-fellow; and I seek refuge in You from treachery, for it is an evil hidden trait.”
Amin👐