Aizhan Kozhabekova

Aizhan Kozhabekova

Share

Ағылшын және Түрік тілі курстары

28/07/2022

🇬🇧 АҒЫЛШЫН ТІЛІ — халықаралық тіл. Әлемдегі ең көп тараған, әрі қытай тілінен кейінгі халық саны бойынша ең көп пайдаланатын тіл.

🌏 Ағылшын тілі Ұлыбритания, Америка Құрама Штаттары, Жаңа Зеландия, Австралия және басқа елдерде ана тілі болып есептеледі. Және одан басқа көптеген мемлекеттерде ресми тілі болып саналады.

💯 Бүгінгідей жаһандану заманында көп тіл білетін адамның қоғамдағы алар орны да ерекше. Өзге тілді үйрену, оны жетік меңгеру — бұл ең алдымен халықаралық қатынастар кезінде айрықша рөл атқаратыны баршамызға аян.

🤝 Тіл – халықпен бірге өмір сүріп дамиды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Әрбір Қазақстандық үш тілді жетік меңгеруі керек. 2020 жылға дейін ағылшын тілін білетін тұрғындар саны біршама көбеюі керек» — деп айтқан еді. Мектеп табалдырығынан бастап жоғарғы оқу орындарында ағылшын тілін үйрету айрықша мәртебеге ие.

📚 Ағылшын тілін білген адам жерде қалмайды деп ойлаймын. Қазір көп жұмыс орындарына ағылшын тілін жетік меңгерген азаматтар қажет және олардың жалақылары жоғары болады. Осы тілді мен мектеп кезінен қатты жақсы көретінмін және ата – анаммен келісе отырып оқу орнына түсерде осы тілді таңдаған болатынмын. Қаншама жылдар өтті ағылшын тілін үйренгеніме, соған қарамастан әлі де дамыту үстіндемін. Негізгі мамандығым аудармашы- синхронист, бірақ 11 жылдай осы тілде сабақ беремін.

👉Сіз үшін ағылшын тілі не үшін қажет?

28/07/2022

📍KNOWLEDGE - IS POWER📍
Бұл циаттаны бәріміз жақсы білетін шығармыз ✌️

Оқудың және әртүрлі білім алудың артықшылықтары туралы көптеген мақал-мәтелдер бар. Кез-келген адам жаңа және пайдалы нәрсені ерте жастан біле бастайды. Жасы ұлғайған сайын ода көп білім жинақталады. Көп және жан-жақты білімге ие болған адам өмірдегі жетістіктерге жетудің шексіз мүмкіндігіне ие.

Қазір бір орында тұрып қалу - деградация. Шариғат білімі болсын, Тұлғалық немесе Кәсіби білімі болсын, адам өз-өзін дамытып отырамаса, надандыққа қарсы шықпаса, білімсіздік пен қараңғылыққа немесе мәдениетсіздікке ұшырап кетуі әбден мүмкін.

Өз басым жан-жақты білім алғанды жақсы көремін. Бірінші орында Шариғи білімін содан кейін Тұлғалық және Кәсіби білімдерін арттырып отырамын.

Ағылшын тілін кәсіби бағытта 15 жыл бойы оқудамын және әліде жалғасуда. Мектепте үйретіліп жатқан Дәстүрлі методикаға қатты қарсымын. Бірақ ол туралы келісі посттарда👀

➡️Ал сіз, қандай білімді дамытудасыз?

#билимберуорталыгы #агылшын #турик #агылшынонлайн

28/07/2022

WELCOME TO MY NEW INSTAGRAM PAGE🎉

Таак, ДАВАЙТЕ ТАНЫСАЙЫҚ)))

Атым Айжан) жасым 32-де. Ағылшын және түрік тілдерінің маманы, тьютор және коуч. Тұрмыстамын, екі қыздың анасымын. Отбасыммен Түркия елінде турамыз. Негізгі мамандықтарым Аудармашы - реферат пен Аудармашы - синхронист (переводчик-синхронист КазУМОиМЯ, УИЯиДК) Ағылшын және Түрік тілдерінен аудармашы.

Сабақ беруден 11 жылдық тәжірибе жиналды альхамдулиллях. Қазір "Lady Ais" білім беру орталығының жетекші қызметін атқарамын. Жалпы тілдер үйренуге байланысты көп қиыншылықтар өтті басымнан, но олар туралы потом айтып беремін in şaa Allah 🌺

Ағылшын тілінің фанаты болғаным себепті, всегда өзімді дамытып отырамын. Оның бірі Курсерадағы University of Harvard пен State University of Amazon оқу орындарының әр түрлі бағыттағы Онлайн курстарын study 😎

➡️Ал сіз, таныстырып кетсеңіз өзіңізді, атыңыз, жасыңыз, ағылшын тілін қанша уақыт бойы үйреніп келе жатырсыз, қандай нәтижеге жеттіңіз?

16/11/2021

🇰🇿🇬🇧 Сіз қалай ойлайсыз Балаға Ағылшын тілі қажет пе?

Қажет болса неше жастан бастап оқыту керек??

🎓 21-ғасыр Білім мен Ғылымның заманы. Кім білімді сол бәсекеден озық шығады. Бала тәрбиесінде кішкентайынан біліміне баса назар аудару керек. Себебі бала 10-15 жасқа дейін берілген білім оның өмір бойы санасында бекиді. Бұл ғылыми дәлелденген тұжырым.

👫 Балаларға жас ерекшеліктеріне қарай қосымша тілдерді үйрету өте маңызды , соның ішінде орыс , ағылшын, қытай , жапон т.б тілдер. Бүгінгі таңда Қазақстанда қатты сұранысқа ие және маңыздылығы жоғары тіл АҒЫЛШЫН тілі🇬🇧 болып тұр.
👉 Қазіргі мектеп бағдарламасының Өзінде Ағылшын тілі 1-сыныптан қосылып отыр. Қазақстан алдағы уақытта алфавитін латын әліпбиіне көшірген жағдайда балаларға жазу-сызу біраз қиындықтар тудыратыны анық.
❗Егер балаңыздың қосымша білім алуына жағдай жасасаңыз ,ол Сіздің Балаңыздың болашағы үшін жасаған ең жақсы еңбегіңіз болады.

☝️Сондықтан ,Сіз Ата-Ана ретінде балаңыздың болашағына бей жай қарамағаныңыз жөн.

❓СІЗДІҢ БАЛАҢЫЗ АҒЫЛШЫН ТІЛІН БІЛЕДІ МЕ❓👇✍

18/07/2021

Шет тілін ерте жастан үйренуді бастаса, соғұрлым жетік, оңай меңгеруге болады.

Кез-келген шет тілін үйренуді он жасқа дейін бастаған балалардың сол тіл өкілдерінің деңгейіне жетуге мүмкіндігі бар, деп хабарлады Массачусетс технологиялық университетінің нейро және когнитивті ғылымдар орталығының мамандары.

Жалпы сіздерге жаңа бағдарлама дайындап жатырмын. Өз балаларын билингва болғанын қалаған жандарға арналған.

Мен қыздарыммен қазақша және ағылшынша сөйлесемін. Әрине өз ана тілімізде сөйлесеміз көбіне, бірақ орыс тіліне қарағанда ағылшын тілі көбірек. Ағылшын тілін ойынмен үйретуге тырысамын. Өте тиімді әдістердің бірі. Нәтижесін көре жатармыз бірге Аллах қаласа.

18/07/2021

Сәлем инста ханымдар!

Көп ойлана келе, осы жаңа парақшамды Ана мен Балаға араналған парақша жасауда ұйғардым.

Қазіргі кезде ағылшын тілін кіші жастан үйренген өте тиімді. Көп аналар өз баласына тілді меңгеруде өздері септігін тигізгісі келеді.

Бұл парақшада өзімнің тәжірибеммен, пайдалы лайфхактармен бөлісіп отырамын. Қыздарыма (Адиля 7 жас, Сафия 4 жас) ағылшын тілін қалай үйретемін, қандай әдістерді қолданамын соларды сіздерге көрсетіп отырамын.

Ал егер сіз үлкендерге арналған ағылшын және түрік тіліне қызыққан болсаңыз, онда менің екінші парақшама тіркелуді ұмытпаңыз👇
ais.education

18/07/2021

YOU'RE CHICKEN!
Сен тауықсың!

Негізінде бұл сөзді сен тауықсың деп аудару қате! Себебі Шотландия елінде "Chicken" деп өте әдемі, сұлу қыздарға айтады. Ойда жоқта естіп қалсаңыз комплимент ретінде түсініңіз.
Ал ағылшын тілінде жалпылама әдемі деген сөзді "Beautiful" деп айтамыз.
Сіз beautiful сөзінің қанша синонимы бар екенін білесіз ба? Олай болса сіз бен біз болып үйреніп алайық🤗

Pretty, wonderful, handsome, cute, lovely, gorgeous, charming, fine, good-looking, attractive and so on)

P.S. You're chicken - көбіне Сен қорқақсың деп аударылады.

18/07/2021

Қазіргі таңда ағылшын тілін үйрену брендке айналып бара жатыр. "Ағылшын тілін үйреніп жатырмын" деген выражение өте модно болып кетті, жасынада кәрісінеде.

Бұл тіл сұраныста болғаны себепті, көп мүмкіндіктер беретіні себепті әрине жақсы оқып жатқандар саны көбейіп жатқанына. Бірақ-та, өкінішке орай нәтиже шығаратындар саны өте аз. Саны бар, сапасы жоқ секілді. Көбі оқып бастайды да, бір қарасаң тастап жатады. Қайта бастап, тастап кетіп жатады. Неге олай болып жатыр деп ойлайсыз?

Негізі ағылшын тілін аз ақ айлар ішінде жақсы меңгеріп, жақсы нәтижеге жетуге болады. Жәй ғана тұрақтылық пен сабырлық керек деп ойлаймын. Тіл үйрену қиын нәрсе деп қабылдамай, керісінше оны хоббиге айналдырсаңыз, сізге тіл үйрену в удовольствие болады.

Көп адам, ағылшын тілін үйрену барысында, азғантай ғана қиыншылық туындаса, бір тақырыпты түсінбей бара жатса "Ағылшын тілін үйрену қиын" деген блок кетеді басына. Және сол блокпен постоянно жүреді. Сол себепті ол адамға ағылшын тілін үйрену қиынға соғады. Ақыры тастап кетеді.

Керісінше тіл үйрену барысында, басындағы "Қиын" деген блокты алып тастап "тіл үйрену маған оңай, менің қолымнан келеді, мен тез үйреніп кетемін" деген настроймен жүрсе, шынымен оған тіл үйрену жеңілге түседі. Тез үйреніп шығады.

Ұмытпаңыз "Әр бір нәрсе ниетке қайтады" Ниетіңізге сай аласыз.

Ағылшын тілін үйренуді қиын нәрсе көрмей, хоббиіңізге айналдырсаңыз, сол кезде жемісін көресіз.

Әр тіл үйренуші жандарға сәттілік тілейміз ✌️ Қорықпаңыз, сабырлы болыңыз. Сабыр түбі сары алтын демекші. Көп ұзамай жетістіктерге жетесіз Аллах қаласа.

25/06/2021

Таак, ДАВАЙТЕ ТАНЫСАЙЫҚ)))

Бұл парақша жаңадан ашылған соң, мені көбі жақсы танымайды. Менде танымаймын.
🤗Ну ниче, қазір соны исправим, сіздермен жақсылап танысып алайын✌️

📍WELCOME TO MY NEW INSTAGRAM PAGE📍

Атым Айжан) жасым 31-де. Тұрмыстамын. Негізгі мамандықтарым Аудармашы - реферат пен Аудармашы - синхронист (переводчик-синхронист КазУМОиМЯ, УИЯиДК) Ағылшын және Түрік тілдерінен аудармашы. Түрік тілін, Универде және TÖMER-де оқығанмын. Барлық деңгейін носительдермен бітіріп, керемет сөйлейтінмін. Бірақ 10 жыл перерыв болып, қайта қолға алынып жатыр)

Ал Ағылшын тілін, мектеп жасымнан жақсы көріп, қызыға оқитынмын. 16 жасынан бастап уже углубленно оқи бастадым. Қаншама курстарға қатысып, қанша носительдермен дос болып, сабақтарына қатысып 21 жасымда уже өте жақсы сөйледім. Сосын 21 жастан бастап оқу орталықтарында сабақ беріп, репетиторствамен айналысып кеттім. Аллахқа шүкір уже сабақ беруде 10 жыл өтіпті. Қазір "Lady Ais" білім беру орталығының жетекшісі қызметінде.
Көп қиыншылықтар өтті, но ол туралы потом айтып беремін Аллах қаласа 🌺

Ағылшын тілінің Фанаты болған соң, всегда өзімді дамытып отырамын. Қазір University of Harvard пен State University of Amazon оқу орындарында Онлайн курстарын оқудамын.

➡️Ал сіз, таныстырып кетсеңіз өзіңізді, атыңыз, жасыңыз, ағылшын тілін қанша уақыт бойы үйреніп келе жатырсыз, қандай нәтижеге жеттіңіз? 🌹

Want your school to be the top-listed School/college in Görükle?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Category

Website

Address


Görükle