📑 Аппарат отырысы: өзекті мәселелер қаралды
🤝 «Өрлеу» БАҰО-да Басқарма төрағасы Ғалымжан Алматовтың төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте қаралған бірінші мәселе жобалық серіктестіктерді дамытуға арналды.
📈 Бұл ретте Басқарма төрағасының стратегиялық даму мәселелері жөніндегі орынбасары Аида Мейркулова технологиялар мен қаржылық сауаттылық бағытындағы бастамалар педагогтердің әкімшілік және әдістемелік жүктемесін азайтып, кәсіби дамуына көбірек уақыт бөлуге мүмкіндік беретінін баяндады.
🤖 Бүгінде Freedom Holding Corp. және OpenAI ұйымдарының Education for Countries бастамасы аясында Қазақстан алғашқы кезеңге енген елдердің бірі ретінде педагогтерге 165 мың тегін ChatGPT Edu лицензиясын ұсыну мүмкіндігіне ие болды.
💰 Сондай-ақ ҚР Ұлттық Банкімен бірлесіп педагогтердің қаржылық сауаттылығын арттыру бағдарламасының нәтижелері таныстырылды.
🌐 ЮНЕСКО-мен бірлесіп білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауға арналған жаппай ашық онлайн-курс (MOOC) әзірленіп жатқаны, ал ICHEI ұйымымен білім беру бағдарламаларын ЖИ құзыреттеріне бейімдеу жұмыстары жалғасып жатқаны айтылды.
📚 Бұдан бөлек, British Council ұйымымен жүзеге асырылған AELLCA жобасының нәтижелері туралы айтылды. Жоба аясында NILE ұйымымен бірлесіп үздіксіз кәсіби дамуға арналған курстар ҚР Оқу-ағарту министрлігі тарапынан аккредиттелген. Қазіргі уақытта мектеп тәлімгерлеріне арналған әдістемелік нұсқаулық дайындалуда.
📢 Басқарма төрағасы Ғалымжан Алматов халықаралық серіктестіктің әлеуетін барынша пайдаланудың маңызын атап өтті.
🌍 "Әр филиал мен жергілікті білім басқармаларының жобалық серіктестіктері болуы шарт. Халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылды күшейтіп, өңірлердегі нақты жобаларды көбейту қажет", – деді Басқарма төрағасы.
📋 Аппараттық кеңесте педагогтерді аттестаттаудың жаңа тетіктері де таныстырылды.
⏳ Оқу-әдістемелік жұмыс департаменті директорының м.а. Салтанат Есеналиева пилоттық жоба аясында педагогтердің жекелеген санаттары "Педагогтің білімін бағалау" рәсімінен өтпей-ақ, жинақталған портфолио материалдарының негізінде біліктілік санатын беру немесе растау үшін аттестаттаудан өте алатынын хабарлады. Сондай-ақ жобаға қатысу талаптары, қатыстырылмайтын санаттар, аттестаттау мерзімдері мен әлеуметтік кепілдіктер туралы ақпарат берілді.
⚖️ Осы мәселеге байланысты Ғалымжан Алматов аттестаттау рәсімінің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз етуді, педагогтермен жүйелі түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, олардың құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерінің толық сақталуына ерекше назар аударуды тапсырды.
✅ Жиын соңында Басқарма төрағасы әр филиалдың 2026 жылдың І жартыжылдығындағы жұмыс қорытындылары бойынша есеп беруін ұйымдастыруды, сондай-ақ тренерлердің біліктілігін арттыру жұмыстарын жандандыруды тапсырды.
Өрлеу Ұлытау облысы
«Өрлеу» БАҰО» Акционерлік қоғамының филиалы «Қарағанды облысы бойынша кәсіби даму институты» Ұлытау облысы бойынша өкілдігі
📢 Уважаемые педагоги!
📚 В целях оказания методической поддержки педагогическому сообществу каждый филиал АО «НЦПК «Өрлеу» выпускает собственное научно-методическое издание.
📈 Это возможность для педагогов опубликовать результаты своей профессиональной деятельности: научные статьи, методические разработки, авторские программы, сценарии мероприятий, конспекты уроков, материалы из опыта работы и другие методические материалы.
🧾 Публикация в научно-методическом издании способствует распространению эффективного педагогического опыта, профессиональному развитию и формированию личного портфолио.
Кроме того, наличие опубликованных материалов является важным подтверждением профессиональной активности педагога и может быть использовано при подготовке документов к аттестации в соответствии с действующими требованиями.
🧑🏻🏫 Приглашаем педагогов делиться своим опытом, лучшими практиками и инновационными идеями на страницах научно-методических изданий филиалов АО «НЦПК «Өрлеу».
💳 Стоимость публикации:
☑️ публикация одной статьи в научном журнале «Өрлеу. Үздіксіз білім жаршысы – Өрлеу. Вести непрерывного образования» — 60 000 тенге;
публикация одной статьи в научном журнале филиала — 6 700 тенге;
публикация материала в газете филиала — 5 500 тенге.
📢 Құрметті педагогтер!
📚 Педагогтер қауымдастығына әдістемелік қолдау көрсету мақсатында «Өрлеу» БАҰО» АҚ-ның әрбір филиалы өзінің ғылыми-әдістемелік басылымын шығарады.
📈 Бұл – педагогтердің өз кәсіби қызметінің нәтижелерін жариялауға берілетін мүмкіндік. Олар ғылыми мақалаларын, әдістемелік әзірлемелерін, авторлық бағдарламаларын, іс-шаралар сценарийлерін, сабақ жоспарларын, жұмыс тәжірибесінен жинақталған материалдарын және өзге де әдістемелік еңбектерін жариялай алады.
🧾 Педагогтің ғылыми-әдістемелік басылымдағы жарияланымы тиімді тәжірибені кеңінен таратуға, кәсіби дамуына және жеке портфолиосын толықтыруға ықпал етеді. Сонымен қатар жарияланған материалдардың болуы педагогтің кәсіби белсенділігінің маңызды көрсеткіші болып табылады және қолданыстағы талаптарға сәйкес аттестаттауға ұсынылатын құжаттарды әзірлеу барысында ескерілуі мүмкін.
👨🏫 Педагогтерді өздерінің тәжірибесімен, үздік тәжірибелерімен және инновациялық идеяларымен бөлісіп, оларды «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарының ғылыми-әдістемелік басылымдарында жариялауға шақырамыз.
💳 Жарияланым құны:
☑️ «Өрлеу. Үздіксіз білім жаршысы – Өрлеу. Вести непрерывного образования» ғылыми журналында бір мақаланы жариялау – 60 000 теңге;
филиалдың ғылыми журналында бір мақаланы жариялау – 6 700 теңге;
филиалдың газетінде бір материалды жариялау – 5 500 теңге.
«Педагогикалық идеялар панорамасы» конкурсының жаңа кезеңі
Конкурстың ең маңызды әрі жауапты кезеңдерінің бірі басталды. Барлық өңірлердегі сараптамалық кеңестер өз жұмысына кірісті!
2026 жылғы 15 шілде мен 20 қыркүйек аралығында сарапшылардың конкурс материалдарын бағалауы ұйымдастырылады. Әрбір конкурс материалын кеңестің 3 мүшесі бағалайды.
Жеңімпаздар ең жоғары ұпайдың кемінде 60%-ын жинаған және бағалаудың әрбір критерийі бойынша ең кемі 1 ұпай алған жұмыстардың арасынан анықталады.
Сарапшыларымызға шабыт, объективтілік және тиімді жұмыс тілейміз. Әріптестер, әрбір идеяның бағасы әділ әрі дәл болсын!
Новый этап конкурса «Панорама педагогических идей»
Стартовал один из самых важных и ответственных этапов конкурса. Экспертные советы во всех регионах приступили к работе!
С 15 июля по 20 сентября 2026 г. организовано оценивание конкурсных материалов экспертами. Каждый конкурсный материал оценивается 3 членами совета.
Победители будут определяться из числа тех работ, которые наберут не менее 60% от максимального количества баллов и получивших хотя бы 1 балла по каждому критерию оценивания.
Желаем нашим экспертам вдохновения, объективности и продуктивной работы. Коллеги, пусть оценка каждой идеи будет справедливой и точной!
09/07/2026
06/07/2026
Курс тыңдаушыларынан кері байланыс
📢 «Педагогикалық идеялар панорамасы – 2026» байқауына өтінім қабылдау мерзімі 8 шілдеге дейін ұзартылды.
👩🏫 Байқауға мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, сондай-ақ орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері қатыса алады.
🌐 Толық ақпарат: https://ppi.orleu.edu.kz
🏆 Республикалық кезеңнің жеңімпаздары педагогикалық шеберліктің халықаралық фестивалінде өз жұмыстарын таныстыру мүмкіндігіне ие болады.
✍️ Өз тәжірибеңіз бен педагогикалық идеяларыңызды таныстыру мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!
Бүгін 30- маусым!
"Педагогикалық идеялар панорамасы-2026" конкурсының өтінімдер қабылдау бойынша соңғы күні.
Click here to claim your Sponsored Listing.
Location
Category
Website
Address
Гоголя 5
Zhezkazgan
100600
Opening Hours
| Monday | 09:00 - 18:00 |
| Tuesday | 09:00 - 18:00 |
| Wednesday | 09:00 - 18:00 |
| Thursday | 09:00 - 18:00 |
| Friday | 09:00 - 18:00 |