03/07/2026
2026 жылдың 03 шілде күні. Киноға саяхат.
Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Жезқазған қаласы Қабден Шыңғысов атындағы 5 ЖББМ, Education, Zhezkazgan.
03/07/2026
2026 жылдың 03 шілде күні. Киноға саяхат.
02/07/2026
📌2026 жылдың 02 шілде күні Қабден Шыңғысов атындағы №5 жалпы білім беретін мектебінде мектеп жанындағы «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерьінде “Буллинг және кибербуллингтен қорғану” тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында оқушылармен ойындар жүргізілді. Оқушылар өз ойларымен бөлісіп, керекті мағлұматтарды алып, іс – шараны жақсы көңіл күйде аяқтады.
🔶Мақсаты: Оқушылар арасында буллинг, кибербуллингті алдын алу. Буллингтің қандай түрлері бар екенін түсіндіру. Оқушыларға зорлық - зомбылық туралы ақпарат беру.
02/07/2026
02/07/2026
🔷2026 жылдың 02 шілде күні Қабден Шыңғысов атындағы №5 жалпы білім беретін мектебінде мектеп жанындағы «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерьінде домбыра күніне орай «Домбыра-ұлт мұрасы» тақырыбында оқушыларға домбыраның шығу тарихы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
🔶Мақсаты: Оқушыларға домбыраның қазақ халқының ұлттық мұрасы ретіндегі маңызын түсіндіру, ұлттық өнер мен күй мәдениетін дәріптеу, ұлттық құндылықтарға деген құрметті қалыптастыру, оқушылардың өнерге деген қызығушылығын арттыру, отансүйгіштікке және халқымыздың салт-дәстүрін қастерлеуге тәрбиелеу.
🔴Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы Қабден Шыңғысов атындағы №5 жалпы білім беретін мектебінде 2 шілде күні Ұлттық домбыра күніне арналған «Домбыра-ұлт мұрасы» Республикалық челлендж өтті.
🔷Мақсаты: Оқушыларға домбыраның қазақ халқының ұлттық мұрасы ретіндегі маңызын таныстыру, ұлттық музыка өнеріне деген қызығушылығын арттыру, күй өнерін дәріптеу, халқымыздың салт-дәстүрі мен мәдени құндылықтарын құрметтеуге тәрбиелеу, ұлттық рухты, патриоттық сезімді және эстетикалық талғамды қалыптастыру.
Rumcdo Mon PK
#ҰлттықДомбыра2026
02/07/2026
📌2026 жылдың 01 шілде күні Қабден Шыңғысов атындағы №5 жалпы білім беретін мектебінде мектеп жанындағы «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерьінде жоспарға сәйкес «Қаламыздың көркем жерлеріне саяхат» тақырыбында Қ.Сәтпаев атындағы тарихи-өндірістік музейге барып қайтты. Музейде оқушылар Қ.Сәтпаевтың өмірі мен Жезқазған өнеркәсібінің даму тарихы туралы көптеген ақпараттар алды. Экскурсия барысында оқушылар тарихи мұраларды көзбен көріп, ғылымға деген қызығушылықтарын арттырды. Олар музей қызметкерлерінің қызықты әңгімелерін тыңдап, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Бұл саяхат балалардың туған елінің тарихын құрметтеуге, ұлттық құндылықтарды бағалауға және ғылымға деген ынтасын дамытуға ықпал етті.
✅Мақсаты:
* Оқушыларды Қаныш Сәтбаевтың өмірі мен ғылыми қызметімен таныстыру;
* Тарихи-мәдени мұраларды құрметтеуге тәрбиелеу;
* Ғылымға қызығушылықтарын арттыру және патриоттық сезімдерін қалыптастыру;
* Танымдық көкжиегін кеңейтіп, туған елдің мақтаныш тұлғалары туралы білімдерін толықтыру
29/06/2026
🎯2026 жылдың 29 маусым күні Қабден Шыңғысов атындағы №5 жалпы білім беретін мектебінде мектеп жанындағы «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерьінде «Жол ережесін білейік, аман-есен жүрейік» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оқушылар көше туралы, ондағы қозғалыс, жолда жүру ережесін есте сақтауға, жол белгілерін түрлері , оны білу не үшін қажет екендігі , бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін туралы толықтай мағлұмат алды. Іс-шара тәртіптілікке, көшеде өздерін дұрыс ұстап жүруге тәрбиелеу мақсатында өткізілді.
🔶Мақсаты: Оқушыларға жол қозғалысы ережелері туралы түсінік беру, жолда қауіпсіз жүру дағдыларын қалыптастыру, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және өз өмірі мен денсаулығына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
26/06/2026
🎯26 маусым күні Қабден Шыңғысов атындағы №5 жалпы білім беретін мектебінде мектеп жанындағы «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерьінде оқушылардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету дағдыларын дамыту мақсатында Ұлытау облысы Жезқазған қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы №1 Мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне экскурсия ұйымдастырылды.
🔷Экскурсия барысында оқушылар құтқарушылардың күнделікті қызметімен, өрт сөндіру техникаларымен, арнайы құрал-жабдықтарымен және құтқару жұмыстарының ерекшеліктерімен танысты. Мамандар өрттің алдын алу, судағы қауіпсіздік, табиғи апаттар кезінде және басқа да төтенше жағдайларда өзін-өзі ұстау ережелері туралы жан-жақты ақпарат берді.
Сонымен қатар, оқушыларға төтенше жағдай туындаған кезде 112 қызметіне хабарласу тәртібі, алғашқы қауіпсіздік шаралары және эвакуация ережелері түсіндірілді.
🔶Мақсаты: Оқушылардың төтенше жағдайлардың алдын алу туралы білімдерін кеңейту, өмір қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыру, өрт қауіпсіздігі және табиғи, техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде дұрыс әрекет ету дағдыларын дамыту. Сонымен қатар, құтқарушылардың жауапты еңбегімен таныстыру, азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеу, қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын түсіндіру және төтенше жағдайлар саласындағы мамандықтарға қызығушылығын арттыру.
24/06/2026
✅2026 жылдың 24 маусым күні Қабден Шыңғысов атындағы №5 жалпы білім беретін мектебінде мектеп жанындағы «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерьінде «Мемлекеттік рәміздер-тәуелсіздіктің нышаны» тақырыбында Ту, Елтаңба, Әнұран мемлекеттік рәміздер туралы ақпараттар берілді. Оқушылар мемлекеттік рәміздердің суретітерін бояп, іс-шараға белсене қатысты.
📌Мақсаты: Балалардың аса маңызды мемлекеттік белгілер - рәміздер жөніндегі білімдерін жан-жақты сарапқа салу, оларға мемлекеттік белгілердің аса маңызды екенін ұғындыру, оны ерекше құрметтеп, мақтан тұту керектігін ашып көрсету.
🛎️2026 жылдың 18 маусым күні.
🎯Оқушылар мен ата-аналар назарына‼️
| Monday | 08:00 - 18:00 |
| Tuesday | 08:00 - 18:00 |
| Wednesday | 08:00 - 18:00 |
| Thursday | 08:00 - 18:00 |
| Friday | 08:00 - 18:00 |