Сапаны қамтамасыз ету департаменті - Ұлытау облысы

Сапаны қамтамасыз ету департаменті - Ұлытау облысы

Share

Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Сапаны қамтамасыз ету департаменті - Ұлытау облысы, Education Website, Қазақстан, Zhezkazgan.

Photos from Сапаны қамтамасыз ету департаменті - Ұлытау облысы's post 21/07/2026

🏫 **Ұлытау облысында білім беру ұйымдарының 2026–2027 оқу жылына дайындығына мониторингтің II кезеңі өткізілді**

Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті 2026–2027 оқу жылына білім беру ұйымдарының дайындығын бағалау жөніндегі мониторингтің II кезеңін жалғастыруда.

Мониторинг аясында Ұлытау ауданы мен Жезқазған қаласының жалпы орта білім беру ұйымдары қамтылды.

📍 **Ұлытау ауданында:**
• «№2 жалпы білім беретін мектебі» КММ;
• «№3 жалпы білім беретін мектебі» КММ;
• «№4 жалпы білім беретін мектебі» КММ;
• «№5 негізгі орта мектебі» КММ;
• «№7 жалпы білім беретін мектебі» КММ;
• «№8 жалпы білім беретін мектебі» КММ;
• «№9 жалпы білім беретін мектебі» КММ;
• «М. Мыңқаев атындағы №10 жалпы білім беретін мектебі» КММ;
• «№14 жалпы білім беретін мектебі» КММ;
• «№17 жалпы білім беретін мектебі» КММ;
• «№18 жалпы білім беретін мектебі» КММ.

📍 **Жезқазған қаласында:**
• «№4 жалпы білім беретін мектебі» КММ;
• «№8 гимназиясы» КММ;
• «№13 жалпы білім беретін мектебі» КММ;
• «№14 жалпы білім беретін мектебі» КММ;
• «№26 гимназиясы» КММ.

🔎 Мониторинг барысында білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасының жай-күйі, ғимараттар мен үй-жайлардың дайындығы, ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарының орындалуы, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның дайындығы, оқу кабинеттерінің жабдықталуы, қауіпсіздік талаптарының сақталуы, ас блогы мен санитариялық-гигиеналық жағдайы, сондай-ақ қолжетімді орта талаптарының орындалуы зерделенді.

✅ Мониторинг қорытындысы бойынша анықталған ескертулерді жою және жаңа оқу жылының басталуына дейін білім беру ұйымдарының толық дайын болуын қамтамасыз ету бойынша тиісті ұсынымдар берілді. Департамент білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындық барысына тұрақты бақылау жүргізуді жалғастырады.

#ҰлытауОблысы #Білім #Мониторинг #ЖаңаОқуЖылы #Мектеп #БілімСапасы #ОқуАғарту

Photos from Сапаны қамтамасыз ету департаменті - Ұлытау облысы's post 10/07/2026

📢 ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ БОЙЫНША МОНИТОРИНГ ЖАЛҒАСУДА

Жаңа оқу жылына дайындық аясында Жаңаарқа ауданының 12 білім беру ұйымына, сондай-ақ Қаражал қаласының №10 және №30 мектептеріне мониторингтік жұмыстар жүргізілді.

Мониторинг барысында білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығы келесі бағыттар бойынша зерделенді:

материалдық-техникалық базаның жай-күйі;
қауіпсіздік және өртке қарсы талаптардың сақталуы;
санитарлық-гигиеналық жағдай;
педагогикалық кадрлармен қамтамасыз етілуі;
оқулық, оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету;
білім беру процесін ұйымдастыруға қатысты өзге де талаптардың орындалуы.

Зерделеу нәтижесінде анықталған кемшіліктер бойынша білім беру ұйымдарының басшыларына нақты ұсыныстар мен әдістемелік ұсынымдар беріліп, оларды қысқа мерзімде жою жөнінде тапсырмалар жүктелді.

Қазіргі таңда білім беру ұйымдарында анықталған кемшіліктерді жою және жаңа оқу жылына сапалы дайындық жұмыстарын аяқтау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Мониторинг қорытындылары бойынша берілген ұсыныстардың орындалуы бақылауда болады.

Photos from Сапаны қамтамасыз ету департаменті - Ұлытау облысы's post 03/07/2026

📍 **Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасында қызмет көрсету және білім саласы бойынша өңірлік кеңестің кезекті отырысы өтті**

📅 **2026 жылғы 3 шілдеде** Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасында қызмет көрсету және білім саласы бойынша өңірлік кеңестің кезекті отырысы өтті. Кеңес барысында білім беру саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдар өкілдерінің ұсыныстары тыңдалды.

🔹 **Күн тәртібіндегі бірінші мәселе** – мектепке дейінгі тәрбие және оқыту саласындағы жекеменшік ұйымдарды лицензиялау мәселелері.

👩‍💼 Аталған мәселе бойынша Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысы **Жакупбекова Гаухар Набиевна** баяндама жасап, лицензиялау талаптары, заңнамадағы өзгерістер және оларды іске асыру тетіктері туралы жан-жақты ақпарат берді. Кеңес мүшелері кәсіпкерлер тарапынан көтерілген сұрақтарды талқылап, пікір алмасты.

🔹 **Екінші мәселе** – жекеменшік білім беру ұйымдары үшін қызмет түрлерін **ЭҚЖЖ (ОКЭД)** бойынша нақтылау және жеке секторды бөлек қарастыру.

👩‍💼 Бұл тақырып бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және түсіндіру жұмысы басқармасының басшысы **Онгаркулова Жанар Онгаркуловна** баяндама жасап, ЭҚЖЖ (ОКЭД) жіктемесін нақтылау, жекеменшік білім беру ұйымдарының қызметін жүйелеу және жеке секторды бөлек қарастырудың маңыздылығы туралы баяндады.

💬 Сонымен қатар, кеңес барысында әртүрлі сұрақтар мен ұсыныстар қарастырылып, қатысушылар білім беру саласын дамытуға бағытталған өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

🤝 Кеңес қорытындысы бойынша көтерілген мәселелер назарға алынып, оларды шешуге бағытталған ұсыныстар тиісті мемлекеттік органдарға жолданатын болады.

#ҰлытауОблысы #КәсіпкерлерПалатасы #Атамекен #ӨңірлікКеңес #БілімСаласы #ЖекеменшікБілім #МектепкеДейінгіБілім #Лицензиялау #ОКЭД #ЭҚЖЖ #Кәсіпкерлер

Photos from Сапаны қамтамасыз ету департаменті - Ұлытау облысы's post 01/07/2026

📍 30 маусым 2026 жылы Ұлытау облысы әкімдігі жанындағы Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

👩‍💼 Отырысқа Ұлытау облысының білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Г. Жакупбекова қатысты.

🔹 Комиссия отырысында:
✅ мектептер мен колледждердегі білім алушылар арасында суицидтік мінез-құлықтың алдын алу және психологиялық қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру;
✅ жасөспірімдер арасындағы буллингтің (кибербуллингтің) және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, балалардың құқықтарын қорғау бағытындағы мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы;
✅ жазғы кезеңде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оның ішінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, су айдындарындағы және демалыс орындарындағы қауіпсіздік мәселелері талқыланды.

🤝 Департамент балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ қауіпсіз әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру бағытында мүдделі мемлекеттік органдармен бірлескен жұмысты жалғастырады.

#ҰлытауОблысы #БілімСапасы #БалаларҚұқығы #ҚауіпсізБілім #ПсихологиялықҚауіпсіздік #БуллингтіңАлдынАлу #БалалардыҚорғау #ЖазғыҚауіпсіздік #БілімБеру

Photos from Сапаны қамтамасыз ету департаменті - Ұлытау облысы's post 30/06/2026

📚🏫 Жаңа оқу жылына дайындық бойынша мониторингтің II кезеңі жалғасуда!

📍 Осы аптада мониторинг жұмыстары Жаңаарқа ауданында жүргізілуде.

🔹 Ынталы жалпы білім беретін мектебінде 🏗️ күрделі жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

🔹 Талдыбұлақ жалпы білім беретін мектебінде ✅ ағымдағы жөндеу жұмыстары толық аяқталды.

👷‍♂️ Мониторингтің негізгі мақсаты – білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына сапалы әрі уақтылы дайындығын қамтамасыз ету, сондай-ақ жөндеу жұмыстарының орындалу барысын бақылау.

#ЖаңаОқуЖылы2026 #Мониторинг #Жаңаарқа #Білім #БілімБерудіДамыту #Мектеп #КүрделіЖөндеу #АғымдағыЖөндеу #СапалыБілім #ҚауіпсізМектеп

Photos from Сапаны қамтамасыз ету департаменті - Ұлытау облысы's post 25/06/2026

📌 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘДЕП МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

2026 жылғы 25 маусымда Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінде педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті.

Отырысқа кеңес мүшелері, Ұлытау облысы білім басқармасының өкілдері, Сәтбаев қаласы білім бөлімінің басшысы, білім беру ұйымдарының басшылары және педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестердің төрағалары қатысты.

Күн тәртібінде:
✅ білім беру ұйымдарынан келіп түсетін өтініштер бойынша мониторинг жүргізу және талдау;
✅ педагогикалық әдеп нормаларын бұзудың алдын алу бағытындағы профилактикалық жұмыстар;
✅ білім беру ұйымдарындағы педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестердің 2025–2026 оқу жылындағы қызмет қорытындылары;
✅ әлеуметтік желілерде педагогтердің әдеп нормаларын сақтау мәселелері қаралды.

Кеңес барысында педагогтердің кәсіби әдебін сақтау, олардың құқықтарын қорғау, қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыру және профилактикалық жұмыстардың тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды.

Кеңес төрағасы «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының орындалуы аясында «Әлеуметтік желілерде педагогтердің әдеп нормаларын сақтау мәселелері туралы» тақырыбында баяндама жасады.

Баяндамада педагогтердің әлеуметтік желілердегі мінез-құлқының кәсіби әдеп қағидаларына сәйкестігі, ақпараттық мәдениетті сақтау, қоғаммен дұрыс коммуникация орнату, білім алушылардың, ата-аналардың және әріптестердің құқықтары мен қадір-қасиетін құрметтеу мәселелері қозғалды. Сондай-ақ әлеуметтік желілердегі әрбір жарияланым мен пікірдің педагогтің кәсіби беделі мен ұстаз мамандығының қоғамдағы мәртебесіне ықпал ететіні атап өтілді.

Отырыс қорытындысы бойынша педагогикалық әдеп қағидаларын сақтау мәдениетін нығайтуға бағытталған тиісті ұсынымдар қабылданды.
#ПедагогикалықӘдеп #ҰлытауОблысы #БілімСапасы #ПедагогМәртебесі #БілімБерудіДамыту #ӘдепКеңесі #Педагогмәртебесі

25/06/2026

Құрметті Ұлытау облысының тұрғындары!
📌 Ұлытау облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы азаматтарды келесі мәселелер бойынша жеке қабылдау өткізеді:
🔹 білім беру ұйымдарының қызметі;
🔹 білім беру қызметтерінің сапасы;
🔹 білім беру саласындағы заңнаманың сақталуы;
🔹 оқу жағдайлары, оқушылар мен мұғалімдердің құқықтары мен міндеттері.
📅 Қабылдау күні: 2026 жылдың 24 шілде
🕘 Уақыты: 16:00-ден 18:00-ге дейін
📍 Өтетін орны: Ұлытау облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті, мекен-жайы: Жезқазған қаласы, Гагарин көшесі, 74.
❗ Қабылдауға қатысу үшін алдын ала тіркелу қажет:
📞 Тіркеу телефоны: 8(775) 864-65-52
📧 Электрондық пошта: [email protected]
Біз барлық қызығушылық танытқан азаматтарды, ата-аналарды, педагогтарды және білім беру ұйымдарының өкілдерін қабылдауға қатысуға және Департамент басшылығына өз сұрақтарын қоюға шақырамыз.
🤝 Біз диалогқа ашықпыз және әрбір пікірді тыңдауға дайынбыз!
Уважаемые жители области Ұлытау!
📌 Руководитель Департамента по обеспечению качества в сфере образования области Ұлытау проведёт личный приём граждан по вопросам, касающимся:
🔹 деятельности организаций образования;
🔹 качества образовательных услуг;
🔹 соблюдения законодательства в сфере образования;
🔹 условий обучения, прав и обязанностей обучающихся и педагогов.
📅 Дата приёма: 24.07.2026г
🕘 Время: с 16.00 до 18.00
📍 Место проведения: Департамент по обеспечению качества в сфере образования области Ұлытау, по адресу: г. Жезказган, улица Гагарина 74.
❗ Для участия в приёме необходимо предварительно зарегистрироваться:
📞 Телефон для записи: 8(775) 864-65-52
📧 Электронная почта: [email protected]
Приглашаем всех заинтересованных граждан, родителей, педагогов и представителей организаций образования принять участие и задать волнующие вопросы напрямую руководству Департамента.
🤝 Мы открыты к диалогу и готовы выслушать каждое мнение!

25/06/2026

📢 Ұлытау облысының білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспары аясында қызметкерлер арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қызметтік әдеп нормаларының сақталуына тұрақты мониторинг жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, азаматтармен кері байланыс орнату, ашықтық пен жариялылық қағидаттарын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар атқарылуда.

Департамент қызметінде заңдылық, ашықтық және адалдық қағидаттарын сақтау басты басымдықтардың бірі болып табылады.

Есепті кезең қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары тіркелген жоқ.

#СыбайласЖемқорлыққаҚарсыІсҚимыл #Адалдық #Парасаттылық #МемлекеттікҚызмет #БілімСаласы #Ұлытау

24/06/2026

♻️Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығының талаптарын түсіндіру мақсатында департамент қызметкерлерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
♻️Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау, қызметтік міндеттерді адал атқару, азаматтармен қарым-қатынаста сыпайылық пен бейтараптық таныту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және мемлекеттік қызметтің оң беделін нығайту мәселелері қарастырылды.
♻️Департамент қызметкерлері өз қызметінде аталған талаптарды басшылыққа алып, олардың мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етуде. Әдеп қағидаларын сақтау және қызметтік тәртіпті нығайту бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жалғасуда.

#Мемлекеттік Қызмет
#ӘдепКодексі
#ҚызметтікӘдеп

♻️В целях разъяснения требований Указа Президента Республики Казахстан от 29 декабря 2015 года № 153 с сотрудниками департамента проведена разъяснительная работа.
В ходе встречи были рассмотрены вопросы соблюдения государственными служащими норм служебной этики, добросовестного исполнения служебных обязанностей, проявления вежливости и объективности при взаимодействии с гражданами, формирования антикоррупционной культуры, а также укрепления положительного имиджа государственной службы.
Сотрудники департамента в своей деятельности руководствуются требованиями указанного Указа и обеспечивают их неукоснительное соблюдение. Работа по соблюдению этических норм и укреплению служебной дисциплины проводится на постоянной основе.
#ГосударственнаяСлужба
#КодексЭтики
#СлужебнаяЭтика

22/06/2026

Маусым айында бекітілген жоспарға сәйкес 3 мектепте профилактикалық бақылау жүргізілді:
Жаңаарқа ауданы – О. Әлібаев атындағы ЖББМ, Қызылжар ЖББМ, Ұлытау ауданы - №4ЖББМ
Сонымен қатар, бақылау барысында мектептердің қайта аттестаттауы ұйымдастырылды.
Нәтижесінде 2 мектеп қайта аттестаттаудан өтті.
Білім сапасын арттыру және талаптардың орындалуын қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғасуда.
#БілімСапасы
#ПрофилактикалықБақылау
#ҰлытауОблысы
#БілімБақылауы
#ӘдістемелікСүйемелдеу

Want your school to be the top-listed School/college in Zhezkazgan?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Website

Address


Қазақстан
Zhezkazgan