Маңғыстау облыстық медицина колледжі

Маңғыстау облыстық медицина колледжі

Share

Photos from Маңғыстау облыстық медицина колледжі's post 08/09/2022

08.09.22 ж.күні 1 курс студенттеріне, Халық банк қызметкерлері 20 таңбалы шот ашу, онлайн приложениемен жұмыс, алаяқтардан қорғау, сақтық шараларымен таныстырып өтті, шараға 195 МІ, 194 МІ, 170 МІ, 191 МІ, 115 ЛД топтары қатысты.

Photos from Маңғыстау облыстық медицина колледжі's post 06/09/2022

06.09.22ж.күні Маңғыстаулық ұлтжанды зейнеткер, спортшы және еңбек ардагері Қажымұрат Сейілханұлының тағылымды өмір жолына арналған “Адалдық сағаты” өткізілді.

Сонымен қосымша қазақ халқының зиялы қауым өкілдері А.Байтұрсынов, Ш.Уалиханов, М.Мақатаев, Ә.Кекілбаев т.б. ұлт зиялыларының өмірі айтылып, талқыланды.

Photos from Маңғыстау облыстық медицина колледжі's post 05/09/2022

31.08.2022 ж.күні ұжыммен педагогикалық кеңес өткізілді.
Талқыланған негізгі мәселелер:
1) Пед.кеңес хатшысын сайлау;
2) 2022-2023 о.ж қабылдау емтихандарының қорытынды есебі;
3) Жаңа оқу жылына дайындық;
4) Ұйымдастыру шаралар;
5) Әр түрлі сұрақтар.

Photos from Маңғыстау облыстық медицина колледжі's post 01/09/2022

«l қыркүйек – Білім күні» мерекесіне орай колледж өмірінде дәстүрлі «Білімге ұмтылу, еңбек сүйгіштік және патриотизм» атты барлық топтарға кураторлық сағат өткізілді.
Колледж табалдырығын аттаған студенттер топ жетекшілермен және топтың мүшелерімен танысты. Топ жетекшілер
топ студенттеріне оқу барысын ,
ішкі тәртіп ережелерін және топ белсенділерін атап тусіндірме жұмыстарын жургізді.

Бұл мереке Маңғыстау облыстық жоғары медициналық колледжі табалдырығын аттағалы тұрған алғашқы студенттер үшін өте ерекше күн. Өйткені, олар жүректеріне үміт пен сенім, қуаныш пен шаттық артып, білім ордасын тұңғыш рет аттағалы тұр.

І курс білім алушылары қадамдарыңыз құтты болсын!

01/09/2022

Құрметті оқытушылар және білім алушылар!

Сіздерді 1 қыркүйек - Білім күні мерекесімен құттықтаймыз! Бүгін үлкен өмірге аяқ басқан әрбір білім алушылар үшін ерекше күн!

Студенттік шақтарыңыз қызыққа толы болып, жаңа ғылыми жаңалықтар мен оң өзгерістерге ұштассын!

Жаңа оқу жылы құтты болсын! Оқуда да, қызметте де сәттілік тілейміз!

#Білімкүні #1қыркүйек #МаңғыстауОблыстықЖоғарыМедициналықКолледжі

Photos from Маңғыстау облыстық медицина колледжі's post 30/08/2022

2022-2023 оқу жылына Маңғыстау облыстық жоғары медициналық колледжіне мемлекеттік тапсырыс (грант) негізінде оқуға қабылданған талапкерлердің тізімі.

30/08/2022

Бүгін – Конституция күні. Республикалық референдумда қабылданған, Қазақстанды демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде бекіткен Ата Заңымыз – Конституцияға бүгін 27 жыл толып отыр.

Конституция 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық референдум негізінде қабылданып, 5 қыркүйек күні күшіне енді. Ата Заң 9 тараудан, 98 баптан тұрады.

Конституция – мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат. Ол мемлекеттік тетік, қоғамдық, саяси институттар ретінде қызметтің негізі боларлық принциптерді орнықтырды, адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін белгіледі, экономикалық құрылыстың негіздерін айқындады. Бұл Тәуелсіз Қазақстанның қабылдаған екінші Конституциясы. Алғашқы Конституция 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған болатын.

Конституция күні – барлық қазақстан­дық үшін қасиетті мереке. Әрбір Қазақстан азаматы Тәуелсіз мемлекетіміз­дің шаңы­рағын көкке көтеру үшін Консти­туцияны құрметтегені жөн. Халықтың еркі көрініс тапқан бұл құжат өзінің нормалары мен принциптерінің көмегімен ғана емес, бекі­тілген идеялары арқылы да қоғам мен мем­лекетті өркениетті елдердің қатарына жетелейді.

#конституциякүні
#30тамыз
#27жыл

Photos from Маңғыстау облыстық медицина колледжі's post 30/08/2022

with .repost
・・・
Жаңаөзенде Конституция күні аталып өтті

30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай Жаңаөзен қаласында «Ата Заңым – ардағым» атты салтанатты жиын өтті.

Жиында Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Ж.Аймағанбетов мерекелік құттықтау сөз сөйлеп, тұрғындарды атаулы мемлекеттік мерекемен құттықтады.

- Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының мемлекет мүддесінен жоғары қойылуы Ата Заңның басты ұстанымы болып табылды. Сондықтан да оны еркіндік пен бостандықты армандап өткен ата-бабаларымыздың мақсат-мұраттарының орындалғаны, дала демократиясының заңды жалғасы деп айта аламыз. Қымбатты жерлестер! Сіздерді еліміздің басты мерекесі - Конституция күнімен құттықтай отырып, әрбір отбасына амандық-саулық, береке-бірлік, мықты денсаулық тілеймін,- деді қала әкімінің орынбасары.

Бұдан соң Ж.Аймағанбетов Жаңаөзен қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқаны үшін бірқатар тұлғаға облыс, қала әкімінің Құрмет грамоталарын және Алғыс хаттарын табыстады. Сонымен қатар жиын барысында 16 жасқа толған азаматтарға жеке куәлік табысталды. Жиын соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Маңғыстау облыстық жоғары медициналық колледжінен директордың оқу әдістемелік жөніндегі орынбасары Кульбалаева Ақжан Естайқызы “Алғыс хатымен” марапатталды.




Photos from Маңғыстау облыстық медицина колледжі's post 14/08/2022

with .repost
・・・
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАСТАР КҮНІНЕ ОРАЙ ГАЛА КОНЦЕРТ ӨТТІ

«Мұнайшы» МҮ алаңында қалалық және ауылдық мәдениет үйлерінің өнерпаздарының қатысуымен гала концерт өтті.

Алғашқы құттықтау қала әкімінің орынбасары Аймағанбетов Жаңабай Үсембайұлына беріліп, қала белсенді жастарына, қоғам қайраткерлері, ақын Сабыр Адай мен Светқали Нұржанның шығармаларын оқудан жасөспірімдер мен жастар арасындағы байқаудың және футболдан өткізілген жолдастық кездесудің жеңімпаздарына қала әкімнің Алғыс хатын табыстады.

Мерекелік кеш концерттік бағдарламаға ұласып, қала тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Маңғыстау облыстық жоғары медициналық колледжінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Серикова Фариза Балғабайқызы марапатталды.

Want your school to be the top-listed School/college in Zhanaozen?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Category

Address


Zhanaozen

Opening Hours

Monday 08:00 - 18:00
Tuesday 08:00 - 18:00
Wednesday 08:00 - 18:00
Thursday 08:00 - 18:00
Friday 08:00 - 18:00