Дарын қосымша білім орталығы

Дарын қосымша білім орталығы

Share

Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы
"Дарын" қосымш

Photos from Дарын қосымша білім орталығы's post 03/08/2024

🟢Ауысымның тоғызыншы күні, 2 тамызда «Орал Таза Сервис» ЖШС-нің сервисті басқару орталығының басшысы Баишева Динара Қамидоллақызы «Қалдықтарды бөлек жинау» тақырыбында демалушыларға ашық эко сабақ өткізіп, қоршаған ортаға келеңсіз әсерді азайтуға және табиғи ресурстарды сақтауға мүмкіндік беретін қалдықтарды жинау және қайта өңдеу процесі жөнінде мағлұмат беріліп, ойынмен жалғасты. «Өнерлі өрендер» мәдени - танымдық ауысымының салтанатты түрде жабылу шарасымен ұласып, марапаттау рәсімі өтті. Барлық қатысушыларға сертификаттар таратылып, ауысым уақытында белсенділіктерін танытып, таланттарын паш етіп, өнерлерін ортаға салған жас өрендер «Дарын» қосымша білім орталығы атынан «Алғыс хаттармен» марапатталды.
Сонымен қатар, «Қош болындар, достар!» шарасы барысында барлық қатысушы ән салып, би билеп, бір-біріне ақ жарма, ақ тілектерін айтып, бір-бірімен, ауысыммен және тәлімгерлерімен қимай қоштасты. «Объективте Біз!» топтық естелік фотосуретке түсу рәсімімен жалғасты.



#жазғыдемалыс
#алтынбалалықшақ
.t.m.70


kz.

Photos from Дарын қосымша білім орталығы's post 27/07/2024

🟢Ауысымның үшінші күні - 27 шілде « ҰЛТТЫҚ СПОРТ- ҰЛТ ДЕНСАУЛЫҒЫ» Ұлттық спорт түрлері мәдени мұраны сақтауға, жас ұрпақтың ұлттық сана-сезімін күшейтуге ықпал етеді деген мақсатта «Ұлттық құндылық - ұлтымыздың қазынасы» ат спорты кешеніне саяхаттап келді. «Нашақорлық – қоғам дерті» тақырыбында Облыстық психо-наркология диспансерінің психиатр нарколог маманымен кездесу өткізілді.
«Ұлттық» би жарысында демалушылар барлық сыннан өтіп, өнерлерімен бөлісті. Топтар арасында спорттық жарыс өтіп, марапатталды. «DisсoDance» би кешімен күніміз көнілді өтіп, күні бойы ұйымдастырылған жарыстар бойынша демалушылар марапатталды.



#жазғыдемалыс
#алтынбалалықшақ
.t.m.70


kz.

Photos from Дарын қосымша білім орталығы's post 22/07/2024

🟢Ауысымның тоғызыншы күні, 21 шілде «Жайдарман шоу» бағдарламасына балалар қатысып, «Үздік өрендер» мәдени - танымдық ауысымының салтанатты түрде жабылу шарасымен ұласып, марапаттау рәсімі өтті. Барлық қатысушыларға сертификаттар таратылып, ауысым уақытында белсенділіктерін танытып, таланттарын паш етіп, өнерлерін ортаға салған жас өрендер «Дарын» қосымша білім орталығы атынан «Алғыс хаттармен» марапатталды.
🟢Сонымен қатар «Қош болындар, достар!» шарасы барысында барлық қатысушы ән салып, би билеп, бір-біріне ақ жарма, ақ тілектерін айтып, тәлімгерлерімен қимай қоштасты. «Объективте Біз!» топтық естелік фотосуретке түсу рәсімі өтті.



#жазғыдемалыс
#алтынбалалықшақ
.t.m.70


kz

Photos from Дарын қосымша білім орталығы's post 20/07/2024

🟢Ауысымның сегізінші күні, 20 шілде демалушыларға «Библиолото» ойыны ой зерек салатын ойын өте тартымды өтті. Үстел ойындарынан шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ ойындарына балалар қатысып, жүлделі орындарға ие болып, дипломдармен марапатталды. «Қойылым STAR» театр байқауында балалар актерлік шеберліктерін көрсете білді.
Кеш «DISKO DANCE» би жарысымен жалғасын тапты.



#жазғыдемалыс
#алтынбалалықшақ
.t.m.70


kz

Photos from Дарын қосымша білім орталығы's post 15/07/2024

🟢Ауысымның үшінші күні - 15 шілде "Есірткіге жол жоқ" тақырыбы аясында пікірсайыс ойындарымен басталды. Аталмыш шара әуелі БҚО ПД Есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі полиция подполковнигі Мурзабаева Эльмира Жақсылыққызы мен АИТВ-инфекциясын алдын алу орталығы, алдын алу бөлімінің педагогы Умбетова Гульнара Кимовна келіп түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кейін демалушылар арасында "Есірткінің ең басты зиянын көрсетеді" тақырыбында пікірсайыспен жалғасты. Ойында айтылған дүниелерді соңында ішкі істер департаментінен келген қонақтарымыз растап, толықтырып, қортындылады.
🟢Күннің екінші бөлігінде демалушылар «Ұлттық құндылық - ұлтымыздың қазынасы» ат спорты кешеніне саяхаттап келді.
🟢«Таңқаlike» бағдарламасында демалушылар барлық сыннан өтіп, қызықты әсермен бөлісті. Топтар арасында спорттық жарыс өтіп, марапатталды. «DisсoDance» би кешімен күніміз көнілді өтіп, күні бойы ұйымдастырылған жарыстар бойынша демалушылар марапатталды.

Photos from Дарын қосымша білім орталығы's post 08/07/2024

🟢«ДАРАБОЗДАР МЕКЕНІ»-ауысымының сегізінші күні-8 шілде.
Мақсаты:Нағыз дарындар өзінің талант екеніне сенеді. Әрі әрекет етіп бастай сала нәтиже көрсетуге тырысады. «SEN» форумы балалар үшін керемет әсерде қалар шара болды . «Әуенді ойлан тап...» музыкалық сайыста балалар бос отырмай өз ерекшіліктерімен байқауда сынға түсті.
«Ханым мен мырза» байқауы өте тартысты әрі қызықты өтіп, балалар өнерлерін көрсете білді. Футбол, волейбол, баскетбол жарыстарында отряд бойынша жеңімпаздар атанды.



#жазғыдемалыс
#алтынбалалықшақ
.t.m.70


kz.

Want your school to be the top-listed School/college in Ural'sk?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Category

Address


Ural'sk

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:30
Tuesday 09:00 - 18:30
Wednesday 09:00 - 18:30
Thursday 09:00 - 18:30
Friday 09:00 - 18:30