10 mektep-gimnazia QMM

10 mektep-gimnazia QMM

Share

Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from 10 mektep-gimnazia QMM, Education, M. Ǵabdýllın kóshesı, 7, Tselinograd.

Photos from 10 mektep-gimnazia QMM's post 18/06/2026

🎓 «Тұлға еткен мектебім» – 2026 жылғы түлектерге аттестат табыстау рәсімі

2026 жылғы 18 маусым күні Жұмабек Тәшенев атындағы №10 мектеп-гимназиясында мектеп бітіруші түлектерге арналған салтанатты аттестат табыстау рәсімі өтті.

Бұл – мектеп өміріндегі маңызды белеске айналған, жас түлектердің білім жолындағы еңбегі мен жетістіктерін қорытындылайтын ерекше күн болды. Салтанатты кеш барысында мектеп әкімшілігі, ұстаздар қауымы және ата-аналар түлектерге ақжарма тілектерін арнап, жарқын болашаққа сенім білдірді.

Мектеп қабырғасында алған білім мен тәлім-тәрбие жас түлектердің өмір жолында берік негіз болып, жаңа белестерді бағындыруға жол ашатыны сөзсіз.

Құрметті түлектер! Сіздерді өмірлеріңіздегі маңызды кезеңнің аяқталуымен құттықтаймыз. Алдағы өмір жолдарыңызда толағай табыс, биік мақсаттар мен жарқын жетістіктер серік болсын!

✨ Армандарыңыз асқақ, қадамдарыңыз нық, болашақтарыңыз баянды болғай!

18/06/2026

Бүгін Жұмабек Тәшенев атындағы №10 мектеп-гимназиясында «Тұлға еткен мектебім» атты мектеп бітіру салтанатты кеші өтті.

Мектеп қабырғасында білім мен тәрбие алып, арманға қанат қаққан жас түлектер үшін бұл күн ерекше әсерге толы болды. Кеш барысында түлектерге ақ жол тілеп, ұстаздар мен ата-аналар жүрекжарды лебіздерін білдірді.

Мектеп тарихының тағы бір жарқын парағын толықтырған түлектерге алдағы өмір жолында сәттілік, биік мақсаттарға жету және толағай табыстар тілейміз. Мектептен алған білім мен өнеге әрқашан серік болып, жаңа белестерге жетелей берсін!

Қанаттарыңыз талмасын, жас түлектер!

Photos from 10 mektep-gimnazia QMM's post 15/06/2026

Ең алғашқы зағип балаларға арналған арнайы сыныптың түлектеріне аттестаттар тапсырылды. Міне, көзді ашып-жұмғанша он жыл да өте шықты...
Бұл жылдар – қабылдау мен түсінудің, бірге үйреніп, бірге өскеннің, талай белесті бағындырған сәттердің жылдары болды. Осы уақыт ішінде балаларымыз есейіп, қанаттарын қатайтып, өмірдің жаңа кезеңіне қадам басты.
Бүгін олар қолдарына аттестат алып, мектеппен қоштасты. Бұл – үлкен жолдың бастамасы ғана. Артта қалған әр күн, әр жетістік, әр қуаныш олардың жүрегінде мәңгі сақталады.
Біз олардың әрқайсысымен мақтанамыз. Алда жаңа армандар, жаңа мүмкіндіктер мен үлкен жеңістер күтіп тұр.
Ақ жол, түлектер! Болашақтарың жарқын, өмір жолдарың сәтті болсын! Ең жақсысы әлі алда!

11/06/2026

🎭 11.06 – Қуыршақ театры күні 🎭

Бүгін «Айналайын» жазғы лагерінің балалары қуыршақ театрына барып, қызықты қойылым тамашалады. Іс-шара барысында балаларға қоғамдық орындардағы тәртіп пен қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, жолда жүру және мәдени орындарда өзін ұстау қағидалары айтылды.

Қуыршақ театрының әсерлі қойылымы балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, ертегі әлеміне саяхат жасауға мүмкіндік берді. Күн қызықты әсерлер мен жарқын эмоцияларға толы болды! ✨😊

Want your school to be the top-listed School/college in Tselinograd?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Category

Telephone

Address

M. Ǵabdýllın Kóshesı, 7
Tselinograd
010000