Quantum STEM School Astana

Quantum STEM School Astana

Share

Quantum STEM Schools – это инновационная сеть частных школ в Казахстане, которая предполагает обучен

21/05/2026

Жуырда мектебімізде би үйірмесінің ерекше атмосфераға толы есеп беру концерті өтті ✨

Кеш барысында оқушылар жыл бойы дайындаған жарқын би қойылымдарын ұсынып, өз өнерлері мен жетістіктерін көрсетті. Ұлттық билер, әсем костюмдер, музыка мен шынайы эмоциялар бұл кештің көркін аша түсті.

Ата-аналар үшін бұл балалар жетістігіне қуанып, мақтанатын ерекше сәт болса, оқушылар үшін өз таланты мен биге деген сүйіспеншілігін көрсетуге үлкен мүмкіндік болды.

Осындай әдемі атмосфера мен мерекелік көңіл-күй сыйлаған ұстаздарымызға, оқушыларымызға және ата-аналарымызға алғысымызды білдіреміз 💙


Недавно в нашей школе прошёл тёплый и по-настоящему душевный отчётный концерт танцевального кружка ✨

На сцене ученики представили яркие танцевальные постановки и результаты своей работы за весь учебный год. Национальные танцы, красивые костюмы, музыка и искренние эмоции сделали этот вечер по-настоящему особенным.

Для родителей концерт стал моментом гордости и радости за успехи детей, а для учеников - возможностью показать свой талант, труд и любовь к танцу.
Благодарим наших педагогов, учеников и родителей за поддержку, вдохновение и атмосферу настоящего праздника 💙

20/05/2026

Болашақ дағдылары - енді алыстағы келешек туралы емес, бүгінгі өмірдің маңызды бөлігі.

Әлем күн сайын қарқынды өзгеріп келеді. Сондықтан балаларға академиялық біліммен қатар икемді ойлау, коммуникация, эмоционалдық интеллект, бейімделе білу және үнемі жаңа нәрсені үйрену дағдыларын дамыту аса маңызды.

Дәл осы дағдылар кез келген болашақта өзіне сенімді болуға көмектеседі 💡

Навыки будущего - это уже не про далёкое завтра, а про жизнь сегодня.

Мир меняется всё быстрее, и вместе с академическими знаниями детям важно развивать гибкость мышления, коммуникацию, эмоциональный интеллект, умение адаптироваться и постоянно учиться новому.

Именно эти навыки помогают уверенно чувствовать себя в любом будущем 💡

19/05/2026

The Importance of Water & Skills 🌍💧

Global Perspectives - бұл балаларға қоршаған әлемді түсінуге, сұрақ қоя білуге, маңызды тақырыптарды зерттеуге, бірлесіп жұмыс істеуге және өзге пікірлерді құрметтеуге үйрететін сабақтар.

Талқылаулар, тәжірибелер, зерттеулер және бірлескен жобалар арқылы 1-сынып оқушылары кеңірек ойлауды, өз бетінше жауап табуды, адамдар мен қоршаған ортаға қамқорлық жасауды, сондай-ақ кішкентай әрекеттердің өзі айналамыздағы әлемге әсер ете алатынын түсінуді үйренеді.

The Importance of Water & Skills 🌍💧

Global Perspectives - это уроки, где дети учатся понимать мир вокруг, задавать вопросы, исследовать важные темы, работать вместе и уважать разные мнения.

Через обсуждения, эксперименты, исследования и совместные проекты ученики 1 классов учатся мыслить шире, находить собственные ответы, заботиться о людях и окружающей среде, а также понимать, как даже маленькие поступки могут влиять на мир вокруг нас.

18/05/2026

Бұл видеода 1-сынып оқушылары салауатты өмір салтының өз «алтын ережелерімен» бөлісіп, әдеттердің адам ағзасына әсерін зерттейді. Ойындар, тәжірибелер мен талқылаулар арқылы олар денсаулықты сақтаудың қаншалықты маңызды екенін тереңірек түсінеді.

Global Perspectives сабақтарында балалар өз денсаулығына қамқорлық жасауды, пайдалы әдеттердің маңызын түсінуді және денсаулыққа саналы түрде қарауды үйренеді.

✨ Жалғасы болады…


В этом видео ученики 1 классов делятся своими «золотыми правилами» здоровой жизни, исследуют влияние привычек на организм и через игры, эксперименты и обсуждения узнают больше о том, как важно беречь своё здоровье.

На уроках Global Perspectives дети учатся заботиться о себе, понимать важность здоровых привычек и осознанно относиться к своему здоровью.

✨ Продолжение следует…

Photos from Quantum STEM School Astana's post 18/05/2026

1-сынып оқушылары арасында ата-аналардың белсенді қатысуымен жарқын әрі қызықты «Көңілді жарыстар» спорттық сайысы өтті.

Балалар мен ата-аналар эстафеталарға, спорттық жарыстар мен ойындарға бірге қатысып, ептілік, жылдамдық, ұйымшылдық және нағыз командалық рух көрсетті.

Бұл іс-шара барлық қатысушыға көтеріңкі көңіл-күй, қуаныш пен шаттық сыйлады. ✨

Среди учащихся 1-х классов прошли яркие и увлекательные «Весёлые старты» с активным участием родителей. Дети и родители вместе участвовали в эстафетах, спортивных конкурсах и подвижных играх, проявляя ловкость, скорость, сплочённость и настоящий командный дух. Совместные соревнования подарили всем участникам море положительных эмоций, радости и смеха.✨

15/05/2026

🎭 Жуырда мектебіміздің сахнасында DREAMWORKS ұсынған лицензиялық
«МАДАГАСКАР: JR. МЮЗИКЛДІК ШЫТЫРМАН» спектаклі қойылады! 🌴✨
Сүйікті кейіпкерлер, жарқын костюмдер, әсерлі музыка, би мен қызыққа толы оқиғалар көрермендерге ерекше көңіл-күй мен ұмытылмас әсер сыйлайды.
Алекс, Марти, Глория және Мелманмен бірге сіздерді күлкіге, достыққа және сахна сиқырына толы ғажайып Мадагаскар аралына саяхат күтеді! 🦁🎶
📍 BIART, Астана
📅 2–3 маусым
📍 Сығанақ көшесі, 17/41
🕖 19:00
🎟 Билеттерге тапсырыс — профильдің сипаттамасында.

🎭 Совсем скоро на сцене нашей школы - лицензионный спектакль DREAMWORKS
«МАДАГАСКАР: МЮЗИКЛЬНОЕ ПРИКЛЮЧЕНИЕ JR.» 🌴✨
Любимые герои, яркие костюмы, зажигательная музыка, танцы и море приключений подарят зрителям настоящее шоу и незабываемые эмоции.
Вместе с Алексом, Марти, Глорией и Мелманом вы отправитесь в удивительное путешествие на остров Мадагаскар, где вас ждут смех, дружба и настоящая магия сцены! 🦁🎶

📍 BIART, Астана
📅 2–3 июня
📍 Сыганак, 17/41
🕖 19:00

14/05/2026

Global Perspectives - балаларға әлемді тануды, сұрақ қоюды, бірлесе жұмыс істеуді және айналасындағы адамдар мен табиғатқа қамқор болуды үйрететін сабақтар. 🌍

“Care about the World” тақырыбы аясында 1-сынып оқушылары біздің планетіміз қорғау, өзгелерге көмектесу, жануарларға қамқорлық жасау және кішкентай болса да маңызды істер арқылы әлемді жақсырақ ету туралы өз ойларымен бөліседі.

✨ Жалғасы болады…

Global Perspectives - уроки, где дети учатся понимать мир, задавать вопросы, работать вместе и заботиться о людях и природе вокруг нас. 🌍

В теме “Care about the World” ученики 1 классов делятся своими мыслями о том, как беречь планету, помогать другим, заботиться о животных и делать мир лучше маленькими, но важными поступками.

✨ Ждите продолжение…

13/05/2026

🌿 Жақында мектебімізде бастауыш сынып оқушылары арасында дәстүрлі Абай Құнанбайұлы оқулары өтті.
📚 Балалар ақынның шығармаларын мәнерлеп оқып,
оның шығармашылығымен танысты әрі мейірімділік,
білім мен сыйластықтың қадірін түсінуге үйренді.
✨ Осындай іс-шаралар балалардың сөйлеу мәдениетін дамытып, әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттыруға және рухани тәрбие беруге ықпал етеді.

🌿 Недавно в нашей школе прошли традиционные чтения произведений Абая Кунанбаева среди учащихся начальных классов.
📚 Дети читали его произведения, знакомились с его творчеством и учились понимать ценность доброты,
знаний и уважения.
✨ Такие мероприятия помогают развивать речь,
любовь к литературе и духовное воспитание детей.

Photos from Quantum STEM School Astana's post 13/05/2026

Сіздермен Quantum STEM School-де мамыр айында өтетін негізгі іс-шаралармен бөліскіміз келеді!
Суреттерді жылжыту арқылы барлық ақпаратпен таныса аласыз.✨

Делимся с вами основными мероприятиями мая в Quantum STEM School!
Подробнее смотрите в карусели.✨

12/05/2026

Біздің мектебімізде Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік концерт өтті.
Оқушылар көрермендерге жарқын әсер сыйлап, әсем қойылымдары арқылы мерекелік көңіл-күй тарту етті. Балалар сахнада өз өнерлерін үлкен жауапкершілікпен көрсетті, ал көрермендер оларды зор қошеметпен қарсы алды.💙

В нашей школе состоялся праздничный концерт, посвящённый Дню защитника Отечества.
Ученики подарили зрителям яркие эмоции, красивое выступление и праздничное настроение. Дети с большим старанием исполнили подготовленные номера, а зрители поддерживали их тёплыми аплодисментами.💙

Want your school to be the top-listed School/college in Tselinograd?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Category

Telephone

Address


Улица К. Мухамедханова 4К
Tselinograd
010000

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:00
Tuesday 09:00 - 18:00
Wednesday 09:00 - 18:00
Thursday 09:00 - 18:00
Friday 09:00 - 18:00