Temirtau Mektep

Temirtau Mektep

Share

Толық атауы – Қарағанды облысы білім басқармасының Теміртау қаласы білім бөлімінің «№ 4 жалпы білім б

27/04/2026

«ДосболLIKE: Біз бәріміз теңбіз” атты челлендж аясында “Достық, құрмет және қауіпсіз орта» ЕҚПБ ЖҚПБ УПИ аға лейтенант, полиция инспекторы М.А. Турлибеков бастауыш және орта буын сынып оқушыларына дәріс өткізді. Дәріс барысында оқушыларға өзара сыйластық, достық қарым-қатынас орнату, интернет ойындардан аулақ болу, буллингтің алдын алу және қауіпсіз орта қалыптастыру мәселелері түсіндірілді. Оқушылар белсенді қатысып, өз ойларымен бөлісті.




27/04/2026

7 « В » сыныбында «1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні»
тақырыбына сынып сағаты өтті.
Сынып жетекшісі: Жумаадан Айнур
Мақсаты:
Оқушыларға бірлік, татулық, достық ұғымдарының маңызын түсіндіру, көпұлтты Қазақстан халқының арасындағы өзара сыйластықты қалыптастыру.
Өту барысы:
Сынып сағаты барысында оқушыларға Қазақстан халқының бірлігі күні туралы кеңінен ақпарат берілді. Қазақстанда өмір сүріп жатқан түрлі ұлт өкілдерінің достығы мен татулығы жөнінде әңгіме жүргізілді.




27/04/2026

“ДосболLIKE:біз бәріміз теңбіз” атты челленджі аясында «Қауіпсіздікті сақтайық, ережелерді бағалайық» сынып сағаттары өткізілді.
Мақсаты:
Оқушыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндіру, олардың өмірдегі маңызын ұғындыру және күнделікті өмірде сақтауға дағдыландыру. Сонымен қатар, жолда жүру, мектептегі және тұрмыстағы қауіпсіздік талаптарын құрметтеуге айтылды. Оқушылар жолда жүру ережелері, мектеп ішіндегі тәртіп пен жеке қауіпсіздік талаптары туралы өз ойларымен бөлісті.




27/04/2026

“ДосболLIKE: біз бәріміз теңбіз” атты челлендж аясында «Достық пен сыйластық әлемі» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Іс-шара барысында оқушыларға достықтың маңызы, өзара құрмет пен сыйластықтың адам өміріндегі рөлі туралы түсіндірілді. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты.
Жауапты бастауыш сынып жетекшілері.




24/04/2026

Бүгін «Жас академик» шығармашылық тобының жұмыс жоспарына сәйкес 2-сыныптарда «Ғажайып ғылым әлемі» тақырыбында интеллектуалдық ойын өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту және ғылымға деген қызығушылығын қалыптастыру.
Интеллектуалдық ойын барысында оқушыларға түрлі танымдық сұрақтар, логикалық есептер және қызықты тапсырмалар ұсынылды. Қатысушылар өз білімдерін көрсетіп, шапшаңдық пен тапқырлықтарын дәлелдеді.

Photos from Temirtau Mektep's post 24/04/2026

24.04.2036 ж.Теміртау қаласының ПББ УП аға инспекторы капитан полициясы НА.Касабаев қатысуымен, оқушыларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесу барысында жолда жүру ережелері, өмір қауіпсіздігі қағидалары, салауатты өмір салты және велосипед, самакат айдау тәртібі туралы толық ақпарат берілді. Мамандар оқушыларға қауіпсіздік талаптарын сақтау, жолда абай болу, өз өмірі мен денсаулығына жауапкершілікпен қарау қажеттігін түсіндіріп, сұрақтарына жауап берді.



24/04/2026

Мұғалімдер арасында діни алауыздықтың алдын алу мақсатында бейне таспа көрсетілді.



Photos from Temirtau Mektep's post 23/04/2026

23.04.26 ж .
ТОО “Қарағанды Медико-технический колледж”
9 - 11 сынып оқушылары кәсіптік - бағдар бойынша, мамандықтармен танысуы.
#АДАЛАЗАМАТ




uo_krg

Photos from Temirtau Mektep's post 23/04/2026

«Қыз Жібек» клубы 22 сәуір күні 8–10 сынып қыздарымен «Мектеп формасы: әдептілік және мәдениет көрінісі» тақырыбында кездесу өткізді.

Кездесу барысында мектеп формасының маңыздылығы, оның оқушының сыртқы келбеті мен мәдениетін қалыптастырудағы рөлі туралы пікір алмасу жүргізілді.




Photos from Temirtau Mektep's post 23/04/2026

2026–2027 оқу жылынан бастап 1–7 сынып оқушылары арасында мектеп формасын енгізу бойынша пилоттық жоба жоспарлануда.

Аталған жоба аясында 22 сәуір күні 1–10 сынып оқушыларының ата-аналары шақырылып, жаңа мектеп формасының талаптары мен ерекшеліктері таныстырылды. Кездесу барысында ата-аналарға жобаның мақсаты, енгізілу тәртібі және күтілетін нәтижелері туралы толық ақпарат берілді.

Жобаның негізгі мақсаты — оқушылар арасында бірізділікті қалыптастыру, әлеуметтік теңдікті сақтау және мектеп мәдениетін нығайту.



Photos from Temirtau Mektep's post 22/04/2026

«Адал азамат» бағдарламасының бағыттарын жүзеге асыру мақсатында және көктемгі демалыс кезінде оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру үшін 2026 жылғы 24–29 наурыз аралығында 10 «А» сынып оқушыларына Түркістан қаласына экскурсия ұйымдастырылды, сынып жетекшісі А.М.Жакыпбекова




Want your school to be the top-listed School/college in Temirtau?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Category

Telephone

Address


Чернышевский көшесі, 106/1
Temirtau
101400

Opening Hours

Monday 07:30 - 20:00
Tuesday 07:30 - 20:00
Wednesday 07:30 - 20:00
Thursday 07:30 - 20:00
Friday 07:30 - 20:00