Qamqorlyq Taraz

Qamqorlyq Taraz

Share

Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Qamqorlyq Taraz, Education, Taraz.

24/12/2025

II ауысым балаларының жаңа жылдық шыршасы🎄

24/12/2025

Балаларға арналған жаңа жылдық шырша мерекесі өте жоғары деңгейде өтті. Мерекелік шара қызықты бағдарламамен, көңілді ойындармен және шаттыққа толы сәттермен ерекшеленді. Балалар көтеріңкі көңіл-күймен қатысып, ерекше әсер алды.

23/12/2025

2024–2025 оқу жылында медицина қызметкерлері өз міндеттерін толық әрі жауапкершілікпен атқарды. Жыл бойы балалардың денсаулық жағдайына жүйелі бақылау жүргізіліп, профилактикалық тексерулер уақытында өткізілді.

Балалардың бойы, салмағы, жалпы физикалық дамуы қадағаланып, санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуына ерекше көңіл бөлінді. Ата-аналарға денсаулық сақтау, дұрыс тамақтану және алдын алу шаралары бойынша кеңестер берілді.

Жылдық қорытынды бойынша медицина қызметкерлері өз жұмысын жоғары деңгейде атқарып, мекеменің қауіпсіз әрі сау ортасын қамтамасыз етті.

23/12/2025

Бірінші ауысымдағы логопед мамандар жылдық есепті жоғары деңгейде тапсырды. Есеп барысында балалармен жүргізілген түзету жұмыстары, қолданылған оқу-әдістемелік материалдар және олардың тиімділігі нақты көрсетілді. Практикалық бөлімі мазмұнды әрі жүйелі өтті.

23/12/2025

Психолог мамандар жылдық есепті жоғары деңгейде тапсырды. Есеп беру барысында балалармен жүргізілетін психологиялық жұмыстар, қолданылатын әдіс-тәсілдер мен материалдар нақты көрсетіліп, тәжірибеде қалай қолданылатыны түсіндірілді. Жұмыстың нәтижелілігі анық байқалды.

23/12/2025

“Аутизмі бар балаларды қолдау” орталығында логопед мамандар жылдық есепті 5+ деңгейінде қорғады. Есеп барысында балалармен жұмыста қолданылатын материалдар мен әдістер нақты көрсетіліп, олардың тиімділігі дәлелденді. Тәжірибелік бөлімі мазмұнды әрі түсінікті өтті.

15/12/2025

Бүгін бізде тағылымы мол, мағыналы дөңгелек үстел өтті.
1986 жылғы оқиғаларға қатысқан, Қазақстанның Тәуелсіздігі жолында күрескен азаматтарды қонақ ретінде шақырдық.
Олардың өмірлік тәжірибесі, естеліктері мен ой-пікірлері – жас ұрпақ үшін баға жетпес мұра.

11/12/2025



kz
gov.kz

- для центров для детей с аутизмом и другими ментальными нарушениями

25/11/2025

Нарбаева Наргиз Исатайқызы,психолог -
-АВА терапия,сенсорлық интеграция,денвер модели,CST , бағытында диагностика және коррециялық жұмыс жасайтын орталықтағы маманымыз
Аутизм бар балалармен жүргізілетін психологиялық коррекция жұмыстарының бірі:эмоционалдық күйді реттеуге, коммуникативтік дағдыларды дамытуға және сенсорлық интеграцияны түзетуге бағытталады. Ата-анаға кеңеспен бағыт бағдар беріп,бірлесе нәтижеге жұмыс жасалынады!

21/11/2025

Бүгін біз балалармен бірге ең қауіпсіз пластилин дайындадық!Ең маңыздысы – бала аузына салып қойса да, мүлдем зиянсыз.
Бұл – біздің орталықтың ерекше әдісі:
балалардың сенсорлық дамуын табиғи әрі қауіпсіз материалдармен қолдау.
Өз қолымен илеу, қысу, жасау – ұсақ моториканы, тактильді сезімді және шығармашылықты дамытады.

Құрамы қауіпсіз және табиғи – химиялық қоспалары жоқ, аллергия туындату қауіпі жоқ, балалар үшін қауіпсіз ( жанылысып аузына салса да қауіпті емес). Құрамы ыңғайлы – жұмсақ, жабыспайды, қолды кірлетпейді, текстурасы жағымды. Бұл пластилинмен түрлі тапсырмалар арқылы ұсақ моториканы дамытып (созу, домалату, қысу, үзу), жазуға дайындық дағдысын жақсартып, түрлі сенсорлық ойындар арқылы әлеуметтік, коммуникативтік дағдылар және тұрмыстық түсініктер  қалыптастыруға болады.
Құрамы: ұн, тұз, лимон қышқылы, жылы су, сұйық май және тағамдық бояулар.

Біз үшін бала қауіпсіздігі – бірінші орында.
Ал ойын арқылы үйрену – басты мақсатымыз.

Want your school to be the top-listed School/college in Taraz?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Category

Website

Address


Taraz
080001 - 080019