02/04/2024
🏆ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ КОМАНДАСЫ ЕҢ ҮЗДІК ОЛИМПИАДАЛЫҚ КОМАНДА АТАҒЫН ИЕЛЕНДІ
🔹Ағымдағы жылдың 17 – 31 наурыз күндері аралығында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен жаратылыстану-математикалық бағыттағы математика, физика, информатика, география, химия, биология пәндері бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі тұңғыш рет еліміздің 3 өңірінде келесі мерзімде өтті.
📌Жаратылыстану-математикалық бағыт:
17-21 наурыз – Астана қаласы, физика, математика;
24-28 наурыз – Алматы қаласы, информатика, география;
27-31 наурыз - Павлодар қаласы, химия, биология.
✅Республикалық кезеңге Қазақстанның барлық өңірінен 946 оқушы қатысса, оның ішінде Жамбыл облысының 34 оқушысы қатысып білім сайысына түсті.
✅Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша 20 оқушы жеңімпаз атанып, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің І дәрежелі диплом және алтын медалін - 2 оқушы, IІ дәрежелі диплом және күміс медалін – 6 оқушы, IIІ дәрежелі диплом және қола медалін – 8 оқушы иеленіп жеңімпаз атанса, өз білімімен ерекшеленгені үшін 4 оқушы грамотамен марапатталды.
🏆Сонымен қатар, жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша Жамбыл облысының командасы жүлделі ІІІ орынды иеленіп, жеңімпаз атанды.
👏🏻Жеңімпаз оқушыларды және оларды дайындаған мұғалімдерін жеңістерімен құттықтаймыз!
02/04/2024
🔰БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫМЫЗ ХИМИЯ, БИОЛОГИЯ ПӘНДЕРІ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАР ИЕЛЕНДІ
🔹2024 жылдың 28-29 наурыз күндері Павлодар қаласында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен жаратылыстану-математикалық бағыттағы химия, биология пәндері бойынша республикалық олимпиада өтті.
Нәтижесінде
🥇І ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ ЖӘНЕ АЛТЫН МЕДАЛЬ ИЕГЕРІ:
• НҰРТІЛЕУ МИРАТ – биология пәні
🥈ІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ, КҮМІС МЕДАЛЬ ИЕГЕРЛЕРІ:
• ЕСЕН РАУАН – биология пәні
• МҰҚАН ЖАНАРЫС – биология пәні
🥉ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ, ҚОЛА МЕДАЛЬ ИЕГЕРЛЕРІ:
• БАЙСБЕК МИРАС – химия пәні
• ҚОРШЫБЕК ДИАС – химия пәні
• ҚҰРМАНБЕК ШЫҢҒЫС – биология пәні
• ИСАҚ НУРДАУЛЕТ – биология пәні
👏🏻Жеңімпаз оқушыларды және оларды дайындаған мұғалімдерін жеңістерімен құттықтаймыз!
02/04/2024
🔰 БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫМЫЗ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ
2024 жылдың 17-21 наурыз күндері Астана қаласында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен жаратылыстану- математикалық бағыттағы физика, математика пәндері бойынша республикалық олимпиада өтті.
Республикалық олимпиадаға барлық өңірлердің 329 оқушысы қатысты. Оның ішінде Жамбыл облысынан 9 оқушы қатысып, өз білімдерімен сынға түсті.
Нәтижесінде
🥇І ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ, АЛТЫН МЕДАЛЬ ИЕГЕРІ:
— ШАРЕЛ МАРҒҰЛАН – математика пәні
🥈 ІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ, КҮМІС МЕДАЛЬ ИЕГЕРІ:
— ТОҚБЕРГЕН ЕРСАЙЫН – физика пәні
🥉 ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ, ҚОЛА МЕДАЛЬ ИЕГЕРЛЕРІ:
— ТӨЛЕМБАЙ ТӨРЕГЕЛДІ- математика пәні
— ШЫРЫНХАНОВ БЕКСҰЛТАН – физика пәні
✅ Сонымен қатар, олимпиадаға қатысып, өз білімімен ерекшеленгені үшін 2 оқушы грамотамен марапатталса, барлық қатысушы оқушыларға сертификаттар табысталды.
⚜️ Жеңімпаз оқушыларды және оларды дайындаған мұғалімдерін жеңістерімен құттықтаймыз!
29/03/2024
БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫМЫЗ ИНФОРМАТИКА ПӘНІ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ
2024 жылдың 24-28 наурыз күндері Алматы қаласында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен жаратылыстану- математикалық бағыттағы информатика,география пәндері бойынша республикалық олимпиада өтті.
Нәтижесінде 10-сынып білім алушысы
— СЕРІКБАЙ СҰҢҒАТ және ТАНГІРҚҰЛ ЕРДАУЛЕТ - ІІ дәрежелі дипломмен 🥈күміс медаль иеленді.
⚜️ Жеңімпаз оқушыларды және оларды дайындаған мұғалімдерін жеңістерімен құттықтаймыз!
19/03/2024
🏆БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫМЫЗ МАТЕМАТИКА ПӘНІНЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДАЛАРДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАР ИЕЛЕНДІ
🔹2024 жылдың 11-13 наурыз аралығында Алматы қаласында математика пәнінен # # Азия-Тынық мұхиты және XXІІІ «Жібек жолы» олимпиадалары өтті.
🏆Нәтижесінде Халықаралық Азия-Тынық мұхиты олимпиадасы бойынша лицейіміздің 10 сынып оқушысы ШАРЕЛ МАРҒҰЛАН 🥈күміс медальды иеленді.
📌Сонымен қатар, Халықаралық «Жібек жолы» олимпиадасынан ШАРЕЛ МАРҒҰЛАН 🥈күміс медальды және 9 сынып оқушысы ТӨЛЕМБАЙ ТӨРЕГЕЛДІ 🥉қола медальды иеленіп жеңімпаз атанды.
👏🏻Жеңімпаз білім алушыларды құттықтаймыз және оқушыларды дайындаған жетекшілеріне алғыс білдіреміз!
12/02/2024
🔹️Білім алушыларымыз жеңімпаз атанды.
6 турдан тұратын "JARIQ" интеллектуалды ойынына Жамбыл облысы бойынша 16 команда қатысып, ішінен ерекше белсенділік танытқан "BIL extension" командасы І орынды иеленді.
Құттықтаймыз!👏🏻👏🏻👏🏻
01/02/2024
🔹️Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының "Зерде" жобасы аясында облыстық іс-шаралардың нәтижелі өтуіне қосқан үлесі үшін "Дарынды ер балаларға арналған "БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ" лицей-интернат" ұжымына алғыс білдірді.
29/01/2024
🔹Алматы қаласында өткен "Qwlypia" халықаралық білім жарысының аймақтық кезеңінен білім алушыларымыз жеңіспен оралды.
🥈Оңласын Алинұр
🥈Нарынбек Мәдениет
🥈Жексенбай Сәмен
🥈Әкежан
🥉Қалдыбай Нұрали
🥉Ауезхан Шерхан
🥉Әуезхан Алихан
🥉Наметулла Дәулет
🥉Нұрланұлы Нұрислам
Шын жүректен құттықтаймыз!👏🏻
24/01/2024
🔹️Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің жеңімпаз оқушыларымен кездесті.
Кездесу еркін форматта өтті. Әкім өзінің өмірлік принциптерін, мамандық таңдаудағы кәсіби бағдар туралы ой бөлісті.
Айта кетейік, қазіргі таңда республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысына сәйкес, жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сыныптардың 330 оқушысы жүлдегер атанды. Ал, олардың 64-і республикалық кезеңге жолдама алып отыр, соның ішінде лицейімізден 20 оқушы республикалық кезеңге жолдама алды.
Өз кезегінде әкіммен кездесуде балалар алған әсерлерімен бөлісіп, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.
Білім алушыларымызға алдағы республикалық додада тек жеңіс тілейміз!!!
22/01/2024
🔹️Лицейіміздің білім алушылары Шымкент қаласында өткен аймақтық баскетбол жарысына 🥉 орын иеленді!
Жеңістеріңмен шын жүректен құттықтаймыз!👏🏻
19/01/2024
🔹️ 9-11-сыныптарға арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің жеңімпаздары салтанатты түрде марапатталды.
Оларға сәттілік тілеп, жетекшілеріне алғыс білдірілді.
Сонымен қатар, лицей-интернат директоры Тұрлыбеков Еркін Балғабайұлы Қазақстан бойынша лицей-интернаттар арасында Білім тексеру сынағынан үздік ондыққа кірген білім алушыларымызды да құттықтап, марапаттады.
Қанаттарың талмасын, жас дарындар!!!
13/01/2024
10-11 сыныптарға арналған математика, физика және информатика пәндерінен өткен XIV халықаралық Жәутіков олимпиадасының қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының оқушылары 60 медальдің иегерлері атанды. Оның ішінде 7 алтын, 16 күміс, 37 қола.
Осы жүлделі орындардың ішінде лицей-интернатымыздың оқушылары Шарел Марғұлан күміс, Серікбай Сұңғат қола медаль иеленгендерін айрықша атап өткеніміз жөн.
Мұғалімдер арасында информатика пәнінің мұғалімі Жантілеуов Ермек Айтқалиұлы күміс медаль, математика пәнінің мұғалімі Серікбаев Наурызбай Серікбайұлы “Үздік нәтиже” номинациясы бойынша сертификатпен марапатталды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!