Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығы

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығы

Share

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығы

10/06/2026

«ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫ» КММ БОС ОРЫНДАРҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ.

1. «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығы» КММ.
Мекеменің мекен-жайы: Тараз қаласы, Бектұрғанов көшесі №6.
Анықтама, байланыс номері: 45-64-20.
Электрондық пошта: [email protected]

2. Негізгі функционалдық міндеттері:
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер, педагогика және психология негіздері, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, жұмыстың тиімді нысандары мен әдістерін анықтау, қорыту және тарату әдістемесі, педагогика және жас психологиясы негіздері, дидактика принциптері, оқытудың жалпы және жеке әдістері, әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелеу принциптері, педагогикалық этиканың нормалары, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды игеріп, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау ережелерін білуге міндетті.
Лауазымдық міндеттері: аудан (қала) педагогтерімен әдістемелік жұмысты ұйымдастырады, курсаралық кезеңде әдістемелік жұмыстың тиімділігін зерделейді, педагогтердің оқу-әдістемелік құжаттарын (дидактикалық материалдарды), семинарларын, конференцияларын, конкурстарын, олимпиадаларын әзірлеуді, рецензиялауды және бекітуге дайындауды ұйымдастырады, педагогтер мен білім беру ұйымдарының инновациялық және тәжірибелік-эксперименттік қызметінің нәтижелерін талдайды және қорытындылайды, білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтеріне оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысын ұйымдастыруда консультациялық және практикалық көмек көрсетеді, педагогтерге көмек ретінде библиографиялық анықтамалықтар, әзірлемелер, тестілік және өзге де материалдар жасайды, оларды әдістемелік кабинеттердің, аудан (қала)педагогтерінің назарына жеткізеді, оқыту мен тәрбиелеудің инновациялық тәжірибесі туралы ақпаратты жинақтайды және таратады, педагогтердің, білім беру ұйымдары басшыларының неғұрлым нәтижелі тәжірибесіне мониторинг жүргізеді және таратады, педагогикалық қызметкерлердің әдістемелік бірлестіктерінің жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді, білім алушылардың конкурстарын, көрмелерін, олимпиадаларын, слеттерін, жарыстарын өткізу бойынша құжаттаманы ұйымдастырады және әзірлейді, есептерді дайындау мен ұсынуды қамтамасыз етеді.

БОС ОРЫНДАР:
1. Жеке тұлғаны әлеуметтендіру және тәрбие жұмысы бөлімінің әдіскері (негізгі бос орын - 1 бірлік) еңбек ақысы – 182 987 тг .
2. Арнайы және инклюзивті білім беруді дамыту бөлімінің әдіскері (негізгі бос орын - 2 бірлік) еңбек ақысы – 182 987 тг .
3. Ағылшын тілі пәнінің әдіскері (уақытша бос орын - 1 бірлік) еңбек ақысы – 182 987 тг .
4. Математика пәнінің әдіскері (негізгі бос орын - 1 бірлік) еңбек ақысы – 182 987 тг .
5. Көркем еңбек және музыка пәнінің әдіскері (негізгі бос орын - 1 бірлік) еңбек ақысы – 182 987 тг
6. Тәжірибелік-эксперименталды жұмыстарды және ауыл мектептерін дамыту бөлімінің әдіскері (уақытша бос орын - 1 бірлік) еңбек ақысы – 182 987 тг .
7. «Білім беруді цифрлық трансформациялау және жасанды интеллект» бөлімінің әдіскері (негізгі бос орын - 2 бірлік) еңбек ақысы – 182 987 тг
Кандидатқа қойылатын біліктілік талаптар: пән бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім (қызыл диплом иегері) немесе қайта даярлаудан өткенін растайтын құжат (магистратура). Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесіне сәйкес, педагогикалық еңбек өтілі кемінде 5 жыл еңбек өтілі болуы міндетті. Педагог-шебер, педагог-зерттеуші, педагог-сарапшы, педагог-модератор біліктілік санаттарының, педагог санаты бойынша Ұлттық біліктілік тестілеу сертификатының болуы міндетті.

4. Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2026 жылдың 8-16 маусым күндері аралығында.

5. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі: «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрықтарының 3-тарауына сәйкес жүргізіледі.
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
😎 наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор немесе педагог-сарапшы немесе педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлікті (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS - айелтс) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) – 60-65 балл көрсеткіші бар сертификат;
11) осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
12) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.

Конкурстық құжаттар Тараз қаласы, Бектұрғанов көшесі №6 мекен-жайында орналасқан оқу-әдістемелік орталығының №206 кабинетінде қабылданады.

10/06/2026

«ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫ» КММ БОС ОРЫНДАРҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ.

1. «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығы» КММ.
Мекеменің мекен-жайы: Тараз қаласы, Бектұрғанов көшесі №6.
Анықтама, байланыс номері: 45-64-20.
Электрондық пошта: [email protected]

2. Негізгі функционалдық міндеттері:
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер, педагогика және психология негіздері, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, жұмыстың тиімді нысандары мен әдістерін анықтау, қорыту және тарату әдістемесі, педагогика және жас психологиясы негіздері, дидактика принциптері, оқытудың жалпы және жеке әдістері, әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелеу принциптері, педагогикалық этиканың нормалары, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды игеріп, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау ережелерін білуге міндетті.
Лауазымдық міндеттері: «Көрсетілетін білім беру қызметін алушылар бойынша ваучерлік қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі пилоттық жобаның кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы №372 бұйрығының орындалуын қамтамасыз етілу бағытындағы есепке алу жұмысын жүзеге асырады.Пилоттық жоба шеңберінде көрсетілетін білім беру қызметтерінің сапасы мен көлеміне мониторингтеуді ұйымдастырады.Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, қосымша білім беру саласында қызмет көрсететін білім беру ұйымдарының тізбесін (бұдан әрі – Қызмет көрсетушілердің тізбесі) қалыптастырады.ҰБДҚ және ақпараттандыру объектісінде МДҰ тәрбиеленушілерінің нақты контингенті және объектінің жобалық қуаты туралы ақпаратты жинақтайды.Операторды Пилоттық жобаны іске асыру үшін қажетті құралдармен қамтамасыз етеді, оның ішінде: операторды тәуекелдерді басқару жүйесін жүргізу үшін қажеттті мәліметтермен қамтамасыз ету мақсаттары үшін тиісті ақпараттандыру объектісіне тұрақты қолжетімділікті (логин және пароль) ұйымдастырады.Қызмет көрсетушілердің өзекті тізбесін және ваучер ұстаушылар тізімін, оның ішінде ақпараттандыру объектісі арқылы, сондай-ақ оларға барлық өзгерістерді және толықтыруларды уақтылы жібереді.Оператор әзірлеген қосылу шартының жобасын (бұдан әрі – Шарт) бекітеді.Екінші деңгейдегі банктердегі және Ұлттық почта операторындағы ваучер ұстаушылардың ашық шоттары арқылы көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу жағдайларын қоспағанда көрсетілетін қызметті алушылар электрондық қатысудың табельдеріне ұсынған құжаттарға зерделеу жүргізеді.МДҰ ваучер ұстаушылардың күнделікті қатысуын автоматты есепке алу жүйесін пайдаланған кезде электрондық табельді растайды.Ваучер ұстаушылардың қатысуын күнделікті тіркеуді автоматты есепке алу жүйесін пайдалануға олар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келген және ата-анасының немесе өзге заңды өкілінің келісімі болған жағдайда ваучер ұстаушының дербес деректерін білім беруді басқару органының мемелкеттік дата-орталықтарында және байланыс арналарында сақталатын және өңделетін (дербес деректер) жинайды және өңдейді.

БОС ОРЫНДАР:
1. Мектепке дейінгі білім беруді дамыту бөлімінің әдіскері(негізгі бос орын - 4 бірлік) еңбек ақысы – 182 987 тг .

2. Кандидатқа қойылатын біліктілік талаптар: пән бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім (қызыл диплом иегері) немесе қайта даярлаудан өткенін растайтын құжат (магистратура). Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесіне сәйкес, педагогикалық еңбек өтілі кемінде 5 жыл еңбек өтілі болуы міндетті. Педагог-шебер, педагог-зерттеуші, педагог-сарапшы, педагог-модератор біліктілік санаттарының, педагог санаты бойынша Ұлттық біліктілік тестілеу сертификатының болуы міндетті.
4. Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2026 жылдың 8-16 маусым күндері аралығында.

5. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі: «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрықтарының 3-тарауына сәйкес жүргізіледі.
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
😎 наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор немесе педагог-сарапшы немесе педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлікті (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS - айелтс) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) – 60-65 балл көрсеткіші бар сертификат;
11) осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
12) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.

Конкурстық құжаттар Тараз қаласы, Бектұрғанов көшесі №6 мекен-жайында орналасқан оқу-әдістемелік орталығының №206 кабинетінде қабылданады.

10/06/2026

«ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫ» КММ БОС ОРЫНДАРҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ.
1. «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығы» КММ.
Мекеменің мекен-жайы: Тараз қаласы, Бектұрғанов көшесі №6.
Анықтама, байланыс номері: 45-64-20.
Электрондық пошта: [email protected]
2. Негізгі функционалдық міндеттері:
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер, педагогика және психология негіздері, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, жұмыстың тиімді нысандары мен әдістерін анықтау, қорыту және тарату әдістемесі, педагогика және жас психологиясы негіздері, дидактика принциптері, оқытудың жалпы және жеке әдістері, әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелеу принциптері, педагогикалық этиканың нормалары, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды игеріп, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау ережелерін білуге міндетті.
Лауазымдық міндеттері: Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларынан, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдар тарапынан шығарылған бағдарламалар және стратегиялық маңызы бар құжаттардан туындайтын іс-шаралар жоспарының ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз етілуін жүзеге асырады. Нормативтік, құқықтық актілер мен облыстық оқу-әдістемелік орталығының Жарғысына сәйкес бөлім қызметіне басшылық жасайды. Бөлімнің даму стратегиясын жасайды. Бөлімнің жұмыс жоспарын және бөлім әдіскерлерінің жеке жұмыс жоспарларын әзірлеп, бекітуге ұсынады. Бөлім әдіскерлерінің арасында функционалдық міндеттерінің уақтылы және сапалы орындалуын бақылайды. Бөлім қызметінің нәтижесін талдайды. Бөлім әдіскерлерінің кәсіби құзыреттілігін арттыруға көмек көрсетеді. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгереді. Ішкі тәртіп ережесін сақтайды және бөлімінің жұмыс регламентіне сәйкес құжаттардың орындалуын қамтамасыз етеді. Бөлімнің барлық түрлердегі құжаттамаларын, есебін жасауды және сақтауды қамтамасыз етеді. Облыстық оқу-әдістемелік орталығының іс-шараларына қатысады, бөлімнің барлық түрдегі қызметін жоспарлайды және талдайды. Қажетті есепті, бөлім қызметі туралы ақпаратты дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді. Әдістемелік қызметті жетілдіру, ғылыми жүйеге келтіру мақсатында пән әдіскерлеріне үнемі ақпараттық-әдістемелік көмек көрсетіп отырады. Білім беру ұйымдарын ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастырады және талдайды. Озық педагогикалық тәжірибелерді анықтау, жалпылау және енгізу бойынша білім беру ұйымдарының әдістемелік жұмыстарын үйлестіреді. Ақпараттық-әдістемелік құжаттамаларды әзірлеу жұмыстарын бақылайды, оқу-жоспарлау құжаттамаларын жасауға қатысады. Оқытудың инновациялық-дамытушылық элементтерін, жаңашыл педагогтердің жұмыс тәжірибелерін практикаға енгізуді қамтамасыз етеді. Аудандық/қалалық әдістемелік кабинеттерге ақпараттық-әдістемелік, практикалық кеңестер береді. Ұйымдастырылатын әдістемелік іс-шаралардың құжаттамасын өткізілетін мерзімнен 5 күн бұрын алдын ала әзірлейді, оқу-әдістемелік орталығының басшылығына ұсынады. Жалпы білім беретін мектептердің озық педагогикалық іс-тәжірибелерін зерделеп, жинақтап, тарату жұмыстарын ұйымдастырады. Озық педагогикалық тәжірибелерді анықтау, жалпылау және енгізу бойынша білім беру ұйымдарының жұмыстарына жетекшілік жасайды. Жұмыс кабинетінің дидактикалық, техникалық құралдармен жабдықталуын қамтамасыз етеді. Бөлім әдіскерлерінің ғылыми-әдістемелік жұмыстарын жоспарлауды үйлестіреді, басшылық жасайды. Облыстық, республикалық педагогикалық басылымдарға мақалалар жариялайды. Білім беру саласындағы уәкілетті, жергілікті өкілді органдарынан келіп түскен құжаттар мен тапсырмалардың сапалы және уақытылы орындалуына, нақты мәліметтерді жинауға жауапты. Жұмыс кабинетінің материалдық заттары мен мүліктерінің сақталуына жауаптыларды нақтылап, бекітеді. Облыстық оқу-әдістемелік орталығының басшысына қызмет барысында есеп береді; Осы функционалдық міндеттер шеңберінде көрсетілетін әдістемелік қызметтің сапасын қамтамасыз етеді; Жеке кәсіби біліктілікті жетілдіру, курстық даярлық арқылы және өз бетінше білім алу шеңберінде біліктілікті арттыру бойынша үнемі жұмыс жасайды.
БОС ОРЫНДАР:
1. «Білім беруді цифрлық трансформациялау және жасанды интеллект» бөлімінің жетекшісі (негізгі бос орын - 1 бірлік) еңбек ақысы – 202 064 тг

2. Кандидатқа қойылатын біліктілік талаптар: пән бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім (қызыл диплом иегері) немесе қайта даярлаудан өткенін растайтын құжат (магистратура). Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесіне сәйкес, педагогикалық еңбек өтілі кемінде 5 жыл еңбек өтілі болуы міндетті. Бөлім жетекші лауазымына педагог-зерттеуші, педагог-шебер, үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары, екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары, білім беру ұйымының не басшы-ұйымдастырушы немесе басшы-менеджер, басшы-көшбасшы, бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары біліктілік санатының болуы міндетті.
4. Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2026 жылдың 8-16 маусым күндері аралығында.

5. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі: «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрықтарының 3-тарауына сәйкес жүргізіледі.
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
😎 наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор немесе педагог-сарапшы немесе педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлікті (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS - айелтс) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) – 60-65 балл көрсеткіші бар сертификат;
11) осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
12) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.

Конкурстық құжаттар Тараз қаласы, Бектұрғанов көшесі №6 мекен-жайында орналасқан оқу-әдістемелік орталығының №206 кабинетінде қабылданады.

Photos from Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығы's post 09/06/2026

«Арнайы білім беру беру ұйымының үздік педагогі» республикалық конкурсының І облыстық кезеңі өтті.

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2026 жылдың 3-4 маусым күндері арнайы білім беру ұйымдарының үздік педагогтерінің тәжірибесін тарату, жеке тұлғаның әлеуметтік кәсіби рерсурстарын және АББ ұйымы педагогтерінің кәсіби шеберліктерін дамыту мақсатында «Арнайы білім беру ұйымының үздік педагогі» республикалық конкурсының І облыстық кезеңі өтті.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту мен тәрбиелеудің озық идеяларын практикада іске асыратын шығармашыл жұмыс істейтін, дарынды педагогтерді анықтау және қолдау, мұғалімнің оң әлеуметтік және кәсіби иммиджін қалыптастыру, педагогикалық инновациялар мен шығармашылық белсенділікті көтермелеу, білім беру мазмұнын жаңарту бойынша педагогтердің қызметін дамыту, педагогикалық тәжірибені жалпылау нысандарын жетілдіруде педагогтер өз тәжірибелерін ұсынды.
«Арнайы мектептің үздік педагогі» номинациясы бойынша байқаудың І облыстық кезеңіне қатысқан арнайы мектеп интернаттардың педагогтері конкурсқа қатысқаны үшін Алғыс хаттарға ұсынылды. «Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясының үздік маманы» номинациясы бойынша Тараз қаласы №1 ПМПК сурдопедагогі Л.Сейдазимова І дәрежелі, облыстық ПМПК олигофренопедагогі Н.Кемелбек ІІ дәрежелі, №1 ПМПК әлеуметтік педагогі Ф.Жарылқасынова ІІІ дәрежелі, «Оңалту орталығының, психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің, аутизмі бар балаларды қолдау орталығының үздік педагогі» номинациясы бойынша Байзақ ауданы психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің мұғалім-дефектологі Е.Окс І дәрежелі, «Оңалту» орталығының педагог-психологі Ж.Бегимбаева ІІ дәрежелі, Байзақ ауданы психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің педагог-психологі Н.Әміралиева ІІІ дәрежелі, Тараз қаласы психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің педагог-психологі М.Куляева ІІІ дәрежелі, «Арнайы балабақша тәрбиеленушілерін психологиялық-педагогикалық қолдаудың үздік педагогі» номинациясы бойынша Тараз қаласы №8 бөбекжай-бақшасының дефектологі А.Алсай І дәрежелі, Тараз қаласы №44 «Ертарғын» бөбекжай-бақшасының педагог-психологі М.Қуатбекова ІІ дәрежелі, Тараз қаласы №32 «Ботақан» бөбекжай-башасының логопеді А.Есенқұл және №42 «Жұлдыз» бөбекжай-бақшасының логопеді Ж.Базарбек ІІІ дәрежелі дипломдарды иеленді.
Конкурс қорытындысы бойынша жоғары нәтиже көрсеткен педагогтер марапатталып, жүлделі І орынды иеленген педагогтердің материалдары конкурстың ІІ кезеңіне жіберіледі.

Photos from Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығы's post 08/06/2026

Ағымдағы жылдың мамыр айында ҚР ОҒМ «Балаларды ерте дамыту институты» республикалық мемлекеттік мекемесінің жылдық жоспарына сәйкес мектепке дейінгі ұйымның барлық педагог қызметкерлері арасында «Мектепке дейінгі ұйымға арналған үздік дамытушы бағдарлама» байқауының республикалық кезеңі өтті.
Республикалық байқауының нәтижесі бойынша Тараз қаласы №35 «Ер Төстік» бөбекжай-бақшасы І орын, №33 «Айсәуле» бөбекжай-бақшасы «Ұлттық құндылықтарға негізделген үздік бағдарлама» номинациясын иеленді.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

08/06/2026

«Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі» атты республикалық байқаудың облыстық кезеңі өтті

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы оқу-әдістемелік орталығы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балаларды ерте дамыту институтының 07.04.2026 жылғы №01-04/142 хатына сәйкес 2026 жылдың 29 мамыр күні мектепке дейінгі ұйымдар арасында (мемлекеттік, жекеменшік балабақшалар, шағын орталық және білім беру ұйымдарындағы мектепалды сынып педагогтері) «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі» атты республикалық байқауының өңірлік (облыстық) кезеңін өткізді.
Іс-шараның мақсаты – мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастырудың жаңа, заманауи тәсілдерін іске асыру үшін үздік педагогикалық тәжірибені анықтау, жалпылау және тарату.
Байқауға аудандық (қалалық) кезеңнің жеңімпаздары – 14 педагог қатысты. Облыстық байқаудың І кезеңінде педагогтердің кіріктірілген ұйымдастырылған іс-әрекет барысы, ІІ кезеңінде педагогтің Е-портфолиосы және «Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мен тәрбиелеудегі заманауи педагогтің рөлі» тақырыбында эсселері қаралды.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған педагогтер І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар және номинациялармен марапатталды. Бас жүлдені иеленген Тараз қаласы, №20 бөбекжай-бақшасының педагогі А.Жоралбаева 19 маусым күні өтетін республикалық байқауға жолдама алды.

Photos from Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығы's post 04/06/2026

МЕМЛЕКЕТТІК АТТЕСТАТТАУДАН ӨТЕТІН МЕКТЕПТЕРДІҢ ДИРЕКТОРЛАРЫ МЕН ОРЫНБАСАРЛАРЫНА ОБЛЫСТЫҚ ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

2026 жылдың 4 маусымында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығы мемлекеттік аттестаттаудан өтудің тиімді әдіс-тәсілдері туралы мазмұнды әдістемелік көмек беру бағытында «Мемлекеттік аттестаттаудан өтудің тиімді әдістері» тақырыбында облыстық оқыту семинарын өтті.
Оқыту семинарына мемлекеттік аттестаттаудан өтетін Қордай ауданының «Алтын Ұя 1», «Білімді ұрпақ 1», «Білімді ұрпақ 2», «Білімді ұрпақ 3», «Білімді ұрпақ 4», «Өнегелі ұрпақ», «Bilim-dos» және Меркі ауданының «Білімгер» бастауыш мектептерінің директорлары, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, барлығы 25 адам қатысты.
Іс-шара барысында жекеменшік білім мекемелерінің мемлекеттік аттестаттаудан өтудің бағалау өлшемшарттарының сапалы орындалуы бойынша білім беру ұйымдарының жұмыстық оқу жоспарларының үлгілік оқу жоспарларына сәйкестендірілуі, педагогтер мен мектеп әкімшілігінің, бейіні бойынша біліктілік курстарынан өтуі, мектепалды сыныптардың жұмысын реттейтін нормативтік құжаттарға сәйкестендірілуі, оқу жоспарларының үлгілік оқу жоспарларына сәйкес құрылуы, инвариантты, вариативті компоненттердің оқу жылына арналған сабақ кестесіне сәйкестендірілуі, үйірме жұмыстарының жүйелі ұйымдастырылуы, «Өмір қауіпсіздігінің негіздері», «Жолда жүру ережелері» міндетті оқу курстары мазмұнының орындалуы, педагогтер туралы мәліметтер ҰББДҚ жүйесімен сәйкестендірілуі, электронды журналдың талапқа сай толтырылуы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, білім мекемелерінің мемлекеттік аттестаттаудан өту өлшемшарттарының сапалы орындалуы, мектеп басшыларының мектепішілік бақылау жоспарының орындалу құжаттарының болуы, білім сапасын арттыру жұмыстарының нәтижелі жүргізілуі, педагогтерге ақпараттық-әдістемелік қолдаудың тиімді көрсетілуі, оқу-тәрбие кеңістігінде сапалы білім алуға қол жеткізу жұмыстары бойыынша құжаттарының жүйелі толтырылу жолдары бойынша қатысушыларға тиімді ұсынымдар беріліп, мазмұнды ақпараттық-әдістемелік көмектер көрсетілді.

Photos from Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығы's post 02/06/2026

«Құндылықтар күнделігі: ата-ана мен педагог» тақырыбында мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне облыстық семинар өтті

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2026 жылдың 28 мамырр күні Тараз қаласы №49 «Болашақ» бөбекжай-бақшасының базасында мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне арналған «Құндылықтар күнделігі: ата-ана мен педагог» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Іс-шара барысында мектепке дейінгі ұйым мен отбасы арасындағы серіктестікті нығайту, бала тәрбиесіндегі ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды бірлесе қалыптастыру жолдарын талқылау, педагогтер мен ата-аналардың өзара тиімді ынтымақтастығын дамыту жұмыстары жүргізіліп, бөбекжай-бақшасындағы шеберхана орталықтарына экскурсия жасап тамашалады.
Сонымен қатар, №47 «Балауса», №50 «Балдәурен» бөбекжай-бақшаларының педагогтері консультациялық пункттің жүргізілу барысы мен баланың қозғалыс белсенділігін дамыту үшін иппотерапияның маңыздылығы туралы жұмыстарымен бөлісті.
Іс-шараға аудандар мен қалалық мектепке дейінгі ұйым басшыларынан 38 педагог қатысты.

Photos from Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығы's post 02/06/2026

Ағымдағы жылдың мамыр айында ҚР ОҒМ «Балаларды ерте дамыту институты» республикалық мемлекеттік мекемесінің жылдық жоспарына сәйкес Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Менің елім – менің бақытты балалық шағым» байқауының республикалық кезеңі өтті.
Республикалық байқауының нәтижесі бойынша Тараз қаласы №6 бөбекжай-бақшасы І орын, №33 «Айсәуле» бөбекжай-бақшасы ІІ орын, №46 «Ақбота» бөбекжай-бақшасы ІІІ орындарды иеленді.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Want your school to be the top-listed School/college in Taraz?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Category

Telephone

Address


Тараз қаласы, Бектұрғанов 6 көшесі
Taraz
080012

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:30
Tuesday 09:00 - 18:30
Wednesday 09:00 - 18:30
Thursday 09:00 - 18:30
Friday 09:00 - 18:30