aiazbai9

aiazbai9

Share

Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from aiazbai9, Education, Taraz.

02/12/2025

Көлік және машина жасау ББдағы "Қазақтың ұлттық киімі" дәстүрі

Photos from aiazbai9's post 17/05/2024

Дулати университетінде 17.05.2024ж. «Жас маман – 2024» бос жұмыс орындарының Жәрменкесі өткізілді. Жәрменкеге университет бітіруші жас түлектермен қатар облыстың және қаланың кәсіпорындары мен мекемелерінің өкілдері қатысты. Жәрменкеге қатысушы жұмыс берушілер өз баяндамаларында ұсынылатын бос жұмыс орындарына сипаттама беріп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берсе, жас түлектер білім беру бағдарламалары бойынша өздерінің авторлық жобалары мен жобалық тақырыптарын және ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері мен бұйым үлгілерін көпшілікке таныстырды. Сонымен қатар жұмыс берушілер жас түлектермен әңгімелесіп, пікірлесу және сауалнама жүргізу нәтижесінде өз ұйымдарында бос жұмыс орындарынажұмысқа орналастыру үшін үміткерлердің сауалнамалық тізімін қалыптастыру жұмыстарын жүргізді. Жәрменке Сатпаев 28 мекенжайында, Дулати университетінің Жастар сарайында өтті.

Photos from aiazbai9's post 04/12/2023
Photos from aiazbai9's post 03/12/2023

Алматы қ. "Логистика және көлік Академиясы" АҚ 2023 жылғы 01-02 желтоқсан аралығында "Инженерия және инженерлік іс", "Көлік қызметтері" білім беру бағдарламалары топтары кадрларын даярлау бағыттары бойынша ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің оқу-әдістемелік бірлестігінің кеңейтілген отырысын өткізді. Сонымен қатар «ЛжКА» АҚ, РОӘК ОӘБ отырысы аясында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, ҚР Көлік министрлігі, "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ, ҚР "Атамекен" ҰКП, салалық қауымдастықтар мен көлік-логистика саласындағы одақтар өкілдерінің қатысуымен және "Қазақстан темір жолы ҰК" АҚ қолдауымен "Сенімді түлек" дөңгелек үстелін ұйымдастырды. "Сенімді түлек" дөңгелек үстелінің модераторы "ЛжКА" АҚ Президент-Ректоры, РОӘК ОӘБ төрағасы Амиргалиева Салтанат Нурадиловна құттықтау сөз алып, оқу-әдістемелік бірлестігінің кеңейтілген отырысы жұмысының табысты өтуіне тілек білдірді. Дөңгелек үстел аясында нақты ұсыныстар мен баяндама жасағандардың қатарында ҚР көлік вице-министрі Аблалиев С.А., «ЛжКА» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі Серикова Г.Б., "ҚТЖ ҰК" АҚ қозғалыс қауіпсіздігі департаментінің директоры Шакенов М.А., ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ҚР жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрағасы Көбенова Г.И.(Курбанбаева А.Б.), «Самруқ-Қазына» АҚ адам ресурстарын басқару департаментінің директоры Каримова Э.Р., МТРК «Стратегиялық жоспарлау және жобалық басқару» департаментінің директоры Амиржанова А.К., ҚР ҒЖБМ «Мамандығым-болашағым» Жобалық кеңсе жобасының әдіскері Молдакасымов Е.Б. және басқалары болды. Еліміздің 45 жоғары оқу орындары қатысқан, екі күнге созылған ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің РОӘК оқу-әдістемелік бірлестігінің кеңейтілген отырысында кадрларды даярлау сапасын қамтамасыз ету жүйесін құру, көлік және логистика салаларын білікті кадрлармен қамтамасыз ету, озық кадрлармен қамтамасыз етудің салалық картасын дайындау, жоғары білім беруде дуальды оқытуды іске асыру және басқа да өзекті мәселелер қарастырылып, салалық білім беру жүйесін жетілдіру мақсатында ҚР ҒЖБ министрлігіне ұсыныстар әзірленді.

Photos from aiazbai9's post 03/09/2023

Бейсеу, Абілда, Қалимулла аталарға Жасөркен ауылында құран бағыштау!

Want your school to be the top-listed School/college in Taraz?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Category

Website

Address


Taraz