15/01/2024
«Денсаулық» спартакиадасы басталды 🏆
Дулати университетінде профессор-оқытушылар мен қызметкер арасында дәстүрлі «Денсаулық» спартакиадасы бастау алды. ⛹️♂️⛹️♀️
Жарыс спорттың 12 түрі бойынша: Асық ату, шекемтас, баскетбол, үстел теннисі, қол күрес, волейбол, шахмат, тоғызқұмалақ, президенттік көпсайыс, шағын футболдан өтеді. ⚽🏀
🔷Жылда ұйымдастырылатын спартакиаданың негізгі мақсаты: оқытушылар мен қызметкерлерді спортпен шұғылдануға тарту, салауатты өмір салтын насихаттау, әріптестер арасында ауызбіршілікті нығайту.
🔶Спартакиада әділ өтуі үшін төрешілер алқасы құрылған. Төраға мүшелері: А.Умаров, Ж.Бекбергенова, Д. Жылысбаев және Н.Сиротина.
🔷Айта кетейік, жарыс қаңтар айының 15-19 аралығында өтеді.
10/01/2024
«БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН МАСШАБТАУ» ОҚЫТУ КУРСЫ БАСТАУ АЛДЫ
⚜️М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде 38 оқытушы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім беру Комитетінің қолдауымен «Орта білім беруді жаңғырту» жобасы аясында жаңаша бағытта педагог маман даярлауға арналған «Білім беру бағдарламаларын масшабтау» тақырыбына арнайы оқыту курсынан өтуде.
⚜️Оқыту курсының мақсаты – білім беруді жаңғырту жағдайында педагогикалық құзыреттілік салаларын арттыру, инновациялық білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру үшін сындарлы келісу қағидаларын ескере отырып, оқу бағдарламасын (силлабус) әзірлеу бойынша жұмысты ұйымдастыру.
✔️Курс тыңдаушылары заманауи педагогикалық білім беру үрдістері; студентке бағытталған оқыту; оқыту және оқу әдістері; бағалау саясаты, формалары мен жүйесі; қолайлы заманауи білім беру ортасы; педагогтердің IT құзыреттілігі және цифрлық педагогика бойынша кәсіби білімдерін шыңдайды.
03/01/2024
🇰🇿 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» жалпыұлттық газетіне берген сұхбаты.
https://egemen.kz/article/355466-qasym-zhomart-toqaev-biz-ozyq-oyly-ult-retinde-tek-qana-algha-qarauymyz-kerek?fbclid=IwAR22d0D0ehTvXmBStAo2s_2Mkn59CthrJRFJ2eTCosN6eBe87XYtGPzLfPk
Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек
– Қасым-Жомарт Кемелұлы, уақытыңыздың тығыздығына қарамастан «Egemen Qazaqstan» газетіне сұхбат беруге келіскеніңіз үшін ризашылығымызды білдіреміз. Сіздің қоғамды ...
30/12/2023
🔝 СТУДЕНТТЕР ЖЕТІСТІГІ - ҰСТАЗ ЕҢБЕГІНІҢ ЖЕМІСІ
🤩 2023 оқу жылы табысты әрі жемісті жыл болды. Жылды қорытындылап, «қандай нәтижеге жеттік» деп саралап көрелік. Ендеше биік белестерді бағындырып, ұстаздардың сенімін ақтаған жастарымыз жайлы таныса аласыз. ⬇️⬇️⬇️
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі
30/12/2023
🇰🇿 ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНДАҒЫ 2023 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК СТИПЕНДИЯСЫ ИЕГЕРІ
🔰 Елімізде мәдениет және әдебиет саласына еңбек сіңірген қайраткерлерге мемлекеттік стипендия тағайындалды. Осы салалардың дамуына үлес қосқан, өмір жолын, ерен еңбегін арнаған мәдениет қызметкерлірінің арасында Дулати университеті, Бауыржантану ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі, бас ғылыми қызметкері Мекемтас Мырзахметұлы бар.
📌 Мырзахметұлы Мекемтас - 1930 жылы туған, әдебиеттанушы, І дәрежелі «Барыс», «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. Абайтанушы, бауыржантанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор.
👏 Құттықтаймыз!
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі