16/07/2024
ВЕБИНАР!
Шілде айында Clarivate вебинарларға шақырады! Іс-шараны таңдаңыз, тіркеліңіз, пайдалы ақпарат пен қатысушы сертификатын алыңыз. Толығырақ https://lib.htii.kz/
Information and Library Centre
> Ақпараттық-кітапханалық орталық
> Информационно-библиотечный центр
16/07/2024
ВЕБИНАР!
Шілде айында Clarivate вебинарларға шақырады! Іс-шараны таңдаңыз, тіркеліңіз, пайдалы ақпарат пен қатысушы сертификатын алыңыз. Толығырақ https://lib.htii.kz/
04/06/2024
Құрметті оқырмандар!
Мемлекеттік рәміздер күніне орай Ақпараттық-кітапханалық орталығы "Мемлекеттік рәміздер – ұлттық құндылық" атты кітап көрме ұйымдастырды.
📍Мақсаты: Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту, оқырмандарды Отан сүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу. Мемлекеттік рәміздер – бұл кез-келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырамас нышандары. Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленіп, оларға биік мәртебе беріледі. Сондықтан, республика азаматтарының мемлекеттік рәміздерді қастерлеуі – парыз.
01/06/2024
📚 Мамыр айында Ең көп оқылған кітап жобасы бойынша
1) Сағұлов Ж.
ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы. /оқулық. - Нұр-Сұлтан : Фолиант, 2017. - 480 б.
2) Аракин Д.
Практический курс английского языка 1 курс / учебник Д. Аракин. - Москва : Владос, 2012. - 536 с.
3) Шонбай Қуаныш.
Екінші болма! Бизнесте, карьерада және өмірде жеңіске жетудің қазақша жолы/ғылыми . - қосымша. - 224 б.
4) Мұхтарова Қ.
Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы./оқулық. - Алматы : Нұр-Пресс, 2005. - 562 б.
5) Құқық қорғау органдары./ ғылыми. - Aлмaты : Юрист, 2008. - 360б.
6) Бухгалтерлік есеп: бастапқы құжаттан есептілікке дейін . /оқу құралы. - Алматы : Фортуна Полиграф, 2021. - 230 б.
7) Фрэнсис Бёрнетт. Как стать леди./-352 с.
✨Ең белсенді оқырмандар жобасы бойынша
1. Балтабай Бифариза ҚТ 21-1, Жаңаберген МарьянаКЕС 23-1
2. Лесбек Аида ШТ 23-1, Гашизова Рина ИЯ 22-2
3. Жанысбек Ұлара ҚҚ-23-1, Сегізалы Зейнеп ҚҚ-22-1, Набиева Жанель Қар-22-1, Бакытжан Жанерке ЕА-23-1
4. Айтуарова Айнур Шт 21-1, Айтуарова Айнур ҚҚ 21-1
📍Құрметті оқырмандар, кітап оқыңыздар, осы жобаға қатысып, ең үздігі болыңыздар.🤗
# lib.htii.kz
09/05/2024
9 мамыр - Жеңіс күні!
Сіздерді, 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл мереке – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. Жеңіс күні бәріміз үшін айрықша қымбат, қасиетті мереке. Бұл тек, сол соғыста жеңіске жеткенімізді атап өтетін күн ғана емес, ол - сол соғыста Жеңісті жақындату үшін жан аямай шайқасып, қан майданнан оралмай, еліміздің берік қорғанындай болып қалған арыстарымызды еске алатын күн. Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі мен гүлденуі де – мерекенің жемісі. Осынау ерлікке толы күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек.
Баршаңыздың дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, бақ пен береке тілейміз! Отан үшін от кешкен аталарға тағзым етеміз!
09/05/2024
ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Сіздерді 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз. Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр тілейміз.
03/05/2024
📚 Сәуір айында Ең көп оқылған кітап жобасы бойынша
1. Махмеджанов Н. Жоғары математикалық есептерінің жинағы : оқулық / Н. Махмеджанов. - Алматы : Дәуір, 2008. - 392б.
2. Павлов П.В. Қатты дене физикасы : Оқу құралы. - Алматы : Қазақ университеті, 2020. - 309 б.
3. Философия; Учебник. - Алматы : Бастау, 2014. - 442 с.
4. Аракин Д. Практический курс английского языка 1 курс [Текст] : учебник / Д. Аракин. - Москва : Владос, 2012. - 536 с.
5. Әуезов, М. Абай жолы : көркем әдебиет. Кітап 2 / М. Әуезов. - Алматы : Жазушы, 2008. - 432 б.
6. Жеті ғасыр жырлайды. - Aлматы : Жазушы, 2008. - 400б.
✨Ең белсенді оқырмандар жобасы бойынша
1) Жұмабай Аружан Мат-21-1
2) Калден Ерасыл Мат-22-1
3) Әскертай Назерке Физ-20-1
4) Пәрімбек Аружан КО 22-1, Мырзалы С., Балтабай Балнұр
5) Сүлеймен Құралай ПжП 21-1 Аракин.
Балтабай Балнұр ҚТ 21-1
📍Құрметті оқырмандар, кітап оқыңыздар, осы жобаға қатысып, ең үздігі болыңыздар.🤗
# lib.htii.kz
30/04/2024
1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні!
Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Еліміздің көпұлтты халықтары арасында татулық пен келісім салтанат құрып, бірлік пен ынтымақтастығы нығая берсін!
23/04/2024
⚜️Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты
2024 жылдың 23-шы сәуір күні сағат 12:00-де Ақпараттық-кітапханалық орталығы № 2 оқу залында 23 сәуір «Халықаралық кітап және авторлық құқық күніне» орай Бердібек Соқпақбаевтың 100 жасқа толуына ұйымдастырылған «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты әдеби іс-шара өткізілді.
📍Іс шара мақсаты - қазақ балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаев тың өмірі мен шығармашылығын таныстыра отырып әңгімелеу, жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын дамыту. Ойлау қабілеттерін,көркем жеткізе білу дағдыларын дамыту. Елжандылыққа тәрбиелеу.
Бердібек Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы бейнеролик көрсетілді.
📌 «Қазақ тілі мен әдебиеті» 23-1 тобының студенттері өмірін әдебиетпен байланыстырған жазушы туралы ақын-жазушылардың жылы лебіздерін жатқа айтты.
Жазушының «Менің атым Қожа» повесі қарапайым нанымдылыққа толы шығармаларының бірі.
«Өтірік ештеңе қоспаймын»,-деп уәде берген автор уәдесін орындайды.
⚜️Осы шығарманың желісімен түсірілген фильм, түсірілгеніне жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де , көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп келеді. Бұл,сөзсіз, қаламгер туындысының құдыреті.
Көрген әрбір көрермен балалық шақтарына саяхат жасап қайтқандай күй кешеді. Дарын иесі бала табиғатына терең бойлап, бала мінезінің иірімдерін,балаға тән тазалық пен шыншылдықты жан-жақты суреттей білген.
📍Повесть қазақ балалар әдебиетінің мәртебесін биіктетіп,мазмұнын байытты.
Студенттер жазушы өлеңдерінен үзінділер оқып,әндер шырқады.
Өз кезегінде сөз алған «Педагогика» факультетінің деканы Ә.А. Ботабаева студенттерге ризашылығын білдіріп, жазушы шығармаларының өзіндік сыры мен құндылығы жайлы сөз етті.
19/04/2024
📢Хабарландыру!
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты, 23 сәуір Халықаралық кітап және авторлық құқық күніне орай Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған
Ақпараттық-кітапханалық орталығы №2 оқу залының ұйымдастыруымен өтетін
«Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты әдеби
іс-шарамызға шақырамыз.
⚜️Өтетін орны мен уақыты:
• 23.04.2024ж, сағат 12:00
• Сәтпаев көшесі 1а
• Ақпараттық-кітапханалық орталығы №2 оқу залы
📍КЕЛІҢІЗДЕР! КӨРІҢІЗДЕР! КҮТЕМІЗ!
20/03/2024
Наурыз мерекесімен!
Баршаңызды Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Наурыз – іргесі сөгілмес бірліктің берекесі, ырысы төгілмес тірліктің мерекесі.
Жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы – Наурыз мейрамы туған жер топырағына құт - береке әкелсін! Еліміз тыныш, туған жеріміз аман болып, әрбір жаңа күн әр отбасына шат көңіл, бақыт және береке сыйласын!
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
20/03/2024
⚜️Көкен Шәкейұлының 100 жылдығына арналған іс-шара өтті
✅Ағымдағы жылдың 20-шы наурыз күні Халықаралық Тараз инновациялық институты, Ақпараттық-кітапханалық орталығы №3 оқу залының ұйымдастыруымен Ұлы Отан соғысының ардагері, Қазақстан ақын-жыршылар Одағының тұңғыш президенті, сөз өнерінің саңлағы, суырып-салма айтыскер ақын, жыр жауһарын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, санаға сіңірген мәдениет қайраткері Көкен Шәкейұлы Шәкеевтің 100 жылдығына арналған « Көкшенің айтыскері Көкен ақын» атты іс-шара өтті.
🎞️Іс-шара барысында көрермендерімізге айтыскер ақынымыздың өмірі мен шығармашылығына байланысты бейнеролик көрсетілді.
📚Талантты білімгерлеріміз қазақтың қара өлеңін кие тұтқан Көкен өлеңдерін кезекпен мәнерлеп жатқа айтып, көрермендер халқымыздың «төл өнері» айтыс-өнерінен «Көкен пен Қалиханның» айтысынан үзінді тамашалады.
❓Білімгерлердің білімін арттыру мақсатында «Топтық сайыс» ойыны ұйымдастырылды.
18/03/2024
📢Хабарландыру!
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты,
Ақпараттық-кітапханалық орталығы
№3 оқу залының ұйымдастыруымен өтетін
Көкен Шәкейұлы Шәкеевтің туғанына 100 жыл толуына орай «Көкшенің айтыскері
Көкен ақын» атты іс-шарамызға шақырамыз.
📍Өтетін орны мен уақыты:
20.03.2024ж, сағат 13.30
Желтоқсан көшесі 69б №3 оқу залы
Іс-шарамыздың қонағы болыңыздар!