opmpk1_talgar

opmpk1_talgar

Share

Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from opmpk1_talgar, Childcare service, Talgar.

07/05/2026
Photos from opmpk1_talgar's post 22/03/2026

Әз Наурыз құтты болсын! 🌸

Ұлыстың ұлы күні ырыс-берекеге,
ақ молшылық пен амандыққа толы болсын.
Әр шаңыраққа қуаныш, бірлік, татулық орнасын.
Жаңа жылда ниеттеріңіз қабыл болып,
жүректеріңізге жылулық пен үміт ұяласын.

Наурыз — жаңару мен жақсылықтың бастауы болсын! 🌿

22/03/2026

Наурыз мейрамы құтты болсын!

Photos from opmpk1_talgar's post 25/02/2026

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті 2026 жылдың 30 қаңтардағы бекітілген Республикалық оқу-әдістемелік кеңес жанындағы «Сараптамалық кеңес ережесіне» (өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) сәйкес облыстық/қалалық әдістемелік орталықтардың (кабинеттердің), аудандық әдістемелік кабинеттердің және ведомствоға бағынысты білім беру ұйымдарының басшылары мен жауапты әдіскерлері үшін ақпараттық-түсіндіру жұмыстары 25 ақпан 10.00-де ZOOM платформасы арқылы өтті.

Photos from opmpk1_talgar's post 25/02/2026

Облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 24 акпанда күні
Қонаев каласында өткен «Сараптамалык кеңес және авторлык материалдарды әзірлеу, сараптау және суйемелдеу тәртібі» туралы жаңартылған ережені тусіндіру бойынша тәжірибелік алаңына мекеменің әдіскері Н.Ескермесова қатысты.

02/02/2026

Девиантное (отклоняющееся) поведение — это не приговор, а сигнал ребенка о том, что он не справляется с внутренними или внешними обстоятельствами.
✅ 5 «Золотых правил» для родителей:

1.Не воюйте, а сотрудничайте.
Подросток с девиантным поведением часто ждет от взрослых нападения. Сломайте этот сценарий: вместо крика используйте спокойный тон. Станьте для него безопасной гаванью, а не вторым фронтом.

2.Договор вместо запрета.
Жесткие запреты вызывают протест. Лучше заключите «семейное соглашение»: пропишите четкие правила и взаимные обязательства. Ребенок должен понимать: «Если я соблюдаю правила, я получаю бонусы. Если нарушаю — наступают оговоренные последствия».

3.Ищите «корень» проблемы.
За агрессией часто скрывается страх, за ложью — попытка избежать давления, за прогулами — конфликт с учителем или сверстниками. Устраняйте причину, а не только симптом.

4.Правило «15 минут внимания».
Ежедневно проводите время с ребенком, не обсуждая учебу или поведение. Говорите о его чувствах, планах, музыке или играх. Важно, чтобы он чувствовал: вы любите его самого, а не его «хорошее поведение».

5.Направляйте энергию в ресурс.
Многие девиантные дети — прирожденные лидеры с огромным запасом энергии. Спортивные секции, волонтерство или творчество помогут трансформировать разрушительную силу в созидательную.
🆘 Когда нужна помощь специалиста?
Если вы чувствуете, что контакт полностью потерян, или поведение ребенка угрожает его жизни и здоровью — не бойтесь обращаться к психологу. Это не признак слабости родителя, а профессиональный инструмент решения проблемы.

20/01/2026

Ұлттық құрылтайда (Қызылорда, 20 қаңтар 2026 ж.) Инклюзивті білім беру туралы құрылтайда не айтылды

1. Инклюзивті білім беру – елдің стратегиялық бағыты

Ұлттық құрылтайдың білім және ғылым секциясында білім саласындағы талқылауларда инклюзивті білім беру маңызды бағыт ретінде қаралды. Бұл – елімізде барлық балалардың, соның ішінде ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушылардың тең білім алу құқығын қамтамасыз етуге бағытталған негізгі мемлекеттік саясаттың бірі.
Қазақстанда инклюзивті білім беру концепциясы мектепке дейінгі, орта, техникалық және жоғары білім беру жүйелерінде кеңінен енгізілуде, бұл барлық балалардың оқу процесіне тең қатысуын қамтамасыз етуге бағытталған. 

2. Мақсат пен міндеттер

Құрылтайда көтерілген мәселелер бойынша инклюзивті білім берудің негізгі мақсаттары мыналар болып белгіленді:
• Барлық білім беру деңгейінде қолжетімділік – ерекше қажеттіліктері бар балалардың мектеп, колледж және ЖОО‑да білім алуына жағдай жасау;
• Педагогтардың кәсіби даярлық деңгейін арттыру – мұғалімдердің инклюзивті әдістемелер бойынша арнайы оқыту, семинарлар ұйымдастыру;
• Материалдық‑техникалық қолдау – мектептерде және білім беру ұйымдарында арнайы ресурстық бөлмелер, құрал‑жабдықтар қамтамасыз ету;
• Психологиялық және әлеуметтік қолдау жүйесін күшейту – балаларға психологиялық, әлеуметтік көмек көрсету.

19/01/2026

3 жасқа дейінгі балалардағы аутизм белгілері:

1. Қарым-қатынас пен әлеуметтік өзара әрекет
• Көзбен байланысқа сирек қарау немесе мүлде қарамау;
• Атына шақырғанда жауап бермеу;
• Құрдастарына немесе ересектерге қызығушылығы төмен;
• Қуаныш, реніш сияқты эмоциясын бөліспеу;
• Жалғыз ойнауды ұнату, адамдармен қарым-қатынас жасаудан қашу.



2. Сөйлеу және коммуникация
• Сөйлеудің кеш дамуы немесе мүлде сөйлемеу;
• Қайталау сөздер немесе фразаларды жиі айту (эхолалия);
• ым-ишараны (көрсету, бас изеу) қолданбау;
• Қарапайым нұсқауларды түсінбеу немесе жауап бермеу.



3. Мінез-құлық ерекшеліктері
• Бірдей әрекеттерді қайталау (қол бұлғау, денесін айналдыру);
• Күн тәртібінің өзгеруіне төзбеушілік, ашуланшақтық;
• Белгілі заттарға шамадан тыс қызығу немесе тек солармен ойнау;
• Шамадан тыс тыныштық немесе мазасыздық.



4. Сенсорлық ерекшеліктер
• Дыбысқа, жарыққа, дәмге, иіс пен текстураға ерекше сезімталдық;
• Киім немесе тағамға төзбеушілік;
• Кейде ауырсынуға жауап бермеуі немесе шамадан тыс реакция көрсетуі.



5. Ойын ерекшеліктері
• Ойыншықтарды дұрыс пайдаланбау (мысалы, машинаны тек айналдыру);
• Қиял ойынының болмауы немесе өте шектеулі болуы;
• Басқа балалармен ойнауға қызықпау.

19/01/2026

Қандай жағдайда ПМПК-ға жүгіну керек?

Психолого-медико-педагогикалық комиссия (ПМПК) – баланың дамуын жан-жақты бағалап, оған қажетті білім беру мен түзету көмегін анықтайтын ұйым.

Егер балаңызда төмендегі жағдайлардың біреуі немесе бірнешеуі байқалса, ПМПК-ға бару ұсынылады:

1. Сөйлеу дамуына байланысты
• жасына сай сөйлемейді немесе өте аз сөйлейді;
• сөз қоры шектеулі;
• дыбыстарды бұрмалап айтады, тұтықпа бар;
• айтылған сөзді, нұсқауды түсінуі төмен.



2. Оқу және танымдық дағдылар
• оқуды, жазуды, есептеуді меңгеруде қиындық көреді;
• тапсырманы баяу орындайды немесе мүлде түсінбейді;
• зейіні тұрақсыз, тез алаңдайды;
• есте сақтау қабілеті әлсіз.



3. Ойлау және жалпы даму
• ойлау, қабылдау, есте сақтау дамуы жасына сай емес;
• дамуында кешеуілдеу байқалады;
• өздігінен әрекет етуі шектеулі.



4. Мінез-құлық және эмоциялық жағдай
• шамадан тыс белсенді немесе керісінше өте тұйық;
• агрессия, ашуланшақтық, жылауықтық;
• ережені сақтамайды, тәртіпке бағынбайды;
• қорқыныш, мазасыздық байқалады.



5. Қарым-қатынас және әлеуметтік бейімделу
• құрдастарымен және ересектермен байланыс орнату қиын;
• ойынға, топтық жұмысқа қосылмайды;
• оқшаулануға бейім.



6. Қозғалыс және дене дамуы
• қозғалысы шектелген, тепе-теңдікті сақтай алмайды;
• қол-аяқ қимылы бұзылған;
• ДЦП, тірек-қимыл аппараты бұзылыстары бар.



7. Денсаулық жағдайына байланысты
• невролог, психиатр, педиатр жолдама берген жағдайда;
• туа біткен немесе жүре пайда болған аурулар салдарынан оқытуда қиындықтар болса.



8. Білім беру қажеттілігі
• мектепке немесе балабақшаға дайындық деңгейіне күмән туындаса;
• инклюзивті немесе арнайы білім беру қажет болса;
• жеке білім беру бағдарламасы керек болғанда.

Want your school to be the top-listed School/college in Talgar?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Telephone

Website

Address


Talgar