Ашық сабағымыз нағыз ғарыштық саяхатқа айналды! 🚀 4-сынып оқушыларымен бірге «Ғарыш әлеміне саяхат. Сан есім» тақырыбын өттік.
Сабақ барысында:
• Сан есімдерді ажыратып, оларды сөйлем ішінде дұрыс қолдануды үйрендік.
• Мәтінмен жұмыс істеп, ғарыш туралы сұрақтарға жауап іздедік.
• Қазақ тілі, жаратылыстану және математика пәндерін ұштастыра отырып, білімімізді тереңдеттік.
Оқушылар Құс жолы, кометалар мен астероидтар әлеміне сапар шегіп, ғарышкерлерше тапсырма орындады 🪐✨.
Darynmektebi
Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Darynmektebi, Private School, Talgar.
🎓 3 «Қыран» сыныбы
📚 Кіріктірілген сабақ
🗣️ Тақырыбы: Тіл және қарым-қатынас
Бүгінгі сабақта оқушылар тілдің қарым-қатынастағы маңызын терең түсінді.
💬 Өз ойларын еркін жеткізіп,
📖 тілдік дағдыларын дамытып,
🤝 бір-бірімен тиімді байланыс орнатты.
Тапсырмалар арқылы оқушылар сөйлеу мәдениетін қалыптастырып, тілдің күшін сезінді.
✨ Сабақ өте әсерлі, мазмұнды әрі қызықты өтті!
09/05/2026
Астана қаласында өткен «Дана Абай оқулары» республикалық байқауында Баратов Доминик және Асқар Алихан І дәрежелі дипломмен марапатталды! 🏆
Жас дарынның жеңісі құтты болсын!Жетекшісі:Тұрсынбек Қалия
Ташкент төрінде өткен дүбірлі дода өз мәресіне жетті! 🇺🇿 Күндіз-түні робот жинап, бағдарлама жазып, қателермен алысқан еңбегіміз еш кетпеді. 9 «Тұлпар» сыныбы Өзбекстан астанасында өткен «Uzbekistan FIRST Championship 2026» чемпионатында Robot Performance аталымы бойынша үздік үштікке еніп, 🥉3-орынды иелендік!
Бұл жай ғана марапат емес, бұл біздің командалық жұмысымыз бен робототехникаға деген құштарлығымыздың жемісі. Жарыс алаңындағы қобалжу, сәтті шыққан миссиялар және команданың бір-біріне деген қолдауы — ең есте қаларлық сәттер болды. Бізге сенген ұстаздарымыз бен ата-аналарымызға үлкен рақмет!
08/05/2026
Он күндік жаңалық😊
🎓 3 «Самұрық» сыныбы
📚 Кіріктірілген сабақ
Бүгінгі сабақта оқушылар математика, қазақ тілі және ағылшын тілін байланыстыра отырып, білімдерін жан-жақты көрсетті.
🔢 Сан мен сөздің үйлесімін түсініп,
📖 тіл арқылы ойларын жеткізіп,
🌍 ағылшын тілінде білімдерін бекітті.
Оқушылар есеп шығарып, сан есімдерді ажыратып, алған білімдерін тәжірибеде қолдана білді.
✨ Сабақ қызықты, мазмұнды және өте нәтижелі өтті!
Бүгінгі сабағымыз – ерекше әлемге саяхат 🌍
Оқушылар жануарлар туралы білімдерін толықтырып, олардың дыбыстарын ажыратуды үйренді 🐾
Әр дыбыстың қайдан шығатынын зерттеп, «ақпарат көзі» ұғымымен танысты 📚
Қолөнер арқылы жануарларды оригами түрінде бейнелеп, шығармашылықтарын көрсетті ✂️
Оқу мен ойын ұштасқан, қызыққа толы сабақ болды ✨
Білім + Шығармашылық = Нәтиже 💯
Кубеева Гульнур Жарылкаповна
Сынып жетекшісі: Сүйінбаева Нейля Қуанышқызы
2 «Самұрық» сыныбында «Құрметтейік Жер-ананы» тақырыбында математика, қазақ тілі және робототехника пәндерімен кіріктірілген сабақ өтті.
Сабақ барысында оқушылар табиғатты қорғау, экологиялық мәдениет және қоршаған ортаға жанашырлық туралы өз білімдерін көрсетті.
Балалар шығармашылық тапсырмалар орындап, ойларын еркін жеткізіп, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін дәлелдей алды 🌱
Сынып жетекшісі: Сапарова Гүлнара Тлепбергеновна
✨ Табиғатты аялау – әрқайсымыздың міндетіміз!
1 Самұрық оқушыларымен қызықты математика сабағы өтті 🧮
Сатып алу мен ақша қайтаруды үйреніп, өмірмен байланыстыра білдік 💰
Балалардың белсенділігі мен ынтасы қуантады 😊
Үйренеміз, дамимыз, бірге өсеміз!
06/08/2025
Жарқын болашаққа бастар ұтымды сәттен қапы қалмаңыз!
Click here to claim your Sponsored Listing.
Location
Category
Website
Address
Talgar