Талдықорған қаласы "Білім-инновация" лицей-интернаты

Талдықорған қаласы "Білім-инновация" лицей-интернаты

Share

Сапалы білім, саналы тәрбие Талдықорған қаласы "БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ" лицей-интернаты"КММ"
Талдықорған қаласы 7 ш/а 3 уй

Photos from Талдықорған қаласы "Білім-инновация" лицей-интернаты's post 17/12/2025

Қуанышты хабар! 🎉

Шығыс аймақтық ата-аналар арасында өткен “Brain Rain” интеллектуалды сайысына 10 мектеп қатысып, лицейіміздің командасы жүзден жүйрек шығып, жүлделі 🥇 I орынға ие болды!

Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз! Бұл — бірлік пен білімнің, ізденіс пен ынтымақтың айқын нәтижесі. Алдағы уақытта да толағай табыстар тілейміз! 👏✨

Photos from Талдықорған қаласы "Білім-инновация" лицей-интернаты's post 13/12/2025

🇰🇿 ТАРИХ–ГЕОГРАФИЯ АПТАЛЫҒЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ! 🌍
Мектебімізде өткен тарих–география апталығы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, мазмұнды әрі қызықты шараларға толы болды.
Апталық аясында:
📌 Тәуелсіздікке арналған тәрбие сағаттары
📌 Ашық сабақтар
📌 Брейн-ринг
📌 Викториналық жарыстар
📌 Зияткерлік сайыстар
📌 Макеттер байқауы
📌 Суреттер көрмесі өткізілді
Оқушылар өз білімдерін шыңдап қана қоймай, шығармашылық қабілеттерін де көрсете білді. Әрбір шара оқушылардың тарихи санасын қалыптастыруға, географиялық ой-өрісін кеңейтуге бағытталды.
Апталыққа белсенді қатысқан барлық оқушыларға және ұйымдастыруға атсалысқан әріптестерге алғыс білдіреміз!
✨ Білімді ұрпақ – жарқын болашақ кепілі!
#ТарихГеографияАпталығы
#Тәуелсіздік
#БілімОрдасы
#ЗияткерҰрпақ
#БілімБерудегіІзденіс

13/12/2025

2025 жылдың 12 желтоқсанында “Педагогикалық идеялар фестивалі” облыстық конкурсынан лицейіміздің АӘТД пәні мұғалімі Байсалбаев Дархан Абдуллаұлы ІІІ орынға ие болды. Құттықтаймыз!

Photos from Талдықорған қаласы "Білім-инновация" лицей-интернаты's post 12/12/2025

Жалпы білім беретін пәндер бойынша 8-11 сынып оқушылары арасындағы республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезең ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

Байгелді Мұрал, Сарқанбай Абылай - биология ІІІ орын
Жетекшісі: Жүнісбеков Нұрдәулет Ералыұлы

Әкімқан Әли - қазақ тілі ІІІ орын
Жетекшісі: Ибраимова Раушан Нигиметбековна

Серғазы Алихан - қазақ әдебиеті ІІІ орын
Жетекшісі: Садуакасова Каламкас Курмашевна

Мәди Мейіржан - орыс тілі ІІІ орын
Жетекшісі: Мұратбай Айдана Серікбайқызы

Бекмолда Әділет, Еңсебай Арслан - ағылшын тілі ІІ орын
Қанат Санжар - ағылшын тілі ІІІ орын
Жетекшісі: Торгаева Эльвира Кумарбековна

Усенов Нұрасыл, Мырзабек Ұлан - өлкетану ІІ орын
Жетекшісі Мурзакенов Айдын Окенович

Photos from Талдықорған қаласы "Білім-инновация" лицей-интернаты's post 12/12/2025

*Жалпы білім беретін пәндер бойынша 8-11 сынып оқушылары арасындағы республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезең ЖЕҢІМПАЗДАРЫ*

Әділбек Жақсылық, Тлеуберген Данияр - физика ІІ орын;
Юксель Адиль Ахмет, Қожантай Алдияр - физика ІІІ орын;
Нұржанұлы Досжан - физика ІІІ орын
Жетекшісі: Бақтыбаев Руслан Нұрланұлы

Аманкелді Нұрәділ - математика ІІ орын;
Битан Ұлымби - қолданбалы математика ІІІ орын;
Тақатбек Ерхат, Сайлаубай Әл-Тайыр - экономика ІІІ орын;
Жетекшісі: Исаков Адхамжан Шухратович

Асемханұлы Алихан, Берікбол Қайсар - экономика ІІ орын
Жетекшісі: Ораз Думан Дәуренұлы

Балгабаев Мансур, Исмағзи Исатай - информатика ІІІ орын
Болысбай Нұркелді, Башаров Аслан - информатика ІІІ орын
Құдайберген Ахмед - информатика ІІІ орын
Жетекшісі: Умирзак Наурызбай Жанзакович

Photos from Талдықорған қаласы "Білім-инновация" лицей-интернаты's post 11/12/2025

“БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ” Халықаралық Қоғамдық Қорының сапа стандарттарының орындалуын бақылау іссапары

2025 жылдың 8–10 желтоқсан аралығында лицейімізде “БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ” Халықаралық Қоғамдық Қорының өкілдері сапа стандарттарының орындалуын бағалау мақсатында 3 күндік іссапармен болды.

Іссапар барысында жұмыс тобының мамандары лицей қауымдастығымен толық кездесулер өткізді. Атап айтқанда:
— ұстаздар мен тәрбиешілер;
— оқушылар мен ата-аналар;
— қызметкерлер;
— мектеп түлектерімен жүздесіп, лицей өмірі мен оқу-тәрбие үдерісінің сапасы туралы пікір алмасты.

Жұмыс тобы лицейдің оқу процесін, тәрбие бағытын, басқару жүйесін, жалпы мектеп мәдениетін жан-жақты зерделеді.

🔎 Үш күндік зерделеу жұмысында лицейдің даму бағыттары, сапа стандарттарының жүзеге асырылу деңгейі толық қаралды.

09/12/2025

✨ «Әлемнің Жасырын Ізі» атты танымдық брейн-рейн 7–8 сынып оқушылары арасында жоғары деңгейде өтті!
Бұл интеллектуалды сайыс оқушылардың білімін ғана емес, олардың логикалық ойлауын, жылдам шешім қабылдау қабілетін және командалық жұмысын шыңдады. 🌍🧠
Қатысушылар әр айналымда өз білімін дәлелдеп, түрлі қызықты тапсырмалар арқылы әлем тарихы, география, ғылым және мәдениет құпияларына ұмтылды.
Жарыс барысында пайда болған эмоциялар, қуаныш пен толқу — бәрі бұл күнді ерекше етті. ✨
Осындай білім додасы оқушылардың көзқарасын кеңейтіп, жаңа белестерге жетелейді деп сенеміз.
Қатысқан барлық командаларға үлкен алғыс! Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! 🏆👏

09/12/2025

Бейсен Құранбек атындағы облыстық шығармашылық байқау

2025 жылдың 9 желтоқсан күні Бейсен Құранбек атындағы облыстық шығармашылық байқауы өтті. Байқауға облыс көлемінде 100-ге жуық оқушы қатысып, бақ сынады. Байқау ережесіне сәйкес үш турдан тұрған бәсекеде оқушымыз, Жұмабайұлы Рамазан жүлделі ІІІ орынға ие болды.

06/12/2025

«Тарих тағылым – География таным» атты тарих және география пәндері апталығына шақырамыз
БІРЛІК- ҰЛЫ ІСТЕРДІҢ БАСТАУ БҰЛАҒЫ

Want your school to be the top-listed School/college in Taldykorgan?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Category

Telephone

Website

Address


Қадырғали Жалайри 43/6
Taldykorgan
040000

Opening Hours

Monday 08:30 - 17:00
Tuesday 08:30 - 17:00
Wednesday 08:30 - 17:00
Thursday 08:30 - 17:00
Friday 08:30 - 17:00
Saturday 08:30 - 14:00