Құқық және экономика жоғары мектебінің ұйымдастыруымен Ұлыстың Ұлы Күніне арналған - Ұлттық Көрме атты мерекелік іс шарасы өтті.
Zhetysu University
ZhetysuUniversity
05/03/2022
📌І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған «Сыйынар ем, Ана деген тәңірге» атты салтанатты жиын өтті.
📌Білім ордасында қазір 760 адам қызмет етсе, оның 530-ы (70 пайызы) әйел адамдар. Олардың ішінде 5- ғылым докторы, 15 философия докторы, 65 ғылым кандидаты бар. Білім мен ғылым саласының ауыр жүгін арқалап, жастарға сапалы білім мен қатар саналы тәрбие беріп жүрген ұстаз-аналарды университеттің Басқарма төрағасы-ректор Қуат Маратұлы құттықтап, әйел адамдардың қоғамдағы орны мен университеттің дамуына қосқан үлесіне тоқталды.
📌Салтанатты жиында Білім беру мен ғылымдағы жоғары жетістіктері, көп жылдық жемісті еңбегі, кәсіби шеберлігі үшін бірқатар қызметкер «Ерен еңбегі үшін», «Ілияс Жансүгіров» медалімен, Басқарма төрағасы-ректордың «Құрмет грамотасымен», Кәсіподақ атынан берілген грамоталармен марапатталды. Жиын мерекелік концертке ұласты.
____________________________________________
📌В Жетысуском университете состоялось торжественное собрание, посвященное Международному женскому дню 8 марта «Сыйынар ем, Ана деген тәңірге».
📌В настоящее время в университете работает 760 человек, из них 530 (70%) это женщины. Среди них 5 докторов наук, 15 докторов философии, 65 кандидатов наук. Ректор университета Куат Маратович поздравил преподавателей и матерей, несущих тяжелую ношу образования и науки, обеспечивающих качественное образование и осмысленное воспитание молодежи, и рассказал о роли женщин в обществе и их вкладе в развитие университета.
📌На церемонии сотрудникам были вручены медали, как «Ерен еңбегі үшін», «Ілияс Жансүгіров», «Почетная грамота» ректора, грамоты от имени Профсоюза за высокие достижения в образовании, многолетнюю плодотворную работу и профессионализм. А после встречи состоялся праздничный концерт.
05/03/2022
📌28 ақпан – 1 наурыз аралығында Білім беру сапасын қамтамасыз ету тәуелсіз агенттігінің бағдарламалық IQAA аккредитациясы аясында докторантура бойынша 8D01501 Математика, 8D01502 Физика, 8D01503 Биология, 8D01504 Информатика, 8D01505 География білім беру бағдарламаларына жасалған сыртқы аудит сәтті өтті.
📌Аккредиттеу барысында эксперттер университет басшылығымен, құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен, Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің деканымен және білім беру бағдарламаларының жетекшілерімен, аккредиттациядан өтетін білім беру бағдарламаларының оқытушы-профессорлық құрамы, докторанттар, студенттер, түлектер және жұмыс берушілермен әңгімелесті. Аккредиттеу агенттігінің мамандары Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің материалдық-техникалық, оқу-зертханалық және ғылыми базасына шолу жасады.
📌Екінші күні сарапшылар Тіркеу офисіне, Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бойынша оқу-әдістемелік бірлестігіне, Білім беру бағдарламаларын жаңарту жобалық кеңсесіне және Студенттерге қызмет көрсету орталығына барды. Биотехнология мәселелері ғылыми-зерттеу институтында, Ғылым және ғылыми жобаларды коммерцияландыру департаментінде, Ғали Орманов атындағы кітапханада, Стартап академиясында болды.
📌Университеттің стратегиялық көрсеткіштерін арттыру және білім беру қызметінің сапасын арттыру мақсатында биыл бакалавриат, магистратура және докторантура бойынша білім беру бағдарламаларын аккредиттеу және қайта аккредиттеу жұмыстары да жоспарланып отыр.
_______________________________________________________________________
📌28 февраля – 1 марта 2022 года успешно проведен внешний аудит в рамках программной аккредитации Независимого агентства по обеспечению качества в образовании IQAA образовательных программ докторантуры 8D01501 Математика, 8D01502 Физика, 8D01503 Биология, 8D01504 Информатика, 8D01505 География.
📌В ходе проведения аккредитации были проведены интервью с руководством вуза, руководителями структурных подразделений, деканом Высшей школы естествознания и руководителями образовательных программ, ППС по направлениям аккредитуемых образовательных программ, докторантами, выпускниками и работодателями. Экспертами аккредитационного агентства был проведен визуальный осмотр материально-технической, учебно-лабораторной и научной базы Высшей школы естествознания.
📌Во второй день эксперты посетили офис регистратора, УМО высшего и послевузовского образования, проектный офис обновления образовательных программ, центр обслуживания обучающихся. Посетили НИИ биотехнологии и экологии, отдел науки и коммерциализации научных проектов, Библиотеку им. Г. Орманова, Стартап академию.
📌Для достижения стратегических показателей университета и повышения качества предоставляемых образовательных услуг, в текущем году также планируется аккредитация и реаккредитация ОП бакалавриата, магистратуры, докторантуры.
04/03/2022
📌Жетісу университетінің кітапханасында ақын, аудармашы, журналист, Жамбыл Жабаевтың әдеби хатшысы Ғали Ормановтың 115 жылдығына арналған әдеби кеш өтті. Ақын атымен аталатын кітапхана қызметкерлері мен Гуманитарлық жоғары мектебі қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика мамандығының студенттері ұйымдастырған кеште Ғали Ормановтың қазақ әдебиеті мен аударма саласына сіңірген еңбегі баяндалып, өлеңдері оқылды.
📌Кеш барысында Жетісу университетінің Басқарма мүшесі – ғылыми жұмыс жөніндегі проректор Алефтина Бахтаулова сөз сөйлеп, Ғали Ормановтың Л.Толстойдың әлемдік классикалық романы «Анна Каренинаны», т.б. атақты шығармаларды қазақ тіліне аударғанына тоқталды.
📌«Ілиястану» орталығының жетекшісі Мұратбек Иманғазинов Ғали Ормановтың Ілияс Жансүгіровпен қалай танысқанын айта келе, ұқыптылығы мен жазу жазудағы жылдамдығының арқасында Жамбыл Жабаевқа хатшы болғанын айтты.
Кеш барысында «Қалың қазақтың – Ғалиы» атты ақын өмірі мен еңбектеріне арналған көрме қойылып, ондағы кітаптар мен деректерді кітапхана қызметкері Ләззат Үшкемпірқызы жиналған қауымға таныстырды.
______________________________________________________________________
📌В библиотеке Жетысуского университета состоялся литературный вечер, посвященный 115-летию журналиста, литературного секретаря Жамбыла Жабаева – Гали Орманова. Вечер организовали сотрудники библиотеки имени поэта и студенты факультета казахского языка и литературы, журналистики Высшей школы гуманитарных наук.
📌В ходе вечера выступила член правления Жетысуского университета – проректор по научной работе Алефтина Бахтаулова. Она рассказала, что Гали Орманов также занимался переводческой деятельностью. К примеру, роман «Анна Каренина» Л. Толстого и известные произведения других мировых классиков на казахский язык перевел именно он.
📌Муратбек Имангазинов, руководитель Центра Илиястану, рассказал, как Гали Орманов познакомился с Ильясом Жансугуровым, как благодаря аккуратности и скорости написания текста, стал секретарем Жамбыла Жабаева.
Была организована выставка, посвященная жизни и творчеству поэта, «Қалың қазақтың – Ғалиы». Библиотекарь Ляззат Ушкемпировна представила зрителям книги и поделилась информацией о жизни великого человека.
11/02/2022
📌Қымбатты әріптестер! Сіздерді ғылымдағы халықаралық әйелдер және қыздар күнімен құттықтаймыз.
Сіздердің әрқайсыңыз-бірегей тұлға ретінде көптеген нәтижелерді көрсеттіңіздер.
Сіздердің еңбектеріңіз бен университеттің ғылымын дамытуға қосқан үлестеріңізге үшін алғыс айтамыз.
📌Дорогие коллеги! Поздравляем вас с международным днем женщин и девушек в науке.
Каждый из Вас - уникальная личность и в команде все вы показываете прекрасные результаты. Мы благодарим Вас за ваш труд и вклад в развитие науки университета.
І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің профессорлық оқытушылар құрамы мен қызметкерлері арасындағы мерейлі 50-ші Спартакиада.
10/02/2022
🔷Биыл ақын Ғали Ормановтың туғанына 115 жыл. Осыған орай І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті кітапханасының бас оқу залында кітапханаға келушілерге арналған «Қалың қазақтың-Ғалиы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Ондағы мақсат ақынның шығармашылығын дәріптеу, поэзияны сүюге, оны бағалай білуге, сыршыл да шыншыл ақын өлеңдерінің мәні мен маңызына үңілдіруге, рухани танымын кеңейтуге ықпал ету.
10/02/2022
📌10.02.2022, 15:00 отдел науки и коммерциализации научных проектов проводит «Обучающий семинар «Регистрация НИР в национальном центре государственной научно-технической экспертизы (НЦГНТЭ)»
Спикер Шаяхметова Дамина, эксперт ОНКНП.
Подключиться к конференции Google Meet
https://meet.google.com/zbp-mxaf-trp
-------------------------------------------------------------------
📌10.02.2022, 15:00 ғылым және ғылыми жобаларды коммерцияландыру бөлімі «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығында (ҰМҒТСО)ҒЗЖ-ны тіркеу» семинарын өткізеді.
Спикер Шаяхметова Дамина, ҒҒЖКБ сарапшысы.
Google Meet конференциясына қосылу
https://meet.google.com/zbp-mxaf-trp
08/02/2022
📌І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің профессорлық оқытушылар құрамы мен қызметкерлері арасындағы мерейлі 50-ші Спартакиада ұйымдастырылды. Жарыс волейбол, баскетбол, стол теннисі, шахмат, тоғызқұмалақ, арқан тартыс, гір көтеру сынды спорттың 8 түрінен өтті. Сайысқа университет факультеттері мен «Zhansugurov college»-нен жалпы саны 240 адам қатысты.
📌Волейболдан 60 жастан асқан ерлер мен әйелдер арасында Дүйсен Аңсабаев, жүзуден Шара Қыяхметова, үстел тенисінен Гүлсім Тұрсынбаева 1 орын алды.
📌Жалпы командалық есепте «Zhansugurov college» 1 орын, Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі 2 орын, Жаратылыстану ғылымдар жоғары мектебі 3 орын иеленді. Спартакиада жеңімпаздарын университет ректоры Қуат Баймырзаев марапаттап, жеңістерімен құттықтады.
Click here to claim your Sponsored Listing.
Location
Category
Contact the school
Telephone
Website
Address
Улица Жансугурова 187А
Taldykorgan