Сапаны қамтамасыз ету Департаменті - Алматы облысы
Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Сапаны қамтамасыз ету Департаменті - Алматы облысы, Education, Taldykorgan.
13/09/2024
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Мемлекет басшысына еліміздегі мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру салаларын дамыту мақсатында қабылданып жатқан шаралар жөнінде баяндады
🎦
13/09/2024
Касым-Жомарт Токаев принял министра просвещения Гани Бейсембаева
Гани Бейсембаев:
✔️отчитался о мерах по развитию дошкольного, среднего, технического и профессионального образования в стране:
– по итогам прошлого года открыто 154 новые школы на 137 тысяч ученических мест, которые решили вопрос 29 трехсменных и 12 аварийных школ;
– в новом учебном году планируется ввести в эксплуатацию 221 образовательное учреждение на 365 тысяч ученических мест;
– показатель оснащенности школ предметными кабинетами увеличен в 2 раза, улучшилось качество интернета;
– приоритетным направлением остается воспитательная работа. Внедрена программа «Біртұтас тәрбие», основанная на общенациональных ценностях «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс»;
✔️проинформировал о повышении качества среднего образования:
– все школьные учебники переведены в цифровой формат;
– каждый второй ученик, участвовавший в международных олимпиадах от Казахстана, становится призером. По итогам прошлого года представители нашей страны завоевали 58 золотых медалей;
✔️представил проекты по трансформации системы технического и профессионального образования, развитию инклюзивного и специального образования.
❗️Касым-Жомарт Токаев поставил перед министром ряд задач по дальнейшему совершенствованию системы образования и обеспечению безопасности детей.
t.me/aqorda_resmi
13/09/2024
Қасым-Жомарт Тоқаев Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевты қабылдады
Ғани Бейсембаев:
✔️еліміздегі мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру салаларын дамыту мақсатында қабылданып жатқан шаралар жөнінде мәлімет берді:
– былтыр 137 мың оқушыға арналған 154 жаңа мектеп ашылған. Бұл 29 үшауысымды, 12 апатты мектептің мәселесін шешкен;
– жаңа оқу жылында 365 мың оқушыға есептелген 221 білім ошағын пайдалануға беру жоспарланып отыр;
– мектептерді пәндік кабинеттермен жабдықтау көрсеткіші 2 есе артып, интернеттің сапасы жақсарған;
– тәрбие жұмыстары басым бағыттардың бірі болып қала береді. «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» жалпыұлттық құндылықтарына негізделген «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы қолға алынған;
✔️орта білім сапасын арттыру туралы айтты:
– мектеп оқулықтары толықтай цифрлық форматқа көшірілген;
– Қазақстан атынан халықаралық олимпиадаларға қатысқан әрбір екінші оқушы жүлделі орындарға ие болып жүр. Былтыр ел оқушылары 58 алтын медаль жеңіп алған;
✔️техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін трансформациялау, инклюзивті және арнайы оқытуды дамыту жөніндегі жобаларды таныстырды.
❗️Мемлекет басшысы Оқу-ағарту министріне саланы одан әрі жетілдіру және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бірқатар тапсырма берді.
t.me/aqorda_resmi
12/09/2024
«ПРОФИЛАКТИКА КОРРУПЦИИ В СФЕРЕ ОБРАЗОВАНИЯ: КЛЮЧЕВЫЕ МОМЕНТЫ СОВЕЩАНИЯ 12 СЕНТЯБРЯ 2024 ГОДА» 📅🔍
Сегодня, 12 сентября 2024 года, под председательством заместителя Председателя Комитета по обеспечению качества в сфере образования Министерства просвещения РК С.К. Акишева прошло совещание по вопросам предотвращения коррупции при осуществлении государственного контроля в организациях образования. 🏛️📚
В совещании участвовали руководители территориальных департаментов по обеспечению качества образования из пяти регионов: Алматинской, Акмолинской, Актюбинской, Атырауской и Восточно-Казахстанской областей, а также руководители образовательных организаций, которые должны пройти государственную аттестацию до конца 2024 года. 🌍👩🏫👨🏫
В Алматинской области до конца года необходимо провести государственную аттестацию в 142 организациях образования (включая 10 детских садов и 132 школы), проверить соответствие квалификационным требованиям в 19 школах и осуществить профилактический контроль в 3 школах. 🏫📋
Руководитель Департамента по обеспечению качества образования Алматинской области поделился мерами по предупреждению коррупции: информационно-разъяснительная работа по формированию нулевой терпимости к коррупции, встречи и беседы с педагогами, анкетирование при получении информации о сборе денежных средств, а также направление материалов в антикоррупционную службу. Также была озвучена предстоящая встреча сотрудников Департамента с представителями Антикоррупционной службы Алматинской области. 🗣️📑
Уважаемые педагоги Алматинской области, коллеги! 👩🏫👨🏫
Если у вас есть информация о сборе денежных средств под предлогом прохождения контрольных мероприятий, вы можете обратиться в Антикоррупционную службу Алматинской области или связаться с руководителем Департамента по обеспечению качества образования Алматинской области по телефону: +7 776 170 73 83. 📞🚨
12/09/2024
«БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ: 2024 ЖЫЛҒЫ 12 ҚЫРКҮЙЕКТЕГІ КЕҢЕСТІҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ» 📅🔍
Бүгін, 2024 жылғы 12 қыркүйекте, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары С.К. Акишевтың төрағалығымен білім беру ұйымдарында мемлекеттік бақылау жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлықты алдын алу мәселелері бойынша кеңес өтті. 🏛️📚
Кеңеске Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау және Шығыс Қазақстан облыстарының аумақтық білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттерінің басшылары, сондай-ақ 2024 жылдың соңына дейін мемлекеттік аттестациядан өтуге тиісті білім беру ұйымдарының басшылары қатысты. 🌍👩🏫👨🏫
Алматы облысында жыл соңына дейін 142 білім беру ұйымында (оның ішінде 10 балабақша және 132 мектеп) мемлекеттік аттестация жүргізілуі, 19 мектепте біліктілік талаптарына сәйкестікті тексеру және 3 мектепте профилактикалық бақылауды жүзеге асырылуы қажет. 🏫📋
Алматы облысы Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы сыбайлас жемқорлықты алдын алу шараларымен бөлісті: сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділік қалыптастыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, педагогтармен кездесулер мен әңгімелер, ақша жинау туралы ақпарат түскен жағдайда сауалнама жүргізу, сондай-ақ материалдарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жолдау. Сондай-ақ, Департамент қызметкерлерінің Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің өкілдерімен жоспарланған кездесуі туралы хабардар етті. 🗣️📑
Құрметті Алматы облысының педагогтері, әріптестер! 👩🏫👨🏫
Егер сіздерге бақылау іс-шараларын өткізу үшін ақша жинау фактілері туралы ақпарат белгілі болса, сіздер Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне немесе Алматы облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысымен байланыса аласыз: +7 776 170 73 83. 📞🚨
01/09/2024
Сотрудники Департамента по обеспечению качества в сфере образования Алматинской области приняли участие в торжественных мероприятиях, посвященных Дню знаний. 🎓
Они посетили школы региона, где зачитали поздравление Министра просвещения РК Бейсембаева Г., адресованное учащимся, педагогам и родителям. Также пожелали успехов в образовательном процессе, вдохновения и новых достижений. 🌟
Мероприятия прошли в теплой и праздничной атмосфере, став символом начала нового этапа в жизни школьников и учителей. 🎉
01/09/2024
Алматы облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің қызметкерлері Білім күніне арналған салтанатты іс-шараларға қатысты. 🎓
Олар өңір мектептеріне барып, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғ. Бейсембаевтың оқушыларға, ұстаздарға және ата-аналарға арналған құттықтауын жеткізді.
Сонымен қатар, білім алу жолында табыс, шабыт және жаңа жетістіктер тіледі. 🌟
Іс-шаралар жылы әрі мерекелік атмосферада өтіп, оқушылар мен мұғалімдердің өміріндегі жаңа кезеңнің бастауы болды. 🎉
01/09/2024
Құрметті ұстаздар, ата-аналар және оқушылар! 🎉
2024-2025 оқу жылының басталуымен баршаңызды құттықтаймын! Бұл жыл білім сапасының жаңа белесіне көтерілетін жыл болсын. 🌟
Бүгінгі таңда мемлекет білім алушылардың сапалы білім, саналы тәрбие алуына барлық жағдай жасап келеді. Жаңа мектептер қолданысқа беріліп, білім ұйымлары заманауи құралдармен жабдықталып, шәкірттеріміздің жан-жақты дамуына, оларға қажетті қауіпсіз, жайлы орта қалыптастырылып отыр. 🏫 Осы мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып, әрбір оқушының өз әлеуетін ашуына ықпал етейік.
Құрметті ұстаздар, сіздерге жауапты міндет жүктелген. Сапалы білім мен саналы тәрбие беру жолында табыс тілеймін! Еңбектеріңіз елдің болашағына қосқан зор үлес екенін ұмытпаңыздар. 📚
Қымбатты оқушылар, сіздерге жаңа оқу жылында биік мақсаттар қойып, оларға жету үшін талмай еңбек етулеріңізді тілеймін. Білім мен тәрбие алуда үздіктердің қатарынан көрініңіздер! 🏅
Қадірлі ата-аналар, сіздердің қолдауларыңыз әрқашан маңызды. Балаларыңыздың білім алу жолында бірге қадам басып, олардың жетістіктеріне қуана отырыңыздар. 👪
Жаңа оқу жылы табысты, жемісті болсын! Баршаңызға зор денсаулық, білім жолында толағай табыстар тілеймін! 🎓
Құрметпен, Алматы облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ержан Жиренбай
Фото:
Альбом «Алғашқы Қоңырау Соғылды» — Бота Бейсенова — Apple Music Найдено в Google. Источник: music.apple.com
Click here to claim your Sponsored Listing.
Location
Category
Website
Address
Taldykorgan
Opening Hours
| Monday | 09:00 - 18:30 |
| Tuesday | 09:00 - 18:30 |
| Wednesday | 09:00 - 18:30 |
| Thursday | 09:00 - 18:30 |
| Friday | 09:00 - 18:30 |