16/05/2026
Құрметті қонақтар, құрметті әріптестер, жарысқа қатысушы жас мамандар!
Бүгін біз WorldSkills Zhetysu 2026 чемпионатының қорытынды сәтіне жиналдық.
Осы күндер ішінде сіздер кәсіби шеберліктеріңізді көрсетіп, табандылық пен еңбекқорлықтың үлгісін көрсеттіңіздер.
WorldSkills – бұл тек жарыс емес. Бұл – болашақты құратын мамандардың алаңы. Сіздердің әрқайсыңыз өз салаңыздың нағыз шебері болуға бір қадам жақындадыңыздар.
Жеңгендерді құттықтаймыз! Ал жүлде алмағандар үшін бұл – тәжірибе, алға ұмтылуға себеп.
Ұйымдастырушыларға, сарапшыларға, ұстаздарға және ата-аналарға алғыс айтамыз. Сіздердің қолдауларыңызсыз бұл чемпионат осындай деңгейде өтпес еді.
Жетісу өңірінің кәсіби білім беру саласы алға басып келеді, және бұл – сіздердің еңбектеріңіздің нәтижесі.
Баршаңызға денсаулық, жаңа жетістіктер және үлкен белестер тілеймін!
20/04/2026
19/03/2026
06/03/2026