Нұртас Оңдасынов атындағы Түркістан мамандандырылған мектеп-интернаты

Нұртас Оңдасынов атындағы Түркістан мамандандырылған мектеп-интернаты

Share

Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Нұртас Оңдасынов атындағы Түркістан мамандандырылған мектеп-интернаты, Education, Türkistan.

29/04/2026

✨ «Шабыт шыңы» – өнер мен талпыныстың тоғысқан сәті! ✨
Биылғы жылы облыстық өнер фестиваліміз «Шабыт шыңы» тақырыбында жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өнер мен шығармашылықтың нағыз мерекесіне айналды.
Фестивальге арнайы қатысып, әділ бағасын берген қазылар алқасының құрметті төрағасы – Түркістан қаласының Балалар мен жасөспірімдер орталығының бұқаралық бөлім меңгерушісі Емен Досболұлы Саметов, сондай-ақ Түркістан облысының білім басқармасының «Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығының» педагог-ұйымдастырушысы Бексұлтан Қайратұлы Керімбек мырзаларға шынайы алғысымызды білдіреміз.
Олардың кәсіби пікірі мен қолдауы жас өнерпаздарға үлкен шабыт сыйлады.
🌟 Фестиваль барысында оқушыларымыз өз өнерлерін паш етіп, шығармашылық қабілеттерін жаңа қырынан көрсете білді. Әрбір қатысушының бойынан табандылық, ізденіс және өнерге деген сүйіспеншілік айқын байқалды.
💐 Осы шараның жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан барша оқушыларымызға, жетекшілік еткен ұстаздарымызға және ұйымдастыру жұмысына үлес қосқан жандарға ерекше алғыс білдіреміз! Сіздердің еңбектеріңіз – болашақтың жарқын кепілі.
🎭 «Шабыт шыңы» – тек фестиваль емес, ол – арманға бастар жол, өнерге қанат бі

29/04/2026

"Сыйластық басты құндылық"

Интернат тәрбиеленушілері арасындағы сыйластық — тек сөз жүзіндегі ұғым емес, ол күнделікті іс-әрекеттен көрінетін маңызды қасиет. Бір-бірін құрметтеп, қолдап, түсіне білген оқушы кез келген ортада өзін сенімді сезініп, бақытты әрі табысты өмір сүруге қадам жасайды.
Осыны терең түсінген оқушы болашақта елге пайдалы, саналы азамат болып қалыптасады.
Интернат тәрбиешілері:
Курманалиева Л.
Түсіпбекова Н.

27/04/2026

📚 «Үздік оқырман – 2026» байқауы 📚
Білім мен парасаттың кілті – кітапта!
"Балалар кітапханасы" жобасы аясында мектебімізде «Үздік оқырман – 2026» байқауы ұйымдастырылды.
Байқаудың басты мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, оқу мәдениетін қалыптастыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Іс-шара барысы 4-бөлімнен тұрады.
1. Таныстыру (таныстырылымда өзіне ең қатты ұнаған сүйікті кітабы болуы кірістірілуі ескеріледі, қанша кітап оқығаны қажет)
2. «Жақсы кітап-жан азығы» (берілген ұяшықтан таңдаған шығарманы баяндау 3 мин)
3. Сұрақ жауап айдары (асық иіру барысында сұрақ таңдайды)
4. Үй тапсырмасы (оқыған шығармасының ішіндегі өзіне ұнаған кейіпкерін сомдау, орындау шеберлігі анықталады)
Байқау нәтижесінде «Ең үздік оқырман» байқауының жеңімпазы 9 А сынып оқушысы Жылқайдар Қамараддин атанды.
Әр түрлі номинациялар мен Адахан Айзере, Ихласова Шұғыла, Шырынбек Асылай, Сұлтанғали Арайлым, Сейітқали Еңлік, Тағай Шынасыл жеңімпаздар арнайы мадақтама қағаздарымен марапатталды.

23/04/2026

Бүгін мектеп-интернат оқушылары үшін ерекше күн болды. Қаламызға қонақта болған А.Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының қойған М.Мақатевтың "Қош бол, махаббат" қойылымын тамашаладық.
Тың жүрекке жететін терең ойы мен сезімге толы сөзі сахнада ерекше әсер қалдырды. Оқушылар қойылым барысында кейіпкерлермен бірге қуанып, бірге мұңайып, шынайы эмоцияны сезіне білді.
Бұл тек спектакль емес, бұл – өмір, махаббат, сағыныш пен үміт жайлы сырлы әңгіме болды. Әрбір оқушы жүрегіне бір ой түйіп, ерекше әсермен қайтты.
Осындай рухани байлық сыйлаған театр ұжымына алғысымыз шексіз! 🎭

21/04/2026

21.04.2026
Бүгін 10 сынып оқушылары Нұртас Оңдасынов музейіне танымдық экскурсия жасап қайтты.Экскурсия барысында оқушылар қазақ халқының көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Нұртас Оңдасыновтың өмірі мен өнегелі жолымен танысты.Музей қорындағы тарихи жәдігерлер мен құнды мәліметтер оқушыларға ерекше әсер қалдырды.Осындай тағылымы мол шаралар жас ұрпақтың туған ел тарихына деген қызығушылығын арттырып,рухани дүниесін байыта түседі.
Ұйымдастырушы: тәрбиеші:
А.Тулентаева

19/04/2026

Астана қаласында өткен Ө.Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша зерттеу жобаларының ХIІІ Халықаралық конкурсының жеңімпазы Абдукаримов Хуршидбекті Түркістан теміржол вокзалынан күтіп алу сәтінен.

Want your school to be the top-listed School/college in Türkistan?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Category

Telephone

Website

Address


Türkistan
161200

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:00
Tuesday 09:00 - 18:00
Wednesday 09:00 - 18:00
Thursday 09:00 - 18:00
Friday 09:00 - 18:00