🔔 Соңғы қоңырау – жарқын естеліктер мен жаңа белестердің бастауы.
Бүгін мектебімізде оқу жылының аяқталуына арналған соңғы қоңырау салтанаты жоғары деңгейде өтті. Мерекелік шара барысында оқушыларымыз өз өнерлерін көрсетіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Оқу жылында үздік нәтиже көрсеткен шәкірттеріміз марапатталып, білім мен өнерде, спорт пен қоғамдық жұмыстарда жетістікке жеткен оқушыларымыздың еңбегі ерекше аталып өтті.
Бұл күн – бір жылдық еңбектің қорытындысы ғана емес, алдағы асуларға бастар жаңа қадамның белгісі. Барша оқушыларымызға жарқын болашақ, толағай табыс пен биік белестер тілейміз! ✨🎓📚🔔
Parasat-bilim mektebi
Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Parasat-bilim mektebi, Education, Türkistan.
Кішкентай жүректердің үлкен қадамға жасаған алғашқы сапары ✨
Бастауышпен қоштасу кешіміз ерекше әсерге, әдемі естеліктерге және шынайы эмоцияларға толы болды 🤍
Әрбір сәт — қуаныш, әр күлкі — естелік…
Балалықтың ең тәтті кезеңдерінің бірі осылайша әдемі кешпен қорытындыланды 🌸
Бастауышпен қоштасу кешіне дайындық үстіндеміз ✨
Күлкі, ерекше атмосфера…
Әр сәт — кішкентай естелікке айналып жатыр 🤍
07/05/2026
🇰🇿 Мектебімізде 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған кішігірім мерекелік жиын өтті.
Іс-шара барысында оқушыларымыз өз өнерлерін көрсетіп, белсенділік танытты ✨
Сонымен қатар түрлі жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болған оқушылар дипломдармен марапатталды 🏅📜
Мереке көтеріңкі көңіл-күй мен ерекше әсерге толы болды 🇰🇿👏
Мектебімізде «Бейбіт күн жасасын» тақырыбында асфальтқа сурет салу шарасы өтті. Оқушылар түрлі-түсті бормен бейбіт өмірдің әсем көріністерін бейнелеп, өз қиялдары мен шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Әр суреттен балалардың мейірімге, достыққа және тыныш өмірге деген көзқарасы анық байқалды.
Мектебімізде «Үздік шахматшы» атты мектепішілік жарыс өтті ♟️🏆
Оқушылар өзара тартысты додада білімдері мен логикалық ойлау қабілеттерін көрсетіп, шеберліктерін сынады 🧠✨
Әр қатысушы жеңіске деген жігерін танытып, нәтижесінде жүлделі орындар анықталды 🥇🥈🥉
Жарыс қызықты әрі жоғары деңгейде өтіп, балаларға жаңа тәжірибе мен шабыт сыйлады 🎉👏
Мектебімізде ашық есіктер күні жоғары деңгейде өтті ✨
Ата-аналар мектеп өмірімен жақын танысып, балалардың білім алу барысын, ашық сабақтардағы белсенділігін өз көздерімен көрді
Оқушылардың қолөнер жұмыстары мен жетістіктерін тамашалап, түрлі үйірмелердегі қабілеттеріне куә болды 🎨
Іс-шара барысында балалардың концерттік өнерлері ұсынылып, ата-аналар ерекше әсер алды 🎤
Кеш соңында ата-аналар өз пікірлерін білдіріп, жылы лебіздері мен ізгі тілектерін қалдырды 💬💐
Ата-аналар мен мектеп арасындағы тығыз байланыс – баланың сапалы білім алып, жан-жақты дамуына үлкен ықпал етеді 🤝📚
Бізден бір “тренд”😍✨
Ұнаса пікір қалдырып,лайк басуды ұмытпаңыздар!⬇️
Click here to claim your Sponsored Listing.
Location
Category
Website
Address
Türkistan
Opening Hours
| Monday | 08:30 - 17:00 |
| Tuesday | 08:30 - 17:00 |
| Wednesday | 08:30 - 17:00 |
| Thursday | 08:30 - 17:00 |
| Friday | 08:30 - 17:00 |