Түркістан қаласы ХББ НЗМ кітапханасы

Түркістан қаласы ХББ НЗМ кітапханасы

Share

Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Түркістан қаласы ХББ НЗМ кітапханасы, Education, Türkistan.

08/04/2025

🌱📚«NIS Бірге оқиық» жобасы бастау алды

📚Мектебімізде «NIS Бірге оқиық» жобасы басталып, 8 «Е» сынып оқушыларымен мазмұнды кітап талқылау сабағы өткізілді

📚Оқушылар белгілі жазушы Шерхан Мұртазаның «Интернат наны» шығармасын терең талдап, көркем туындының астарлы мағынасы мен негізгі идеясын саралады.

🧠 Шығармада ұсынылған тақырыпты тереңірек ашу мақсатында оқушылар “MindMap” (“Ой картасы”) әдісін қолданып, шығарманың мазмұнын, кейіпкерлердің әрекеттерін, олардың психологиясын және оқиғалар арасындағы байланыстарды визуалды түрде жүйелеп көрсетті. Бұл әдіс оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамытуға үлкен мүмкіндік берді.

🔶 Сонымен қатар, оқушылар “Keyword Hexagon” әдісі арқылы әр топ шығарманың басты ұғымдары мен маңызды түсініктерін талдап, оларды постерге түсіріп, сынып алдында қорғады. Әрбір ұғымның шығармамен байланысын нақты дәлелдермен жеткізе білді.

💬 Талқылау барысында оқушылар шығарманың кейіпкерлері мен олардың мінез-құлықтарын, интернаттағы өмірдің қыр-сырын, жазушының көтерген әлеуметтік мәселелерін және өз жеке көзқарастарын еркін әрі сенімді жеткізді.

✨ Сабақ барысында топтық жұмыс, шығармашылық ізденіс және әдеби талдау дағдылары жоғары деңгейде көрініс тапты. Оқушылар өзара ынтымақтастықта жұмыс жасап, бір-бірінің пікірін тыңдап, ортақ шешімге келуге тырысты.

📚Бұл жоба оқушылардың шығарма мазмұнын терең түсінуге мүмкіндік бермей, шығарманы сыни тұрғыдан ойлау, өз ойын дәл әрі жүйелі жеткізу, топтық жұмыста тиімді әрекет ету қабілеттерін дамытатыны сөзсіз.

✨Шерхан Мұртазаның «Интернат наны» шығармасын талдау арқылы оқушылар тек әдеби туындыны ғана емес, өмірлік құндылықтар мен адами қасиеттерді де терең ұғына білді.

Want your school to be the top-listed School/college in Türkistan?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Category

Website

Address


Türkistan

Opening Hours

Monday 08:00 - 19:00
Tuesday 08:00 - 19:00
Wednesday 08:00 - 19:00
Thursday 08:00 - 19:00
Friday 08:00 - 19:00