12/05/2026
2026 жылдың 8-мамыр күні М.Пошанов атындағы №21 ЖББМ, Инклюзивті қолдау ресурстық кабинетінде 7-мамыр Өтан қорғаушылар күніне арналған «Ұранды елдің – ұрпағы қайсар!» және 9 Мамыр-Жеңіс күніне арналған «Ұрпақтар ұмытпайтын – Ұлы жеңіс» атты іс-шара өтілді.
Мақсаты:
Балаларға 9 мамыр – Жеңіс күні туралы түсінік беру.Балаларды Отанды сүюге, батырларды құрметтеуге, ерлікке, бейбітшілікті қадірлеуге тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының негізгі бағыттары:
• Тарихи таным: Оқушыларға 1941-1945 жылдардағы соғыс тарихы, қазақстандық батырлар мен тыл еңбеккерлерінің қосқан үлесі туралы ақпарат берілді.
• Патриоттық тәрбие: «Ұлы жеңіс - жасасын!», «Ұрпақтарға ұран болған — Ұлы Жеңіс!» тақырыптарында сынып сағаттары өткізіліп, Отанды сүюге баулу мақсатталды.
• Ардагерлерге құрмет: Жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтарды еске алып, ардагерлерге алғыс білдіру, патриоттық сезімдерін арттыру.
Жас ұрпақты тарихымызды тереңнен тануға баулу. Оқушылардың Отан тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге, өз халқымыздың тарихын құрметтей білуге, дүние жүзіндегі басқа ұлт өкілдерінің достығын нығайтуға тәрбиелеу.
Тәрбие сағаты Әнұранмен басталды. Бұл күн - бейбіт өмір үшін жанын қиған батырларды еске алу және ардагерлерге құрмет көрсету күні. Мұндай шаралар жас ұрпақтың бойына батырлық пен ерлік қасиеттерін дарытып, тарихи жадыны сақтауға септігін тигізеді.
10/04/2026
2026 жылдың 10-сәуір күні М.Пошанов атындағы №21 жалпы білім беретін мектебімізде «Дарынды жастарды қолдау» іс-шара аясында ұйымдастырылған Инклюзивті қолдау ресурстық кабинетінде «Көркем сөз- көңілдің нұры» атты әдеби шығармашылық сайысы өтті.
Мақсаты: Оқушыларды көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, сөз өнерінің құдіретін сезіндіру. Ақын өлеңдерін мәнерлеп оқыта отырып, оқушылардың тіл байлығын молайту,ұлттық әдеби мұраға құрмет сезімін қалыптастыру.
Сайысқа кабинетіміздің дарынды оқушылары Исабек Каусар, Махамбет Нұрдаулет, Оқшабай Нұркен, Абдай Абылайхан қатысып өздерінің белсенділіктерін көрсетіп мақтау қағаздарымен марапатталды.
Оқушылардың бүгінгі сайыстан алған әсерлері мен білімдерін сұрақ-жауап ойыны арқылы қорытындылады. Біздің оқушыларымыз тек өлең оқып ғана қойған жоқ, ол өз жүректерінің нұрын келген қонақтарымызға сыйлады.
Әр бала – бір жұлдыз, ал бүгін сол жұлыздардың бәрі бірдей жарқырады.
10/04/2026
2026жылдың 8-сәуір күні М.Пошанов атындағы №21 ЖББ мектебімізде «Ашық есік күні» өткізілді. Шараға инклюзивті қолдау кабинетімен жақынырақ танысқысы келген кабинетіміздің ата-аналары қатысты.
Ашық есік күні — мектеп пен ата-ана арасындағы сенімді нығайтып, оқу процесімен таныстыруға арналған маңызды шара. Бұл күні сабақтарға қатысу, мұғалімдермен кездесу, сыныппен танысу және кері байланыс алу ұйымдастырылады. Бұл ата-аналардың баланың білім сапасына деген сенімін арттырады.
Ашық есік күні жауапты педагог-ассистенттер Турлыбекова Гулнур және Нұрсейтова Ақбаян өңілді смайлктер арқылы, нейро көңіл күй көтеретін жаттығулар жасау арқылы ата-аналарады күтіп алды. Өмірлері тәтті балдай болсын деп аналарға тәттілер берілді.
Кабинетіміздің кпи жетекшісі Қалиева Қарлығаш жалпы ұйымдастыру сабағын өтті. Оқушылар 15 минуттық таңғы серігу жаттығуын жасады. Күн райын белгілеп, жеке сабақтарына жіберілді.
Әр оқушының жеке педагог-ассистент апайлары алып жеке бағдараламен жоспарлы түрде сабақтарын көрсетті.Ата-аналар 3-тоқсандағы оқу үлгерімінің нәтижелерін тыңдады. Жалпы сыныпқа өз уақыттарында сыныпқа кірді,сабақтарына ата-ана қатысып,өз пікірімен бөлісті.
Ата-аналардың атылмыш шарадан кейін білдірген пікірлері мен ойлары, алған әсерлері жайлы айтқан толғаныстарынан қолдау тапқандығын аңғардық. Бұл іс-шараның ұйымдастырылуы мектептің педагогикалық ұжымы үшін де тиімді болды. Ата-аналарға алғыс білдіре отырып, осындай ізгі істің алдағы уақытта да жалғасын табарына сенімдіміз және бірлік жұмыс жасауға шақырамыз.
26/03/2026
М.Пошанов атындағы №21 ЖББМ, Инклюзивті қолдау ресурстық кабинетінің
02.03. – 06.03.2025 жыл аралығында өтілген «Ерекше білімді қажет ететін балаларды оқытуда заманауи технологияларды қолдану» атты апталығымыз өтілді.
Мақсаты: Қазіргі педагогикалық және компьютерлік технологияларды енгізу арқылы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту, тәрбиелеу және дамытудың сапасын арттыру.
26/03/2026
М.Пошанов атындағы №21 ЖББМ, инклюзивті қолдау кабинетінің 1- наурыз алғыс айту күніне арналған «Алғыс айту – парызым!» тәрбиелік шара өтілді.
Мақсаты: Оқушылардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейтуризашылық, рахмет, алғыс туралы түсінік беру;
үлкен — кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым — қатынасын дамыту,әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу.
03/02/2026
М.Пошанов атындағы №21жалпы білім беретін мектеп КММ-нің 9-шы сынып оқушысы Алибаева Жансая. Анасы қызының сахнаға шығып байқауларға қатысуына жақсы көңіл бөледі..."Bala SAMURYK" байқаудың шарты бойынша журналистерге сұхбат берілді. Түркістан 77 телеарнасы мектебімізге арнайы келіп Алибаева Жансая оқушымыздан және кабинет мамандарынан сұхбат алды. Мектеп ішіндегі күнделікті сабақ кестесімен білім алып жүргенін,қоғамға,сыныпқа үйреніп ән,би, шығармашылық байқауларға қатысып жүлделі орын алып жүргенінде қоса айтылды. Инклюзияның ішкі- -бағдарымен де таныстырылды. ЕББҚ оқушыларымыздың шығармашылық жағынан дами берсін,өсе берсін!
03/02/2026
Қарашаның басында Түркістан қалалық білім бөлімінен арнайы хат келді. Хатта Астана қаласы "Clover Foundation" Қоғамдық қоры құрылтайшыларының жалпы жиналысының шешімімен жасалған онлайын бойынша жүргізілген байқау ұйымдастырылған. Тақырыбы:"Үздік Инклюзивтік білім беру тәжірибесін қолдану саласындағы " Қазіргі заманның үздік мұғалімі" атты байқау. Бұл байқауға арнайы маманымыз Паримбекова Назгүл апай қатысты. Ережесімен шартымен таныстырылды.
Байқаудың мақсаты: Инклюзивті білім беру ортасында жұмыс істейтін мемлекттік орта білім беру ұйымдары педагогтарының озық тәжірибесі мен үздік педагогикалық тәжірибесін тарату және белсенді жұмыс жасайтын мұғалімдерді қолдау екен...
Осы байқаудың шарты бойынша жұмыстарын жіберіп ...Байқау комиссиясының назарына ілігіп "Сертификат" және Астанаға шақырту алып қайтты...
03/02/2026
Жаңа жыл, ең алдымен, балалар мен бүлдіршіндерге қуаныш сыйлайтын мереке. Осы орайда, М.Пошанов атындағы №21жалпы білім беретін мектеп КММ, Инклюзияны қолдау ресурстық кабинетінің ұйымдастырумен 2025жылдың 25-желтоқсан күні ерекше балаларға арналған жаңа жылдық кеш болып өтті. Іс-шараға кабинетіміздің ерекше балалары ата-аналарымен бірге қатысты. Салтанатты шарада Мектеп басшысы мен кабинет меңгерушісі ЕББҚ оқушыларды мерекемен құттықтап, Жаңа жылдық сыйлықтарын табыстады.
Кеш барысында ЕББҚ оқушыларымыз ән айтып, тақпақтар айтып, би билеп, ата –аналармен, ұстаздармен қызықты ойындар ойнап керемет әсер алды.
Сондай-ақ, олар Аяз ата мен Ақшақарды қарсы алды. Арнайы дайындалған концерттік бағдарлама барысында түрлі жаңа жылдық кейіпкерлер өнер көрсетіп, кештің сәнін келтірді. Балалардың өнеріне тәнті болған Аяз ата мен Ақшақар оқушыларымызға тәттілер ұсынды. Әрдайым ертегі әлемін бейнелейтін Жаңа жылымыз қуаныш сыйлай берсін, Оқушыларымыз аман болсын!
03/02/2026
М.Пошанов атындағы №21жалпы білім беретін мектеп КММ, Инклюзияны қолдау ресурстық кабинетінің ұйымдастырумен 2025жылдың 15-желтоқсан күні ЕББҚ ететін оқушыларымызбен «Тәуелсіздік жасай берсін!» атты тәрбие сағаты өтілді.
16 желтоқсан – біздің еліміздің әрбір азаматы үшін аса қастерлі мереке. Бұл күн – ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған ең асқақ арманы мен қайсар рухының жемісі. Егемендік алғаннан бері Қазақстан өзін әлемге әйгілі етіп, бейбітшілікте өмір сүретін мемлекет ретінде танытты. Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы уақыт аралығында толағай табыстарға жетті. Осы іс шара ЕББҚ оқушылар үшін толғанысты мереке, ата – бабаларды еске түсіретін іс шара болды. Оқушыларымыз жыр шумақтарын, әндерін айтты. Тарихқа көз жүгіртіп,ерекеше әсер алды. Бірлігіміз бекем, тірлігіміз тиянақты, Тәуелсіздігіміз тұғыры биік болсын!
02/02/2026
М.Пошанов атындағы №21жалпы білім беретін мектеп КММ, Инклюзияны қолдау ресурстық кабинетінің ұйымдастырумен 2025жылдың 30 күні ұстазбен оқушының байланысын күшейту мақсатында "Оқу және жазу мәдениеті" тақырыбында тәрбие сағаты ұйымдастырылды.
Мақсаты: Оқушылардың есте сақтау қабілетін,сөздік қорын дамыту,кітап оқуға шақыру және насихаттау, оқушылардың кітап оқу сауаттылығын қалыптастыру,көркем әдеби кітаптарды оқуға қызығушылығын арттыру.Ұстазбен оқушы арасындағы байланысын күшейту. Талаптандыру.