Yasawi University

Yasawi University

Share

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ресми парақшасы

Photos from Yasawi University's post 17/06/2026

📣 ХАБАРЛАНДЫРУ!

🔹 2026–2027 оқу жылына Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті кафедраларындағы оқытушы-профессорлар құрамының бос лауазымды орындарына конкурс жариялайды.

🔹 Конкурсқа қатысуға ниет білдірген үміткерлер 2026 жылдың 01 шілдесі сағат 18:00-ге дейін Ректордың атына еркін нысанда өтініш беруі қажет.

🔹 Бос лауазымдар тізімі төмендегі суреттерде көрсетілген.

🔹 Үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптары және конкурсқа қатысты толық ақпаратпен төмендегі сілтеме арқылы таныса аласыздар:

🔗https://ayu.edu.kz/admin/ckeditor_files/files/pedagogikaly_biliktilik_035_2022.pdf

📞 Қосымша ақпарат алу үшін:
👤 Балтенова Айнур Рахимжановна
☎️ +7 (707) 903-97-29
🏢 Кадр бөлімі

16/06/2026

🎧Yasawı Podcast | Медицина факультетіне оқуға қалай түсуге болады?

«Ясауи университетін таңдауға 10 себеп» жобасының кезекті шығарылымын назарларыңызға ұсынамыз.

🔸 Бұл шығарылымда медицина саласындағы білім беру мүмкіндіктері, халықаралық тәжірибе, ғылыми зерттеулер және студенттердің кәсіби дамуына жасалған жағдайлар туралы әңгіме өрбіді.

🥼Медицина факультетіне түсу үшін қандай талаптар қойылады? Жоғары балл жинап, мемлекеттік грантқа түсе алмай қалған талапкерлер үшін Түркістанда қандай мүмкіндік бар? Университет ғалымдары жүзеге асырып жатқан ауқымды ғылыми жобалардың мақсаты қандай және олардың нәтижесін қоғам қашан көре алады?

🏛 Осы және өзге де өзекті сұрақтарға подкаст қонақтары жауап береді:

▪️ Гүлназ Нұсқабаева – Медицина факультетінің деканы, м.ғ.к., қауымдастырылған профессор;

▪️ Ерболат Саруаров – Yassawi академиялық және зерттеу үстемділік орталығының басшысы, PhD, қауымдастырылған профессор м.а.;

▪️ Саддам Сардаров – Медицина факультетінің 5-курс студенті (Қырғызстан).

🌍 Халықаралық білім беру кеңістігінде тәжірибе жинақтау, ғылыми жобаларға қатысу және сапалы медициналық білім алу мүмкіндіктері туралы толығырақ жаңа шығарылымнан біле аласыздар.

📌 Ясауи университетін таңдаудың тағы бір себебін бірге анықтайық!

Подкастың толық нұсқасын төмендегі сілтемеден көре аласыздар🔽

СІЛТЕМЕ: https://youtu.be/GE3LKJ16WHc

Photos from Yasawi University's post 16/06/2026

🔰«ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ: ЗИЯТКЕРЛІК ЖӘНЕ МӘДЕНИ ДАМУ» АТТЫ ТАҒЫЛЫМДЫ СЕМИНАР БАСТАЛДЫ

🔸Бүгін оқу ордамызда Түркі халықтарының зияткерлік ойындары (ғылыми-тәжірибелік) орталығының ұйымдастыруымен «Жаңа конституция: зияткерлік және мәдени даму» атты тағылымды семинар басталды.

🔸Шараға Спорт факультетінің деканы Ермек Сейдахметов пен оқытушы-профессорлар құрамы қатысты.

🔸Семинардың басты мақсаты – Спорт факультеті оқытушыларының кәсіби біліктілігін арттыру. Сондай-ақ, тоғызқұмалақ, мангала, бестемше сынды ұлттық зияткерлік ойындардың мәні мен маңызын насихаттау.

🔸Тағылымды жиынның алғашқы бөлімінде Түркі халықтарының зияткерлік ойындары (ғылыми-тәжірибелік) орталығының директоры Қасымхан Дәуренқұлов зияткерлік ойындардың тарихына тоқталып, ойын ережесін толық түсіндірді.

🔸Сонымен қатар, оқытушы-профессорлар құрамына тоғызқұмалақ, бестемше, мангала зияткерлік ойындарында қолданатын негізгі әдіс-тәсілдерді үйретті.

🔸Одан әрі, Түркі халықтарының зияткерлік ойындарының тағылымы жөнінде, оның логикалық ойлау қабілетті дамытудағы рөлі туралы кеңінен ақпарат берді.

🔸Қатысушылар ойын ережесімен танысқан соң, топқа бөлініп, ойын тақталарында өздерін сынап көрді. Оқытушылар тоғызқұмалақ, бестемше, мангала ойындарында тиімді стратегия құрып ойнауды, қорғана отырып, шабуылдауды меңгерді.

🔸Айта кетейік, семинар жұмысы 56 сағат оффлайн, 16 сағат онлайн форматта жалғасады. Қатысушыларға алдағы уақытта арнайы сертификаттар табысталады.

Photos from Yasawi University's post 15/06/2026

🔰ҚЫТАЙ ХАЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЛАНЬЧЖОУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ КЕЛДІ

🔸Оқу ордамызға Қытай Халық Республикасының Ланьчжоу университетінің делегациясы келді. Делегация құрамында Орталық Азияны зерттеу институтының және Саясаттану және халықаралық қатынастар мектебінің профессоры Цзяо Ицян, Ланьчжоу университетінің Орталық Азияны зерттеу институтының профессорлары Чжан Хунли мен Чжан Юйян, сондай-ақ Шихэцзы университетінің Шетел тілдері мектебінің қауымдастырылған профессоры Чан Сяньмин бар.

🔸Сапардың негізгі мақсаты – екі жоғары оқу орны арасындағы ғылыми-академиялық байланысты нығайту, бірлескен зерттеу жобаларын жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылау және Орталық Азиядағы өңірлік даму үдерістері бойынша тәжірибе алмасу.

🔸Құрметті қонақтар Қаржы және халықаралық байланыстар вице-ректоры Мустафа Гиритлиоглу мен Халықаралық байланыстар департаментінің директоры Фуркат Дадажановпен кездесті.

🔸Кездесу барысында тараптар өз университеттерінің тарихы, білім беру жүйесі, ғылыми жетістіктері және халықаралық серіктестік бағыттары туралы таныстырып, болашақтағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.

🔸Айта кетейік, Ланьчжоу университеті – Қытайдың жетекші жоғары оқу орындарының бірі. Университет физика, химия, атмосфералық ғылымдар, география, информатика, биология, математика, медиа және экология бағыттары бойынша жоғары деңгейдегі білім беру және ғылыми-зерттеу жұмыстарымен танымал. Бүгінде онда 40 мыңнан астам студент білім алады.

🔸Жиын соңында тараптар өзара ынтымақтастықты одан әрі дамыту бағыттарын талқылап, байланыстарды нығайтуға ниетті екенін білдірді.

Photos from Yasawi University's post 12/06/2026

🔰УНИВЕРСИТЕТТЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ACCESS» БАҒДАРЛАМАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

​🔸Бүгін университетімізге АҚШ-тың Астанадағы Елшілігінің Қоғамдық байланыстар жөніндегі қызметкері Али Лейлич және АҚШ Бас консулдығының ағылшын тілі бағдарламаларының үйлестірушісі Нұргүл Жанабаева және Қазақстандық ағылшын тілі мұғалімдерінің қауымдастығының (KazTEA) президенті Татьяна Летьяйкина арнайы іссапармен келді.

🔸Құрметті қонақтар академиялық мәселелер вице-ректоры Эльмира Идрисова және Қаржы және халықаралық байланыстар вице-ректоры Мустафа Гиритлиоглумен кездесті.

🔸Кездесу барысында университет, АҚШ консулдығы және KazTEA ұйымы арасында «English Access Scholarship Program» (Access) халықаралық стипендиялық бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі үш жақты келісімшартқа ресми түрде қол қойылды.

🔸Access бағдарламасы — АҚШ Мемлекеттік департаментінің қолдауымен әлемнің көптеген елінде табысты жүзеге асырылып келе жатқан жаһандық білім беру бастамасы.

🔸Жобаның негізгі мақсаты — іріктеуден өткен талантты жастардың ағылшын тілін меңгеру деңгейін арттыру. Сондай-ақ, елдер арасындағы өзара түсіністікті нығайту және кәсіби даму мүмкіндіктерін кеңейту.

​🔸Бағдарлама талаптарына сәйкес STEM (жаратылыстану ғылымдары, технология, инженерия, математика), IT және бизнес мамандықтары бойынша білім алып жатқан, 18–21 жас аралығындағы ең белсенді 32 студент іріктеліп алынады.
Студенттер 18 ай көлемінде 360 академиялық сағаттан тұратын қарқынды тілдік және практикалық курстан өтеді. Оқу бағдарламасын сәтті аяқтаған студенттерге АҚШ Бас консулы қол қойған халықаралық үлгідегі сертификат табысталады.

🔸Сонымен қатар, үздік түлектер АҚШ Бас консулдығының қолдауымен ұйымдастырылатын және Қазақстанда жұмыс істейтін ірі америкалық компаниялар қатысатын жабық форматтағы бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысуға мүмкіндік алады.

​🔸Аталған жоба университет оқытушылары мен үйлестірушілері үшін де KazTEA және АҚШ консулдығы мамандарымен бірлесе жұмыс істеу, халықаралық жобаларды басқару және кәсіби біліктілікті арттыру тұрғысынан үлкен тәжірибе алаңына айналмақ. Әрі білім беру кеңістігін халықаралық деңгейде интеграциялау бағытындағы тағы бір маңызды қадам болды.

🔸Кездесу соңында тараптар бір-біріне алғыс айтып, сый-сияпат табыстады.

Photos from Yasawi University's post 12/06/2026

🔰УНИВЕРСИТЕТТЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТТІ БІЛІМ БЕРУДЕ ҚОЛДАНУҒА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТРЕНИНГ ӨТТІ

🔸Университетімізде «Жасанды интеллектті STEM бағытындағы білім алушыларға ағылшын тілін оқытуда қолдану» атты халықаралық тренинг өтті. Шараны АҚШ Мемлекеттік департаментінің English Language Specialist бағдарламасы аясында шақырылған маман Джереми Тарбаттон жүргізді.

🔸Кәсіби дамуға бағытталған тренингті Қазақстан ағылшын тілі мұғалімдері қауымдастығы (KazTEA) және Халықаралық байланыстар департаменті АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігінің қолдауымен бірлесе ұйымдастырды.

🔸Бес күнге созылған тренингке ағылшын тілін меңгеруі B2–C1 деңгейіндегі 20-дан аса мектеп мұғалімі мен 30-ға жуық университет оқытушысы қатысты.

🔸Басты мақсат – ағылшын тілі мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін арттыру, жасанды интеллект құралдарын білім беру үдерісіне тиімді енгізуге және заманауи оқыту әдістерін меңгеруге мүмкіндік беру. Сондай-ақ, Қазақстан мен АҚШ арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастықты нығайту.

🔸Оқу бағдарламасының бірінші күні қатысушылар Жасанды интеллектінің көмегімен дәстүрлі сабақ шеңберінен шығып, пассивті оқу үдерісін жаратылыстану және техникалық бағыттағы студенттерге арналған интерактивті, коммуникативті ортаға айналдыру жолдарын зерттеді.
Келесі күні сарапшының дәрісі ағылшын тілі мұғалімдері мен оқытушыларына арналған сыни ойлау және CLIL әдістемесіне арналды. Мұғалімдер ЖИ құралдарын пайдалана отырып, студенттердің аналитикалық дағдыларын дамытумен қатар, STEM тұжырымдамаларын меңгерді.

🔸Тренингтің үшінші күн жасанды интелектіде промпт жазу шеберлігі мен материалдарды бейімдеуге бағытталды. Қатысушылар жасанды интеллект модельдерін, түпнұсқалық STEM мәтіндерін әртүрлі деңгейдегі оқушыларға арналған оқу және сөйлеу материалдарына ыңғайлауға басты назар аударып, промпт-инжинирингті іс жүзінде қолданды.

🔸Төртінші күні қатысушылар тілдік бағалау мен кері байланысты жасанды интеллект көмегімен қайта қарап көрді. Қалыптасқан бағалау жүйесінен алшақтап, ЖИ-де нақты уақыт режимінде диагностикалық кері байланыс беруді және STEM контексіндегі тілдік ілгерілеуді бақылайтын динамикалық критерийлерді құруды үйренді.
Оқу бағдарламасының соңғы күні жасанды интеллектті қолданудың этикалық мәселелерін талқылаумен аяқталды.

🔸Сонымен қатар, тренингтің бесінші күні АҚШ Бас консулдығының ағылшын тілі бағдарламаларының үйлестірушісі Нұргүл Жанабаева келіп, Қазақстан мен АҚШ арасындағы екі жақты қарым-қатынастың маңызына тоқталды. Екі ел арасында жүзеге асырылып жатқан жобаларды таныстырды.
Курс барысында қатысушылар интерактивті тренингтер, тәжірибелік тапсырмалар, топтық талқылаулар орындап, тәжірибе алмасты. Халықаралық тәжірибемен танысып қана қоймай, өздерінің кәсіби қызметінде қолдануға болатын нақты әдістемелік шешімдерге қол жеткізді.

🔸Қатысушылар заманауи AI-құралдарын зерттеді. STEM-білім беруде ағылшын тілін оқытудың озық әлемдік тәжірибелерімен танысты. Интерактивті оқу материалдары мен дербестендірілген білім беру ресурстарын жасау әдістерін игерді.

🔸Сондай-ақ, халықаралық сарапшыдан кеңес алып, кейін өз өңірлерінде әріптестеріне арналған тренингтер өткізуге қажетті көшбасшылық дағдыларын дамытты.

🔸Қорыта айтқанда, тренингтің жетекші спикері, АҚШ-тың English Language Specialist бағдарламасының сарапшысы Джереми Тарботтон курс барысында жасанды интеллект негізіндегі заманауи платформалармен жұмыс істеуді үйретті. Нақтырақ айтқанда, ЖИ-мен интеграцияланған заманауи білім берудің ең маңызды бағыттарын, сабақ жоспарлау, оқу материалдарын әзірлеу, студенттердің тілдік дағдыларын дамыту және бағалау үдерістерінде қолдану жолдарын қамтыды.

🔸Сондай-ақ, қатысушыларға білім беру саласындағы жасанды интеллект дамуының өзекті үрдістерін және оны оқу үдерісіне біріктірудің тиімді жолдарын ұсынды. Тәжірибеге бағытталған шара барысынад қатысушылар білім алып қана қоймай, іс жүзінде қолдануға мүмкіндік алды.

🔸Тренинг соңында барлық қатысушылар сертификатқа ие болды. Мұғалімдер мен оқытушылар спикер Джереми Тарботтонға алғыстарын білдіріп, сый-сияпат табыстады.

Photos from Yasawi University's post 12/06/2026

🔰ӨКІЛЕТТІ КЕҢЕСТІҢ 81-МӘЖІЛІСІ: УНИВЕРСИТЕТТІҢ ДАМУЫНА ҚАТЫСТЫ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

🔸Бүгін оқу орнымыздың Өкілетті Кеңесінің 81-мәжілісі өтті.

🔸Түркияда өткен жиынға Өкілетті Кеңес Төрағасы, профессор Мухиттин Шимшек, Қазақстанның Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов, Түркия Республикасының Мәдениет және туризм вице-министрі Сердар Чам, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков, Қазақстан Қаржы министрлігі Әлеуметтік сала бюджеті департаментінің директоры Жанар Алдасугурова мен университет ректоры Жанар Темірбекова қатысты.

🔸Мәжілісте университет Ректоратының 80-мәжілістен кейінгі кезеңде атқарылған жұмыстар жөніндегі есебі тыңдалды. Сонымен қатар 2026–2027 оқу жылына күндізгі оқу түрі бойынша бакалавриат пен магистратура бағдарламаларына қабылданатын студенттер контингенті мен квота орындарының үлестірілуіне қатысты Ректорат ұсыныстары талқыланды.

🔸Бұған қоса, университет қызметінің түрлі бағыттарына қатысты Ректорат ұсыныстары қарастырылды.

🔸Өкілетті Кеңес мүшелері университеттің халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін арттыру, білім беру мен ғылым саласындағы заманауи талаптарға сай дамуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарға оң баға беріп, бірқатар ұсыныстарын білдірді.

🔸Қазақстанның Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов пен Түркияның Мәдениет және туризм вице-министрі Сердар Чам университетімізді заман талаптарына сай дамыту мақсатында имидждік жане жаңғырту бағытындағы жұмыстарға ерекше мән беру қажет екенін атап өтті.

🔸Мәжіліс қорытындысында университеттің стратегиялық дамуына, академиялық әлеуетін күшейтуге және халықаралық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге бағытталған маңызды шешімдер қабылданды.

Photos from Yasawi University's post 12/06/2026

🔰ГАРВАРД ЖӘНЕ ИНДИАНА УНИВЕРСИТЕТТЕРІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

🔸Оқу ордамызда Гарвард және Индиана университеттерінің жетекші ғалымдарының қатысуымен ғылыми семинар ұйымдастырылды. Басқосуға Гарвард университетінің Ұйғыр/Шағатай тілдері бағдарламасының директоры, PhD Гүлнар Эзиз Юлгун мен Индиана университетінің Таяу Шығыс, Ислам және Орталық Еуразия зерттеулері кітапханасының маманы, PhD Акрам Хабибулла қатысты.

🔸Іс-шара модераторы – Түркология ғылыми-зерттеу институтының директоры Халил Четин болды.

🔸Жиынды ашып беру үшін сөз бастаған Қаржы және халықаралық байланыстар вице-ректоры Мустафа Гиритлиоглу: «Құрметті оқытушылар мен студенттер! Бүгін ортамызда белгілі ғалым қонақтарымыз отыр. Екі ғалым да Түркология зерттеу алаңында терең білімге ие мамандар. Сондықтан, бұл кездесудің Түркология саласына қызығушылық танытқан қатысушылар үшін берері мол деп ойлаймын. Әрі, ғалымдардың өзара тәжірибе алмасуларына үлкен мүмкіндік беретініне сенемін»,-деді.

🔸Келесі кезекте, Гарвард университетінің Ұйғыр/Шағатай тілдері бағдарламасының директоры, PhD Гүлнар Эзиз Юлгун «Қолжазбатану және сандық гуманитарлық ғылымдар: Джарринг жинағының жағдайын зерттеу» тақырыбында баяндама оқыды. Спикер сирек қолжазбаларды зерттеудің заманауи әдістерін таныстырды.

🔸Ал, Индиана университетінің Таяу Шығыс, Ислам және Орталық Еуразия зерттеулері кітапханасының маманы, PhD Акрам Хабибулла «Оңтүстік Қазақстандағы интеллектуалдық және діни өмір тарихынан» тақырыбын қозғады. Ол өңірдің рухани-мәдени мұрасына қатысты ғылыми тұжырымдарын ортаға салды.

🔸Семинар барысында қолжазбатану, сандық гуманитарлық ғылымдар және Оңтүстік Қазақстанның интеллектуалдық әрі діни өмір тарихына қатысты өзекті мәселелер талқыланды.

🔸Кездесу соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, сұрақтарына жауап алды.

🔸Сонымен қатар, семинар аясында шетелдік ғалымдар университет кампусымен танысты. Қонақтар Мәдениет орталығы мұражайын, кітапхананы, Академиялық және зерттеу үстемдік орталығын аралады. Сондай-ақ, Жаратылыстану ғылымдары, нанотехнология және жаңа материалдар ғылыми-зерттеу институтының зертханалары мен STEM Park жұмысын көрді.

11/06/2026

🎙️Yasawı Podcast | Қазіргі еңбек нарығына қандай мамандар қажет?

«Ясауи университетін таңдауға 10 себеп» жобасының кезекті шығарылымын назарларыңызға ұсынамыз.

🔸 Бұл жолы Yasawı Podcast алаңында Экономика және басқару факультетінің деканы Йылмаз Узынмен сұхбат құрдық.

Қазіргі еңбек нарығына сұранысқа ие мамандықтар, білім берудегі жаңашылдықтар, халықаралық мүмкіндіктер және студенттердің кәсіби дамуына жасалған жағдайлар туралы әңгіме өрбіді.

🏛 Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ – сапалы білім беретін оқу орны ғана емес, сонымен қатар түрлі елдерден келген жастарды біріктіретін достық мекені.

❓Экономика және басқару факультеті қандай мүмкіндіктер ұсынады? Бүгінгі еңбек нарығында табысты болу үшін қандай дағдылар қажет?

📌 Осы және өзге де сұрақтардың жауабын жаңа шығарылымнан көре аласыздар.

▶️ Жаңа шығарылымды тамашалап, Ясауи университетін таңдаудың тағы бір себебімен танысыңыздар.

🔗 Подкастың толық нұсқасын төмендегі сілтемеден көре аласыздар🔽

СІЛТЕМЕ: https://youtu.be/R8G_Ml0v0Go

11/06/2026

📢 Хабарландыру!

Құрметті студенттер!

2026–2027 оқу жылына жатақханаға орналасу үшін өтініш қабылдау басталды.

📅 Өтініш қабылдау мерзімі: 11–17 маусым
💻 Өтініштер онлайн түрде қабылданады.
🔗 Толық ақпарат пен өтініш беру сілтемесі: platonus.ayu.edu.kz

✨ Өтінішіңізді алдын ала тапсырып, жаңа оқу жылына дайын болыңыз!

📞 +7 777 601 5303
Жатақханалар бөлімі

Want your school to be the top-listed School/college in Türkistan?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Telephone

Address


Bekzat Sattarkhanov, 29
Türkistan

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:00
Tuesday 09:00 - 18:00
Wednesday 09:00 - 18:00
Thursday 09:00 - 18:00
Friday 09:00 - 18:00