М.Әуезов атындағы ОҚУ

М.Әуезов атындағы ОҚУ

Share

Ресми парақша
-----
Официальная страница
-----
Official Page

Photos from М.Әуезов атындағы ОҚУ's post 26/05/2026

В ЮКУ им. М. Ауэзова прошел конкурс ораторского искусства Института Кинг Седжонг

22 мая 2026 года в Южно-Казахстанском университете им. М. Ауэзова состоялся конкурс ораторского искусства, организованный Институтом Кинг Седжонг.
Мероприятие было направлено на поддержку талантливой молодежи а также популяризацию корейского языка и культуры,.
В конкурсе приняли участие студенты университета и слушатели курсов корейского языка. Участники продемонстрировали высокий уровень владения корейским языком, артистизм и ораторское мастерство.
По итогам конкурса лучшие участники были награждены памятными призами. Жюри отметило высокий уровень подготовки конкурсантов и их творческий подход.
_________

King Sejong Institute Speech Contest Held at M. Auezov SKU

On May 22, 2026, a speech contest organized by the King Sejong Institute was held at M. Auezov South Kazakhstan University. The event was aimed at supporting talented youth as well as promoting the Korean language and culture.
Students of the university and participants of Korean language courses took part in the contest. The contestants demonstrated a high level of Korean language proficiency, artistry, and public speaking skills.
At the end of the competition, the best participants were awarded commemorative prizes. The jury noted the contestants’ high level of preparation and creative approach.

26/05/2026

М. Әуезов атындағы ОҚУ-де Кинг Седжонг институтының шешендік өнер байқауы өтті

2026 жылдың 22 мамырында М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Кинг Седжонг институты ұйымдастырған шешендік өнер байқауы өтті.
Іс-шара талантты жастарды қолдауға, сондай-ақ корей тілі мен мәдениетін насихаттауға бағытталды. Байқауға университет студенттері мен корей тілі курсының тыңдаушылары қатысты. Қатысушылар корей тілін меңгеру деңгейін, артистік қабілеттері мен шешендік шеберліктерін жоғары деңгейде көрсетті.
Байқау қорытындысы бойынша үздік қатысушылар естелік сыйлықтармен марапатталды. Қазылар алқасы қатысушылардың дайындық деңгейі мен шығармашылық көзқарасын ерекше атап өтті.

Photos from М.Әуезов атындағы ОҚУ's post 25/05/2026

«ТАУЛАРДЫ АЛАСАРТПАЙ - ДАЛАНЫ АСҚАҚТАТАЙЫҚ»: ӘДЕБИ-МУЗЫКАЛЫҚ ҚОНАҚЖАЙ КЕШІ
Бүгін А.С. Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханада көрнекті ақын, жазушы, қоғам қайраткері Сүлейменов Олжас Омарұлының 90 жылдық мерейтойына арналған мерекелік іс-шара өтті.
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Мәдениет және өнер» факультетінің МО 22-15р және МО 24-25р топтарының студенттері педагогика ғылымдарының кандидаты Тарасенко Татьяна Викторовнаның жетекшілігімен «Тауларды аласартпай - даланы асқақтатайық» атты әдеби-музыкалық қонақжай кешін ұйымдастырды.
Іс-шарада Олжас Омарұлының терең мағынаға толы туған жерге, тарих пен халық мәдениетіне деген сүйіспеншілікті дәріптейтін өлеңдері оқылды. Сонымен қатар студенттер ақын сөздеріне жазылған әндер мен музыкалық шығармаларды орындады.
Әдеби-музыкалық қонақжай кеші мәдени құндылықтарды сақтаудың, ұрпақтар сабақтастығының және жастардың ұлттық әдебиет пен өнерге деген қызығушылығын арттырудың жарқын үлгісіне айналды.
_________

«Возвысить степь, не унижая горы» — литературно-музыкальная гостиная

25 мая 2026 года в Городской библиотеке имени А.С. Пушкина состоялось юбилейное мероприятие, посвящённое 90-летию выдающегося поэта, писателя, общественного деятеля Олжаса Омаровича Сулейменова.
Студенты Южно-Казахстанского университета имени М. Ауэзова факультета «Культура и искусство» групп МО 22-15р и МО 24-25р под руководством кандидата педагогических наук Тарасенко Татьяны Викторовны организовали и провели литературно-музыкальную гостиную «Возвысить степь, не унижая горы».
В ходе мероприятия прозвучали стихи Олжаса Омаровича Сулейменова, наполненные глубоким смыслом, любовью к родной земле, истории и культуре народа. Студенты также исполнили музыкальные произведения и песни на слова поэта, создав атмосферу духовности, творчества и уважения к литературному наследию Казахстана.
Литературно-музыкальная гостиная стала ярким примером сохранения культурных ценностей, преемственности поколений и воспитания у молодёжи интереса к национальной литературе и искусству.

Photos from М.Әуезов атындағы ОҚУ's post 25/05/2026

ҚЫЗДАР КОМАНДАСЫ ҰЛТТЫҚ КОЛЛЕДЖ ЛИГАСЫНДА І ОРЫНДЫ ИЕЛЕНДІ

Қуанышты жаңалық! Қыздарымыз спорттық додада жеңіс тұғыранын көрініп, университетіміздің абыройын асқақтатты!
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен 21–29 мамыр күндері Ақмола облысы, Щучинск қаласында орта білімнен кейінгі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында Республикалық Ұлттық колледж лигасы өтті.
Аталған жарыста М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті колледжінің қыздар командасы жоғары деңгейде өнер көрсетіп, шағын футболдан І орынды иеленді.
Жеңімпаз команданы жарқын жеңісімен құттықтай отырып, алдағы жарыстарда да толағай табыстар тілейміз!

Photos from М.Әуезов атындағы ОҚУ's post 25/05/2026

«ЕСЕП ЖӘНЕ АУДИТ» КАФЕДРАСЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА

Әуезов университеті «Есеп және аудит» кафедрасының 3-курс студенттері Сая Айнабек, Айгерім Аманбай, Бибіажар Абдихадирова Тұран университетінде ұйымдастырылған «Есеп және аудит» білім беру бағдарламасы бойынша «Жасанды интеллект дәуіріндегі есеп пен аудит: сын-қатерлер, мүмкіндіктер және перспективалар» тақырыбында XVIII Республикалық студенттік пәндік олимпиадада 3-орынды жеңіп алды.
Ғылыми жееткшісі - Атенова Кулпан Акынбабаевна.
Жеңімпаз студенттерімізді және ғылыми жетекшісін жеңістерімен құттықтаймыз!

25/05/2026

Әр мамандықтың қоғам үшін маңызы зор. Ал ұстаздық – болашақ ұрпақты тәрбиелейтін ең жауапты әрі қадірлі мамандықтардың бірі.
Егер сіз балалармен жұмыс істеуді, олардың алғашқы қадамдарына бағыт-бағдар беруді армандайтын болсаңыз, онда сізді «Тарих және педагогика факультетінің» «Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі» кафедрасы білім алуға шақырады!
Бізбен бірге:
✨ Заманауи білім аласыз;
✨ Тәжірибелі ұстаздардан тәлім үйренесіз;
✨ Болашақ мамандығыңыздың қыр-сырын меңгересіз;
✨ Ел болашағын тәрбиелеуге үлес қосасыз.
Ұстаз болу – жай мамандық емес, бұл – үлкен миссия!
Болашағыңызды бізбен бірге бастаңыз! 📚👩‍🏫👨‍🏫
Ақпарат білгіңіз келсе, мына байланыс номеріне хабарласуға болады 8771-883-19-89. Кәсіби бағдар жұмысына жауапты маман, магистр оқытушы Мурзабекова Меруерт Рахатовна.

Photos from М.Әуезов атындағы ОҚУ's post 25/05/2026

AUEZOV UNIVERSITY: НАЧАЛАСЬ МЕЖДУНАРОДНАЯ ЛЕТНЯЯ ШКОЛА ДЛЯ ПРЕПОДАВАТЕЛЕЙ ФРАНЦУЗСКОГО ЯЗЫКА

В ЮКУ имени М. Ауэзова состоялось торжественное открытие Международной летней школы для преподавателей французского языка вузов Центральной Азии. Проект был организован при поддержке Посольства Франции и совместно с Университетом Пуатье и направлен на развитие международного партнерства в сфере образования и науки, укрепление академического сотрудничества и расширение межкультурных связей.
На церемонии открытия Председатель Правления – ректор Дархан Ахмед-Заки отметил, что развитие партнерства с французскими вузами и франкофонным академическим сообществом — одно из ключевых направлений международной стратегии университета, и подчеркнул особую значимость сотрудничества с Университетом Пуатье.
Атташе по сотрудничеству в области образования Посольства Франции Грета Комур добавила, что главная ценность летней школы заключается в возможности для преподавателей французского языка из стран Центральной Азии обменяться опытом и улучшить профессиональные контакты.
Летняя школа пройдет с 25 мая по 2 июня и программа включает в себя лекции и практические занятия по методике преподавания французского языка как иностранного, языковой дидактике (от теории к практике), а также экскурсии по Шымкенту.
В рамках мероприятия Южно-Казахстанский университет имени М. Ауэзова и Университет Пуатье подписали меморандум о сотрудничестве.
Представитель Университета Пуатье, доктор Личия Багини поблагодарила организаторов и отметила, что данное соглашение позволит вывести академические и научные связи между двумя вузами на новый уровень.
В онлайн-формате к мероприятию также присоединилась директор Института Сорбонна-Казахстан Айнур Сабитова, которая подчеркнула важную роль летней школы в повышении качества преподавания французского языка.
В завершение встречи участники сделали памятное общее фото и пожелали летней школе успешной и продуктивной работы.

25/05/2026

AUEZOV UNIVERSITY: ФРАНЦУЗ ТІЛІ ОҚЫТУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАЗҒЫ МЕКТЕП БАСТАЛДЫ

М.Әуезов атындағы ОҚУ-да Орталық Азия университеттерінің француз тілі оқытушыларына арналған Халықаралық жазғы мектептің салтанатты ашылуы өтті. Франция Елшілігінің қолдауымен және Пуатье университеті бірлесіп ұйымдастырған жоба халықаралық білім мен ғылым саласындағы әріптестікті дамытуға, академиялық ынтымақтастықты нығайтуға және мәдениетаралық байланысты кеңейтуге бағытталған.
Ашылу салтанатында Басқарма Төрағасы-ректор Дархан Ахмед-Заки Францияның жоғары оқу орындарымен және франкофондық академиялық ортамен серіктестікті дамыту университеттің халықаралық стратегиясындағы маңызды бағыттардың бірі екенін атап өтіп, Пуатье университетімен ынтымақтастықтың маңызына тоқталды.
Францияның білім беру саласындағы ынтымақтастық жөніндегі атташесі Грета Комур жазғы мектептің басты құндылығы – Орталық Азия елдерінен келген француз тілі оқытушыларының тәжірибе алмасып, кәсіби байланыстарын нығайтуында екенін айтты.
25 мамыр мен 2 маусым аралығында өтетін жазғы мектеп бағдарламасында француз тілін шет тілі ретінде оқыту әдістемесі, тіл дидактикасы: теориядан тәжірибеге дейінгі бағытындағы дәрістер мен тәжірибелік сабақтар, сондай-ақ Шымкент қаласы бойынша экскурсиялық бағдарламалар қамтылған.
Іс-шара барысында Пуатье университеті мен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Пуатье университеті өкілі, доктор Личия Багини бұл келісім екі жоғары оқу орны арасындағы академиялық және ғылыми байланысты жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік беретінін айтып, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
Сондай-ақ, Сорбонна-Қазақстан институты директоры Айнұр Сабитова онлайн форматта қатысып, жазғы мектептің француз тілін оқыту сапасын арттырудағы маңызына тоқталды.
Іс-шара соңында қатысушылар естелікке ортақ фотоға түсіп, жазғы мектеп жұмысына сәттілік тіледі.

22/05/2026

«Басқару және бизнес» жоғары мектебі оқушылар арасында олимпиада ұйымдастырды

Университетіміздің «Басқару және бизнес» жоғары мектебінің «Есеп және аудит» кафедрасы экономикалық пәндер бағыты бойынша кәсіби бағдар беру мақсатында қаламыздағы Al-Farabi Bilim мектебінің 10-сынып оқушылары арасында экономикалық пәндер бойынша пәндік олимпиада ұйымдастырды. Алғаш рет өткізілген білім бәйгесіне 100-ден астам оқушы қатысып, өзара бақ сынасты.
Олимпиада барысында қатысушылар «Жасанды интеллект бухгалтерді алмастыра алады ма?» тақырыбында эссе жазып, тест тапсырмаларын орындады әрі интеллектуалды ойындарға қатысты. Оқушылар экономикалық сауаттылықтарын, логикалық ойлау қабілеттері мен шығармашылық көзқарастарын танытып, жоғары белсенділік көрсетті.
Білім додасының қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен оқушылар марапатталып, арнайы алғыс хаттар табысталды. Ұйымдастырушылар мұндай іс-шаралардың жас буынның қаржылық сауаттылығын арттырып, болашақ мамандық таңдауда бағыт-бағдар беретінін атап өтті.
Барлық қатысушыларға белсенділіктері үшін алғыс білдіріп, алдағы уақытта толағай табыс пен жарқын жетістіктер тілейміз!

Photos from М.Әуезов атындағы ОҚУ's post 22/05/2026

«КІТАП ОҚИТЫН УНИВЕРСИТЕТ»: ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ ҚАЛА ӘКІМІ МАРАПАТТАДЫ

Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасымен 2025 жылдың қыркүйек айында Шымкент қаласы студенттер арасында оқу мәдениетін қалыптастырып, кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру мақсатында «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында «Кітап оқитын университет» бағыты пилоттық форматта іске қосылған болатын. Осы уақыт аралығында М.Әуезов атындағы ОҚЗУ студенттері «Кітап оқитын ұлт» жобасында жақсы нәтиже көрсетті. Жобаға 2 мыңнан астам студент қатысып, 15 мыңнан астам кітап оқылды. Бұл – студенттеріміздің рухани дамуға деген жоғары қызығушылығының көрінісі.
«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында жоғары нәтиже көрсеткен М.Әуезов атындағы ОҚЗУ-нің ең белсенді студенттері, «Aqiqat» пікірсайыс клубының мүшелері Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков тарапынан арнайы марапатталып, құрметке ие болды.
🏆 Жеңімпаздар:
І орын — М.Әуезов атындағы ОҚЗУ, «Nomad» командасы
* Қанадилаев Азамат
* Аймахан Ерасыл
ІІ орын — М.Әуезов атындағы ОҚЗУ, «Алмас қылыш» командасы
* Аселя Арманқызы
* Қазақпай Амира
📖 Орыс лигасы бойынша:
І орын — «Денискины рассказы» командасы
* Умнов Денис
* Абилкасим Дарина
ІІ орын — «Мертвые души» командасы
* Потаренко Денис
* Евлантьев Ярослав
Студенттерімізді жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз!

Want your school to be the top-listed School/college in Shymkent?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Telephone

Address


проспект Тауке хана 5
Shymkent