19/05/2026
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде заң факультетінің профессор-оқытушылар құрамы Қытай Халық Республикасының Шэньси провинциясы, Сиань қаласында орналасқан Солтүстік-Батыс саяси ғылымдар және құқық университетінің делегациясымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар халықаралық ынтымақтастықты дамыту, академиялық ұтқырлық, ғылыми зерттеулер жүргізу және заң білім беру саласында тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады. Сонымен қатар бірлескен білім беру және ғылыми жобаларды жүзеге асыру перспективаларына ерекше назар аударылды.
Мұндай кездесулер екі университет арасындағы серіктестік байланыстарды нығайтуға, халықаралық академиялық ынтымақтастықты кеңейтуге және болашақ мамандарды даярлау сапасын арттыруға зор ықпал етеді. Бұл ынтымақтастық білім алмасуға, ғылыми әлеуетті дамытуға және халықаралық білім беру кеңістігіне ықпалдасуға мүмкіндік береді.
В Южно-Казахстанском исследовательском университете имени М. Ауэзова состоялась встреча профессорско-преподавательского состава юридического факультета с делегацией Северо-Западного университета политических наук и права города Сиань, провинции Шэньси Китайской Народной Республики.
В ходе встречи стороны обсудили вопросы развития международного сотрудничества, академической мобильности, научных исследований и обмена опытом в сфере юридического образования. Особое внимание было уделено перспективам реализации совместных образовательных и научных проектов.
Подобные встречи имеют важное значение для укрепления партнерских связей между университетами, расширения международного академического взаимодействия и повышения качества подготовки будущих специалистов. Сотрудничество способствует обмену знаниями, развитию научного потенциала и интеграции в международное образовательное пространство. Меньше
19/05/2026
🇰🇿 Тарихымызға — терең көзқарас, болашағымызға — берік негіз!
Бүгін Астанада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен «Алтын Орда — дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиум өз жұмысын бастады. Әлемнің 20-дан астам елінен келген ғалымдар мен сарапшылар бір төбенің басына жиналып отыр — бұл өзі үлкен тарихи оқиға!
Мемлекет басшысы атап өткендей, Алтын Орда жылнамасы — тек қазақтың емес, бүкіл адамзатқа ортақ мұра. Біздің ата-бабаларымыз күшті институттар мен құқық тәртібіне сүйенген, Дала заңы мен ислам құқығын үйлестіре білген, тұрақты ақша және салық жүйесін орнатқан, сауда жолдарын дамытқан өркениетті мемлекет құрғанын білу — әрбір қазақстандық үшін мақтаныш.
Президенттің «тарихтан тартыс құралын жасауға болмайды» деген сөзі — бүгінгі күннің ең маңызды үндеуі. Ұлы дала тарихын объективті, ғылыми тұрғыда зерттеу — ұрпақтың бойындағы ұлттық бірегейлікті нығайтудың кепілі.
ЮНЕСКО-мен тығыз ынтымақтастық, халықаралық экспедициялар, симпозиумды тұрақты түрде өткізу — мұның бәрі тарихымызды әлемге танытудың нақты қадамдары. 🌍
Мемлекет басшысының бұл бастамасын толық қолдаймын! Алтын Орда мұрасы — біздің рухани тірегіміз, ұрпаққа қалдырар асыл аманатымыз.
Профессор, Академик, Битемиров Қ.Т.
05/05/2026
«Балаларға қолдау – болашаққа сенім»
Қазіргі қоғамда жас ұрпаққа қамқорлық көрсету, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, сондай-ақ тұлғалық дамуына қолайлы орта қалыптастыру – маңызды әлеуметтік міндеттердің бірі болып табылады. Әсіресе өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға жан-жақты қолдау көрсету, олардың бойында сенім мен үміт қалыптастыру – мемлекет пен қоғамның ортақ жауапкершілігі.
«Балаларға қолдау – болашаққа сенім» деген атаумен 04.05.2026 ж. Шымкент қаласы білім басқармасының «Өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде демеушілерді тарту есебінен тәрбиеленушілермен мазмұнды кездесу өткізілді.
Аталған іс-шараны М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Зерттеу университетінің «Заң» факультеті «Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу» кафедрасының з.ғ.к., аға оқытушылары А.А. Исмаилов, А.Е. Есеналиев, Р.Ж. Тоханова, А.Е. Жақсыбаева, Н.М. Салыбек, М.Т. Блашева, М.М. Жумабекова, А.А. Альшуразова, З.Т. Мамеева және жауапкершілігі шектеулі серіктестік «ОМАР 555» директоры У.А. Махулдаевтың қатысуымен бірлесе ұйымдастырылды. Балаларды қолдау орталығы қажетті қаражатпен қамтамасыз етілді.
Кездесудің басты мақсаты – балаларға рухани қолдау көрсету, олардың өздеріне деген сенімін арттыру және өмірге деген оң көзқарасын қалыптастыру. Шара барысында қатысушылар жылы әңгіме өрбітіп, ой бөлісіп, балалардың көңіл-күйін көтеруге бағытталған түрлі сұхбаттар мен шағын белсенді жұмыстар жүргізілді.
Кездесу ерекше жылы атмосферада өтті. Балалар өз ойларын еркін жеткізіп, қызықты сұрақтар қойып, белсенділік танытты. Мұндай кездесулер олардың әлеуметтік бейімделуіне, ішкі сенімінің нығаюына және болашаққа деген үмітінің артуына ықпал етеді.
Осындай игі шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.
«Поддержка детей – вера в будущее»
В современном обществе одной из важнейших социальных задач является забота о подрастающем поколении, защита его прав и интересов, а также формирование благоприятной среды для личностного развития. Оказание всесторонней поддержки, особенно детям, оказавшимся в трудной жизненной ситуации, формирование у них доверия и надежды – это общая ответственность государства и общества.
04.05.2026 г. в коммунальном государственном учреждении «Центр поддержки детей, находящихся в трудной жизненной ситуации» управления образования города Шымкента проведена содержательная встреча с воспитанниками за счет привлечения спонсоров.
Мероприятие было организовано совместно кафедрой «Гражданское право и гражданский процесс» Юридического факультета Южно-Казахстанского Исследовательского университета имени М.Ауэзова к.ю.н., старшими преподавателями А.А. Исмаиловым, А.Е. Есеналиевым, Р.Ж. Тохановой, А.Е. Жаксыбаевой, Н.М. Салыбек, М.Т. Блашевой, А.А. Альшуразовой, М.М. Жумабековой, З.Т. Мамевой и товарищество с ограниченной ответственностью совместно с директором «ОМАР 555» У.А. Махулдаевым. Центр поддержки детей обеспечен необходимыми средствами.
Главная цель встречи – оказание духовной поддержки детям, повышение их уверенности в себе и формирование позитивного отношения к жизни. В ходе мероприятия участники провели теплые беседы, обмен мнениями, различные беседы и мини-активные работы, направленные на поднятие настроения детей.
Встреча прошла в необычайно теплой атмосфере. Ребята свободно передавали свои мысли, задавали интересные вопросы, проявляли активность. Такие встречи способствуют их социальной адаптации, укреплению внутренних убеждений и повышению надежды на будущее.
Такие добрые меры будут продолжены и в дальнейшем.
17/04/2026
16 апреля 2026 года Юридический факультет провел международную конференцию на тему «Трансформация законодательного обеспечения развития малого и среднего предпринимательства в Республике Казахстан: научная парадигма, правоприменение и стратегические векторы», посвященную 60-летию выдающегося ученого, профессора, академика Битемирова Кайрата Турлыбаевича.
В работе конференции приняли участие известные ученые-юристы, академики и профессора из крупнейших научных и образовательных центров Казахстана — городов Алматы, Астаны и Туркестана. Особую значимость мероприятию придало участие зарубежных гостей из Стамбула (Турция), а также представителей научного сообщества Республики Каракалпакстан и Кыргызской Республики. География участников подчеркнула высокий международный статус конференции и авторитет юбиляра в профессиональном сообществе.
Участники конференции отметили весомый вклад Кайрата Турлыбаевича Битемирова в развитие отечественной юридической науки, подготовку высококвалифицированных кадров, а также его активную научно-организационную деятельность.
В своих выступлениях коллеги, ученики и соратники юбиляра подчеркнули его высокий профессионализм, принципиальность, научную дальновидность и преданность делу. Было отмечено, что его научные труды и педагогическая деятельность оказали значительное влияние на формирование современной правовой школы и развитие юридического образования.
Конференция прошла в атмосфере конструктивного диалога, обмена мнениями и научного сотрудничества. По итогам мероприятия были выработаны рекомендации, направленные на дальнейшее развитие юридической науки и укрепление международного научного взаимодействия.
Проведение данной конференции стало не только признанием заслуг Кайрата Турлыбаевича Битемирова, но и важной площадкой для обсуждения актуальных проблем современной юриспруденции.
________________________________________
2026 жылдың 16 сәуірінде заң факультетінде көрнекті ғалым, профессор және академик Қайрат Тұрлыбайұлы Битемировтің 60 жылдығына арналған «ҚР-да шағын және орта бизнесті дамытуды заңнамалық қамтамасыз етуді трансформациялау: ғылыми парадигма, құқық қорғау және стратегиялық векторлар» тақырыбында халықаралық конференция өтті.
Конференция жұмысына Қазақстанның ірі ғылыми және білім беру орталықтары — Алматы, Астана және Түркістан қалаларынан белгілі заңгер-ғалымдар, академиктер мен профессорлар қатысты. Сонымен қатар, Түркияның Стамбул қаласынан, Өзбекстан және Қырғызстан республикаларынан келген шетелдік қонақтардың қатысуы конференцияның халықаралық мәртебесін айқындап, мерейтой иесінің кәсіби ортадағы беделінің жоғары екендігін көрсетті.
Қатысушылар Қайрат Тұрлыбайұлы Битемировтың отандық заң ғылымын дамытуға, жоғары білікті кадрлар даярлауға және ғылыми-ұйымдастырушылық қызметке қосқан зор үлесін ерекше атап өтті.
Өз баяндамаларында әріптестері, шәкірттері мен серіктестері мерейтой иесінің жоғары кәсібилігін, принципшілдігін, ғылыми көрегендігін және өз ісіне адалдығын атап өтті. Оның ғылыми еңбектері мен педагогикалық қызметі қазіргі құқықтық мектептің қалыптасуына және заңгерлік білім берудің дамуына айтарлықтай ықпал еткені айтылды.
Конференция өзара пікір алмасу, ғылыми ынтымақтастық және конструктивті диалог жағдайында өтті. Іс-шара қорытындысы бойынша заң ғылымын одан әрі дамытуға және халықаралық ғылыми байланыстарды нығайтуға бағытталған ұсыныстар қабылданды.
Аталған конференцияны өткізу Қайрат Тұрлыбайұлы Битемировтың еңбегін мойындаудың белгісі ғана емес, сонымен қатар қазіргі заманғы юриспруденцияның өзекті мәселелерін талқылауға арналған маңызды алаң болды.
12/03/2026
Тәуелсіздік сарайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысуымен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумы өтуі – еліміздің өңірлік басқару жүйесін дамытудағы маңызды қадам. Бұл форум жергілікті өкілді органдардың рөлін күшейтіп, халық пен билік арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған маңызды диалог алаңы деп есептеймін. Мәслихат депутаттарының тәжірибе алмасуы мен өзекті мәселелерді талқылауы өңірлердің тұрақты дамуына және тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға оң әсерін тигізеді.
Академик Қ.Битемиров.
08/03/2026
С ПРАЗДНИКОМ ВЕСНЫ С МЕЖДУНАРОДНЫМ ЖЕНСКИМ ДНЕМ!!!!
28/02/2026
Жаңа Конституция: қазіргі жоба аясындағы құқықтық реформалардың мазмұны мен маңызы
Қазіргі кезеңдегі конституциялық реформалар – мемлекеттің саяси-құқықтық эволюциясының заңды жалғасы. Жаңа Конституция жобасы тек жекелеген нормаларды түзетуді емес, мемлекеттік басқару философиясын қайта қарауды көздейді. Бұл үдеріс құқықтық мемлекет қағидаттарын тереңдетуге, билік тармақтарының өзара теңгерімін нақтылауға және азаматтардың конституциялық мәртебесін күшейтуге бағытталған.
Жобадағы маңызды өзгерістердің бірі – билік тармақтарының арақатынасын қайта жүйелеу. Президент институтының өкілеттіктерін қайта бөлу, Парламенттің заң шығару қызметіндегі рөлін арттыру, Үкіметтің жауапкершілік аясын нақтылау – мұның барлығы басқару жүйесін институционалдық тұрғыдан жаңғыртуға арналған. Теориялық тұрғыдан алғанда, мұндай трансформация саяси шешімдерді қабылдау процесінің ашықтығын қамтамасыз етуі тиіс. Алайда құқықтық нормалардың тиімділігі олардың формальды бекітілуімен емес, нақты саяси тәжірибемен өлшенеді.
Сонымен қатар Конституциялық сот институтының енгізілуі конституциялық бақылау механизмдерін сапалы жаңа деңгейге көтереді. Азаматтардың тікелей жүгіну мүмкіндігі – жеке тұлғаның құқықтық субъектілігін мойындаудың айқын көрінісі. Бұл қадам конституциялық әділеттілік принципін күшейтіп, негізгі құқықтар мен бостандықтарды қорғаудың қосымша кепілдігін қалыптастырады. Дегенмен, аталған институттың тәуелсіздігі мен кәсіби құрамы оның шынайы тиімділігін айқындайтын басты факторлар болмақ.
Жоба аясында жер мен табиғи ресурстарға қатысты нормалардың нақтылануы да ерекше назар аудартады. Табиғи байлықтардың халық игілігі екендігін айқындау – әлеуметтік мемлекет тұжырымдамасын нығайтатын қағида. Бұл ереже экономикалық саясаттың қоғамдық мүддеге бағдарлануын талап етеді. Алайда декларативті ұстанымдар нақты құқықтық және экономикалық тетіктермен толықтырылмаса, олардың әлеуеті толық ашылмайды.
Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін дамытуға бағытталған түзетулер де орталықсыздандыру үрдісінің жалғасы болып табылады. Аймақтардың дербестігін арттыру, өкілді органдардың ықпалын күшейту – демократиялық мәдениетті қалыптастырудың маңызды шарты. Бұл ретте басқару тиімділігі мен қоғамдық бақылау арасындағы үйлесімді сақтау шешуші мәнге ие.
Қорытындылай келе, жаңа Конституцияның қазіргі жобасы – мемлекет дамуының сапалық кезеңіне өтуге жасалған талпыныс. Ол құқықтық жүйені жаңғыртуға, саяси институттардың теңгерімін қамтамасыз етуге және азаматтардың конституциялық кепілдіктерін күшейтуге бағытталған. Дегенмен, кез келген конституциялық реформа өзінің шынайы құндылығын оны іске асыру деңгейімен дәлелдейді. Сондықтан құқықтық мәдениет, институционалдық тұрақтылық және қоғамдық жауапкершілік – жаңа конституциялық модельдің табысты болуына ықпал ететін негізгі алғышарттар болып табылады.
з.ғ.к., профессор Ж.Қ.Орынтаев
24/02/2026
КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМА – АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРЕДІ.
Жаңа Конституциясының жобасының халық арасында кеңінен талқылануы тарихи оқиға. Конституция қоғам мен биліктің келісім үлгісі ретінде қабылданған саяси-құқықтық маңызды құжат. Конституциялық реформа жөніндегі комиссия тұрақты кездесулер ұйымдастырып, халықтың ұсыныс, тілектеріне құлақ асты. Белсенді азаматтар өз үнін қосып пікірлері мен ұсыныстарын e-Otinish және eGov порталдары арқылы жолдады. Осылайша, жаңа реформаны кеңінен әрі қарқынды талқылау шамамен алты айға созылды. Осы кезең ішінде Жұмыс тобы азаматтардан түскен мыңдаған ұсыныстарды жан-жақты қарап, жүйелеп шықты.
Конституциямыздың жобасына ұсыныс білдіру заңгерлер үшін зор жауапкершілік жүктейді. Сонымен қатар, қоғамның барлық мүшесіде бей-жай қалмайтыныда сөзсіз. Билік өкілдері болсын, қарапайым халық болсын бәріміз үшін мемлекет қастерлі ұғым. Барлығымыз жанашырлық танытамыз, оң өзгерістерге қолдау білдіреміз.
Конституция жобасының жекелеген баптарын сөз етер болсақ, әсіресе “мемлекеттің ең жоғары құндылығы – адам мен оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары”-деп көрсетілуі өте орынды. Себебі, адам өмірі мен құқықтары шын мәнісінде ең жоғары құндылық екені ақиқат. Адам мен оның өмірі, құқықтары мен бостандықтарын-құндылық ретінде дәріптеу, құқықтық баға беру орынды. Қәзіргі қолданыстағы конституциялық нормада “ең қымбат қазынасы”-деген, сөзге қарағанда “ең қымбат қазынасы” ұғымы үйлесімді, әрі нақты мәнін ашады.
Сонымен қатар Конституция жобасының 3-бабында көрсетілген Қазақстан Республикасы қызметінің негіз құраушы қағидаттары ретінде; адам құқықтары мен бостандықтарын сақтау-деп, көрсетілуі адам құқықтары мен бостандықтарына қаншалықты мән беретінін көрсетеді.
Ал, преамбуласындағы “Біз, біртұтас Қазақстан халқы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары мүлтіксіз сақталатынын мәлімдеп-осы Конституцияны қабылдаймыз-деп, көрсетілуі саяси-құқықтық сипатын көрсетеді.
Жалпы, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтің ел басқару кезеңінде қолға алынған Конституция жобасы еліміздің өсіп, өркендеуі жолындағы нақты қадамдарының бірі ретінде, еліміздің жарқын болашағына қызмет ететініне сенемін.
з.ғ.к., доцент Битемиров Қ.Т.
23/02/2026
«Әділ заң — тірегің».
Жүсіп Баласағұни.
2026 жылы 15 наурызда референдум арқылы қабылданатын жаңа Конституция — әділетті Қазақстан идеясы мен заң және тәртіп қағидатын, Адам құқықтарына басымдықты мемлекеттік саясаттың негізі ретінде қарастыратын еліміздің басты құжаты болады.
Айта кететін жайт, әлем елдері озық тәжірибе ретінде қолданып жүрген «Миранда ережесі», енді Қазақстанда да адам құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған жаңа Конституцияда құқықтық норма ретінде бекітілді.
Мен өзімнің заң саласындағы құқық қорғау органдарында тергеуші болып бастаған және заң ғылымдарының кандидаты ретіндегі 40-жылдық өмірлік тәжірибемде Қазақстандағы қылмыстық іс жүргізу заңнамасында «Миранда ережесі» кейбір баптарында ғана көрініс бергенін айта аламын. Атап айтқанда, «Миранда ережесі» қолданыстағы қылмыстық процестік кодекстің 131-бабында (ұстау), 64-бабында (күдікті) және 216-бабында (жауап алу тәртібі) бекітілген.
Осы қағидаттың маңызды бөлігі ретінде – адвокатура институтының Конституция деңгейінде бекітілуі, адвокаттың мәртебесі прокурорлармен теңескені - адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың нормасы ретінде бекітілуі - әділеттік сезімін күшейтеді.
Елдің болашақ бағытына көрегендікпен болжам жасап, барлық жауапкершілікпен құқықтық реформаға қадам жасаған президентіміздің рөлі айрықша екенін атап өткім келеді.
Біз Президентімізді осындай ел тағдырының жаңа белесіне қадам басқан кезде жарқын болашағымыздың темірқазығы болатын жаңа Ата заңымызға референдумда бір тұтас ел болып дауыс бергеніміз - баршамыздың азаматтық парызымыз деп айтқым келеді.
Заң ғылымдарының кандидаты Исмаилов А.А.
14/02/2026
«Мейрімділік - адамгершіліктің қозғаушы күші»
Адамзат баласының бойындағы ең асыл қасиеттердің бірі - мейірімділік. Ол - жүректен шығатын жылу, өзгеге жанашырлық таныту, көмек қолын созу, түсіне білу және кешіре алу қабілеті. Мейірімділік бар жерде адамгершілік салтанат құрады, ал адамгершілік – қоғамның берік іргетасы.
Қай заманда да халқымыз ізгілік пен қайырымдылықты жоғары бағалаған. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деп, адам бойындағы жақсы қасиеттерді дәріптеген. Мейірімділік - тек жеке адамның емес, тұтас қоғамның рухани дамуына әсер ететін күш. Ол адамдар арасындағы сенімді арттырып, татулық пен бірлікті нығайтады.
«Мейрімділік - адамгершіліктің қозғаушы күші» деген атаумен 13.02.2026ж. Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасына қарасты «Мамандандырылған бөбектер үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қайырымдылық іс-шарасы өтті.
Аталған іс-шараны М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу» кафедрасының меңгерушісі Г.Р.Рахметова, аға оқытушылар А.А. Исмаилов, А.Е. Жақсыбаева, Н.М. Салыбек, М.Т. Блашева, А.А. Альшуразова және Шымкент қаласының білім басқармасы Әдістемелік орталығының заңгері Ш.Ш.Сартаеваның қатысуымен бірлесе ұйымдастырылды. Бөбектер үйі қажетті заттармен қамтамасыз етілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты- мейірімділік, жанашырлық, қайырымдылық сияқты адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру және дамыту. Адамды құрметтеу, өзгеге көмек көрсету, үлкенге ізет, кішіге қамқор болу секілді ізгі құндылықтардың маңызын ұғыну.
Алдағы уақытта осындай іс - шара жалғасын табады.