Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университет

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университет

Share

Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университет, Campus Building, Байтурсынова 13, Shymkent.

Photos from Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университет's post 20/04/2026

◾️Құрметті барша қазақ елі, қазақ әдебиетінің қадірлі қауымы! Ақын Мұхтар Шахановтың отбасы мен жақын туыстары!

◾️Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің ұжымы атынан және жеке өз атымнан Мұхтар Шахановтың дүниеден өтуіне байланысты қайғыларыңызға ортақтасып, көңіл айтамын.
Мұхтар Шаханов – ұлт руханиятының биік тұлғасы, ана тілі мен ел тағдырын поэзиясына арқау еткен бірегей ақын еді. Оның шығармалары елдік сананы оятып, ұлтқа деген сүйіспеншілікті тереңнен қозғады. Ақынның азаматтық ұстанымы, шынайы отаншылдығы, марапаттан биік тұрған адамгершілік болмысы көпке үлгі болып қала береді.

◾️Ол – біздің оқу ордамыздың, 1969 жылғы түлегі, университетіміздің мақтанышы. Осындай дара тұлғаны тәрбиелеген білім ордасы ретінде біз оның жарқын бейнесін әрдайым құрметпен еске аламыз.
Орны толмас қазаға байланысты Сіздерге сабыр мен төзім тілейміз. Артында қалған мол рухани мұрасы халқымен бірге мәңгі жасай беретініне сеніміміз мол.
Қайғыға ортақпыз.

◾️Құрметпен,
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы
Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы – Ректор м.а. Әлібек Нұртаев.

#МұхтарШаханов

Photos from Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университет's post 18/04/2026

🔹Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен 6B02206 – «Дінтану» білім беру бағдарламасы бойынша жоғары оқу орындарының студенттері арасында «Жасанды интеллект пен цифрландыру кезеңіндегі дін» тақырыбындағы XVIII Республикалық пәндік олимпиадада Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің Әлем тарихы және дінтану кафедрасының аға оқытушысы, дінтанушы Бесбаев Мади Абзелбекұлының жетекшілігімен 6В01602 – «Тарих-дінтану» білім беру бағдарламасының 3–4 курс студенттері Тұран Өсер, Жақсылық Ерасыл, Азимов Мухаммадамин “Жәнібеков жігіттері” алғаш рет қатысып, командалық топпен жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі ІІ орын иеленді! 🥈Жеке номинация бойынша Тұран Өсер 3- орынды иеленді.

🔹Бұл – студенттеріміздің терең білімін, ізденісін және бәсекеге қабілеттілігін дәлелдейтін маңызды жетістік. 👏

🔹Жеңістеріңіз құтты болсын! Биіктерден көріне беріңіздер!

#ПәндікОлимпиада

Photos from Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университет's post 18/04/2026

🔹ЖАҢАӨЗЕН ЖАСТАРЫНА ЖАҢА МҮМКІНДІК: АРНАЙЫ ГРАНТТАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

🔹Жаңаөзен қаласындағы іссапар мектептердегі кездесулермен жалғасты. Бүгінде қалада 36 мектеп жұмыс істейді, онда 1198 бітіруші түлек білім алуда. Бұл – өңірдің білім беру әлеуетін айқындайтын маңызды көрсеткіштердің бірі.

🔹Кездесу барысында Ө. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің білім беру бағдарламалары, ғылыми жетістіктері мен студенттерге жасалған мүмкіндіктері жан-жақты таныстырылды. Университеттің материалдық-техникалық базасы, академиялық ұтқырлық бағдарламалары, қос диплом мүмкіндіктері, сондай-ақ білікті профессор-оқытушылар құрамы туралы нақты мәліметтер ұсынылды.

🔹Сонымен қатар талапкерлерге Маңғыстау өңіріне арнайы бөлінген гранттар туралы кеңінен ақпарат беріліп, бұл мүмкіндіктердің өңір жастары үшін маңызы ерекше екені атап өтілді. Университет тарапынан гранттық негізде білім алуға қолжетімділікті арттыру, ауыл жастарын қолдау және кадрлық әлеуетті күшейту бағытындағы жұмыстарға ерекше көңіл бөлінетіні жеткізілді.

🔹Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандық таңдау, грантқа түсу шарттары, студенттік өмір мен оқу үдерісі туралы толыққанды жауап алды. Мұндай кездесулер жастардың кәсіби бағдарын айқындауға, саналы таңдау жасауына және жоғары білімге деген қызығушылығын арттыруға ықпал ететіні атап өтілді.

🔹Іссапардың негізгі мақсаты – өңіраралық ынтымақтастықты нығайту, талапкерлерге сапалы бағыт-бағдар беру және университет пен мектеп арасындағы байланысты күшейту. Осындай мазмұнды кездесулер алдағы уақытта да жалғасын табады.

Фото Береке Сейітжаппар

#МаңғыстауСапары

Photos from Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университет's post 17/04/2026

🔹Жәнібеков Университеті ресми делегациясының Маңғыстау өңіріне сапары сәтті жалғасын тауып, Басқарма төрағасы-Ректор м.а. Әлібек Нұрбайұлы Нұртаев бүгін облыс әкімі Нұрдәулет Игілікұлы Қилыбаймен кездесті. Университет Ректоры өңір басшысына шырайлы шахардың ыстық сәлемін жеткізіп, оқу ордамыз туралы ақпарат берді. Сонымен қатар, жаңа басшылықпен қарқынды дамып, ерекше түрленген Шымкент қаласының артықшылықтарын айтып, өңір жастарын қызықтырар бірқатар жобалар ұсынды.

🔹 Облыс әкімі өз кезегінде Жәнібеков Университетінде білім алып жатқан Жаңаөзен жастарына жасалған қолдау мен қамқорлық үшін ерекше алғысын білдірді. Кездесу жоғары білім саласына қатысты бірқатар жобаларды екі жақты талқылаумен жалғасын тауып, алдағы уақытта жасалатын шаралар жоспарланып, пысықталды.

🔹 Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай Маңғыстау облысы жастарының басқа қалаларда білім алуының өңіраралық байланысқа да оң септігін тигізерін атап өтіп, жаңа технологиялық мүмкіндіктер арқылы мектеп бітірушілеріне Жәнібеков университетін қашықтықтан таныстыру мүмкіндігін қарастыруды сұрады. Кездесу оң шешімдермен қорытындыланып, естелік суретпен түйінделді.

Фото Береке Сейітжаппар

#МаңғыстауСапары

Photos from Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университет's post 17/04/2026

ЖАҢАӨЗЕН ӘКІМІ ҚАБЫЛДАУЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ

🔹Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің делегациясын Жаңаөзен қаласының әкімі Қайнарбаев Жансейт Смаханұлы арнайы қабылдады. Қабылдау барысында өңірдегі білім беру саласының даму бағыттары мен өзекті мәселелері жан-жақты талқыланды.

🔹Кездесудің негізгі мақсаты – өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ Маңғыстау өңірінің жастарына арнайы бөлініп жатқан білім беру гранттары туралы ақпарат жеткізу болды. Бұл бастама талапкерлерге сапалы жоғары білім алуға қосымша мүмкіндік беріп, олардың болашақ кәсіби бағытын дұрыс таңдауға ықпал ететіні атап өтілді.

🔹Қала әкімі өз сөзінде білім сапасын арттыру, мектеп бітіруші түлектерді кәсіби бағдарлау және өңірге қажетті білікті мамандарды даярлау мәселелеріне ерекше тоқталды. Сонымен қатар, қазіргі таңда жүзеге асырылып жатқан «Жарқын болашақ» бағдарламасының маңыздылығын атап өтіп, бағдарлама аясында 792 оқушының Қазақстанның әртүрлі өңірлерінде білім алып жатқанын жеткізді.

🔹Кездесу барысында Қайнарбаев Жансейт Смаханұлы өңір жастарына арналған арнайы білім беру гранттарының бар екенін оқушыларға кеңінен түсіндіруді сұрады. Сонымен қатар, университет делегациясының кәсіби бағдар беру бағытындағы жұмыстарын жоғары бағалап, осындай түсіндіру кездесулерін жиі өткізіп, өңірге тұрақты түрде келіп тұру жөнінде ұсыныс білдірді.
Өз кезегінде университет өкілдері өңірмен әріптестікті одан әрі дамытуға, талапкерлерге жан-жақты ақпарат беруге және білім беру саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екендіктерін жеткізді.

Фото Береке Сейітжаппар

#Маңғыстаусапары

Photos from Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университет's post 17/04/2026

🔹 ӨҢІРАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ: ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІ — МАҢҒЫСТАУДА!

🔹Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің делегациясы Маңғыстау өңіріне кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізу мақсатында арнайы іссапармен келді. Бұл бастаманың басты мақсаты – өңіраралық байланысты нығайту, талапкерлерге сапалы білім алудың мүмкіндіктерін кеңінен таныстыру және жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеру.
Іссапар барысында делегация мүшелерін Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Асхат Раздықұлы Оралов қабылдап, өңірдегі білім беру жүйесінің өзекті мәселелері, педагог кадрларды даярлау және бірлескен жобаларды жүзеге асыру бағыттары талқыланды.

🔹Кездесу барысында тараптар алдағы уақытта білім беру, ғылым және тәжірибе алмасу бағытында тығыз байланыс орнатуға мүдделілік танытты.
Сонымен қатар, университет делегациясы Маңғыстау арнасы телеарнасына арнайы сұхбат беріп, оқу орнының білім беру бағдарламалары, ғылыми әлеуеті мен заманауи бағыттары туралы кеңінен ақпарат ұсынды. Сұхбат барысында талапкерлер үшін жасалып жатқан мүмкіндіктер, оның ішінде Маңғыстау өңірінің жастарына арнайы білім беру гранттарының бөлініп жатқаны да ерекше атап өтілді. Бұл бастама – өңір жастарына қолдау көрсетуге және олардың сапалы жоғары білім алуына жол ашуға бағытталған маңызды қадам.

🔹Делегация іссапары аясында өңір мектептері мен білім беру ұйымдарында кездесулер өткізу, оқушыларға кәсіби бағдар беру, университетке түсу шарттары мен білім беру бағдарламалары туралы түсіндіру жұмыстары да жоспарланған. Бұл кездесулер талапкерлердің болашақ мамандықты саналы таңдауына ықпал етпек.
Іссапар барысы Жаңаөзен қаласында жалғасын тауып, кәсіби бағдар беру бағытындағы кездесулермен, ашық диалог алаңдарымен және мектеп бітіруші түлектермен жүздесулермен жалғаспақ.

Фото Береке Сейітжаппар

#Маңыстау
#Өңіраралық #Ынтымақтастық

Photos from Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университет's post 15/04/2026

🔹РЫСДӘУЛЕТ — ЖІГІТ СҰЛТАНЫ, ДИАНА — ОҚПУ АРУЫ!

🔹Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-да «Қыз сыны және Жігіт сұлтаны – 2026» байқауы өтті. Сайыс жастардың өнерін, білімін, ұлттық құндылықтарға деген құрметін және жан-жақты қабілетін танытуға арналды. Аталған байқауға университеттің әр факультетінен бір жігіт, бір қыз қатысып, өзара бақ сынады. Қатысушылар физика-математика, тарих және педагогика, жаратылыстану, филология, дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ өнер және білім факультеттерінің намысын қорғады.

🔹Байқау екі негізгі номинация бойынша ұйымдастырылды: «Қыз сыны» және «Жігіт сұлтаны». Алғашқы «Таныстыру» кезеңінде қатысушылар өздерін ерекше үлгіде таныстырып, шығармашылық қабілеті мен сахна мәдениетін көрсетті. Екінші «Өнерлі өрге жүзер» кезеңінде үміткерлер ән айту, би билеу, күй орындау, спорттық немесе сахналық өнер арқылы өз таланттарын паш етті.

🔹 Үшінші «Сұлу мен сымбат» кезеңінде қатысушылар ұлттық киім үлгілерін көрсетіп, сахнада өзін-өзі ұстау мәдениеті мен әсем жүріс-тұрысын көрсетті. Ал соңғы «Тұлға – Дәстүр – Тәуелсіздік» кезеңінде қатысушылардың білім деңгейі сынға түсіп, оларға қазақ халқының салт-дәстүрі, Тәуелсіз Қазақстан жетістіктері мен Өзбекәлі Жәнібековтің өмірі, еңбегі туралы сұрақтар қойылды.

🔹 Байқауды университет Басқарма төрағасы-ректор м.а. Әлібек Нұртаев тамашалады. Тәрбие және жастар саясаты департаменті директоры Қайрат Анарбаев бастаған тәжірибелі әрі білікті мамандардан құралған қазылар алқасы төрелік етті. Олар қатысушылардың өнерін, сахнадағы мәдениетін және білім деңгейін бағалады. Нәтижесінде филология факультетінің студенттері Рысдәулет Смайлов «Жігіт сұлтаны» атанса, Диана Досболова ОҚПУ аруы деп танылды. Байқау жеңімпаздары марапатталып, арнайы номинациялар бойынша үздіктерге дипломдар мен алғыс хаттар табысталды. Жалпы, бұл байқау тек жарыс емес, жастардың бойындағы өнер мен білімді, ұлттық тәрбиені дәріптейтін рухани-мәдени кеш болды.

Фото Береке Сейітжаппар

#БозбаламенБойжеткен

Photos from Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университет's post 14/04/2026

🎓 Ғылым күні құтты болсын!

Университетте Ғылым күніне орай 35 студент ақшалай сыйлықпен марапатталды.
🏆 Белсенді ғылыми-зерттеу жұмыстары мен жетістіктері үшін үздік студенттерге құрмет көрсетіліп, олардың еңбегі жоғары бағаланды.

📸 Жас ғалымдардың фотоафишасы назарларыңызға ұсынылады. Оларға сәттілік пен жаңа жетістік тілейміз!

#ЖасҒалымдар

Photos from Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университет's post 14/04/2026

🔹Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті студенттеріне Қазақстандағы жаңа Конституцияны жүзеге асыру тетіктері түсіндірілді. Кездесу барысында Тәрбие және жастар саясаты департаментінің директоры Қайрат Анарбаев Конституциялық реформалардың негізгі бағыттарына тоқталып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту мәселелерін талқылады.

🔹Шараның мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, Конституцияның қоғам өміріндегі рөлін түсіндіру және студенттерді белсенді азаматтық ұстанымға шақыру болды. Сонымен қатар қатысушылар өз сұрақтарын қойып, реформалардың іс жүзінде қалай жүзеге асырылатыны жөнінде толық мәлімет алды.

#ЖаңаКонституция

Photos from Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университет's post 14/04/2026
Want your school to be the top-listed School/college in Shymkent?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Category

Address


Байтурсынова 13
Shymkent
160016