Құрметті ата-аналар мен талапкерлер!
17 мамыр күні Шымкент “БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ” лицейіне қабылдау емтиханы өтетінін еске саламыз.
Емтихан рұқсатнамада көрсетілген уақытта және мекенжай бойынша өткізіледі. Талапкерлерден емтихан басталу уақытынан кемінде 30 минут бұрын келулерін сұраймыз.
Өзіңізбен бірге:
• алдын ала жіберілген рұқсатнама;
• туу туралы куәлік;
• көк немесе қара пасталы қалам алып келу қажет.
Кешікпеулеріңізді сұраймыз.
Барлық талапкерлерге сәттілік тілейміз!
Шымкент Білім Инновация Лицейі
Шымкент Білім-Инновация Лицейі
Лицейімізде ерекше форматта тәрбие сағаттары ұйымдастырылды 🇰🇿
Әр сыныпқа оқушыларымыздың әкелері арнайы қатысып, өскелең ұрпақпен маңызды әңгіме өрбітті.
👨👧👦 Әкелер өз өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп,
елге деген сүйіспеншілік, жауапкершілік,
нағыз азамат болу туралы ой қозғады.
💬 Кездесу барысында:
– Отанды сүю – әр азаматтың парызы екені,
– Ел мен жерді құрметтеу – басты құндылықтардың бірі екені,
– Патриотизм тек сөз емес, іс арқылы дәлелденетіні айтылды.
✨ Мұндай тағылымды кездесулер оқушылардың бойында
отансүйгіштік сезімді қалыптастырып,
оларға дұрыс бағыт-бағдар беретіні сөзсіз.
Лицей әкелеріне белсенді қатысқандары үшін алғыс білдіреміз! 🤝
📍1st South Math Battles өз мәресіне жетті
18–19 сәуір күндері Тараз, Шымкент, Түркістан, Қызылорда және Сарыағаш қалаларынан жиналған 8 команда өзара бақ сынасты. Олимпиада ер балаларға арналған Шымкент Білім Инновация лицей базасында өтті.
Ойын өте қызықты, тартысты әрі ерекше атмосферада өтті 🔥
Финалда Inprime және TurkistanBil командалары тең түсіп, қосымша blitz туры ұйымдастырылды.
Нәтижесінде:
🥇 1-орын – TurkistanBil (Түркістан ер БИЛ)
🥈 2-орын – Inprime (Шымкент ер БИЛ)
🥉 3-орын – Nine-Eleven (Қызылорда ер БИЛ)
🏅 4-орын – TarazMath(Тараз ер БИЛ)
Барлық қатысушыларды құттықтаймыз! Осындай білімге толы, шабыт беретін жарыстар көбейе берсін 💡📚
“Бүгін — арман, ертең — мақсат, ал бір күні — шындық.
‘Мен өскенде кім боламын?’ деген сұраққа әр жүрек өз жауабын іздеуде…”
09/04/2026
“Білім-инновация” лицейлеріне қабылдау уақыты ұзартылды.
27/03/2026
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Білім-инновация» ер балаларға арналған №1 лицей-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Келешек мектептері директор орынбасарлары, профориентаторлары мен сынып жетекшілеріне «College Counseling-ке алғашқы қадам атты профориентация семинары өткізілді.
📋Семинар Оқу ағарту министрлігі мен Алтынсарин академиясы ұйымдастыруымен Келешек мектептері мұғалімдеріне өткізілді.
Амал мерекесі құтты болсын!
10/03/2026
📢 6-сынып оқушыларына арналған БИЛ қабылдау емтиханы
Емтиханға тіркелу 1 ақпан – 12 сәуір 2026 ж. аралығында жүргізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін үміткердің ата-анасы немесе заңды өкілдері онлайн тіркеуден өтуі қажет:
🌐 www.bilemtihan.kz
Тіркелу үшін қажет құжаттар:
1️⃣ ЖСН көрсетілген туу туралы куәлік (оригинал немесе көшірмесі)
2️⃣ Үміткердің 3×4 көлеміндегі фотосуреті
Тестілеу пәндері:
• Математика және логика – 50 сұрақ
• Оқу сауаттылығы – 10 сұрақ
⏱ Тестілеуге бөлінетін уақыт: 110 минут
📍 Емтихан күні: 17 мамыр 2026 ж.
(Уақыты және өтетін орны рұқсатнамада(пропуск) көрсетіледі)
Барлық талаптарды орындап, конкурсқа қатысу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз! ✅
8 наурыз 🌷
Мектебімізде халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай ерекше концерт өтті. Бұл кешті ұйымдастыруға Әкелер кеңесі бастамашы болып, аналарымызға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Ән шырқалып, жылы лебіздер айтылып, аналарға деген құрмет ерекше сезілді.
Барша аналарды көктемнің шуақты мерекесімен құттықтаймыз!
Сіздерге денсаулық, қуаныш және отбасы бақыты тілейміз! 💐
Click here to claim your Sponsored Listing.
Location
Category
Contact the school
Telephone
Address
Адырбекова 135
Shymkent
160006
Opening Hours
| Monday | 08:30 - 17:00 |
| Tuesday | 08:30 - 17:00 |
| Wednesday | 08:30 - 17:00 |
| Thursday | 08:30 - 17:00 |
| Friday | 08:30 - 17:00 |
| Saturday | 08:30 - 13:00 |