📢 «МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ – МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ»
2026 жылдың 17 сәуір күні Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты «Политехникалық колледжінде» 2026–2027 оқу жылына арналған кәсіби бағдар беру жоспары аясында «Ашық есік күні» ұйымдастырылды.
Іс-шараға қаладағы №48, №49, №40, №42, №143, №52, №55 мектептерінің оқушылары мен ұстаздары қатысты.
🔹 Ашық есік күні барысында колледж оқытушылары болашақ талапкерлерді оқу орнының тарихымен, мамандықтарымен және оқу-материалдық базасымен таныстырды. Сонымен қатар, колледжге түсу тәртібі, оқу жүйесі және білім алудың артықшылықтары туралы жан-жақты ақпарат берілді.
🔹 Колледждің белсенді студенттері өз тәжірибелерімен бөлісіп, студенттік өмір мен қоғамдық іс-шараларға белсенді қатысу туралы айтып өтті. Олар оқушыларды біздің колледжде білім алуға шақырды.
🔹 Қонақтар колледждегі мамандықтар бойынша толық ақпарат алып, арнайы дайындалған бейнероликті тамашалады.
📌 Бұл іс-шара оқушыларға болашақ мамандығын дұрыс таңдауға бағыт-бағдар беріп, колледж өмірімен жақынырақ танысуға үлкен мүмкіндік сыйлады.
#ПолитехникалықКолледж #АшықЕсікКүні #МамандықТаңдау #Білім
Politehnikalyq Kolledj
Политехнический колледж ⠀
2026 жылдың 8 сәуір күні колледж студенттері «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында онлайн тест тапсырды.
Іс-шараның мақсаты – студенттердің кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, көркем шығармаларды меңгеру деңгейін анықтау, кітап оқу белсенділігін бағалау және үздік оқырмандарды іріктеу.
🔹Шымкенттегі түнгі рейд: құқық бұзушылықтардың алдын алу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету
Шымкент қаласында полиция қызметкерлері құқық бұзушылықтардың алдын алу, қылмыстың жолын кесу, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында түнгі рейдтік іс-шара өткізді.
Рейд барысында қоғамдық орындарда мас күйде жүрген, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті бұзған азаматтарды анықтауға ерекше назар аударылды. Анықталған барлық жайттар бойынша тиісті шаралар қабылданды.
Сонымен қатар, алкоголь өнімдерін сату талаптарының сақталуы бойынша дүкендер мен өзге де сауда нысандары тексерілді. Сауда орындарының иелерімен белгіленген қағидаларды қатаң сақтау қажеттігі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Бұдан бөлек, жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ немесе ҚР аумағында заңсыз жүрген тұлғаларды анықтау бойынша жұмыстар жүргізілді.
Аталған іс-шаралар құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қаладағы қауіпсіз ортаны қамтамасыз етуге бағытталған. Мұндай рейдтер тұрақты түрде өткізіледі.
*
🔹Ночной рейд в Шымкенте: профилактика и безопасность
В городе Шымкент сотрудниками полиции проведено ночное рейдовое мероприятие в целях профилактики и пресечен�
2026 жылдың 30 наурыз күні Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесі мен әйгілі қазақтың геолог-ғалымы, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туған күніне орай Шымкент қаласы білім басқармасының «Әдістемелік орталығы» мен Шымкент қаласы білім басқармасының «Политехникалық колледжінің» жылдық жұмыс жоспарына сәйкес жалпы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының I курс студенттерінің арасында «XXI ғасыр көшбасшысы» атты қалалық интеллектуалды ойын-сайысы өтті.
Білімді де білгір білім алушылардың дарынын ашу, кәсіби білімі мен белсенділіктерін арттыру және оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында өткен қалалық сайыста жалпы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан 19 студент бақ сынасты. Өзінің алғырлығымен, озық ойлы, білімді де білікті екенін дәлелдеп, 151 ұпаймен ортадан озып шыққан Шымкент қаласы білім басқармасының «Политехникалық колледжінің» студенті Ерғазы Али Бас жүлдені иеленіп, «ХХI ғасыр көшбасшысы 2026» атанды. Сонымен қатар, I орынды 144 ұпаймен Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті жанындағы Ж.Аймауытұлы атындағы көпсалалы колледжінің студенті Әмірхан Жанерке, , II орынды 134 ұпаймен «Отырар» колледжінің студенті Сыздық Үржан, III орынды 64 ұпаймен «Тамақтандыру және сервис колледжінің» студенті Кеназбай Жанна иеленді. Басқа да қатысушылар белсенділік танытқаны үшін Алғыс хатпен және Сертификатпен марапатталды.
#политехническийколледж
Қазақтың көркем киімі — ұрпаққа аманат. Мереке құтты болсын!
#политех #политехническийколледж
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты “Политехникалық колледжі” МКҚК,
Ақпараттық жүйелер бөлімінің ІІ курс 155у тобының студенттері мен топ жетекшісі Полатбекова Арай Науатбекқызының 01 – желтоқсан дүниежүзілік СПИТ – ке қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылып «СПИД – ғасыр дерті» тақырыбы мен өткен СПИД - тен сақтану, оның алдын алу және жастарға дұрыс ақпарат беру мақсатында маңызды танымдық іс - шара өткізді.
Шараның басты мақсаты – өскелең ұрпаққа ВИЧ/СПИД жайлы нақты әрі дұрыс мәлімет жеткізіп, қауіпті індеттен қорғанудың жолдарын көрсету, сондай-ақ салауатты өмір салтының маңызын кеңінен насихаттау.
Іс - шарамызға Психикалық денсаулық орталығының есірткі, алкоголь және психоактивті заттарға тәуелділікті диагностикалау, емдеу және алдын алу бағытында қызмет атқаратын маманы
Қорғанбаева Қарлығаш Жарқынбекқызы арнайы қатысып, құнды ақпараттарымен бөлісті.
Сонымен бірге іс - шарамызға 155у тобының ата – аналары мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Садыкова Жангүл Эрнестқызы,
бөлім меңгерушісі
Нұрбекова Әйгерім Болатбекқызы,
және колледжіміздің медқызметкері
Нұралымбек Ақбота Ауғанбайқызы қатысып, жастарға бағыт - бағдар беріп, денсаулықтың маңыздылығын айқындап өтті,
Осындай игі іс - шаралар – жастардың білімін кеңейтіп, олардың денсаулыққа саналы көзқараспен қарауына үлкен ықпал етеді.
#СПИДҒасырДерті #СалауаттыӨмірСалты #ПолитехникалықКолледж 155у
Бүгін 22.10.2025 ж. күні Шымкент қаласы білім басқармасының «Политехникалық колледжінде» МКҚК «ERG күні» өтті. Eurasian Resources Group (ERG) толық интеграцияланған энергетикалық, көліктік және маркетингтік операциялары бола отырып, табиғи ресурстарды өндіру және қайта өңдеу саласындағы әлемдегі жетекші әрі неғұрлым әртараптандырылған компаниялардың бірі болып табылады. Топ әлемнің 20 елінде төрт құрлықта ұсынылған және саладағы ең ірі жұмыс берушілердің бірі болып табылады. Іс-шара шеңберінде Шымкент қаласының «Энергоорталық-3» АҚ өкілдері келіп, Политехникалық колледжінің «Энергетика және электротехника» мамандығының 3-4 курс студенттерімен кездесті. Кездесу барысында ERG компаниясы туралы қызықты фильм: компанияның даму болашағы, мансаптық өсу мүмкіндіктері, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі жүзеге асыру, барлық қатысушыларды бірден қызықтырды. «Сұрақ-жауап» сессиясы қатысушылардың ұсынылған ақпаратқа қызығушылығын көрсетті. Іс-шараның екінші бөлімінде зияткерлік ойын (Квиз) өтті. Он адамнан тұратын алты команда ең ақылдысын анықтауға шешім қабылдады. Қызу пікірталас, қатты талқылау, жеңіске деген ұмтылыс-ойын барысында осындай атмосфера орнады. Іс-шара соңынан компания ұйымдастырған кофе-брейк болды. Келесі жылға «ERG күнін» күтеміз!
#политехникалықколледж
#бітірушітүлектер
#энергоорталық3АҚ
#кәсібибағдаржұмыстары
#энергетикасаласы
«ТжКБ жүрегі / Сердце ТиПО» флешмобы
2 қазан – Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері күніне орай Шымкент қаласы білім басқармасының Политехникалық колледжінде ерекше мәнге ие «ТжКБ жүрегі / Сердце ТиПО» флешмобы өтті.
Бұл шараның басты мақсаты – техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің ашықтығын көрсету, бірлік пен ұйымшылдықты нығайту.
Колледж ауласында студенттер мен оқытушылар үлкен жүрек пішінінде сапқа тұрды. Биіктіктен қарағанда бұл бейне – бірліктің, ынтымақ пен татулықтың айқын символына айналды ❤️.
Флешмобтың ерекше сәттері дрон арқылы бейнетаспаға түсіріліп, көпшілікке ұсынылды. Бұл бастама жастардың ортақ мақсатқа жұмылуын, ТжКБ жүйесіндегі бірлік пен рухани тұтастықты тағы да дәлелдеді.
Ұйымдастырушы: колледж бөлім меңгерушісі Джумалиева Дана Ерболқызы
#біздіңТжКБ #нашеТиПО #біртұтастәрбие #Шымбіртұтас #Политехникалықколледжі #ТжКБжүрегіфлешмобы
⸻
Click here to claim your Sponsored Listing.
Location
Category
Contact the school
Telephone
Website
Address
Улица Желтоксан 30
Shymkent
Opening Hours
| Monday | 08:00 - 18:00 |
| Tuesday | 08:00 - 18:00 |
| Wednesday | 08:00 - 18:00 |
| Thursday | 08:00 - 18:00 |
| Friday | 08:00 - 18:00 |
| Saturday | 08:00 - 18:00 |