20/03/2025
М.Өтебаев атындағы жоғарғы жаңа технологиялар колледжі
Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from М.Өтебаев атындағы жоғарғы жаңа технологиялар колледжі, School, Shymkent.
20/03/2025
26/02/2025
«Досыңа кітап сыйла» іс-шарасы
М.Өтебаев ЖЖТК кітапханасында «Досыңа кітап сыйла»* атты ерекше іс-шара өтті! Бұл акцияның басты мақсаты — кітап оқуды насихаттап, достарымызбен біліммен бөлісу.
Негізгі ой:
- Кітап — ең құнды сыйлық, ол жаңа ойлар мен идеялар әлеміне есік ашады.
- Әрбір кітап — бұл жаңа әлем, жаңа білім, жаңа тәжірибе! 🌍
- Досымызға кітап сыйлап, оның ой-өрісін кеңейту — бұл керемет көңіл күй мен шабыт сыйлаудың бір жолы!
💬 Іс шара барысында:
- Студенттер бір-біріне өздері ұнататын кітаптарды сыйлады.
- Әр кітаптың маңызы мен авторы туралы қысқаша әңгімелер айтылды.
- Кітапты сыйлау арқылы бір-бірімізге жаңа білім мен күш-қуат сыйладық!
Кітап — бұл бізді біріктіретін құрал. Оны сыйлау — ең жақсы дәстүр! Бүгінгі іс-шара бізді кітаптың құндылығын бағалауға және достарымызбен біліммен бөлісуге шақырады.
📖 Сіз өз досыңызға қандай кітап сыйлар едіңіз? Пікірлеріңізді жазып, бізбен бөлісіңіз!
#ДосыңаКітапСыйла #Кітап #Білім #Колледж
26/02/2025
IT-әлемі 2025
Ұйымдастырушылар: «М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжі» МКҚК «Бағдарламалау және ЕТ» кафедарсы оқытушылары Турлыбекова Б.К., Батырова П.М.
Тақырыбы: «IT-әлемі 2025» колледжаралық байқау
Өтетін орны: 115 конференц залы
Өткізілген күні: 19.02.2025ж.
«IT-әлемі 2025» Жұмысшы мамандықтар жылына байланысты колледжаралық байқау ұйымдастырылды. Байқаудың мақсаты — жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын арттыра отырып, IT технологиялардың жұмысшы мамандықтарында қолданылуын көрсету және колледж студенттерінің инновациялық идеяларын қолдау. Ақпараттық және инновациялық технологиялар саласындағы дарынды жастарды анықтау және қолдау, тәжірибелік дағдыларын арттыру, «WorldSkills» қозғалысындағы «Бизнес үшін IT шешімдер» және «Мобильді қосымшаларды әзірлеу» құзіреттіліктеріне негізделген бағдарламалық құралды, аппараттық құралдарды, инфрақұрылымды және қызметтерді қамтитын кешенді жүйелер тиімділігін арттыру, шығындарды азайту және жаңа мүмкіндіктерді ашу, нарықтағы позициясын нығайту, студенттердің мотивациясын арттыру, экономиканың әртүрлі салаларында, кәсіпорындарда IT мамандардың дағдыларын қалыптастыру. «IT-әлемі 2025» колледжаралық байқауында ұсынылған заманауи бағдарламалық қамтамасыз етуді, аппараттық-бағдарламалық құралдарды және инновациялық шешімдерді танымал ету. Байқауда жас инноваторлар, программистер, дизайнерлер және IT саласының басқа да бағытындағы дарынды жандардың ең үздік жұмыстарын тамашаланды. Цифрлық дәуірде жастардың шығармашылық әлеуетін қолдау және олардың болашақ мүмкіндіктерін көрсетілді.
Click here to claim your Sponsored Listing.
Location
Category
Website
Address
Shymkent