Сексен үшінші мектеп Шымкент

Сексен үшінші мектеп Шымкент

Share

Шымкент қаласы 83 ЖОББМ тынысы

23/05/2026

Құрметті ата-аналар, ұстаздар және бітіруші түлектер!

Оқу жылының аяқталуына байланысты қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті сақтау – баршамызға ортақ міндет.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы №106-НҚ бұйрығына және Шымкент қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 13 мамырдағы №2064 қаулысына сәйкес, мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында:

— мейрамхана, кафе, банкет залдарында бітіру кештерін өткізуге;
— автокортеж ұйымдастыруға;
— таңды қарсы алу, табиғат аясында, алау жағу іс-шараларын өткізуге;
— ата-аналардан заңсыз ақша жинауға, сыйлықтар мен жарна талап етуге;
— аниматорларды, мерекелік агенттіктер мен жеке студияларды тартуға;
— мерекелік дастархан ұйымдастыруға;
— мектеп әкімшілігі мен педагогтерге сыйлық алу үшін қаражат жинауға ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.

Аттестат тапсыру рәсімдері тек білім беру ұйымдарының қабырғасында өткізіледі.

Барша ата-аналардан балалардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауды сұраймыз. Жол қозғалысы ережелерін сақтау, түнгі уақытта бақылаусыз жүрмеу, көлік кортеждеріне қатыспау – әр оқушының қауіпсіздігі үшін маңызды.

Заң мен тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілі!

22/05/2026

“ Назар аударыңыз “ атты республикалық акциясы.

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты N 83 жалпы орта білім беретін мектебінде 21 мамыр күні 11-сыныптарға жиын өтті.
18-28 мамыр аралығындағы Бала қауіпсіздігі іс шарасы бойынша құқық бұзушылықтың алдын алу профилактикасы.

22/05/2026

ОҚУ ЖЫЛЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН!

🔔 ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР, ҰСТАЗДАР ЖӘНЕ МЕКТЕП БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕР!

Білім алушыларымыз үшін тағы бір оқу жылы өз мәресіне жетті. 25 мамыр – барлық сыныптар үшін оқу сабақтарының ресми аяқталу күні. Дәл осы күні мектебіміздің алтын ұясынан ұшқалы тұрған 11-сынып бітіруші түлектері үшін «Білімім – Отаныма!» тақырыбындағы салтанатты іс-шара өтеді.
Бұл күн – баршамыз үшін ерекше толқынысты әрі жауапты сәт. Оқу жылының аяқталуын жоғары деңгейде, ұйымдасқан түрде, ең бастысы – балаларымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, заңдылық пен педагогикалық әдеп нормаларын сақтай отырып өткізу – біздің ортақ міндетіміз.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2026 жылғы 6 мамырдағы №3-05-4/3253-И хатын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V ҚРЗ Заңын орындау мақсатында, Шымкент қаласы білім басқармасының 2026 жылғы 12 мамырдағы №363 н/қ бұйрығына сәйкес, мектеп әкімшілігі төмендегі маңызды тәртіп ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.
📌 МАҢЫЗДЫ МЕРЗІМДЕР МЕН ІС-ШАРАЛАР КЕСТЕСІ:
✅ 25 мамыр – 1-11 (12)-сыныптар үшін оқу сабақтарының ресми аяқталу күні.
✅ 25 мамыр, сағат 09:00 - 09:45-те 11-сынып түлектеріне арналған «Білімім – Отаныма!» салтанатты іс-шарасы өтеді.
(Тек мектеп аумағында өткізіледі)
✅ 25 мамыр – барлық 1-11 сыныптарда «Адал азамат» тәрбие бағдарламасы аясында құндылықтарға бағытталған «Білімім – Отаныма!» атты бірыңғай республикалық сынып сағаттары ұйымдастырылады.
✅ 22 мамырға дейін – ата-аналар жиналыстары өткізіліп, жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері, лагерьлерді ұйымдастыру, емтихан өткізу тәртібі және мерекелік іс-шараларды өткізу талаптары түсіндіріледі.
✅ 18 маусым – негізгі орта (9-сынып) және жалпы орта (11-сынып) білім туралы аттестаттарды тапсыру салтанаты мектеп қабырғасында өткізіледі.
⚠️ ҚАУІПСІЗДІК ПЕН ТӘРТІП ТАЛАПТАРЫ
(ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ)
❌ Ата-аналардан, педагогтерден немесе оқушылардан кез келген көлемде ақша жинауға;
❌ Салтанатты іс-шараларды мейрамханаларда, дәмханаларда, табиғат аясында өткізуге;
❌ Көлік жалдап, шеру (кортеж) ұйымдастыруға;
❌ Аниматорлар, агенттіктер мен жеке студияларды тартуға;
❌ Мектеп аумағына сырттан дайын тағамдар мен сусындар алдыруға;
❌ 4 және 9-сынып бітірушілеріне арналған банкеттер мен салтанатты кештер ұйымдастыруға.
👔 КИІМ ҮЛГІСІ МЕН ӘДЕП НОРМАЛАРЫ:
🔹 Барлық білім алушылардың киім үлгісі мектеп формасына толық сәйкес болуы тиіс;
🔹 Шектен тыс сәнді, талапқа сай келмейтін киім үлгілеріне жол берілмейді;
🔹 Әдептілік, мәдениет және тәртіп сақтау – әр білім алушының міндеті.
Балаларымыздың болашағы, қауіпсіздігі мен заңдылықтың сақталуы — барлығымызға ортақ жауапкершілік.
✨ Тәртіпке бағынып, заң аясында әрекет ететін, еңбекқор әрі жауапты «Адал азамат» тәрбиесін бірге қалыптастырайық!
Құрметпен,
Мектеп әкімшілігі

Photos from Сексен үшінші мектеп Шымкент's post 04/05/2026

🛑 «СТОП ГРАФФИТИ»: Балалардың қауіпсіздігі – ортақ міндет!

№83 ЖОББМ директоры Н.Е.Еспановтың төрағалығымен және ДТІЖО Е.Б.Сейдуалиев қатысып кезекті маңызды жиын өтті. Күн тәртібінде бүгінгі қоғамның ең өзекті мәселелері талқыланды.

📍 Жиынның басты назарында:
1️⃣ «Стоп граффити» шарасы: 29 сәуір мен 5 мамыр аралығында өтіп жатқан бұл шараның мақсаты — заңсыз жарнамалар мен вандализмнің алдын алу.
2️⃣ Интернет қауіпсіздігі: Есірткі заттарының әлеуметтік желілер арқылы таралуы және жасөспірімдерді құқыққа қарсы әрекеттерге тарту қаупі.
3️⃣ Буллинг және Сталкинг: Мектептегі психологиялық саулық пен құқықбұзушылықтың алдын алу.

Шымкент ҚПД Абай АПБ
83 ЖОББМ инспекторы С.Пейсенов ата-аналарға балалардың әлеуметтік желідегі белсенділігін қатаң бақылауда ұстауды ескертті. ✨

🌱 Сонымен қатар, «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы жұмыстар мен алдағы «Соңғы қоңырау» мерекесінің ұйымдастырылуы сөз болды.

Балаңыздың болашағына бей-жай қарамаңыз!

#СтопГраффити #ҚауіпсізИнтернет
#№ 83 ЖОББМ
#ТазаҚазақстан #БуллингкеЖолЖоқ

Photos from Сексен үшінші мектеп Шымкент's post 25/04/2026

🌿 «Жасыл болашақ» – таза қала кепілі!

2026 жылғы 25 сәуір күні «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған жалпықалалық сенбілікке 83 ЖОББМ ұжымы белсене қатысты.

Сенбілік барысында мекеме аумағында санитарлық тазалық жұмыстары жүргізіліп, қоқыстар жиналып, аумақ ретке келтірілді. Сонымен қатар, жасыл аймақтарды күтіп-баптау, абаттандыру жұмыстары атқарылып, ағаштар мен гүлдерге күтім жасалды.

Іс-шараға педагогтар, қызметкерлер қатысып, қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосты. Бірлескен еңбек – тазалық пен тәртіптің кепілі екенін тағы бір мәрте дәлелдедік.

Таза қала – жарқын болашақ! 🌱

#ТазаҚазақстан #ЖасылБолашақ #Сенбілік #ТазаҚала

Photos from Сексен үшінші мектеп Шымкент's post 11/04/2026

КЕЗЕКТІ СЕНБІЛІК ТАЗАЛЫҚ КЕПІЛІ

Photos from Сексен үшінші мектеп Шымкент's post 04/04/2026

ТАЗАЛЫҚ – БІРЛІКТІҢ КӨРІНІСІ

2026 жылдың 4 сәуірінде «Жалпы қалалық тазалық» бастамасы аясында №83 жалпы орта білім беретін мектебінің қызметкерлері сенбілік жұмыстарын ұйымдастырды.
Іс-шара барысында мектеп аумағы қоқыстан тазартылып, айнала абаттандырылды. Қатысушылар қоршаған ортаны қорғау мәдениетін дәріптеп, еңбекқорлық пен ұйымшылдықтың үлгісін көрсетті.
Тазалық – денсаулық пен сапалы өмірдің негізі!
Баршаңызды табиғатты аялауға, тазалықты сақтауға және ортақ ортаға жауапкершілікпен қарауға шақырамыз!

#сенбілік
#тазақазақстанакциясы
#тазалық
#тазалықсақтайық

04/04/2026
Photos from Сексен үшінші мектеп Шымкент's post 01/04/2026

📢 ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!

🏫 №83 жалпы орта білім беретін мектеп хабарлайды

🎓 1-СЫНЫПҚА ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ ТУРАЛЫ Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі мен Цифрлық даму және жасанды интеллект министрлігі бірлесіп, 📌 1-сыныпқа қабылдаудың пилоттық жобасын іске қосуда екенін хабарлайды

💻 ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ МЕРЗІМІ:
📅 18 маусым – 31 тамыз
🌐 Құжаттар
EGOV «электрондық үкімет» порталы арқылы қабылданады.

🌎МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ:
✅ Мектепалды даярлықтан өткен және
осы мектепте жалғастыруды қалаған балалар
👉 ата-ананың өтінішімен автоматты түрде қабылданады
🔄 Басқа мектепті таңдаған жағдайда
👉 құжаттар жалпы тәртіппен тапсырылады

📂 ҚАЖЕТ ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ:
📌 1) Өтініш (бекітілген үлгі бойынша)
📌 2) Баланың туу туралы куәлігі
📌 3) Ата-ананың жеке куәлігі
📌 4) Медициналық анықтамалар:
🏥 №065/е – Иммундау паспорты
🏥 №052-2/е – Бала денсаулығы паспорты
📌 5) 📸 3×4 фотосурет
Мектеп әкімшілігі.

04/03/2026

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №83 жалпы орта білім беретін мектебі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2026 жылғы 19 қаңтардағы №8 бұйрығымен бекітілген Әдеп жөніндегі уәкілдердің 2026 жылға арналған үлгілік жоспарына сәйкес, мереке күндері қарсаңында жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептілік нормаларды сақтау және қызметтік әдеп талаптарын бұзуға жол бермеу мақсатында төмендегіні назарларыңызға саламыз.
🌷 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай:
Білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне, оның ішінде мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерге, өздерінің қызметтік өкілеттіктерін пайдалана отырып:
❌ ата-аналардан
❌ білім алушылардан
❌ өзге де тұлғалардан
қандай да бір сыйлықтар, ақшалай қаражат, материалдық игіліктер немесе қызметтер қабылдауға жол берілмейді.
⚖️ Аталған талаптар және мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларына сәйкес белгіленген.
Қызметтік әдеп қағидаларын сақтау – әрбір қызметкердің міндеті.
🤝 Осыған байланысты, мерекелік іс-шаралар барысында заңнама талаптарын қатаң сақтауларыңызды, ақшалай қаражат пен кез келген сыйлықтарды қабылдауға жол бермеулеріңізді сұраймыз.
✨ Әдеп нормаларын сақтау – баршамызға ортақ жауапкершілік.
Мектеп директоры: Н.Е.Еспанов

Want your school to be the top-listed School/college in Shymkent?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Category

Telephone

Address


Казакстан
Shymkent