Высший педагогический колледж Shymkent

Высший педагогический колледж Shymkent

Share

колледж

22/06/2026

🎓 Болашағыңа бүгіннен қадам жаса!

Shymkent jogary pedagogikalyq kolledji – сапалы білім мен жарқын болашақтың мекені!

📚 Заманауи білім беру бағдарламалары
👩‍🏫 Тәжірибелі оқытушылар құрамы
🏆 Мемлекеттік тапсырыс негізінде грант орындары және жеңілдіктер қарастырылған
💼 Теория мен тәжірибені ұштастырған оқу жүйесі
🌍 Жаңашыл көзқарас пен кәсіби даму мүмкіндігі

Өзіңнің сүйікті мамандығыңды таңдап, болашаққа сенімді қадам жаса!

📍 Мекенжай: Шымкент қаласы, 21 мөлтек ауданы, 8 Наурыз көшесі, 22
📞 Байланыс: +7 776 789 87 78 | +7 7252 50 61 36
🌐 shym-college.edu.kz⁠
📩 [email protected]
📱 Instagram: ⁠

Сенің болашағың – бүгінгі таңдауыңнан басталады! ✨

14/06/2026

📝Президент педагогтердің құқықтық қорғалуын күшейтуге және білім беру жүйесін жетілдіруге бағытталған заңға қол қойды.

▫️Қабылданған түзетулер Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 15 тамызда өткен Тамыз конференциясында берген тапсырмаларын орындау мақсатында әзірленді. Өзгерістер педагогтердің құқықтық қорғалуын күшейтуге, оларды кәсіби қызметіне қатысы жоқ міндеттерге тартуға жол бермеуге, әкімшілік жүктемені азайтуға және білім беру саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіруге бағытталған.

▫️Жаңа нормаларға сәйкес педагогтердің, мектептер мен өзге де білім беру ұйымдары басшылығының білім алушылар үшін жауапкершілігі тек кәсіби міндеттерін орындау кезеңімен, яғни білім беру процесі уақытында ғана шектеледі. Сонымен қатар баланың денсаулығы, өмірі мен қауіпсіздігі үшін ата-аналардың жауапкершілігі нақтыланды.

▫️Заң педагогтерден білім беру саласындағы заңнамада көзделмеген кез келген есептер мен мәліметтерді талап етуге тыйым салады. Бұдан бөлек, құжаттаманы бір мезгілде қағаз және электрондық форматта жүргізу міндетін жүктегені үшін әкімшілік жауапкершілік енгізіледі.

▫️Түзетулердің жеке блогы мектептерде ұялы байланыс құрылғыларын пайдалануды реттеуге арналған. Оқу-ағарту министрлігіне орта білім беру ұйымдарындағы білім алушылар мен тәрбиеленушілердің ұялы байланыс құрылғыларын пайдалану қағидаларын бекіту өкілеттігі беріледі.

▫️Сондай-ақ зияткерлік меншікке құрмет мәдениетін қалыптастыруға және білім сапасын арттыруға бағытталған академиялық адалдық ұғымы енгізіледі.

▫️Бұдан басқа, әкімдіктерге жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарына, сондай-ақ республикалық және (немесе) халықаралық деңгейдегі спорттық жарыстар мен кәсіби шеберлік конкурстарына қатысатын өңірлік жеңімпаздардың қатысуын қамтамасыз ету міндеті жүктеледі. Аталған іс-шаралардың тізбесін Оқу-ағарту министрлігі айқындайды.

▫️ WorldSkills халықаралық кәсіби шеберлік конкурстарының жеңімпаздарына ҰБТ тапсырмай-ақ бейіндік білім беру бағдарламалары бойынша университеттерге түсу мүмкіндігі беріледі.

▫️Сондай-ақ психологиялық-педагогикалық қолдауды қажет ететін балаларды қолдау шаралары кеңейтіледі. Заңның жекелеген нормалары шетелдік жоғары оқу орындары филиалдарының қызметін реттеуге және медициналық кадрларды даярлау жүйесін жетілдіруге бағытталған.

Photos from Высший педагогический колледж Shymkent's post 19/05/2026

Shymkent жоғары педагогикалық колледжі делегациясы Маңғыстау облысының білім басқармасы басшысының бірінші орынбасары Ақбөпе Тынысбайқызы Искалиевамен кездесу өткізді.

Кездесу барысында өңірдегі білім сапасын арттыру, жаңа жобаларды іске асыру және талапкерлерге көрсетілетін қолдау бағыттары бойынша пікір алмасылды.

Кездесудің негізгі мақсаты – екіжақты ынтымақтастықты нығайту, болашақ мамандарды даярлауда тәжірибе алмасуды дамыту, сондай-ақ Маңғыстау жастарына берілетін білім беру гранттары жөнінде толық ақпарат ұсыну болды. Бұл бастама болашақ студенттерге сапалы білім алуға қосымша мүмкіндік беріп, олардың кәсіби бағдарын дұрыс таңдауға ықпал ететіні атап өтілді.

Сонымен қатар колледж өкілдері Ақтау қаласына қарасты бірқатар мектеп директорлары және Оқушылар сарайының басшыларымен арнайы кездесу өткізіп, оқу-тәрбие бағыты бойынша өзара байланыс орнатты.

Кездесу соңында колледж делегациясы тараптармен бірлескен жаңа бастамаларды жүзеге асыруға және өңір жастарына жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екендіктерін жеткізді.

30/04/2026

М.Тынышпаев атындағы Шымкент ALT колледжі жаңа спорт кешенінің ашылуына орай техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының мұғалімдері арасында кіші футболдан турнир ұйымдастырылды. Жарысқа 10 команда қатысып, өзара тартысты әрі қызықты ойын өрнегін көрсетті. Турнирге «Shymkent» jogary pedagogikalyq kolledjінің оқытушылары да қатысып қайтты.

Photos from Высший педагогический колледж Shymkent's post 22/04/2026

«Shymkent» jogary pedagogikalyq kolledjінде «Білім және еңбек — стратегиялық құндылық: адами капиталды дамыту» тақырыбында мазмұнды семинар өтті.
Іс-шара барысында білім мен еңбектің қоғамдағы маңызы, жастардың кәсіби дамуы, сондай-ақ адами капиталды нығайтудың өзекті бағыттары талқыланды. Қатысушылар өзара пікір алмасып, тәжірибелерімен бөлісті. Семинар білімге деген қызығушылықты арттыруға, еңбекке деген жауапкершілікті күшейтуге бағытталды.

06/04/2026

🔹 Шымкенттегі түнгі рейд: құқық бұзушылықтардың алдын алу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету

Шымкент қаласында полиция қызметкерлері құқық бұзушылықтардың алдын алу, қылмыстың жолын кесу, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында түнгі рейдтік іс-шара өткізді.

Рейд барысында қоғамдық орындарда мас күйде жүрген, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті бұзған азаматтарды анықтауға ерекше назар аударылды. Анықталған барлық жайттар бойынша тиісті шаралар қабылданды.

Сонымен қатар, алкоголь өнімдерін сату талаптарының сақталуы бойынша дүкендер мен өзге де сауда нысандары тексерілді. Сауда орындарының иелерімен белгіленген қағидаларды қатаң сақтау қажеттігі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Бұдан бөлек, жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ немесе ҚР аумағында заңсыз жүрген тұлғаларды анықтау бойынша жұмыстар жүргізілді.

Аталған іс-шаралар құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қаладағы қауіпсіз ортаны қамтамасыз етуге бағытталған. Мұндай рейдтер тұрақты түрде өткізіледі.

Want your school to be the top-listed School/college in Shymkent?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Category

Telephone

Address


8 Марта 22
Shymkent
190016

Opening Hours

Monday 08:00 - 18:00
Tuesday 08:00 - 18:00
Wednesday 08:00 - 18:00
Thursday 08:00 - 18:00
Friday 08:00 - 18:00
Saturday 08:00 - 18:00