24/11/2016
ОБЛЫСТЫҚ САЙЫСТАН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ
2016 жылдың 28-30 қыркүйек аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы «Болашақ» сауықтыру лагерінде өткен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Жас экологтар» слетіне Созақ ауданы атынан Сүгір Әліұлы атындағы жалпы орта мектебінің 8 сынып оқушыларынан құралған «ЭКСПОРТ» командасы қатысып жүлделі І орынды иеленіп қайтты.
Жерлестеріміз облыс көлемінен жиналған 10 аудан мен 5 қалалық командалар арасында оза шауып, слеттің бес бағыты бойынша аудан намысын қорғай білді. «Экология- өмірдің соғып тұрған жүрегі» командалық презентациясы және үгіт-насихат тақырыбындағы түрлі жанрдағы көріністер, «Білгір эколог» экологиялық лабиринт, «Экология және біз» экологиялық соқпақ, «Дені саудың – жаны сау» спорттық-туристік эстафета, «Денсаулығы ғаламның – амандығы адамның» салауатты өмір салтын қалыптастыру интеллектуалдық марафоны бойынша тапсырылған бағыттардан сүрінбей өтті. Жүлде құтты болсын, жерлестер!