03/05/2025
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясында 2025 жылдың 25 сәуір күні 7 - сынып қыздары арасында «Көктем аруы - 2025» тақырыбында сайыс өтті.
Мақсаты - қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт - дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу.
Оқушылардың өз ойларын, тұжырымдап айта білуге, жан-жақты іздене білуге, өз пікірін фактілер келтіре отырып, жүйелі айтуға және пікірін дәлелдей білуге, біреудің пікірімен санаса білуге дағдыландыру. Ортада өзін-өзі ұстай білуге, өзіне деген сенімін арттыруға ықпал ету.
Сайыс қорытындысы бойынша,
«Көктем аруы - 2025» номинациясы 7 «Г» сынып оқушысы Бахитжан Іңкәр
«Өнерлі ару» номинациясы 7 «М» сынып оқушысы Уалихан Айша
«Жас аспаз» номинациясы 7 «Д» сынып оқушысы Ақжол Жансезім
«Білімді ару» номинациясы 7 «Ж» сынып оқушысы Архабай Жансая
«Көрермендер көзайымы» номинациясы 7 «Ә» сынып оқушысы Алдебаева Амира
«Инабатты ару» номинациясы 7 «Е» сынып оқушысы Жамалбек Аружан
«Сәнді ару» номинациясы 7 «Л» Суленова Зараға берілді. Қалған аруларымыз сайысқа қатысқандары үшін Алғыс хатпен марапатталды.
03/05/2025
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясында 2025 жылдың 22 сәуір күні 5 - сынып оқушылары арасында «Құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында профилактикалық түсіндірме жұмысы өтті.
Мақсаты: Кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және оны болдырмау. Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу. Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр. Жас ұрпаққа құқықтық тәрбие беру –тәрбиенің маңызды бір саласы. Іс-шара барысында ДТІЖО Гасанов Г.Т. оқушыларға мектеп ішінде тәртіпті сақтау, кешкі уақытта ата-ананың қарауынсыз көшеде жүрмеу керектігін ескертіп айтты. Сонымен қатар, білім алушыларды «Тәртіпке бағынған құл болмайды» - деп тәрбиелі де, тәртіпті болуға шақырды. Жиын соңында оқушылардың қалалық байқаулар мен сайыстардан алған марапатттары табысталды.
Олар:
6-сынып оқушысы Серікбай Алижан Робототехникадан өткен «NAURYZNAMA» республикалық байқауында І орын;
6-сынып оқушысы Сарсенбай Айша «Экоблогер» сайысынан ІІ орын;
5-сынып оқушысы Серғазы Елдос «Алтын сақа» математикалық олимпиадасының облыстық кезеңінен ІІ дәрежелі диплом.
21/04/2025
💫💫💫«Іші – алтын, сырты – күміс сөз жақсысы...» – республикалық шешендік өнер байқауы мәресіне жетті!
🗓️18 сәуір күні мектебімізде ұлттық рух пен көркем сөздің мерекесіне айналған республикалық шешендік өнер байқауының шешуші кезеңі өтті. Байқау мазмұнға бай, тағылымға толы сәттерімен есте қалып, жас шешендердің шеберлігі мен шабытын паш ететін рухани алаңға айналды.
📍Аталған додаға еліміздің түкпір-түкпірінен — 12 өңірден келген 24 дарынды оқушы қатысты. Сөз сайысына түскен әрбір жұп өз ойының ұтқырлығын, тілінің көркемдігін танытып, көрермендер мен әділқазылардың ыстық ықыласына бөленді. Жас шешендер тапқырлық пен терең білімнің, шешендік шеберлік пен сахна мәдениетінің үйлесімді үлгісін көрсетті.
Байқаудың әділ әрі жоғары деңгейде өтуіне тәжірибелі қазылар алқасы зор үлес қосты. Олар қатысушылардың тіл тазалығына, ой жүйелілігіне, көркем сөйлеу мәнеріне және сахнадағы өзін-өзі ұстау мәдениетіне айрықша назар аударды.
Байқау соңында оза шапқан жүйріктер арнайы жүлделермен марапатталды.
Бұл жарыс өзінің мазмұндық тереңдігімен қатар, қатысушылар мен жетекшілерге көрсетілген құрметімен де ерекшеленді.
🎤Жеңімпаз оқушыларды Шымкент қаласы Әдістемелік орталығының директоры Шолпан Сапарбайқызы Айтбаева марапаттады.
👏👏👏Байқауға демеушілік көрсеткен «Бал Текстиль» ЖШС директоры, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Талғат Жүнісбекұлы Ысқақов барлық қатысушы мектептерге Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған арнайы Абайдың бейнесі салынған естелік кілемшелер сыйлады.
Ал қатысушыларды дайындаған 12 жетекшінің әрқайсысына үлкен сый-кілемдер тарту етілді.
№90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп- гимназия директоры
Арман Шымбайұлы Орынбековтің және мектеп ұжымы-ның атынан барлық қатысушы мектептерге құнды кітаптар тарту етілді.
Арман Шымбайұлының авторлығымен жарық көрген кітабы жоғары сынып оқушылары үшін таптырмас оқу құралы және мектебіміздің 10 жылдық мерейтойына орай арнайы дайындалған естелік кітап сыйға ұсынылды.
👏👏👏Сонымен қатар, «Ақ Орда» корпорациясының демеушілігімен Абай, Қарағанды, Қызылорда, Жамбыл, Ұлытау облыстарының қатысушыларына 20 000 теңгелік ақшалай ынталандыру сертификаттары табысталды. (Алты жұпқа 120
07/04/2025
Құрметті ата-аналар және оқушылар!
№90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясына қабылдау 7-сыныптарда жүзеге асырылады (осы жылғы 6-сынып оқушылары іріктеу конкурсына қатыса алады).
Құжаттарды онлайн тіркеу және қабылдау 2025 жылғы 1 ақпан мен 15 сәуір аралығында qabyldau.daryn.kz сілтемесі бойынша өтеді.
14/03/2025
Құттықтаймыз!!!
Шымкент қаласы "Ұлттық мектеп лигасы" 7-8 сынып оқушылары арасында өткен "Бес асық" спорт түрінен І-орын алып, сәуір айында Орал қаласында өтетін Республикалық "Ұлттық мектеп лигасына" жолдама алды.
Сейдалиева Жанерке 7 "А" сынып оқушысы:
Сейдалиева Назерке 7 "А" сынып оқушысы:
Бахрам Кәусар 7 "Ә"сынып оқушысы:
Байдаулет Асылзат 7 "А" сынып оқушысы:
Жетекшісі:Ишматов Шералы.
Алар асуларың биік болсын.
20/02/2025
Құрметті ата-аналар және оқушылар!
№90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясына қабылдау 7-сыныптарда жүзеге асырылады (осы жылғы 6-сынып оқушылары іріктеу конкурсына қатыса алады).
Құжаттарды онлайн тіркеу және қабылдау 2025 жылғы 1 ақпан мен 15 сәуір аралығында qabyldau.daryn.kz сілтемесі бойынша өтеді.
06/09/2024
“АБАЙЛАҢЫЗ БАЛАЛАР!“ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА МЕКТЕП ИНСПЕКТОРЫ МЕН БІРГЕ ІС - ШАРА ӨТКІЗІЛДІ.
🚦🚦🚦
06.09.2024 жылы Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты «№90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясында» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрілігінің 24.08.2024ж күнгі №3-21-4/5830-И хатына сәйкес, балалардың жолдағы қаіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі туралы» іс-шара ұйымдастырылды.
Аталмыш іс-шара барысында «Абайлаңыз балалар!» айдарымен мектеп инспекторы, Шымкент ҚПД Абай АПБ-ның ЖПҚБ ЮПБ УПИ полиция капитаны Әбдуәлі Жасұлан Ернұрұлы, Шымкент ҚПД Абай АПБ ЖПҚБ ЮПБ УПИ инспекторы полиция лейтенанты Алдаберген Лаура Бауыржанқызы және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гасанов Гусейн Атаханқлы 5-7-сынып оқушыларына бірелскен жиын өткізіліп, оқушыларға жолда жүру ережелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізді.
Күн тәртібінде төмендегідей мәселелер қаралды: 1. Жолда жүру ережесі және қауіпсіздік.
2. Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу.
Жиында оқушыларға бағдаршамның бағыты, жол жүру ережелері мен жол қауіпсіздігін сақтау және балалар жол-көлік жарақатының алдын-алу, балаларға жол қауіпсіздігін үйрету мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
#Шымкент
03/09/2024
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты N90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп- гимназия 02.09.24 жылы 1-11 сыныптар арасында «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
Мақсаты: Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық сезімін ояту.
Дамытушылық: Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата - бабаларымыздың өнеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, ата мекенін көздің қарашығындай сақтай білуге тәрбиелеу;
Алғашқы оқу жылы бірыңғай сынып сағатымен басталып, әрі қарай сабақ кестесіне сәйкес сабақ жалғасын тапты.
30/01/2024
ИНТЕРНЕТ: ДОС НЕМЕСЕ ЖАУ ПІКІРСАЙЫС
№90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп – гимназиясының 5 «Г» сынып оқушыларымен бірге жетекшісі А.Миралиева «Интернет: дос немесе жау» тақырыбында пікірсайыс өтті.
Пікірсайыстың мақсаты: интернеттің адам өміріне зияны мен пайдасын ұғындыра білу.
Сайыс барысында сыныптың белсенділері арасында жеребе тастау арқылы оппозиция және үкімет тобы анықталды. Оқушылар дайындықпен келгені пікірсайыс барысында көрініп тұрды.
Пікірсайыс Карл Поппер форматнда өтті. Ережесіне сай әрбір қатысушыға 2 мин уақыттан берілді. Үкімет, оппозиция топтары кезегімен лидерлері сөзді бастап, спикерлері құнды аргументтер келтіре отырып, өз тобының тақырыбын қорғап шықты. 8 "В" сынып оқушылары төрелік етіп, тайм-кипер қызметін атқарды. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орындасары Г.А.Гасанов қатысып, оқушыларға дебат соңында жарыстың тартысты өткендігін айтып, бұдан кейінде пікірсайысты жалғастыруды ұсынды.
25/01/2024
"МЕН ТАҢДАҒАН МАМАНДЫҚ"
Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты №90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп гимназиясында 25.01.2024 жылы 6"М" сынып оқушылары жетекшісімен бірге "Мен таңдаған мамандық" тақырыбында ашық тәрбие сағатын өтті.
Мақсаты:
-оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, -мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту.
Іс-шара барысында оқушылар ең әуелі «мамандық» сөзіне топтастыру жасады. Осылай тақырыпты аша отырып, әрі қарай оқушылар мамандықтар туралы өлеңдерін оқыды.
Сондай-ақ,тақырыпқа сай сахналық көрініс қойылып, қыздардың орындауындағы қазақ биімен жалғасты.
Ашық тәрбие сағатын тамашалап отырған көрермендерді де қатыстыра отырып «Тапшы, қандай мамандық?» атты көрермендерге және оқушыларға жұмбақ берілді.
Тілекке еңбек тірек болмаса,
ойға шомылып қырдан аса алмайсың»- деп Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай еңбектеніп білім алып, оқу оқымасаңыздар тілек білдіріп отырған маман иесі бола білу де оңай емес.
Соңында ДТІЖО Г. Гасанов сөз сөйлеп, оқушыларға оқуда озатты болуды және мамандықты таңдауда қателеспеу керектігін айтты.