okmpu_sport

okmpu_sport

Share

Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from okmpu_sport, College & University, Shymkent.

Photos from okmpu_sport's post 25/05/2026

20.05.2026ж. күні Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті 6В01402 - «Дене шынықтыру және спорт мұғалімін даярлау» ББ. 3 курс 1402 - 13 тобы білім алушылар мен топ тәлімгері Ж.Ш.Есмаханова 31 мамыр – «Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне» орай Саяси қуғын – сүргін құрбандары музейіне саяхат жасалды.
Музей таныстырылымын экскурсия жетекшісі А.Байдалиева жүргізді. Музей аудиториясында тарихи баяндамасынан мол тарихи деректермен, жинақталған құжаттар жайлы маңызды ақпараттармен бөлісті.
Студенттер музей экспозициясымен толық танысып, тарихи деректі фильм көріп, Қазақ елінің басынан өткерген сталиндік қуғын – сүргіннің азалы тарихы жайлы көрсетілген деректі фильмнен ерекше әсер алып, мол мағлұмат жинады.

Photos from okmpu_sport's post 25/05/2026

15.05.2026ж. күні Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті 6В01402 - «Дене шынықтыру және спорт мұғалімін даярлау» ББ. 3 курс 1402 – 23 тобы білім алушылары мен топ тәлімгері Ж.Ш.Есмаханова 18 мамыр – Халықаралық мұражай күніне орай Түркестан облыстық тарихи – өлкетану музейіне экскурсия жасады.
Мұражай экспозициясын аралауда "Түркістан түркі әлемінің рухани орталығы болып табылатынын, мұражайдың әрбір залы өзіндік аймақтың бай тарихын, қасиетті орындарын және көрнекті тұлғаларын болашақ ұрпаққа сақтау және насихаттау қызметімен таныстырылды.

Photos from okmpu_sport's post 27/04/2026

🌍 Ө. Жәнібеков атындағы ОҚПУ-де халықаралық достық пен ұлттық құндылықтар тоғысты!

Бүгін, 27.04.2026 жылы университетімізге Чехия елінен академиялық ұтқырлық бағдарламасымен келген студенттер қазақтың бай мәдениетімен танысты. Шетелдік қонақтар үшін қазақтың ұлттық ойындарынан арнайы шеберлік сағаты өтті! 🇰🇿🤝🇨🇿

🎮 Студенттер қандай ойындарды үйренді?

Асық ату – мергендік пен ептілік мектебі.

Тоғызқұмалақ – дала интеллектуалдарының ойыны.

Ләңгі тебу – төзімділік пен қимыл үйлесімділігі.

🎓 Шараны «Бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру» кафедрасының меңгерушісі Н.Б. Шегенбаев пен магистр-оқытушы А.Б. Жұмабаев жүргізді. Олар ойындардың ережесін түсіндіріп қана қоймай, әр ойынның астарында жатқан тәрбиелік мәнді де жеткізді.

Чехиялық студенттер қазақ ойындарына үлкен қызығушылық танытып, нағыз азартқа бөленді! Мұндай шаралар — мәдениеттер арасындағы алтын көпір. ✨

#ОҚПУ #ҰлттықОйындар Тоғызқұмалақ АсықАту Ләңгі БілімМәдениетДостық

Photos from okmpu_sport's post 21/04/2026

Бүгін университет қабырғасында өткен «Оңтүстік тарихынан сыр» атты кездесу кеші жоғары деңгейде ұйымдастырылып, «Дене шынықтыру және спорт» факультетінің білім алушыларына ерекше әсер сыйлады.
Іс-шара университеттің Әбсаттар Дербісәлі атындағы ғылыми кітапханасында ұйымдастырылып, рухани мазмұны терең, тағылымы мол басқосуға айналды.
Кештің құрметті қонағы - Қазақстан Республикасы Жазушылар одағының мүшесі, жазушы, тарихшы, шежіреші, публицист Момбек Әбдәкімұлымен болған жүздесу білім алушылар үшін ерекше маңызға ие болды.
Кездесу барысында мазмұнды, ойлы сұрақтар қойылып, әсерлі әрі еркін сұхбат өрбіді.
Кешке арнайы келген қонақтар қатарында п.ғ.д., профессор Б.А.Тойлыбаев, Ғалымжан Әлтеков, Захардин Қыстаубай, Бекшүкір Қаршалов, Сарманбай Исақ, Күләш Әбіш, Ділдә Нұрмаханбет сынды ақын-жазушылар қатысып, шараның мазмұнын байыта түсті.
Білім алушылар жазушы шығармаларымен жақсы таныс екендіктерін байқатып, үлкен қызығушылықтарын танытып отырды.

Photos from okmpu_sport's post 15/04/2026

ЖЕҢІС ҚҰТТЫ БОЛСЫН! 🏆

Бүгін, 15 сәуір күні Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде Мәдениет бөлімінің ұйымдастыруымен нағыз сұлулық пен ептіліктің мерекесі — «Қыз сыны- Жігіт сұлтаны 2026» байқауы өз мәресіне жетті!

Байқау нәтижесі бойынша университетіміздің мақтаныштары анықталды:

✨ «Жәнібеков сұлтаны - 2026» бағытында өзінің тұлғалық болмысымен, білімі мен өнерімен дараланып, ІІ орын иегері атанған — Дене шынықтыру және спорт факультетінің студенті Мырзабай Ғазиз!

✨ «Қыз сыны - 2026» бағытында ұлттық тәрбие мен парасаттылықты ұштастырып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленген — «КӨРЕРМЕН КӨЗАЙМЫ» номинациясының иегері Абдикадыр Айда!

Жеңімпаздарды жарқын белестерімен құттықтаймыз! Өнер мен білім биігінде қанаттарыңыз талмасын! 🚀

#ОҚПУ #ЖәнібековУниверситеті #ҚызСыны2026 #ЖігітСұлтаны #ӨнерліЖастар СтуденттікӨмір

Photos from okmpu_sport's post 01/04/2026

Президент алғысы – биік мәртебе! ✨

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ профессоры, п.ғ.д. Бекайдар Адамбекұлы Тойлыбаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатына ие болды!

Төле би ауданының Құрметті азаматы, білікті ұстаз әрі ғалымның еңбегі мемлекет деңгейінде ұлықталып жатқаны – баршамыз үшін үлкен мақтаныш.

Құтты болсын, Бекайдар Адамбекұлы! Еңбегіңіз жана берсін! 💐

Photos from okmpu_sport's post 30/03/2026

Сүйінші! ҚР ҒжЖБМ ұйымдастыруымен Оңтүстік өңір бойынша өткен Спорттық Лигада Шахматтан жалпы командалық есепте біз 2-ші орын алдық. Астанаға финалдық сайысқа жолдама алдық. Равил Пернехан 3-ші тақтада 1 орын, Равил Аяжан 5-ші тақтада 1 орын, Қалдарбекұлы Мұхамеджан 2-ші тақтада 2 орын, Жолдас Нұрдәулет 4-ші тақтада 2орын алды. Жеңістеріміз құтты болсын!

Photos from okmpu_sport's post 22/03/2026

Қос мереке тоғысқан берекелі жиын және спорттық жеңіс! 🌙🌷

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мейрамы мен қасиетті Рамазан айының қорытынды ауыз ашары аясында салтанатты іс-шара өтті.

Мерекелік жиын тек дастарқан басында ғана емес, ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін айтулы жарыстармен жалғасты. Оқытушылар арасында өткен тартысты сайыстарда Дене шынықтыру және спорт факультетінің ұстаздары нағыз шеберлік танытып, жүлделі орындарды иеленді:

✨ «Бата беру» сайысы:
🥇 1-орын: Әбдіқұлов Н. А. (Ақ батасымен көпшіліктің ықыласына бөленді).

✨ «Асық ату» сайысы:
🥇 1-орын: Катешов М.Д.
🥈 2-орын: Усаев Ү. Ж.

Ұлттық спорт пен салт-дәстүрді жанына серік еткен әріптестерімізді жарқын жеңістерімен құттықтаймыз! Шәкірттеріне үлгі болып жүрген спорт майталмандарының абыройы асқақтай берсін!

Photos from okmpu_sport's post 22/03/2026

Ұлыстың ұлы күніндегі зор жеңіс! 🇰🇿🌟

22 Наурыз — мерекесіне орай Астана қаласында өткен Халықаралық үздік студенттер форумында Өзбекәлі Жәнібек атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің абыройы асқақтады!

«Инновациялық білім беру орталығы» мен «Жаңа Қазақстан» республикалық инновациялық орталығының ұйымдастыруымен өткен «Орталық Азияның үздік студенті» атты халықаралық байқауда Дене шынықтыру және спорт факультетінің 4-курс білім алушылары:

🥇 Еркинова Сымбат Даниярқызы
🥇 Әбу Ұлтуар Қалдыбекқызы

Орталық Азия елдерінің жастар саясатын дамытуға қосқан үлесі үшін арнайы І дәрежелі дипломмен және төсбелгілермен марапатталды.

Осынау биік белесті бағындырған шәкірттерімізді және оларға бағыт-бағдар берген білікті ұстаз, топ кураторы Катешов Мади Джумабаевичті шын жүректен құттықтаймыз!

Жас талаптардың қанаттары талмасын, жеңісті күндер көп болсын!

#ОҚПУ #ҮздікСтудент #Астана #Наурыз2026 #ЖастарСаясаты СпортФакультеті ОрталықАзияҮздігі

Want your school to be the top-listed School/college in Shymkent?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Website

Address


Shymkent