Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институты

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институты

Share

Ө. Жәнібеков атындағы ОҚПУ, ЖООКББИ

Photos from Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институты's post 19/11/2025

Университетіміздің 2-курс докторанттары Түркия Республикасындағы Гази университеті мен Хаджетепе университеттерінде ғылыми тағылымдамадан өтуде. Тағылымдама барысында докторанттар шетелдік жетекшілерімен бірге ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, халықаралық тәжірибе жинақтайды. Бұл сапар олардың академиялық дамуына және болашақтағы ғылыми жетістіктеріне тың серпін беретініне сеніміміз мол.

Photos from Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институты's post 18/11/2025

Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ “Тарих педагогын даярлау” мамандығының докторанты Шолпан Торгаутова Бішкек қаласындағы “Манас” Қырғыз-Түрік университетінде “Тарих” бөлімінде ғылыми тағылымдамадан өтуде. Докторантымыз шетелдік жетекшісі PhD докторы, профессор Дженгиз Буярмен бірге ғылыми-зерттеулерін бастап кетті.

Photos from Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институты's post 19/09/2025

7М01501 - “Математика педагогін даярлау” білім беру бағдарламасының 2-курс магистранты *Мақаш Айсұлу Түгелбекқызын* NU Annual Research Conference (NUARC 2025) ұйымдастыру комитеті ұйымдастырған “POSSIBILITIES OF USING GOMPUTER TECHNOLOGIES IN
TEACHING GEOMETRY” атты тақырыптағы тезисті конференцияда Назарбаев университетінде *189 қатысушының ішінде Үздік постер* номинациясы бойынша жеңіске жетті. Ғылыми жетекшісі: *Ибашова Альмира* Байдабековна. ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Photos from Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институты's post 05/03/2025

НИЗАМИ УНИВЕРСИТЕТІ ТАҒЫЛЫМДАМА БАРЫСЫ

🏢Ө. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің магистранттары Ташкент қаласы Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университетінде тағылымдамадан өтті.

🔹Тағылымдама барысында магистранттар университет нұсқауымен Ташкент қаласындағы ғылыми-зерттеу институттары мен мұражайларын аралап, университет кітапханаларымен танысып, зерттеу жұмыстарына мәлімет алмасты.

#тағылымдама
#ташкент

Photos from Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институты's post 25/02/2025

🔗Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының бітіруші магистранттарын Басқарма мүшесі - Стратегиялық даму және әлеуметтік істер жөніндегі проректор Исабек Баршагүл Қашқынқызы және институт директоры х.ғ.к., доцент Жылысбаева Аққоныр Нұрділләқызы табыстады. 🧑🏻‍🎓👩🏻‍🎓💐

Photos from Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институты's post 24/02/2025

📝Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының магистранттары Түркия Республикасы, Анкара қаласындағы Гази университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті.
📌Тағылымдама нәтижесінде магистранттар халықаралық деңгейдегі конференциялар мен конгрестерге авторлық мақалаларын жариялайды деп күтілуде.

#тағылымдама

Photos from Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институты's post 20/02/2025

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының директоры, химия ғылымдарының кандидаты, доцент Жылысбаева Аққоныр Нұрділләқызын туған күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілейміз! Қызметіңізде әрбір ісіңіз оң болып, абыройыңыз асқақтай берсін! Еңбегіңіз жанып, жемісін көре беріңіз!💐 #жоокбби #өзбекәліжәнібековуниверситеті

Photos from Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институты's post 17/01/2025

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының директоры, х.ғ.к., доцент Жылысбаева Аққоңыр Нұрділләқызы 1 курс докторанттарымен кездесті. Кездесу барысында “Докторантураға қатысты нормативтік құқықтық актілер” бойынша баяндама жасап, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
#жоокбби #өзбекәліжәнібеков

Want your school to be the top-listed School/college in Shymkent?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Address


Байтурсынова 13
Shymkent
160012

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:00
Tuesday 09:00 - 18:00
Wednesday 09:00 - 18:00
Thursday 09:00 - 18:00
Friday 09:00 - 18:00