Academy_pro

Academy_pro

Share

Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Academy_pro, Education Website, мкр. Нурсат 126/37, Shymkent.

Photos from Academy_pro's post 05/08/2024

Құрметті әріптестер!

5 тамызда Қазақстан Республикасы “Медиация туралы” Заңның қабылданғанына 13 жыл толған мереке күні құтты болсын!

Сот жүйесі және қоғамда әлеуметтік тұрақтылықты сақтауға және татулықты нығайтуға қосқан үлестері үшін Шымкент қаласы сотының төрағасы Адилхан Шайхисламұлы Шайхисламов 2023 - 2024 жылдың есебі бойынша кәсіби медиаторларды марапаттады, тілектер айтылып болашақта да бірлесіп жұмыс жасайтынымызды жоспарлады.
“Республикалық медиаторлар Қауымдастығы” ЗТБ -гі атынан барлық медиаторларды бүгінгі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға береке тілеймін!
Аспанымыз ашық, елімізде бірлікпен татулық болсын!

Photos from Academy_pro's post 03/06/2024

📍С 01-02 июня, в городе Астана при содействии «Центра управления бизнес-конфликтом мост» Республики Беларусь - доцентом кафедры международного частного и европейского права Факультета международных отношений Белорусского государственного университета, кандидата юридических наук, члена научно-консультативного совета УПУ «Центр «Медиация и право» - Ириной Александровной Бельской успешно прошёл семинар - тренинг на тему «Повышение профессиональных компетенций медиаторов путём освоения восстановительной модели медиации»

📍Применение восстановительной медиации в сложных групповых спорах ( конфликтах) помогает восстановить способность понимания ситуации, проблем, намерений, целей, норм и установок, позволяет снять негативные представления у сторон относительно друг друга. Это особенно актуально в сферах уголовных, межэтнических, конфликтов и в особенности в школьной медиации.
👏Благодарим Ирину Бельскую и организаторов мероприятия за предоставленную возможность в повышений профессиональной компетенций!

#восстановительнаямедиация
#қалпынакелтірумедиациясы

#межэтническиеконфликты
#школьнаямедиация
#уголовнаямедиация

Photos from Academy_pro's post 25/12/2023
Photos from Academy_pro's post 05/08/2023

Медиация - татулық тірегі

Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істер жөніндегі басқармасы “Қоғамдық келісім” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде және қалалық әкімдігінің ұйымдастыруымен “ Медиаторлардың кәсіби мерекесі аталып өтілді.

Іс-шараға Шымкент қаласы “Қоғамдық келісім” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Е. Байқонақов, Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы басшысының орынбасары Б.Әділханов, кәсіби және кәсіби емес медиаторлар қатысты.

Аталған жиынды Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істер жөніндегі басқармасы “Қоғамдық келісім” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Е. Байқонақов ашып, өз сөзінде «Медиация туралы» ҚР Заңының маңыздылығы мен ерекшеліктерін атап, медиаторларды кәсіби мерекесімен құттықтап, сөз кезегінде “Еуразиялық медиация орталығы” ҚБ жетекшісі, Шымкент қаласы ҚХА жанындағы медиация кеңесінің төрайымы Л. Ақшегирова “Ұлтаралық қатынастағы медиация” тақырыбында,
“Республикалық медиаторлар Қауымдастығы” ЗТБ президенті
Н. Оразкулова “Этномедиатор жұмысының тәсілдері мен әдістерінің ерекшеліктері” тақырыбында докладттар оқылды.
Семинарда медиаторларды кәсіби мерекісмен құттықтап, медиацияның дамуы, яғни даулы және жанжалды жағдайларды шешу барысында азаматтардың ымыраға келуге дайындығы, сонымен бірге жиналғандар қоғамға медиацияның қажеттілігі, соның ішінде оның оңтайлы тұстары, қоғамдық сананы жаңғыртудың маңызды белгілерінің бірі болып табылатындығын атап медиаторларға алғыс хат табыстады.

#медиацияшымкент
#этномедиатор
#этномедиация
#республикалықмедиаторларқауымдастығы

Photos from Academy_pro's post 08/04/2023

Медиация Атырау облысы білім беру жүйесінде облыстың 35 мектеп қызметкерлерін қамтып, бұрын болмаған шеберлік сағаты ретінде, өзекті дауларды көтере отырып тиімді шешімге тараптарды келтіру жолдары қарастырылды, бұл жобаны ұйымдастырышу
Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы "Қоғамдық келісім" КММ басшысы Ляззат Кеңесқызы Джылкышиева және Атырау облысының Білім беру Басқармасы

11/10/2022

«Гештальт бойынша кеңес беру. Гештальт форматында тұлғалық даму»
шақырамыз!

1 деңгей - жеке тәжірибелік топ (1 деңгей).

Жеке тәжірибе топтарына қатысу - әр түрлі психологиялық қиындықтарды шешудегі тиімді әдістердің бірі.

Қарым-қатынасты тереңінен түсіну және өмірдегі өз ұстанымыңды анықтау - гештальт терапияның негізгі мақсаты.

Бағдарламаға өз өмірін гармонияға толы, көңілі толатындай етіп өзгерткісі келетін кез-келген адам қатыса алады.

Кәсіби психологтар немесе практикалық психологиямен айналысқысы келетіндер үшін бұл тренинг Мәскеу Гештальт және Психодрама Институтының (MИГИП) бағдарламасы бойынша гештальт әдісі саласындағы кәсіби дайындықтың негізі және Еуропалық гештальт терапия қауымдастығының (EAGT) аккредиттеу талаптарына сай.

Бұл бағдарлама:
1. Клиентке диалогтық режимде жұмыс жасау әдістерін игеруге қызығатын психологтарға.
2. Жұмысын кәсіби дамытуға немесе жалғастыруға және практикалық психолог ретінде жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Жеке қызығушылықтар, тренингке қатысу барысында шешуге болатын проблемалық жағдайлар:
1. Жақыныңды жоғалту;
2. Баламен және ата-анамен, бастықпен және қызметкерлермен, жақын және маңызды адамдармен қарым-қатынастағы мәселелер;
3. Әлеуметтік ортадағы сенімсіздік;
4. Ішкі қайшылықтар мен күмәндарды шешу;
5. Өзара қарым-қатынастың тиімділігін арттыру.

Кәсіби қызығушылықтар:
Бағдарлама сізге жеке тәжірибе тобына қатысып тәжірибе жинауға және практикалық психология әдісі ретінде гештальт технологиясы туралы пікір қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Кәсіби қызығушылық танытқан қатысушылар үшін бағдарлама гештальт әдісінің кейбір негізгі ережелерін өз клиенттік сессиялары негізінде жүргізуші өз түсініктемесін береді.

Сонымен қатар, қатысушылардың өтініші бойынша өздерін гештальт-терапевт немесе гештальт-кеңесші ретінде сынап көруге мүмкіндік бар (топтың келісімі бойынша).

Сессияларды талдау кезінде гештальт әдісінің келесі түсініктері қарастырылады:
1. Организм және қоршаған орта;
2.Фигура және фон;
3. Қорғаныс механизмдері;
4. Байланыс;
5. Терапевтік сессия; «қазір және осында» қағидасы
6. Параллель процестер заңы;
7. Экзистенциалды диалог пен өріс теориясының элементтері;
8. Парадоксальды өзгерістер теориясы және гештальттың басқа да негізгі ережелері.

Сабақтар орта есеппен айына бір рет, екі күндік жеке тәжірибелік топтық сабақ түрінде өткізіледі.

25 академиялық сағаттан тұратын 6 модуль. Барлығы 150 сағат.

Топты жүргізуші: МИГИП, 1 деңгей тренері, 2 деңгей тренер-интерні,Қазақстан Психологтар oдағының Төрайымы Асанова Г.Е.

Аяқтағаннан кейін гештальт-терапевттердің алдын-ала дайындық курсын аяқтағаны туралы Мәскеу Гештальт және Психодрама Институтының сертификаты беріледі (1 деңгей).

1 модуль (офлайн), 4-6 қараша
Қызылорда қаласы

Төмендегі номер арқылы жазылу қажет:
WhatsApp: ⤵️
+7 7017342520

11/10/2022
Want your school to be the top-listed School/college in Shymkent?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Website

Address


мкр. Нурсат 126/37
Shymkent
160023