okmpu_pedagogika

okmpu_pedagogika

Share

Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from okmpu_pedagogika, College & University, A. Baitursynov, 13, Shymkent.

12/05/2026

Педагогика кафедрасының оқытушысы Баймахова Ақнұр Шүленқызы, Созақ ауданы, Сызған елді мекенінде орналасқан Қ.Рүстемұлы және Ғ.Мұратбаев мектептерінде кәсіби бағдар жұмысын жүргізіп келді.

12/05/2026

Педагогика кафедрасында 6В01801 – «Әлеуметтік педагогтарды даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша 4 курс студенттерінің диплом алды практикасы оқу жоспарына сәйкес толық көлемде және белгіленген мерзімде сәтті аяқталды.
05.05. 2026ж. күні кафедра жоспарына сәйкес дипломдық жұмыстарды (жобаларды) алдын-ала қорғау рәсімі ұйымдастырылып, өткізілді. Дипломдық жұмысты алдын-ала қорғау практика базасы С.Ерубаев атындағы №24 ІТ мектеп-лицейі мен университет қабырғасында жүргізілді. Алдын-ала қорғау барысында студенттер өздерінің дипломдық жұмыстарының өзектілігін, мақсаты мен міндеттерін, зерттеу нысаны мен пәнін, қолданылған әдістерін, сондай-ақ алынған нәтижелер мен қорытындыларын жан-жақты баяндап, презентациялар ұсынды.
Комиссия мүшелері тарапынан студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының мазмұнына, теориялық және практикалық маңыздылығына қатысты сұрақтар қойылып, тиісті пікірлер мен ұсыныстар берілді. Білім алушылар қойылған сұрақтарға жауап беріп, өз жұмыстарының мазмұнын жеткілікті деңгейде меңгергенін көрсетті.

05/05/2026

Педагогика кафедрасың ага оқытушылары Абишева Лаззат Пирназаровна, Ортаева Акмарал Сапаралиевна, Шарапова Наргиза Мухиддиновналар Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Карабулак ауылдарындағы мектептерде кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізді.

04/05/2026

Педагогика кафедрасың оқытушылар Махмутова Г. И., Қуатова Ж.Ж., Ахметова Э.К. Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Ақсукент және Манкент ауылдарындағы мектептерде кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізді.

Photos from okmpu_pedagogika's post 15/04/2026
14/04/2026

Саттар Ерубаев атындағы №24 IT мектеп-лицейінде кәсіби бағдар беру жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Аталған бағыттағы іс-шаралар кафедра меңгерушісі Оразова А.О., п.ғ.к., аға оқытушы Есім Ұ.Ә. жетекшілігімен және 1801-14 оқу тобы студенттерінің белсенді қатысуымен ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында оқушыларға заманауи мамандықтардың ерекшеліктері, еңбек нарығындағы сұраныс, сондай-ақ кәсіби өзін-өзі анықтаудың маңыздылығы жан-жақты түсіндірілді. Теория мен тәжірибені ұштастырған мазмұнды кездесулер оқушылардың болашақ мамандыққа деген қызығушылығын арттырып, саналы таңдау жасауына бағыт берді.
Мұндай кәсіби бағдар беру жұмыстары – білім алушылардың тұлғалық дамуына ықпал етіп, олардың болашаққа деген сенімін нығайтатын маңызды қадамдардың бірі.

Photos from okmpu_pedagogika's post 26/12/2024

📌 Тарих және педагогика факультеті, 6В01801-Әлеуметтік педагогтарды даярлау білім беру бағдарламасының 2-курс, 1801-13 оқу тобының білім алушылары Хаджимуратова Дилёра, Айдарова Маржан, Нұрғалиқызы Айдана “БІЛІМ - ӨРКЕНИЕТ” ҰЛТТЫҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҒЫЛЫМИ- ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ және “ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН” РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИННОВАЦИАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ұйымдастыруымен Астана қаласында өткен халықаралық конкурс нәтижесі бойынша “ТМД елдерінің ҮЗДІК СТУДЕНТІ” I дәрежелі дипломымен және төсбелгісімен марапатталды. Білім алушыларымызды жетістіктерімен құттықтаймыз.✨💐

Photos from okmpu_pedagogika's post 25/11/2024

📌 Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНДА 2024 жылдың 21-22 қараша күндері «Жас Сәтбаевшылар» атты Қазақстанның жас ғалымдарының I конгресі өтті.
✅«Педагогика» кафедрасының PhD, аға оқытушысы Ахметова Эльмира Қалдыбекқызы атаулы іс-шараның пленарлық мәжілісіне және «Қоғамдық-гуманитарлық және өнер» ғылым бағытында «Елдің зияткерлік әлеуеті» басым бағыты бойынша секциялық отырысқа қатысты.

Photos from okmpu_pedagogika's post 15/11/2024

📌15.11.2024ж.📌
🪙Биыл ұлттық валютамыз – теңгенің айналымға енгеніне 31 жыл толды. Төл теңгенің тарихы 1993 жылы 12 қарашада Қазақстан Президентінің қол қойған «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» Заңынан бастау алады. Валютамыз 15 қарашада ел аумағындағы жаңа сауда-саттық жасау құралы ретінде қолданысқа енді.
✅Осы орайда, Ұлттық валюта күніне арнап кафедрамыздың 1801-12 оқу тобы мен топ тәлімгері Таңатарқызы Гулжан тәлімгерлік сағатын өткізіп, Ұлттық валютаның шығу тарихы мен жаңалықтарын туралы талқылады.
✅ Екінші мәселе бойынша, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығы 35 тармағындағы Академиялық адалдықтың негізгі қағидаттарымен топ білім алушылары толықтай танысып шықты.📝📚

Want your school to be the top-listed School/college in Shymkent?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Website

Address


A. Baitursynov, 13
Shymkent