04/07/2026
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
8D01601-Тарих педагогын даярлау білім беру бағдарламасы бойынша “Бауыржан Момышұлының тәрбие туралы көзқарастары және оны тарих сабағында оқытудың заманауи әдістеме негіздері” тақырыбында Амалбекова Бақыт Абилашимовна диссертациясын сәтті қорғап, философия докторы (PhD) дәрежесін алуымен құттықтаймыз. Ғылыми жетекшісі профессор Исабек Баршагүл Қашқынқызы.
23/06/2026
БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫМЫЗ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ПРАКТИКАДАН ӨТТІ
2025-2026 оқу жылының практика жоспарына сәйкес Ө. Жәнібеков атындағы ОҚПУ жанындағы Н.П. Подушкин атындағы археология орталығының қызметкерлері және Ордабасы ұлттық тарихи-мәдени қорық музей қызметкерлерінің жетекшілігімен 6В01603 Тарих және Қоғамтану (IP), 6В01604 Тарих-Дінтану білім беру бағдарламаларының 1 курс білім алушылары Ордабасы ауданы, Сарыарық ауылындағы Күлтөбе қалашығы мен Қылышжар обалы қорымдарына қазба жұмыстарын жүргізді. Екі жерлеу орны анықталды.
16-шы жерлеу орны Т-тәрізді келген катакомба. Жерлеу камерасында әйел адам мүрдесі анықталды. Оның жанында екі ыдысы, күнделікті тұрмыста қолданған пышағы және гагаттан жасалған мойын әшекейі табылды. Гагат алтынмен жалатылған.
17-ші жерлеу орны шұңқырлы келген.
Ол жер тоналған. Жас ер адам жерленген. Жанған ағаштың және қамыстың қалдығы шұңқыр еденіне төселген.
Керамикалық түтеткі, ыдыстың түбі, тұрмыста қолданған пышағы табылды.
Түтеткінің бүйірінен екі саңылау түсірілген.
Оттың культі арқылы жерлеу орнын тазалаған.
Күлтөбе қалашығының оңтүстік бөлігінің рабады қызылды.
Пахса бөлігінен қыш текшелер табылды
Сондай-ақ, хум фрагменттері, құты фрагменттері, асық, қайрақ тас және дән үккіш фрагменттері де табылды.
Жазба текшелердің 14 фрагменттері анықталды.
4-уі жақсы сақталған. Бұл жазба текшелерде асыл қазына, әскери термин қолбасшы, әке-бала қатынасы, номад-көшпенді, қала аттары Чач Т(ашкент) Навекметан( Бұқара). Кеш, Самарқанд қала аттары кездеседі. Ө. Жәнібеков атындағы ОҚПУ университеті тарих факультетінің 1-курс студенттері археологиялық практикаға қатысты.
ШПИ яғни Шымкент педагогикалық институты кейіннен Н. П. Подушкин атындағы археология орталығының отрядына 62-жыл толды.
26/04/2026
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті мен Қырғызстан Республикасы И.Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университеті арасындағы өзара ынтымақтастық туралы келісімшарт негізінде, 2025-2026 оқу жылының көктемгі семестрінде сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы мен қос дипломды бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында Әлем тарихы және дінтану кафедрасының оқытушылары т.ғ.к., профессор Исабек Баршагүл Қашқынқызы, т.ғ.к., профессор м.а. Найманбаев Бекмурат Рахимбердиевич және т.ғ.к., аға оқытушы Орынбасарова Гулжан Жаксымбетовна іс-сапармен Қырғызстан Республикасы Бішкек қаласына барды.
Іс-сапар барысында институт директоры тарих ғылымдарының докторы, профессор Койчуманова Чолпон Урушбековна білім беру бағдарламасы бойынша мәліметтер беріп, алдағы уақытта екі оқу орны арасында қос диплом бағдарламасын іске асыру жолдарын нақтылады. Кафедра оқытушыларымен кездесіп, оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыстарының бағыттарымен таныстырды.
И.Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінің білім алушыларымен кездесіп «Түркі халықтарының тарихы», «Отан тарихының іргелі мәселелері» және «Тарихты оқыту әдістемесі» пәндері бойынша дәріс оқыды.
26/04/2026
6В01601 Тарих мұғалімін даярлау БББ, 1601-12, 1601- 22 оқу тобының бітіруші студенттері Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназиясында және Жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде ғылыми жобаларын алдын ала қорғаудан өтті.
22/04/2026
17.04.2026 ж.күні Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Тыңдаушы ықыласты болса, сөйлеуші шешен келеді» атты конференцияға кафедрамыздың мүшесі, т.ғ.к., доцент Алдаберген М.Н. қатысып, «Ө.Жәнібековтың Қазақстандағы музей ісі өркениетін дамытудағы тарихи рөлі» тақырыбында баяндама жасады. Сондай-ақ конференцияға 6В01603 Тарих-Қоғамтану (IP) білім беру бағдарламасының 2 курс, 1603-14 оқу тобының студенттері Қуандық Абылай (Баяндама тақырыбы: «Ө.Жәнібековтың ұлттық тарихи жәдігерлерді қорғау ұрпаққа жеткізу жолындағы қызметінің маңызы»), Нұрқасым Аманбол (Баяндама тақырыбы: «Ө.Жәнібеков және ұлттық рухани құндылықтарды жаңғыртуда еңбектерінің маңызы», Сатыбалды Олжас (Баяндама тақырыбы: «Ө.Жәнібековтың рухани қызмет жолындағы жаңашыл бастамалары») қатысып, баяндама жасап, алғыс хаттармен марапатталды...