02/02/2023
🤔"Сіз қалай ойлайсыз?"
айдары (№9)
Бала тәрбиесінде ана мен әкенің рөлі шынында әртүрлі әсер етеді ме?
Бұл постта әкенің бала тәрбиесіндегі рөлі жайлы сөз қозғамақпыз.
Қазіргі статистика бойынша ажырасудың үлкен көрсеткіші орын алуда. Бір жылда ажырасқан отбасылар саны 48239 жетіп, оның ішінде қалалық аймақтарында 72,2 %, ал ауылдық аймақтарында 27,8% құрайды. Ең қиыны 20,8% ортақ баласы бар отбасылар екен. Сонымен қатар, сот нәтижесінде бала көп жағдайда анасымен қалғандықтан, қоғамда әкесіз тәрбиеленіп жатқан балалар саны өте көп.
Иогман мен Бразелтон атты педагог ғалымдардың зерттеуі бойынша бала әкесімен ойнағанда, көбірек белсенділік көрсететіні, көбірек түрлі эмоциялар сезінетіні дәлелденген.
❓Бұл зерттеуде тағы не айтылған?
🔸Әкелер, аналармен салыстырғанда, баланың эмоционалды сәттерін баламен жақындасу мүмкіндігі ретінде қабылдай алады. Баланың қасынан табыла алады (баланың эмоцияларында ыңғайсыздық тудырмайды);
🔸Баланың эмоцияларын түсінеді, басқарады және балаға түсіндіре алады;
🔸Баланың эмоционалды сәттерінде өзін жоғалтпайды, балаға мәселесін шешуге көмектесе алады, қажет жағдайда шектеулер қояды, бірақ баланың барлық мәселелерін шешуді өз мойнына алмайды;
🔸Балаға өзін қалай сезіну керектігін айтпайды, баладан қалай сезініп жатқанын сұрап, білуге тырысады.
💢Жоғарыдағы зерттеуде айтылғандай отбасыдағы бала үшін әкенің рөлі маңызды, себебі әкенің рөлі ананың рөлінен өзгеше деген пікір қаншалықты орынды деп ойлайсыз? Өз ойыңызды төменге жазып кетіңіз👇🤔
02/02/2023
🗯"Педагогикалық термин"
айдары (№11)
✳️”Конкретизация” дегеніміз не?
🕹Конкретизация- мазмұнды неғұрлым нақты, көрнекі түрде ашу мақсатында ойдың дерексізден нақтыға оралуы.
Ал, педагогика саласында - сабақтағы айтылған ой басқаларға түсініксіз болып шықса, қайта түсіндіру қажет болған жағдайда оқытушы конкретизацияға жүгінеді. Оқытуда нақтылау – жаңа материалды түсіндіру әдістерінің бірі.
Сабақта өтілген тақырыпты оқушы түсінбей қалған жағдайда “конкретизация” жасайсыз ба?👇🏻
02/02/2023
🎬 "Көріп қойғансыз ба?" айдары (№11)
Үндістан ешқашан Олимпиада ойындарында жеңіске жеткен емес. Десе де, кәсіпқой балуан Махавир Сингх есімді кейіпкеріміз елге алтын акелуді армандайтын. Ол талантты, еңбекқор, жігерлі еді. Өте кедей отбасынан шыққан ол спортшы ретінде мансабын дамыта алмайды және армандаған мақсатына жете алмады. Осылайша оның өмірлік мақсаты іске аспайды.
Сонда бірбеткей балуан ұл өсіремін, одан нағыз жеңімпаз жасаймын және бұл бала бір күні Үндістанға алтын медаль алып береді деп ант етеді. Бірақ, бұл жерде де бәрі ер адам күткендей болмады. Махавир отбасына тағдыр төрт қызды жіберді! Амалсыз әке қыздарының мектепте, көшеде төбелесіп жатқанын көргенде, олимпиадалық жоспарларына нүкте қойған дұрыс деп ойлады. Ал қыздар нәзік жанды болса да, өздерінің үлкен күш иесі екенін дәлелдеді.
📺 Фильм атауы: “Дангал" (2016)
📊 Фильм рейтингі:
КиноПоиск: 8,2/ 10
Filmix: 9,0/10
Фильмді көрген болсаңыз, әсеріңіз туралы жазыңыз.
02/02/2023
📚"Ерінбей оқып көріңіз" айдары (№10)
Бұл кітаптың басты тақырыбы - баланың дамуына қолдау көрсететін француздық тәрбие әдістемесі. Үш баласымен Парижде тұратын америкалық журналист Памела Друкерман француздық ата-аналардың феноменін зерттеді. Ол француздардың бала тәрбиесіндегі құпияларын ашатын практикалық кітап жазып шықты.
Француз ата-аналары өз өмірлерін құрбан етпей-ақ, бақытты, сыпайы және тілалғыш балаларды тәрбиелей алады. Неліктен француздар түннің бір уағына дейін өз сәбилерін ұйықтатып әуреге түспейді? Неліктен олардың балалары тәртіпке бағынады?
Әлем бойынша ана мен бала өлімі ең аз тіркелген елдер қатарына кіретін Францияның құпиясы неде? Жауабын кітаптар оқып біліңіз. 2014 жыл. 384 бет.
👨🏻💼Кітаптың авторы: П. Друкерман
📖 Кітаптың атауы: «Французские дети не плюются едой. Секреты воспитания из Парижа»
📊Кітап рейтингі:
LitRes - 5/5
Flip - 5/5
Кітаптың сапалы pdf нұсқасын журналдың ақылы жазылымынан таба аласыз 😇
Ақылы каналымызға жазылу үшін менеджермен байланысыңыз.
02/02/2023
🔗"Қарап көріңіз" айдары (№12)
📌 Алдынғы мақаламызда "Байстендер" әсері жайлы жазған болатынбыз.
Аутсайдер болу, геновез синдромы – төтенше жағдайды (авария, қылмыс немесе басқалар) көргенде адамдардың зардап шеккендерге көмектесуге тырыспауынан көрінетін психологиялық әсер. Яғни, куәгерлердің әрқайсысы зардап шеккендерге мен емес, басқа біреу көмектесуі керек деп есептейді.
Куәгерлер қорқыту мен буллингтің алдын алуы қажет екенін ескеріп, мектеп қабырғасындағы байстендеринг жайлы ой қозғауды жөн көрдік.
📈Мұғалімдер мен мектеп оқушыларға қорқыту жағдайларында олардың рөлін түсінуге көмектесуде маңызды рөл атқарады. Мұғалімдер мен мектептер қорқытумен үнемі күресіп жатқанда, оқушылар қорқытудағы рөлі маңызды деп күтеді. Мұғалімдер оқушылардың әлеуметтік-эмоционалды оқуын жақсарту бойынша іс-шаралар өткізіп, құрдастарына қолдау көрсетудің қауіпсіз стратегияларын ұсына алады. Мектептердегі ересектер де үлгі бола алады, жағымды әлеуметтік мінез-құлықты ынталандыра алады. Қорқыту барысында буллингтің әртүрлі рөлдерін түсіну арқылы сыртқы бақылаушылар қорқытуды жою және азайту үшін оң әрекеттер жасай алады.
🔗Ағылшын тіліндегі мақаланың сілтемесін осы жерге қалдырып кетеміз👈
Қазақшаға аударылған мақаланы алу үшін ақылы каналымызға өтіңіз🙌
Ақылы каналымызға жазылу үшін менеджермен байланысыңыз.
02/02/2023
🗯"Педагогикалық термин"
айдары (№10)
✳️”Рефлексия” дегеніміз не?
🕹Рефлексия сөзіне қатысты әр түрлі тұжырым бар. Бірі ағылшын тілінен аударғанда “reflection” - шағылу (отражение) болса, екіншісі латынша “reflexio” - кері үндеу (обращение назад). Қалай болғанда да, мағыналары ұқсас бұл сөздер - ойлануға байланысты қолданылады.
Ал, педагогика саласында - сабақтағы іс-әрекетке ұстаздың өзіндік талдау жасауы және оның нәтижесін талқылауы мағынасында қолданылады. Рефлексия сабақ барысында пайда болатын проблемалық жағдайларды тани білу, олардың себептеріне талдау жасау мен шешу тәсілдерін қарастыру әрекетін қамтиды.
📑Алдағы уақытта телеграм каналымызда рефлексия жасаудың бірнеше әдістерімен ұсынатын боламыз.
Рефлексия жасаудың қандай әдістерін білесіз?👇🏻
02/02/2023
🔗"Қарап көріңіз" айдары (№11)
✳️ Болашақ педагог студенттерге арналған АҚШ Мемлекеттік департаментінің Фулбрайт стипендиялық бағдарламасы алмасу бағдарламасымен бөлісуді жөн көрдік.
Фулбрайт бағдарламасы дүние жүзінің 160-тан астам елінде жұмыс істейді және шамамен 400 000 қатысушыға бір-бірінің елдерінде оқуға, оқытуға немесе зерттеу жүргізуге және идеялармен алмасуға мүмкіндік береді.
✅Бағдарламаның артықшылықтары:
🔸АҚШ 1-2 семестр тегін оқу, оқыту;
🔸Стипендия берілуі;
🔸Әртүрлі бағыттағы гранттар;
🔸Магистратураның АҚШ оқу.
✅Бағдарламаның талаптары:
🔸Ағылшын тілін білу міндетті;
🔸Студент, магистрант немесе мұғалім болу қажет.
📲 Негізгі сайтқа өту👈🏻
📲 Гранттар👈🏻
Пайдалы ақпараттар алу үшін ақылы каналға өтіңіз.
Ақылы каналымызға жазылу үшін менеджермен байланысыңыз.
02/02/2023
📝Жақсы сөз - жан азығы!
Бүгінгі нақыл сөз:
💎Оқы, оқы дейміз, тоқымаса оқу не керек? Адам адам дейміз, адамшылығы болмаса адам не керек?
© Ғабиден Мустафин
02/02/2023
💡"Осыны жасап көріңіз"
айдары (№15)
✳️Бүгін сіздерге сабақта қолдануға арналған, тиімді топтық ойындардың түрлерін ұсынбақпыз.
✅Топтық ойындардың пайдасы?:
🔸 психологиялық климатты жақсарту;
🔸 байланыс кедергілерін жою;
🔸 өзара жауапкершілік сезімін қалыптастыру;
🔸 бейресми байланыстарды қалыптастыру;
🔸 сенім деңгейін арттыру;
🔸 ұжымдық рухты көтеру;
🔸 ортақ жеңіс пен мақсатқа жету сезімін қалыптастыру;
🔸 мотивация.
Постты оқу үшін “Посмотреть” батырмасын басыңыз.
Ойындарды сабағыңызда пайдаланып, оқушыларыңыздың әсерімен бөлісуді ұмытпаңыз😉
Қажетті материалдарды журналымыздың ақылы каналынан таба аласыз.
Ақылы каналымызға жазылу үшін менеджермен байланысыңыз.
28/01/2023
🔗"Қарап көріңіз" айдары (№20)
📌Эмоционалды интеллект тесті – адамның эмоцияларды тану, басқа адамдардың және өздерінің ниеттерін, мотивациялары мен тілектерін түсіну дағдылары мен қабілеттерінің жиынтығы. Сонымен қатар, практикалық мәселелерді шешу үшін өзінің эмоциялары мен басқа адамдардың эмоцияларын басқару қабілеті.
Дэниел Големан моделі бойынша жасалған эмоционалды интеллект тесті - авторлық EQ моделіне негізделген ең танымал әдістердің бірі болып табылады. Оның негізінде Майер, Саловей және Карузоның зерттеулері мен көпжылдық жұмыстары жатыр. Бірақ, олардан айырмашылығы әдістемеге адамның танымдық қабілеттерінен басқа, өзін-өзі бағалау, өзіне деген сенімділік, бейімделу, бастамашылық, оптимизм сияқты кейбір жеке қасиеттер қосылды.
Сіз дәл қазір Големанның эмоционалды интеллект моделі бойынша тест тапсыра аласыз. Бұл сынама тесттің қысқартылған экспресс нұсқасы, сондықтан тек 14 сұрақтан тұрады.
🔗Сілтемеге өту арқылы сынамадан өтіңіз🙌🏻
Журналымыздың ақылы каналында тағы басқа пайдалы тесттерді таба аласыз🔥
Ақылы каналымызға жазылу үшін менеджермен байланысыңыз.
28/01/2023
🔗"Қарап көріңіз" айдары (№14)
Оқушыларыңыздың қоғамдағы белсенділігі мен көшбасшылығын арттырғыңыз келсе, бұл сілтеме сіз үшін.
Бүгін сіздерге БҰҰның Y-PEER-халықаралық тең білім беру жастар желісі жайлы ақпарат ұсынғалы отырмыз. Y-PEER-оқушылар мен студенттер арасындағы көшбасшылықты насихаттайтын, "тең-теңімен" тәсілі арқылы жасөспірімдерге өз денсаулығы үшін жауапты шешімдер қабылдауды үйрететін 18 жылдық тәжірибесі бар халықаралық желі. Қазіргі таңда еліміздің барлық қалаларында желіге қосылу қолжетімді.
Мына сілтемеде желі жайлы толық ақпарат бар.
Оқушыларыңыздың қоғамдық өмірде белсенді болуына мүмкіндік жасағыңыз келсе, сілтемемен бөлісе отырыңыз.🙌
28/01/2023
🤔"Сіз қалай ойлайсыз?"
айдары (№8)
Ұстамды және байсалды оқушылар көбінесе белсенді құрдастарының фонында байқалмай қалады. Интроверт білім алушыларды экстраверттермен қатар оқу процесіне тарту үшін мұғалім оқушының жеке өміріне және жеке кеңістікке деген қажеттіліктерін ескеруі керек. Мұны қалай жасау керек?
Төмендегі мақалада осы мәселе жайлы айтылады, ал сіз оқушыларыңыз бірдей деңгейде білім алуы үшін не істейсіз?