Механика және мұнайгаз ісі факультеті

Механика және мұнайгаз ісі факультеті

Share

Факультет Механики и нефтегазового дела

03/07/2026
Photos from Механика және мұнайгаз ісі факультеті's post 26/05/2026

«Jasyl SUYQ QAZAQSTAN» ЖШС өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды
2026 жылдың 22 мамырында өткен «Жас маман – 2026» жәрмеңкесі аясында Түркістан қаласында орналасқан «Jasyl SUYQ QAZAQSTAN» ЖШС өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында кәсіпорын мамандары компанияның негізгі қызмет бағыттары, өндірістік мүмкіндіктері және жас мамандарға ұсынылатын жұмыс орындары туралы ақпарат берді. Сонымен қатар студенттерге өндірістік тәжірибеден өту, кәсіби дағдыларын дамыту және болашақта тұрақты жұмысқа орналасу мүмкіндіктері таныстырылды. Компания өкілдері қазіргі таңда техникалық білімді, жауапкершілігі жоғары және жаңа технологияларды меңгеруге ынталы мамандарға сұраныс жоғары екенін атап өтті. Кездесу еркін пікір алмасу форматында өтіп, студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Іс-шара оқу орны мен өндіріс арасындағы байланысты нығайтып, түлектердің кәсіби бағдарын айқындауға оң ықпал етті.

Photos from Механика және мұнайгаз ісі факультеті's post 26/05/2026

«Жас маман – 2026» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі

2026 жылдың 22 мамырында өткен «Жас маман – 2026» бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне «Механика, машинажасау және мұнай – газ ісі» факультетінің студенттері мен түлектері белсенді қатысты. Іс-шара барысында жұмыс берушілер өз кәсіпорындарының қызметі, бос жұмыс орындары және жас мамандарға қойылатын талаптар туралы ақпарат берді. Жәрмеңкеге қатысқан «Қазақстан стандарттау және метрология институты» РМК ШТФ, «Интертехсервис-ИТС» ЖШС, “АйМар Құс” ЖШС, «Нефтехимстрой-ЮГ» ЖШС, «Jasyl SUYQ QAZAQSTAN» ЖШС, «НУПЦ Мұнай газ проект» ЖШС және «Шымкент Май» ЖШС өкілдері студенттермен кездесіп, өндірістік тәжірибе мен жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін таныстырды. Іс-шара жас мамандар мен жұмыс берушілер арасындағы кәсіби байланысты нығайтуға ықпал етті.

Photos from Механика және мұнайгаз ісі факультеті's post 26/05/2026

«Химия өндірісінің машиналары мен аппараттары» мамандығын 1986 жылы бітірген түлектердің 40-жылдық кездесуі

«Механика, машина жасау және мұнайгаз ісі» факультетінде 22.05.2026ж күні «Химия өндірісінің машиналары мен аппараттары» мамандығын 1986 жылы бітірген түлектердің университетті бітіргендеріне 40-жыл толуына орай университетке келіп кездесу іс-шарасы өтті. Университеттің түлектері бас ғимараттың алдында жиналып естелік фото суретке түсті, университет мұражайымен танысып тамашалады және кафедра ұжымымен кездесіп аудиторияда естелік фото суретке түсті. Кездесу соңында түлектер университет, факультет және кафедра ұжымына жақсы тілектерін, ризашылықтарын айтып қоштасты.

Photos from Механика және мұнайгаз ісі факультеті's post 19/05/2026

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз баяндамасында Алтын Орда дәуіріндегі мемлекеттік басқару жүйесіне, меритократия қағидаттарына және қоғамдық тұрақтылық мәселесіне ерекше тоқталды. Бұл бағыт қазіргі заманғы инженерлік басқару, өндірістік ұйымдастыру және технологиялық жүйелерді дамыту салаларымен де үндеседі.

Мықты мемлекет тиімді басқару жүйесі мен тәртіпке негізделетіні секілді, кез келген өнеркәсіптік және техникалық сала да сапалы ұйымдастыруды талап етеді. Сондықтан тарихи тәжірибені қазіргі инженерлік біліммен ұштастыру – болашақ мамандарды даярлаудағы маңызды құндылықтардың бірі.

Факультет ұжымы Мемлекет басшысының ғылым, білім және тарихи сананы жаңғырту бағытындағы бастамаларын қолдайды.

М.Әуезов атындағы ОҚУ
Механика, машинажасау және мұнайгаз ісі факультеті

22/04/2026

Сенің таңдауың “Механика, машина жасау және мұнай-газ ісі” факультеті☺️🥇

Photos from Механика және мұнайгаз ісі факультеті's post 15/04/2026

Ашық есік күні

2026 жыл 15 сәуір күні М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Акт залында «Механика, машина жасау және мұнай-газ ісі» факультеті және «Сәулет, құрылыс және көлік» факультетінің ұйымдастыруымен Шымкент қаласы және Түркістан облысы аудандары мектептерінің бітіруші түлектері, Әуезов университетінің «Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығы» тыңдаушылары, колледж бітіруші түлектері үшін «Ашық есік күні» іс-шарасы өтті.
Кездесу барысында «Кәсіптік бағдар беру орталығы» директорының орынбасары Нұрғали Утеулиев бітіруші түлектерге «Біріңғай тестілеудің» және мемлекеттік білім гранты конкурсына өтінім берудің негізгі қағидаларымен, «Механика, машина жасау және мұнай-газ ісі» факультетінің деканы Байысбай Өмірбек Пернебайұлы факультеттің білім беру бағдарламаларымен таныстырды. «Мұнайгаз ісі» кафедрасының профессоры Надиров Казым Садыкович мұнайгаз саласы бойынша түлектерге мәлімет берді. «Стандарттау және сертификаттау» кафедрасының меңгерушісі Тулекбаева Айжамал Қонысбаевна мектеп бітіруші түлектерге стандарттау, сертификаттау және метрология бойынша ақпарат берді.
Арнайы шақырылған қонақтар Қазақстан стандарттау және сертификаттау орталығының директоры Бейсеев Сакен Ануарбекұлы, «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ Шымкент өндірістік филиалы, Өндірістік-техникалық бөлімнің жетекші маманы Шубай Данияр Ғалымжанұлы бітіруші түлектерді қазіргі таңда инженерлік білім алудың өзекті екенін және де қоғамды жоғары сұранысқа ие екенін атап өтті. «Механика, машина жасау және мұнай-газ ісі» факультетінің студенттік сенаторы Абибулла Аңсар және ММГ-25-9к тобының студенті Әшірбай Жұлдызай сөз сөйлеп түлектерді М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне оқуға түсуге шақырды.
Іс шарада факультеттің білім беру бағдарламалары бойынша толық ақапараттар беріліп, кафедралар және материалдық техникалық базасымен таныстыру мақсатында оқу ғамараттарына экскурсия ұйымдастырылды. Іс-шара барысында факультет деканы мен кафедра меңгерушілері тыңдаушыларды қызықтырған сұрақтарға жауап беріп, тыңдаушыларды білім беру бағдарламаларына оқуға түсуге шақырды.

Photos from Механика және мұнайгаз ісі факультеті's post 02/04/2026

«Механика, машина жасау және мұнай-газ ісі» факультетінің
ММГ 23-4ДК тобының студенті Әбілқасым Нұрдәулет 2026 жылдың 28 наурызында Тараз қаласында өткен каратэ-до шотоканнан Республикалық турнирде жоғары нәтиже көрсетіп, 18–20 жас санатында, +75 кг салмақта 🥇 1-орын иеленді! Жеңіс құтты болсын!

Photos from Механика және мұнайгаз ісі факультеті's post 13/03/2026

Сарыағаш ауданының мектеп бітіруші түлектеріне арналған «Ашық есік күні» өтті!
2026 жылдың 12 наурыз күні М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің 2025–2026 оқу жылына арналған кәсіби бағдар беру жұмысы жоспарына сәйкес, Сарыағаш ауданының мектеп бітіруші оқушыларына арналған «Ашық есік күні» іс-шарасы Сарыағаш қаласындағы №5 С.Ысмайылов мектебінде ұйымдастырылды.
Іс-шараға қатысқандар «Механика, машина жасау және мұнайгаз ісі» факультетінің деканы Байысбай Өмірбек Пернебайұлы, кәсіби бағдар беру орталығының медиа бөлім жетекшісі Қайықбаев Мейірбек Жұмабайұлы, университеттің әскери кафедрасының аға оқытушысы Абжаппаров Жақсыбай Медетұлы, Мұнайгаз ісі кафедрасының аға оқытушысы Ерменов Сапарбек Махмутұлы, Стандарттау, сертификаттау және метрология кафедрасының аға оқытушысы Алибекова Малика Даулетханқызы, Технологиялық машиналар мен жабдықтар кафедрасының аға оқытушысы Кенжебеков Досхан Мухитжанұлы, студенттік сенаторы Абибулла Аңсар Ердаулетұлы, 1-курс студенті Ашірбай Жұлдызай Бәкірқызы.
Іс-шара барысында «Механика, машина жасау және мұнайгаз ісі» факультетінің деканы, техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Байысбай Өмірбек Пернебайұлы университеттің білім беру бағдарламаларын, оқу мүмкіндіктерін және студенттерге жасалған жағдайлар туралы жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар, университеттің материалдық-техникалық базасы, халықаралық байланыстары және студенттерге ұсынылатын мүмкіндіктер туралы айтып өтті.
Кәсіби бағдар беру орталығының медиа бөлім жетекшісі Қайықбаев Мейірбек Жұмабайұлы талапкерлерге жоғары оқу орнына түсу тәртібі, құжат тапсыру кезеңдері, ҰБТ ережелері, білім беру бағдарламалары және шекті балдар туралы толық мәлімет берді.

Want your school to be the top-listed School/college in Shymkent?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Category

Address


Тауке хана 5
Shymkent

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:00
Tuesday 09:00 - 18:00
Wednesday 09:00 - 18:00
Thursday 09:00 - 18:00
Friday 09:00 - 18:00