Жас Дарын 4

Жас Дарын 4

Share

«Жас Дарын-4» бастауыш мектебі 🏅Білікті ,сенімді мама?

Photos from Жас Дарын 4's post 22/05/2023
12/04/2023

Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мақсатында Жас Дарын-4 бастауыш мектебінің 4«А» сынып оқушыларымен «Абайлаңдар балалар» тақырыбында сынып сағатты өткізілді.

Сынып жетекші: Кенжебаева Лаззат

05/04/2023

8- наурыз мерекесіне орай 1"В" сынып оқушыларының аналарға арналған " Ана деген тіршіліктің тірегі" атты мерекелік іс-шарамызды ұсынамыз. Барлық аналарды, қыз- келіншектерді, ұстаздарды Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймыз! Сынып жетекшісі : Асубаева Асия.

Photos from Жас Дарын 4's post 05/04/2023

#тәрбиешымкентәдістемелікорталық

#бізсыбайластықпенбіргекүресеміз

Шымкент қаласы Жас Дарын-4 бастауыш мектебі Сыбайлас жеқорлықтың алдын алу бойынша арнайы стенд пен сенім жәшігі ілінді. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы мектепішілік бұйрық шығарылып, мектеп ұжымына таныстырылды. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мекеме қызметкерлері, ата-аналар мен мектеп оқушылары арасында "Сыбайлас жемқорлықсыз білім" , "Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз", "Жемқорлыққа жол жоқ" атты тақырыптарда апталық өткізіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

19/03/2023

"КҮЙ КҮМБІРІ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДОМБЫРАШЫЛАР ЧЕЛЛЕНДЖІ

Шымкент қаласы, Абай ауданы, Жас Дарын-4 бастауыш мектебі 17.03.2023 жылы "КҮЙ КҮМБІРІ" атты республикалық домбырашылар челленджі өткізілді. Домбыра - ежелгі дәуірден келе жатқан қазақ халқының кең тараған, қасиетті ұлттық музыкалық аспабы. Өскелең ұрпақ домбырада орындау өнерінің қасиетті дәстүрін жалғастыру және насихаттау мақсатында домбыра орындауы ойнатылды.


#Шымкентәдістемелікорталығы



#Наурызмейрамы
#Наурызкүйі

11/03/2023

Саусақ театры қуыршақ театрының бір түрі болып табылады.Саусақ театры ұсақ моториканың дамуына ықпал етеді.Бұл саусақтарға кигізілетін ертегі кейіпкерлерінің суреттері.Олар арқылы ертегінің желісінде қойылым көрсетуге болады.Көрсетілім барысында әртүрлі саусақтарды қимылдата ойнаған маңызды.Театрландырылған ойындар мен қойылымдарға қатыса отырып,балалар адамдардың,жануарлар мен табиғат әлемінің бір бөлшегіне айналады.Қоршаған орта туралы таным түсініктері кеңейе түседі.

06/03/2023

Бастауыш сыныптарда өтілетін еңбекке баулу сабақтарында оқушылардың орындайтын жұмыстары қаншалықты қарапайым әрі оңай болғанымен еңбек жөніндегі тәжірибесі аз балаға оны орындап шығу қиынға соғады. Бұл жұмыстар алғашқы күннен бастап мұғалімнің көмегімен жүзеге асырылып отырады. Сондықтан алғашқы сабақтан бастап түрлі жұмыстарды жүйелі түрде орындай білуге оқушыларды дағдыландырсақ, іске төселдірсек олардың қандай істі болса да атқара алатындығына сенімдері арта түседі. Ондай кездерде оқушы бойында еңбекке деген құштарлықтары, сабаққа ынтасы, ықыласы да арта түседі.

01/03/2023

Сегодня в 1"Е"классе был проведён классный час на тему "1 марта -День благодарности".
Классный руководитель:Серикова Айгуль Алексеевна

01/03/2023

Алғыс айту күні – сан түрлі сынақтардан өткен халқымыздың ынтымақ-бірлігін айғақтайтын ерекше күн. Бұрынғы бабаларымыздан «Жақсылық ұмытылмайды» деген жақсы ұғым қалыптасқан.Сондықтан - айтулы күн, ризашылық пен мейірімнің, бейбітшілік пен келісімнің үйлесім тапқан мерекесі.
Шымкент қаласы Жас Дарын-4 бастауыш мектебінің 1,,А"сынып оқушылары барлықтарыңызды шын жүректен құттықтайды.

01/03/2023

В начальной школе "Жас Дарын-4 " провели классный час на тему:" 1Марта- День благодарности "
Цель:
-познакомить учащихся со значением вежливых слов:благодарю,спасибо, правилами поведения.
-воспитывать чувства уважения к окружающим,сплоченности,взаимопомощи,патриотизма.

0 "Б"класс
Классный руководитель:Аскарова Эльвира Мамедовна

28/02/2023

«Алғыс айту күні» – Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының, қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы – еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының күні. Бұл күні біз, ата-бабаларымызды ризашылықпен еске аламыз, ата-аналарымызға, мұғалімдерімізге, зейнеткерлерге, ардагерлерге, бір-бірімізге алғыс айтып, халқымыздың қайырымдылық дәстүрлерін жалғастырамыз.

Want your school to be the top-listed School/college in Shymkent?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Category

Telephone

Website

Address


Арал 2
Shymkent
160015

Opening Hours

Monday 08:00 - 18:30
Tuesday 08:00 - 18:30
Wednesday 08:00 - 18:30
Thursday 08:00 - 18:30
Friday 08:00 - 18:30