auezov_postgraduate

auezov_postgraduate

Share

магистратура и докторантура

Photos from auezov_postgraduate's post 17/07/2025

2025 жылдың 17 шілдесінде М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің қабырғасында оқу жылының айтулы оқиғаларының бірі – магистратураның түлектеріне салтанатты түрде диплом тапсыру рәсімі өтті. Іс-шара жас мамандардың өміріндегі маңызды кезеңнің аяқталуын атап өту үшін түлектерді, мұғалімдерді, ата-аналарды және қонақтарды біріктірді. Университетімізде 66 білім беру бағдарламасы бойынша білім алып, сол алған білімдерімен үлкен ғылым жолына аяқ басқан магистрлерімізге сәттілік тілейміз.
Салтанатты шара түлектер мен шақырылған әртістер дайындаған музыкалық-шығармашылық қойылымдармен әсерлендіріле түсті. Іс-шара дәстүрлі фотосессиямен және мерекелік атмосферада бейресми қарым-қатынаспен аяқталды.
Іс-шара барысында университетіміздің басшылық құрамы, магистранттардың ата-аналары, туған-туыстары, жора-жолдастары қатысты. Университетіміздің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Е.Имангалиев сөз алып, ғылым жолында талмай еңбек етулерін, еліміздің ғылым саласына үлес қосатынына сенім білдірді.
ДИПЛОМ ТАБЫСТАУ ІС-ШАРАСЫ ҰЗАҚ ЖОЛДЫҢ ЖАРҚЫН ФИНАЛЫ ЖӘНЕ ЖАҢА ЖЕТІСТІКТЕРГЕ ШАБЫТТАНДЫРАТЫН БАСТАМА БОЛДЫ. ТҮЛЕКТЕРДІ ЛАЙЫҚТЫ ЖЕТІСТІКТЕРІМЕН ШЫН ЖҮРЕКТЕН ҚҰТТЫҚТАП, КӘСІБИ ЖӘНЕ ЖЕКЕ ӨМІРІНДЕ ТАБЫС ТІЛЕЙМІЗ!

30/06/2025

Философия докторы дәрежесін тағайындау

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің 2025 жылғы 26 мамырындағы №851 бұйрығымен Курганбеков Жангелди Нурумбетовичке 6D060800-Экология мамандығы бойынша философия докторы дәрежесі берілді.
Диссертация тақырыбы: Түркістан облысы аймағында көкөністерді өсіруде топырақ-өсімдік жүйесіндегі ауыр металдардың миграциялануын және трансформациялануын зерттеу.

Ғылыми жетекшісі: т.ғ.к., доцент Утебаев Аспандияр Абдразакович.

Photos from auezov_postgraduate's post 29/05/2025

Философия докторы дәрежесін тағайындау

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті Диссертациялық кеңесінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №594-п бұйрығымен Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының бас маманы Туребеков Рауан Жалғасбекұлына 6D070500-Математикалық және компьютерлік модельдеу мамандығы бойынша философия докторы дәрежесі берілді.
Диссертация тақырыбы: Бейнелердегі регуляр текстураларды Радон түрлендіруі көмегімен модельдеу.
Ғылыми жетекшісі: ф.-м.ғ.к., профессор Султанов Мурат Абдукадырович.

Photos from auezov_postgraduate's post 08/05/2025

1. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің 2025 жылғы 07 наурыздағы №352 бұйрығымен Калдыбаева Гульбустон Юсупжановнаға 6D073300-Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы мамандығы бойынша философия докторы дәрежесі берілді.
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің 2025 жылғы 18 сәуірдегі №562 бұйрығымен Утеулиев Нургали Сабитовичке 8D01510-Математика білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы дәрежесі берілді.
3. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің 2025 жылғы 18 сәуірдегі №563 бұйрығымен Турсынкулова Эльмира Абдуллаевнаға 8D01510-Математика білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы дәрежесі берілді.
4. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің 2025 жылғы 18 сәуірдегі №564 бұйрығымен Попова Юлия Игоревнаға 8D01510-Математика білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы дәрежесі берілді.

Photos from auezov_postgraduate's post 18/04/2025

Сүйінші! Докторанттарымызды Философия докторы (PhD) дәрежесін алу бұйрығының шығуымен құттықтаймыз!

Photos from auezov_postgraduate's post 18/04/2025

2025 жылдың 18 сәуірінде университетімізде Ғылым айлығының аясында Е.А.Бөкетовтің 100 жылдығына арналған «Бөкетовтің ғылымдағы жолы» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге ғалымдар, жұмыс берушілер, магистрант және докторанттар қатысты.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар баяндама жасап, ғалымның өмірбаяны және ғылымдағы жетістіктері туралы ой толғады.

Photos from auezov_postgraduate's post 16/04/2025

16.04.2025ж “Ғылымның дамуы - еліміздің болашағы” атты ғылым күніне арналған семинарға жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институттының докторанттар баяндама жасады. Аталған іс-шараға қатысқан докторанттар:
1. 8D01110-«Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының докторант Малғайдарова Гүлсара Турғанбайқызы “Толық емес отбасындағы жеткіншек жастағы балалардың агрессиясы: себептері, белгілері және алдын алу жолдары”;
2. 8D07190- «Балқуы қиын бейметалл және силикатты материалдардың химиялық технологиясы» білім беру бағдарламасының докторанты Дархан Әсел Зұлпыхарқызы «Минералды шикізат пен техногендік қалдықтар негізіндегі перамогранит өндірудің инновациялық технологиясы»;
8D07206-«Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы» білім беру бағдарламасының докторанты «Smart – да полимерлік оптикалық талшықты өндіру технологиясын әзірлеу атты тақырыбында баяндамалар жасады.

Photos from auezov_postgraduate's post 16/04/2025
Photos from auezov_postgraduate's post 04/04/2025

1. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің 2025 жылғы 04наурыздағы №313 бұйрығымен Серкебаева Гаухар Искакбековнаға 8D02310-Филологиябілім беру бағдарламасы бойынша философия докторы дәрежесі берілді.

2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің 2025 жылғы 04наурыздағы №318 бұйрығымен Базарбеков Бакберди Мураталиевичке8D02310-Филологиябілім беру бағдарламасы бойынша философия докторы дәрежесі берілді.
3. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің 2025 жылғы 04наурыздағы №319 бұйрығыменАмирова Гаухар Оразбаевнаға8D02310-Филологиябілім беру бағдарламасы бойынша философия докторы дәрежесі берілді.
4. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің 2025 жылғы 04наурыздағы №320 бұйрығымен Айткулова Гульмира Арипкановнаға8D02310-Филологиябілім беру бағдарламасы бойынша философия докторы дәрежесі берілді.
5. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің 2024 жылғы 30 қазандағы №991 бұйрығымен Тілеуберді Аяулым Нұрланқызына8D05210-Экология білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы дәрежесі берілді.

Photos from auezov_postgraduate's post 18/03/2025

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының 2 курс магистранттарының көктемгі триместр емтихандарын тапсыру сәті!

Photos from auezov_postgraduate's post 03/03/2025

М. Әуезов атындағы ОҚУ кезекті жас ғалымдармен толықтырылуда. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің шешімімен:
1. Калматаева Галия Нысановнаға «8D07171-Мұнайхимия» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы дәрежесі;
2. Серикбаева Багдагуль Садуехасовнаға «8D07160-Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы дәрежесі;
3. Айнабеков Нұржан Бауыржанұлына «8D07170-Органикалық заттардың химиялық технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы дәрежесі берілді.
Аты аталған су жаңа PhD докторларымызға университетіміздің ректоры Дархан Жумаканұлы арнайы құттықтап, дипломдарын табыстады. Ғылым жолындағы шығармашылықтарының еселенуін және университет ғылымының толағай табыстарға жетуіне ат салысуға тілек білдірді.

Photos from auezov_postgraduate's post 15/02/2025

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институты 2023 жылы қаңтар айындағы қысқы қабылдауда 23 білім беру бағдарламалары бойынша қабылданған магистранттарға академиялық магистрлік дәрежесін алуына байланысты дипломдарын табыстады. Дипломдарды табыстау Университетіміздің бірінші проректоры м.у.а., Қ.Р.Сарыкулов және Ғылым және инновация проректоры Ұ.С.Сүлейменовтың қатысуымен өтті! Университетімізде 2 жыл бойы білім мен ізденістерін ұштастырған магистр дәрежесі атағын алған түлектерімізге ақ жол, жаңа бастамаларға жете беруіне тілектеспіз!

Want your school to be the top-listed School/college in Shymkent?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Category

Telephone

Website

Address


Tauke Khan, 5
Shymkent
160012