04/07/2022
ДОМБЫРА КҮНІ – ҰЛТТЫҢ ҮНІ
Барлық уақытта қазақ халқының жан серігі домбыра болды. Домбыра ең көп таралған музыкалық аспаптардың бірі. Домбыра күнінің ұлттық мерекеге айналуы – көнеден жеткен рухани байлығымызға берілген лайықты баға.
Сондықтан, ұлттық мәдениетімізді әлемге асқақтататын қасиетті аспаптың ұлықталуы заңдылық. Домбырада асқақтата ән салып, күмбірлетіп күй төккен өнерпаз халқымыздың асылынан артық қастерлеп үкі таққан, жалғызындай аялап қақ төріне ілген ең қымбат, ең сүйікті музыкалық аспаптардың бірі - домбыра. Ол ұлттың тарихында қарапайым халықтың қуанышы мен қайғы - қасіретін тең бөлісіп, қазақтың басын торлаған ауыр кезеңдерінде жұбаныш бола білген алып та ұлы аспап.
Өнер» кафедрасының ұлағатты ұстазы, ҚР Мәдениет қайраткері, профессор Бөрі Иса кафедра түлектері және оқушылармен домбыра күніне орай кездесу ұйымдастырып шеберлік сағатын өтті.
Мақсатымыз: Оқушылардың шығармашылық қабілетін өсіре отырып жеке тұлғаның рухани адамгершілігін дамыту. Мәдени сауатты, қазақтың аспаптық музыкасын терең түсінетін, құрметтейтін, өресі биік, халқымыздың ұлттық аспабы домбыраны қастерлейтін ұрпақ тәрбиелеу. Өнерге бейімдеу арқылы әсемдік әлемін таныту, өнерге деген сүйіспеншілігін, ынта - ықыласын арттыру.
https://syrdariya.edu.kz/kz/media/item/197
27/06/2022
АҚ ТІЛЕКТЕР АҚТАРЫЛҒАН КҮН
Қазіргі таңда «Сырдария» университетінің «Спорт және өнер» факультетінің 5В012000- Кәсіптік оқыту, 5В010600-Музыкалық білім, 5В010700-Бейнелеу өнері және сызу, 5В042100- Дизайн білім беру бағдарламасының бітіруші түлектері дәл осындай шаттыққа кенелуде, бұл күн биылғы университет бітіріп, үлкен өмірге қанат қаққан түлектердің есінде ұзақ сақталмақ.
Диплом беру рәсіміне құтықтау сөзге ҚР Мәдениет қайраткері профессор Бөрі Иса жастарға игі тілектерін тілеп диплом табыстады.
Игілікті шараға факультет ұстаздары ата-аналар қатысты. Шара барысында ата –аналар, студенттер ұжымға алғыстарын білдірді.
Университет қабырғасында алған білімдеріңізбен Егемен еліміздің өркендеп дамуына елеулі үлес қосып, өз білім ордаларыңның атын әлемге абыроймен шығарып, халықаралық деңгейде атағын биік ететіндеріңе сенеміз.
Диплом алып отырған білім ордасының түлектеріне жарқын болашақ және ақ жол тілейміз!
https://sirdariya.kz/kk/news/27-06-2022o
27/06/2022
«Сырдария» университетінде 27.06.2022 күні бітіруші түлектерге диплом беру рәсімі өтті. Университет бойынша биыл 824 бакалавр, 82 магистрант диплом алды.
Биылғы диплом беру рәсімі әрбір білім беру бағдарламасы бойынша өткізілді. Атап айтқанда, магистрантар мен қызыл диплом алған студенттерді Ғылыми жұмыстар және халықаралық қатынастар жөніндегі проректор, философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор Абдуразова Перизат Аділбекқызы, «Филология және гуманитарлық білім» факультеті түлектеріне Оқу және оқу әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор м.а. Исаева Күлайна Әліқұлқызы, ғалым-хатшы, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Әбенова Ләззат Усманқызы және факультет деканы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Мейірбеков Мырзабай Балтабайұлы, «Жаратылыстану» факультеті түлектеріне осы факультеттің деканы, техника ғылымдарының кандидаты, доцент Жолдасов Сазахан Аманұлы, сондай-ақ «Спорт және өнер» факультеті түлектеріне университет заңгері Лаура Сарсенбайқызы, факультет деканы, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Мырзабек Лесбек Әліпұлы, профессор Бөрі Иса және аға оқытушы Сапарбаева Ұлданай Әлібекқызы құттықтап, өздерінің ізгі де ақжолтай тілектерін білдірді.
https://sirdariya.kz/kk/news/27-06-2022
09/06/2022
Профессор–оқытушылардың ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуын жұзеге асыру мақсатында: «Сырдария» университеті мен Қызылорда «Болашақ» университеті арасындағы екі жақты келісім шарт негізінде 2022 жылдың 20-29 сәуір оқу мерзімі аралығында университетіміздің профессор-оқытушылары, дәріс оқып, сертификаттармен марапатталды:
1. "Жаратылыстану ғылымдары" кафедрасының философия докторы (PhD) қауымдастырылған профессор Абдуразова Перизат Адилбековна.
2. "Физика, математика және цифрлық технологиялар" кафедрасының аға оқытушысы, техника ғылымдарының кандидаты Шукетаева Камиля Адырбаевна.
3. "Ағылшын тілі" кафедрасының магистрі, аға оқытушы Исламова Мухаббат Михтибаевна
https://sirdariya.kz/kk/departments/academic-mobility
07/06/2022
ҚР ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА СТУДЕНТТЕРДІҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ІІ КЕЗЕҢІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ
6В01402– Музыка мұғалімдерін даярлау білім беру бағдарламасының 4-курс студенті Мамадияр Мұстафаәлі ҚР ЖОО арасында өткізілетін Республикалық студенттердің ғылыми-зерттеу конкурсында 3-орынды иеленді. Ғылыми жетекшісі: педагогика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Кожагулова Гулнар Есенқызына жас ұрпақты тәрбиелеудегі қажырлы еңбегі, шығармашылық тәлімгерлігі мен патриотизмі үшін ерекше Алғыс айтамыз!
https://syrdariya.edu.kz/kz/media/item/196
04/06/2022
ҚР Мемлекеттік рәміздері күні
«Сырдария» университетінде 4 маусым күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығына орай салтанатты іс-шара өтті.
Мемлекеттік рәміздер – мемлекеттің мызғымас негіздерінің бірі. Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Әнұран мемлекеттің негізгі рәміздері болып саналады.
Іс-шара мақсаты - жастарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін кеңінен насихаттау, Мемлекеттік Туды ұлықтау әрі оның қадірін жас ұрпақтарға жан-жақты түсіндіру, рәміздерге деген құрметті арттыру.
Әр елдің халықтары өздерінің мемлекеттік рәміздерін мақтан тұтады. Өз елінің Елтаңбасының, Туының бейнесін және Әнұранын біліп қана қоймай, олардың маңыздылығы мен мазмұнын білу қажет. Ол үшін олардың пайда болу тарихы туралы түсінік болу керек. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні – біздің отанымыз үшін маңызды мереке. Өзінің еліне деген сүйіспеншілікті, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу, Қазақстанның болашақтағы жетістіктеріне деген сенімділік кез-келген қиындыққа қарсы тұруға мүмкіндік беретіндігі ерекше.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің күніне орай өткізілген салтанатты іс-шара студент жастардың және қонақтардың патриоттық сезімін, елдік, ұлттық рухын көтерді.
Еліміздің барша азаматтарын бүгінгі атаулы мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!
https://syrdariya.edu.kz/kz/media/item/195
24/05/2022
2021-2022 оқу жылындағы студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының Республикалық жыл сайынғы конкурсының (СҒЗЖ) II кезеңінің қорытындысы
6В06102 (5В060200) –«Информатика» білім беру бағдарламасы бойынша
«Сырдария» университеті студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының жыл сайынғы республикалық конкурсын (СҒЗЖ) өткізу бойынша базалық ЖОО ретінде 2021-2022 оқу жылы бойынша СҒЗЖ ІІ кезеңінің қорытындысын шығарды:
6В06102 (5В060200) –«Информатика»
1-орын Муздыбаева Райхан Рашидқызы, Алпысбаева Динара Ерболатовна, Ынтыкбаева Шугыла Еркегаликызы. (Халықаралық ақпарттық технологиялар университеті)
2-орын Құралов Серикбай (Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті)
2-орын Жасұзақ Жамиля Ізбасарқызы («Сырдария» университеті)
3-орын Бекболатұлы Төребек (Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті)
3-орын Амантаева Аяулым Құрманбекқызы (Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті)
3-орын Аманжолова С.Е., Зарыканова Л.С. (І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті)
Жеңімпаздарды және олардың ғылыми жетекшілерін құттықтаймыз!
https://syrdariya.edu.kz/kz/media/item/194
23/05/2022
ҚР ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА МАГИСТРАНТТАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ІІ КЕЗЕҢІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ
7М01101– Педагогика және психология білім беру бағдарламасының 2-курс магистранты Тәжмахан Айдана Бахытқызы ҚР ЖОО арасында өткізілетін Республикалық магистранттардың ғылыми-зерттеу конкурсында 3-орынды иеленді. Ғылыми жетекшісі: философия докторы (PhD) Атабекова Бактыгүл Ботабекқызына болашақ жас ғалымдарды тәрбиелеудегі қажырлы еңбегі мен шығармашылық тәлімгерлігі үшін ерекше Алғыс айтамыз!
Әріптесіміз бен магистрантымызды құттықтаймыз және шығармашылық табыс тілейміз!
https://syrdariya.edu.kz/kz/media/item/193
19/05/2022
«Жалпыхалықтық Референдум - оң өзгерістер бастауы» тақырыбында форум өтті
Бүгін Референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі Түркістан облыстық штабының мүшесі, ҚР ҰҒА академигі, п.ғ.д., профессор, «Сырдария» университетінің директорлар Кеңесінің төрағасы Оңалбай Аяшұлының қатысуымен Республикалық референдумды насихаттау және түсіндіру мақсатында форум өтті.
Еліміздің мемлекеттік басқару жүйесін өзгертіп, саяси ахуалға жаңа дем беретін Конституциялық референдум - жалпыхалықтық деңгейде алғаш рет өткізілмек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 5 маусымда болатын жал-пыұлттық референдум жайлы шешімі мемлекеттің әрбір азаматына үлкен жауапкершілік жүктеп қана қоймай, алдағы күнге маңызды қадам жасауға жетелейді.
Форумда «Сырдария» университетінің оқытушы-професорлар құрамы мен студент жастары және мектеп мұғалімдері мен түлектері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ата Заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жобасы бойынша республикалық референдумды қолдай отырып, пайымды пікірі мен орамды ойларын ортаға салды. Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жайлы, конституциялық реформалардың тұжырымдамалық негіздері мен ерекшеліктері және реформалардың негізгі бағыттарын түсіндірді:
- «Сырдария» университетінің Ғалым хатшысы, ф.ғ.к., профессор, «Жоғары оқу орындарының Үздік Оқытушысы-2021» атағының иегері Абенова Л.У. Суперпрезиденттік бас¬қару үлгісі¬нен президенттік республикаға түбегейлі көшу бағыты бойынша;
- Жетісай ауданындағы Б. Момышұлы атындағы №6 мектеп-гиназиясының 11-сынып оқушысы, Алтын белгі үміткері, Республикалық конкурстардың жеңімпазы Әлімбаева Б. Ата заңдағы Бірқатар билік өкілеттігін қайта бөлу мәселесі бойынша түсіндіріп өтті;
- Парламенттің рөлін күшей¬тіп, мәртебесін арттыру бағыты бойынша өз пікірін тарихшы-ғалым, т.ғ.к., доцент, «Филология және гуманитарлық білім» факультетінің деканы Мейірбеков М.Б. білдірді;
- Елді басқару ісіне халықтың қатысу мүмкіндігін кеңейту бағыты бойынша «Сырдария» университеті «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3-курс студенті, мемлекеттік грант иегері, оқу озаты Оспанова Ұ. өз ойын жеткізді;
- Азаматтардың құқықтарын қорғау тәсілдерін жетілдіру мәселесі бойынша жас өркен, №11 Жеңіс мектеп-гиназиясының бітіруші түлегі, Алтын белгіге үміткер, оқу озаты Өмірқұл Е. ақпарат берді.
Сондай-ақ, Конституцияға енгізілетін өзгерістер бойынша өз пікірімен жас ғалым, «Сырдария» университетінің Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры, ИҒЗ зертханасының меңгерушісі, философия докторы, профессор, «ЖОО Үздік оқытушысы» атағының иегері Абдуразова П.Ә. бөлісті.
Форумды Референдумды қолдау жөніндегі Түркістан облыстық штабының мүшесі Оңалбай Аяшұлы қорытынындылады.
Біз Жаңа Әділ Қазақстанды бірге өркендетеміз, бірге құрамыз! Баршаңызды 5 маусым күні өтетін Референдумға дауыс беруге шақырамыз!
https://syrdariya.edu.kz/kz/media/item/192
https://t.me/SyrdariyaUniversity/583
17/05/2022
Студенттердің жетістіктері
2022 жылдың сәуір айында Сырдария университетінің студенттері мен магистранттары Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік басқару академиясында (РАНЭПА) өткен «Құқық» және «Экономика» номинациялары бойынша Халықаралық студенттік ғылыми кездесулерге белсенді қатысты.
Халықаралық студенттік ғылыми тыңдаулардың «Құқық» номинациясы бойынша лауреаты атанған «Құқықтану» білім беру бағдарламасының 1-курс студенті РАЙМҚҰЛ БЕКЗАТ ҒАНІБЕКҰЛЫ 1-дәрежелі дипломмен, РЕЖЕП АЯУЛЫМ «Қаржы» білім беру бағдарламасының 3- курс студенті ЖӘНІБЕКОВ ЕЛЖАС ӘНУАРБЕКҰЛЫ, «Экономика» білім беру бағдарламасының 1- курс магистранты, «Экономика» номинациясы бойынша халықаралық студенттік ғылыми тыңдаулардың лауреаты атанды. «Экономика» номинациясы бойынша тыңдаулар, сонымен қатар III дәрежелі дипломмен марапатталды.
Біз студенттер мен магистранттарды халықаралық аренадағы жетістіктерімен құттықтаймыз.
https://syrdariya.edu.kz/kz/media/item/191
13/05/2022
Орталық Азия елдері ректорларының Форумы
Бүгін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің ұйымдастырумен Орталық Азия елдері ректорларының Форумы өтті. Форум жұмысына «Сырдария» университетінің проректорлары, декандары, кафедра меңгерушілері, оқу-әдістемелік басқарма мен тіркеу офисінің басшылары онлайн қатысты. Онда Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қазақстан, Түркменстан Республикасының ректорлары қатысып, жоғары оқу орындарының білім сапасын арттыру мақсатында өз ойларын ортаға салды.
Өзбекстан Республикасы Жоғары және арнаулы орта білім министрінің бірінші орынбасары Каримов Комилжон Хамидович, Қырғыз Республикасы Білім және ғылым министрінің орынбасары Расул Абазбекуулу, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Түймебаев Жансейт Қансеитұлы т.б. тәжірибелерімен бөлісті. Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетінің ректоры Сыдықов Ерлан Бәтташұлы өз сөзінде студенттердің туризмін ұйымдастыру мәселесі жайында ұсыныс білдірді.
Жоғары оқу орындарының арасындағы халықаралық деңгейдегі ынтымақтастықты, байланысты күшейту мақсатындағы бұл Форумда өзекті деген мәселелер қамтылды.
https://syrdariya.edu.kz/kz/media/item/190