05/06/2026
05 маусым - Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Жоғары орман шаруашылығы, экология және туризм колледжінде» «Экология – болашаққа қадам» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Конференция мақсаты – еліміздегі өзекті экологиялық мәселелерді талқылау, оқушылар мен студенттерді зерттеу жұмыстарына тарту, жасыл экономика, денсаулық және биоалуантүрлілікті сақтау бойынша жаңашыл жобаларды ұсыну. Конференцияда ПО-11 тобының студенттері Серікпаева Туғанай, Қайыркеш Жансерік «Бұлақ ақса - көл тоқ» жобасы үшін ІІІ дәрежелі дипломмен ( жетекшісі Уразова Қ.Қ), ОССП-21 тобының студенттері Калашникова Таисия, Красикова Валентина «Бурабай курорттық аймағының экологиялық мәселелері және оларды шешу жолдары» жобасы үшін «Үздік ғылыми зерттеу» номинациясымен (жетекшісі – Хомидова Г.А.) марапатталды. ҚұттықтаймызІ
Табиғатты қорғау – тек мамандардың ғана емес, әрбір азаматтың міндеті. Қоршаған ортаға жанашырлық таныту, суды үнемдеу, қоқысты сұрыптау, ағаш отырғызу және табиғи байлықтарды ұқыпты пайдалану арқылы әрқайсымыз еліміздің экологиялық болашағына үлес қоса аламыз.
05/06/2026
2026 жылғы 5 маусымда Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінде педагогикалық ұжыммен заңсыз ақша жинауға жол бермеу және бітіру іс-шараларын өткізу тәртібі мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өткізілді.
Кеңес барысында нормативтік құжаттарда көзделмеген бітіру кештерін, автокеруендерді, таңды қарсы алу іс-шараларын, демалыс базаларындағы мерекелік шараларды және басқа да іс-шараларды ұйымдастыруға тыйым салу мәселелері қаралды. Сондай-ақ түлектерге арналған іс-шараларды ұйымдастыру кезінде қауіпсіздік, заңдылық және жауапкершілік қағидаттарын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Колледж әкімшілігі педагогтерді, студенттерді және ата-аналарды қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң сақтауға және қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыруға шақырады.
5 июня 2026 года в Высшем техническом колледже г. Щучинск состоялось рабочее совещание с педагогическим коллективом по вопросам недопущению незаконного сбора денежных средств и формата проведения выпускных мероприятий.
В ходе совещания были рассмотрены вопросы запрета организации выпускных банкетов, автокортежей, встреч рассвета, мероприятий на базах отдыха и других форм празднования, не предусмотренных нормативными документами. Особое внимание уделено соблюдению принципов безопасности, законности и ответственности при организации мероприятий для выпускников.
Администрация колледжа призывает педагогов, студентов и родителей к строгому соблюдению требований действующего законодательства и созданию безопасной образовательной среды.
01/06/2026
🇰🇿 Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінде «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз!» тақырыбында кураторлық сағат өтті.
📚 Студенттер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы және Әнұранының тарихы мен маңыздылығы туралы мәлімет алды.
💙 Іс-шара барысында қатысушылар мемлекеттік рәміздердің патриотизмді, азаматтық жауапкершілікті және ұлттық бірлікті нығайтудағы рөлін талқылады.
🎤 Белсенді пікір алмасу студенттердің ел рәміздеріне деген құрметтің маңызын тереңірек түсінуіне мүмкіндік берді.
✨ Осындай кездесулер жастардың Отанға деген мақтаныш сезімін арттырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге ықпал етеді. 🇰🇿👏
🇰🇿 В Высшем техническом колледже города Щучинск прошёл кураторский час на тему «Государственные символы – национальная гордость!».
📚 Студенты познакомились с историей и значением Государственного Флага, Герба и Гимна Республики Казахстан.
💙 В ходе мероприятия участники обсудили роль государственных символов в укреплении патриотизма, гражданской ответственности и национального единства.
🎤 Активное участие в беседе позволило студентам глубже осознать важность уважительного отношения к символам нашей страны.
✨ Такие встречи способствуют воспитанию чувства гордости за Родину и укреплению национальных ценностей среди молодёжи. 🇰🇿👏
29/05/2026
Құрметті қызмет алушылар! «Бурабай ауданы,
Щучинск қаласының, Жоғары техникалық колледжі»
МКҚК сіздерге мемлекеттік кызметтерді алу мүмкіндігі туралы хабарлайды. Мекенжайы:
Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қаласы,
Абылай хан көшесі 50-үй, оқу бөлімі, тел.8(71636)
2-39-57
Уважаемые услугополучатели! ГККП
«Высший технический колледж, город Щучинск, Бурабайский район» информирует вас о возможности получения государственных услуг.
Ждем вас по адресу: Акмолинская область,
Бурабайский район, город Щучинск, ул.
Абылай хана д.50, учебная часть, тел: 8(71636)2-39-57
[Привет. Опубликуй пожалуйста
29/05/2026
28 мамыр күні колледжде
«Білім алушылар мен педагогикалық ұжым үшін оқу үдерісінде қолайлы жағдай жасау» тақырыбында педагогикалық кеңес өтті.
Педагогикалық кеңесте келесі мәселелер қарастырылды:
Бірінші мәселе бойынша Драбинская О.В. педагогтердің кәсіби қоғамдастыққа қатысуы арқылы кәсіби құзыреттілігін арттыру жолдары туралы баяндады.
Екінші мәселе бойынша Турищева Э.В. білім беру қызметінің заңнамалық базасы және оқу орындарының құқықтарын қорғау мәселелеріне тоқталды.
Үшінші мәселе бойынша Уразова К.К. ТжКББ ұйымдарындағы студенттердің жұмыстарын ұйымдастыру және бағалау ерекшеліктері туралы ақпарат берді.
Сонымен қатар, колледж директоры Н. Бектасова педагогикалық ұжымды МЖМБС-қа енгізілген өзгерістермен таныстырды.
Педагогикалық кеңес өзара тәжірибе алмасу, пікір бөлісу және білім беру сапасын арттыру бағытында өтті.