06/10/2022
Жас тарихшылардың "Менің кіші Отаным" атты республикалық интеллектуалдық конкурсының қалалық кезеңі өткен болатын. Осы сайыста 10 "Б" сынып оқушысы Қайырбеков Айбек "Менің кішкентай Отанымның болашағы" номинациясы бойынша I орынды иеленді. Жетекшісі:тарих пәнінің мүғалімі-Секей Жанболат. Айбын қазіргі уақытта жетекшісімен сайыстың облыстық кезеңіне дайындық устінде. Айбынға сәттілік тілейміз!
06/10/2022
Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға педагогикалық және психологиялық ахуалын жақсарту мақсатында жоспарға сай 4 сынып оқушысы Садырбаева Дильданамен жекелеме және сыныппен бірлескен тренинг жүргізілді. Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың жалпыға бірдей білім алу қажеттілігін ескере отырып “Мен және менің достарым” тренингі жүргізілді. Іс-шараның мақсаты: оқушының өзін сыныптастарының алдында еркін ұстауын, ойын толық жеткізе алуын, сыныптағы оқу қиындықтарын жеңуге, сыныптастарымен жағымды қарым-қатынас қалыптастыруға бағытталған. Тренингке сыныптағы барлық оқушылар белсенді қатысты және берілген тапсырмаларды еш қиындықсыз орындап шықты, әсіресе Дильданамен бірлесіп жаттығулар орындады және оның да ойын тыңдауға тырысты.
06/10/2022
Ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушы - Тлеш Айбынмен мектеп психологінің арнайы ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жүргізілетін жұмыс жоспарына сәйкес “Эмоциялар” жекелеме ойыны жүргізілді. Оқушы бойындағы қиындықтардың көріністері мен себептерін, қызығушылықтары мен әуестіктерін, оның күшті жақтарын, оқушы бойындағы психологиялық ерекшеліктеріне талдау жүргізілді. Пән мұғалімдерімен сынып жетекшісіне баланың психологиялық жағдайы туралы ұсыныстар берілді Педагогтар мен мамандардың жүйелі ұйымдастырылған қызметі, оның барысында баланың мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне сәйкес табысты оқуы мен дамуы үшін әлеуметтік- психологиялық және педагогикалық жағдайлар жасалынады.
06/10/2022
Мектебіміздегі ерекше білім беруде қажеттілігі бар балаларды қолдау, дамыту мақсатында жүргізілетін жұмыстардың жоспары жасалды. Аталған жоспар негізінде 2 сынып оқушыларына “Артығын тап” әдістемесімен жұмыс жасалды. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың ойлау дағдыларын дамуты негізінде “Артығын тап” әдістемесі алынды. Әдістеменің мақсаты- оқушылардың сөздік қорын көбейту, ойлау дағдыларын жетілдіру. Суретте көрсетілген заттардың атын атап, топтастыра білуге үйрету, тілдік қорларын дамыту, дыбыстарды таза айтуға үйрету, шыдамдылыққа тәрбиелеу. Шараға тартылған оқушылар белсенді қатысып өз алғырлықтарын көрсете білді.
23/09/2022
22- қыркүйек Тілдер күніне байланысты " №3 жалпы орта білім беретін мектеп" КММ-нің кітапхана меңгерушісі Байелова М.С 10 сыныптар арасында "Қызықты әдеби тіл" атты интеллектуалды сайыс ұйымдастырды. Мақсаты: оқушының ой- өрісін, ойлау қабілетін шыңдау, шапшаңдықпен пен нақтылыққа бейімдеу. Ауыз әдебиеті, шет тілі, өнер, халық педагогикасынан хабардар ету.
23/09/2022
Мектеп педагог-психологі Шарипканова А.Е. оқушыларға «Менің көңіл-күйім” тренингін жүргізді. Оқушылар өздерінің бойларындағы қасиеттерін бүгінгі күнмен байланыстырып айтып өтті. Тренингтен балалар жақсы әсер алды.
23/09/2022
Мектеп психологтарының ұйымдастыруымен 9-10 сынып ұлдарына “Кибербуллинг дегеніміз не?” тақырыбында психологиялық сағат өткізілді. Мақсаты: оқушыларға кибербуллинг және оның қауіп-қатері жайлы түсіндіру, ақпарат беру.
23/09/2022
22 қыркүйек тілдер апталығы шеңберінде 6 "В" мен 5 "Б" сыныптары арасында " Тіл - халық мұрасы" атты интеллектуалды ойын өткізілді. Ойынға оқушылар белсенді қатысып, өз білімдерін ортаға салды. Сайыс 5 бөлімнен тұрды. Сайыстың мақсаты оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттырып, көпшілік алдында еркін сөйлеуге баулу болды. Сайыс соңында жеңімпаздар анықталды.
23/09/2022
Мектеп педагог-психологі Шарипканова А.Е. 2 сынып оқушыларына “Мені қоршаған орта” тренингін жүргізді. Психологиялық жұмыстың мақсаты- оқушылардың қиялын және ойлау дағдыларын дамыту.
23/09/2022
19.09.2022 жылы «№3 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ-де, Затон ПБ ЖПҚБ ЮПТ учаскелік полиция инспекторы полиция лейтенанты Дәлетқазы Ақмарал Дәулетқазықызының қатысуымен «Жол жүру ережелері”, “Кәмелет жасқа толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі” тақырыбында оқушылармен әңгіме жұмыстары жүргізілді.
Сегодня 19 сентября в нашей школе 3 участковым инспектором УИП ГЮМ ОМПС Затонского ОП Дәулетқазы А.Д. была проведена беседа в рамках ОПМ с учениками на темы: "Правила дорожного движения" "Уголовная ответственность несовершеннолетних"
23/09/2022
Оқушылардың бастауыш буыннан орта буынға көшкен кезеңін бейімделу кезеңі дейміз. Оқушылардың мектепке, мұғалім талабына, сыныптастарына үйренсе де, бейімделу мәселесі бар. Сол себепті, мектеп психологы 5 сынып оқушыларының орта буынға бейімделуін анықтау мақсатында "Менің сыныбым" атты әдістеме және Н. Г. Лусканованың сауалнамасы жүргізілді.
23/09/2022
Мектеп психологы Сапарова А. А. 11 сынып оқушыларымен "Дифференциалды- диагностикалық сауалнама" әдістесін (Е.А.Климов) жүргізді. Бұл әдістің мақсаты-адамның кәсіби бейімділігін анықтауға мүмкіндік береді.